Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1304 Қаулысы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 14-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1304 қаулысымен
бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды
тарту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін айқындайды.
2. Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптама Кодекске және денсаулық сақтау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тәуелсіз сарапшыларды тартудың мақсаты:
1) денсаулық сақтау субъектілерінің кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарын оңтайлы пайдаланудың және қазіргі заманғы медициналық технологияларды қолданудың негізінде пациенттердің қажетті көлемдегі және тиісті сападағы медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету;
2) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін, медицина қызметкерлерінің құзыретін, мамандардың біліктілік деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
4. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) тәуелсіз сараптама – көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімділігінің, толықтығының және стандарттарға сәйкестігінің көрсеткішін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызметтер сапасының деңгейі туралы қорытынды шығару мақсатында, сондай-ақ мамандардың біліктілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
2) тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке тұлға;
3) тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер – денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптама жүргізуді жүзеге асыратын, белгіленген тәртіппен және жарғылық қызметіне сәйкес тіркелген ұйымдар;
4) медициналық көмектің сапасы – көрсетілетін медициналық көмектің денсаулық сақтау саласындағы медициналық ғылым мен технологияның қазіргі заманғы даму деңгейі негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік деңгейі;
5) сараптама қорытындысы – денсаулық сақтау саласындағы заңнамада белгіленген талаптардың сақталуына тәуелсіз сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша негізделген тұжырымдар;
6) медициналық қызметтер сапасының сараптамасы – тиімділігі, толықтығы мен медициналық қызметтер стандарттарына сәйкестігінің көрсеткіші көрсетілетін индикаторларды пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызметтер сапасының деңгейі бойынша қорытынды шығару үшін жүзеге асырылатын ұйымдастыру, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы.
5. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылайтын мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiне сәйкес тәуелсіз сарапшыларды аккредиттейді, әрбір тәуелсіз сарапшы туралы мынадай мәліметтерді қамтитын тәуелсіз сарапшылардың дерекқорын қалыптастырады:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) туған күні;
3) ұлты;
4) білімі;
5) тұрғылықты жері;
6) мамандығы;
7) жұмыс орны;
8) лауазымы;
9) біліктілік санатының бар-жоғы туралы;
10) ғылыми дәрежесінің бар-жоғы туралы;
11) тілдерді білуі туралы;
12) соңғы бес жылда біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өткені туралы;
13) ғылыми мақалаларының, жарияланымдарының бар-жоғы туралы;
14) денсаулық сақтауды басқару органдарының шақырғаны туралы;
15) халықтың және мүдделі тұлғалардың шақырғаны туралы;
16) медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау мемлекеттік органының шақырғаны туралы;
17) тексерістерге шақырылғаны туралы.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 2), 3), 5), 11), 13) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, тәуелсіз сарапшылар туралы мәліметтер уәкілетті органның Интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібі
6. Тәуелсіз сарапшыларды немесе тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктерді:
1) мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелері;
2) заңды тұлғалар (соның ішінде денсаулық сақтау субъектілері);
3) жеке тұлғалар денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тартады.
7. Тәуелсіз сарапшыларды мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелері денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін мынадай бағыттар бойынша сараптауға тартады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық қызметтердің сапасына сыртқы сараптама жүргізу;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiне сәйкес медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу ережесiне cәйкес біліктілік санатын беруге үміткерлердің біліктілік деңгейін аңықтау.
8. Уәкілетті орган немесе мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға сәйкес жыл сайын тәуелсіз сарапшылардың немесе тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
9. Мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелері қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын тәуелсіз сарапшыларды жеке тұлға ретінде немесе қоғамдық бірлестік құрамында тартады.
10. Тәуелсіз сарапшы өзінің негізгі медициналық, фармацевтикалық мамандығы ескеріле отырып, сараптамаға шақырылады.
11. Тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу орындалған жұмыстар актісі негізінде және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
12. Денсаулық сақтау субъектілері тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын тәуелсіз сарапшыларды немесе қоғамдық бірлестіктерді азаматтық заңнамаға сәйкес шарт негізінде денсаулық сақтау субъектісінің клиникалық қызметін бағалауды жүргізу үшін, олардың денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін анықтау, денсаулық сақтау субъектісінің аккредиттеу рәсіміне дайындалуына әдістемелік көмек көрсету үшін тартады.
Өзге де заңды тұлғалар пациенттің құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, азаматтық заңнамада көзделген тәртіппен шарт негізінде тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын тәуелсіз сарапшыларды немесе қоғамдық бірлестіктерді тартады.
13. Нақты жағдай бойынша тәуелсіз сараптама жүргізуге мүдделі жеке тұлғалар азаматтық заңнамада көзделген тәртіппен шарт негізінде тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын тәуелсіз сарапшыларды немесе қоғамдық бірлестіктерді тартады.
3. Қорытынды ережелер
14. Егер:
1) тәуелсіз сарапшы тексерілетін денсаулық сақтау субъектісімен еңбек немесе шарттық қарым-қатынаста болса;
2) өзімен туыстық немесе өзге де қарым-қатынастағы тұлғалардың мүддесін қозғаса;
3) олар жүргізілген сараптаманың нәтижелеріне мүдделі болса;
4) өтініш иесі өзінің алғашқы өтініші бойынша тексеруге бұрын қатыспаған тәуелсіз сарапшының қатысуымен қайтадан сараптама жүргізу туралы өтініш білдірсе, тәуелсіз сарапшылар сараптамаға тартылмайды.
15. Тәуелсіз сарапшы:
1) денсаулық сақтау субъектісінің медициналық қызметтері сапасына сыртқы сараптама жүргізу кезінде жүргізілетін сыртқы сараптама мәніне қатысты қажетті ақпаратты сұратады;
2) егер алға қойылған мәселелер оның арнайы білімінің шегінен тыс немесе ұсынылған материалдар сараптама қорытындысын беру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, сараптама қорытындысын ұсынудан бас тартады;
3) денсаулық сақтау субъектісіне медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту және сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) сараптама жүргізу аяқталысымен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі белгілеген мерзімде не тараптардың келісімі бойынша сараптама қорытындысын ұсынады;
5) тәуелсіз сараптаманың заңдылығын, құзыреттілігін және адалдығын қамтамасыз етеді;
6) қызметтік ақпараттың құпиялылығын, кәсіби этика қағидаттарын сақтайды;
7) тәуелсіз сараптама жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігін қамтамасыз етеді.
16. Тәуелсіз сарапшы жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша сараптама қорытындысы үшін қылмыстық заңнамаға сәйкес дербес жауапты болады, сондай-ақ оған жасасқан шарт талаптарында көзделген материалдық жауапкершілік жүктеледі.
Денсаулық сақтау саласындағы
тәуелсіз сарапшыларды
тарту қағидаларына
қосымша
Сараптама қорытындысы
1. Аккредиттелген тәуелсіз сарапшы __________________________________
(Т.А.Ә., мамандығы, біліктілік
_____________________________________________________________________
санаты, ғылыми дәрежесі, ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
2. Тапсырыс беруші __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Сараптама жүргізудің негіздемесі _________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Сараптама жүргізу мерзімі: 20 ___ жылғы « » _____________ 20___ жылғы « » _______ дейін.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Сараптаманың мәні ________________________________________________
_____________________________________________________________________
6.Сараптама жүргізу жоспары__________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Қорытынды_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Ұсыныстар мен ұсынымдар___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тәуелсіз сарапшы ____________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Күні 20 ___ жылғы « »
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |