Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007: Мәдени–философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007 ҚҰРАН (араб. – дауыстап оқу, жатқа айту) — Мұхаммед пайғамбарға құдайлық аян ретінде түскен Алланың сөзі, мұсылмандардың ең басты қасиетті кітабы. Қ. 114 сүреден тұрады. Пайғамбарға 610–632 ж. аралығында Мекке мен Мединеде Аспаннан Алла тағаланың жіберуімен жебірейіп періштесі арқылы келген аяндары. Барлық мұсылмандардың қасиетті кітабы болғандықтан Қ–ның мұсылман әлеміндегі орны ерекше. Қ.–ды әлемдік мәдниеттегі ең негізгі кітаптың бірі ретінде адамзат қоғамы мойындап отыр. Қ.–ның «Қ–нан» өзге де есімдері мен сипаттары бар. Бұлардың негізгілері: 1) әл–Китаб. Бұл сөз Қ–да екі жүз отыз мәрте кездеседі, «Міне осы Кітапта күдік жоқ, Бұл тақуалар үшін тура жол көрсетуші» (Бақара 2/2). 2) әл–Фурқан. «Ақиқат пен жалғанды айырушы» мағынасындағы бұл сөз Қ–да алты рет кездеседі. «Күллі әлемге ескертуші болу үшін құлына Фурқанды түсірген Алла тағала ең ұлық» (Фурқан 25/1). 3. Нур, Мубин. «Расында сендерге Алладан нұр және «Мубин» ашық кітап келді» (Мәида 5/15). Қ–ның бұдан басқа да есімдері: Кәләм, Куда, Рахмәт, Шифа, Тәнзил, Уахи, Баян, Хақ, Адл, Бушра, Қасас, Азиз, Хикмәт, Хаблуллаһ, Рух, Муһәймин, Қайим, Зікір, Бәләғ, Мәжид, Уммул–Китаб, т.б. Қадір сүресінде айтылғандай, алғашқы Құдайлық аян (уахи) 610 ж. рамазан айының Қадір түні Мекке тауының Хира үңгірінде Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға Ғалақ сүресінің («Жаратқан Раббыңның атымен оқы!») бес аятынан бастап түсті. Ислам діні пайда болғанда араб жазуында әріптердің ноқаттары мен қаракеттері жоқ болса да, сахабалар өз тіліндегі Қ–ды қатесіз оқыған. Хижраның 1 ғ–ның 2–жартысынан бастап, өзге халықтың ислам дінін қабылдауы мен олардың араб тілін білмеулері себепті Қ–ды жаңылыс оқу белең ала бастаған. Осыған дейін Қ. жазуының Қарекеті мен ноқаты болмауынан туындаған қиындықты шешу үшін Әбул Әсуәд әд–Дуәли қаракеттердің жазылуын енгізді. Насыр ибн Асым (кейбір деректе Яхия ибн Ямәр) Қ. әріптерін бір–бірінен ажыратқан ноқаттарды қойды. Бұны ғалымдар «Ижам» деп атады. Қазақ халқының рухани бастауларында болған ғұламалар Қ–ның мағыналық аудармасынан гөрі мәнін ашуға, хикметін сезуге ұмтылған. Абайдың «Адамды сүй, Алланың хикметін сез!», «Адамның хикмет кеудесі», — деген сөздерінен Қ–ды да, адамды да, әлемді де хикмет кітаптары деп біліп, оларды ажырамас өзара бірлікте, тығыз үйлесімде танығаны аңғарылады. «Қ. рас Алланың сөзідүр ол, Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ» — деген Абай Қ–ның сөздік мағынасынан гөрі ішкі мәніне ұмтылуға үндейді. Қ–ның рухани мәнін, адамзат қоғамындағы орнын түсінуде ондағы адам мәселесін зерделеудің маңызы зор. Қ. — адамзатты қараңғылыктан нұрға бастайтын Құдайлық рахмет — мейірім көзі, (һүд, 17 аят) адамға бақилық бақыт жолын көрсететін Алланың сөзі (Исра, 9). Қ. жеке адам және қоғам тіршілігі үшін қажетті құқықтық, әлеуметтік–экономикалық саяси–басқару, этикалық–моральдық жүйелердегі негізгі қағидалар мен ұстанымдарды негіздеді. Қ–да екі маңызды мәселе — Алланың жалғыздығына сенім (таухид–монизм) және Алланың құдіреті, сол құдіретімен жаратқан әлем, адам, олардың Алламен арасындағы байланыстары жүйеленген. Қ–да адамның көңілі (қалбы–жүрегі) — таным көзі немесе танымға жетудің құралы мағынасында қолданылған. Қ–да адам ақылын — «калб көзі» (көңілдің көзі), Алланың жеке мәндік аяны (ал–уаһи–ул–жузи) ретінде, ал Қ–ды — объективтік аян, әлемді — Алланың танымдық кітабы, универсалдық аян ретінде танытады. Қ–да имандылық адамгершіліктің тұтқасы, негізгі көзі ретінде түсіндірілген. Имандылықтан туатын құндылықтарды әділеттілік, турашылдық, ар–ұят, намыс, сабыр, төзімділік, жомарттық, шыншылдық, мейірімділік, ата–анаға құрмет, отансүйгіштік, қанағатшылдық, тазалық, махаббат, адамды сүю, жүректілік деп тізіп, жалпы парасат (фазилат) құндылықтарына, ал имансыздықтан туындаған зұлымдық, жалғандық, екі жүзділік, опасыздық, менмендік, қорқақтык, сияқты жаман қылықтарды масқаралық (разилат) сипатына жатқызып, бұлардан аулақ болуды ескертеді. Қ. адамның бағынышты болуы қиын әлем екендігін, оны тек табиғи жолмен, ерікті сұхбат арқылы тәрбиелеуді, оны дінге шақыруда да ешқандай зорлық немесе қысым жасауға болмайтындығын ескертеді. Қорыта айтқанда, Қ–да адамның қандай болмыс екендігі, өмір сүру ортасы мен тіршілігінің мәні, әлемдегі орны мен мақсаты туралы оның болмысын нақтылайтын тиянақты жауаптар айтылған. Бұл жауаптардың барлығы адамның рухы мен көңіліне қатысты психологиялық құбылыстар мен қуаттарды ескеріп түсінікті әрі қарапайым тілмен берген. Қ–ның үндеуі адам санасына, рухы мен ақылына арналған.
Әдебиет: М. Иса, Д. Кенжетай. ҚҰЭ – 6–том. 127 б.; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 4. Ислам философиясы. Астана: Аударма, 2005; Мәдени–философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007
МӘДЕНИЕТ (араб тілінде "маданият" – қала деген мағынаны білдіреді) – адамдардың рухани және материалдық игілігін, әлеуметтік болмысын дамыту, көркейту,сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы кызметтің жемістері мен нәтижелері. Әлеум. болмыс адамсыз тірлік етпейді, оның табиғаттан айырмашылығы да осында. Ежелгі гректер күтімді, қолмен өңделген М. әлемін және күтімсіз, өндеусіз, жабайы әлемді айырғаны осыған негізделген. Осы айырмашылық жасанды, өнерлі мен табиғи, өнерсіз нәрселердің қарама–қарсылығынан да байқалады. Философия тұрғысынан мәселе М–тің анықтамасында емес, адамзаттың әлеум. болмысын сақтау ісіндегі жетілу нұсқаларын анықтауда. Мұндағы ең басты нәрсе жаңарудың нақты кескіндерін суреттеуде, олардың өзара байланысын табуда. Мәдениеттану жағынан келсек, әрбір нақты М. әлеум. болмыстың жандануы мен жаңаруының белгілі баспалдақтары ретінде көрінеді. Бұл тұрғыда М–тің ең басты мәселесі адамзат болмысының жандану мен өзгеріске түсуінің, немесе жаңару нұсқаларының арақатынасы. Бұл мәселенің жалпыға бірдей әмбебап шешімі жоқ. Егер адамзаттың ертедегі қауымдастықтарына басты қалып ретінде әлеуметтік ұйымның өзгерместігін қамсыздандыратын дәстүр көрінсе, одан кейінгі кездері жаңарудьң маңызы артады, ал соңғы онжылдықтарда әр түрлі дәстүр мен түрлі жаңашылдықтың өзара кірігуі басты бағытқа айналғандай. М. – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығарм–ғы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейіні, филос. жүйелері мен рәміздік таңбалық өсиеттері, орын толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, мұраты – осының бәрі М–пен біте қайнасқан. М–ке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (баламалык) деп атауға болады. Адамдық арақатынастың бәрі белгілі бір мәдени деңгейде басталады, ал осы сыртқы ортаны өзгертуге бағытталған мақсатқа сәйкес әрекеттің нәтижелері адамдық мәндік күштердің заттандырылған көріністері болып табылатын М. туындыларында (материалдық немесе рухани) жүзеге асады. Демек, М. дегеніміз – адамның өзін–өзі, қоғамдық, әлеум. қатынастарды жасау процесі. Материалдық М–ке адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект мен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған түрі және адам арқылы ғана болатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндеті және өркениеттік рөлі бар шығарм. Қызметінің нәтижелері жатады. Рухани М–ке қарағанда материалдық М. табиғи объектілердін сапала–ры мен белгілеріне және адам материалдық заттарды, жейтін тамақ және өмір сүру үшін қажет басқа да жабдықтарды жасағанда негізгі мате–риал немесе шикізат ретінде пайдаланылатын заттар түрлеріне, энергия және ақпаратқа тікелей тәуелді.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс–қағаздары жүргізілетін,қоғамдық қатынастарда қолданылатын мемлекеттің барлық ұлттарына, азаматтарына ортақ негізгі тіл. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі М.т. болып бекітілген.
Мысалы: Үндістанда М. т. ағылшын тілі болса, хинди тілі тек тұрмыстық тіл деңгейінде қалып қойған. Марокконың, Алжирдің, М. т. араб тілі болғанымен, ресми тіл ретінде француз тілі онымен бірдей дәрежеде қолданылады. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі М. т. болып бекітілді. 1995 жылы қабылданған Конституцияда да қазақ тілі М. т. болып бекітілді, алайда сонымен қатар орыс тілі ресми түрде М.т–мен қатар қолданылады. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы» мақұлданды. Қазір Қазақстан барлық ғылым–білім, мәдениет, техника салаларын М.т–ге көшіру кезеңін бастан өткеруде.
М.т. – көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси–құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. М.т–ді жан–жақты дамыту және оның қолдану аясын (сфера) кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан–жақты бағдарламалар жасалады. М.т. әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. Демократиялық қоғамда белгілі бір тілге мемлекеттік мәртебе (статус) беру оның басқа тілдерге қысымшылық көрсетуі болып табылмайды. Бұл туралы Республикамыздың Тіл туралы Заңында (1997 ж.) анық айтылған. Кеңес заманында КСРО–ның Конституциясында және басқа да мемлекеттік құжаттарда ашық айтылмаса да, орыс тілі іс жүзінде (де–факто) М. т. функцияларын орындады. Орыс тілінің осындай ерекше рөлі геральдикалық әдіспен анықталады. Мыс., КСРО–ның елтаңбасы мен ақша бірліктерінде орыс сөздері үлкен әріппен беріліп, басқа ұлттық тілдердегі лексемалар кіші әріппен берілгені дәлел бола алады. Кейбір көпұлтты (көптілді) мемлекеттерде тілге берілетін мәртебе басқаша аталуы мүмкін: ресми тіл, ресми түрде қолданылатын тіл, ұлттық, конституциялық және аймақтық тілдер. Осыған байланысты «көпұлтты» және «көптілді» деген терминдердің синоним сөздері ретінде қолданылуын сөйлеу тіліміздегі қателердің бірі деп қараған жөн. Кезінде КСРО (Югославия т.б.) көпұлтты мемлекет болатын, себебі Одаққа өздерінің белгілі бір территориясы, шекарасы, басқару–әкімшілік органдары бар субъектілер енген болатын. Ал Қазақстан жайында ол басқаша, мұнда жоғарыда көрсетілген Одаққа тән ерекшеліктер болған жоқ, сол себептен де Республикамыз, әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан қарағанда көпұлтты емес, көптілді елдер санатына жатады деу шындыққа сәйкес келеді. Көпұлтты елдердің қатарына жататын мемлекеттің субъектілері (ұлттық республика, облыс, аймақ т. б.) өздерінің ұлттық тілдеріне мемлекеттік мәртебе беруге құқылы болса, көптілді елдерде мұндай еркіндік жоқ. Себебі көптілді елдің құрамына диаспора ретінде енген ұлт–ұлыстардың қалыптасуы солақай саясаттың, депортация т.б. нәтижелері болуы мүмкін, яғни бұл құбылыстардың тарихи мән–мазмұны жоқ. Сол себептен Қазақстанда мемлекеттік қостілділік қабылданбай, қазақ тілі М. т. болып, орыс тілі – ресми түрде қолданылатын тіл болып жарияланды.
«МИРАС», ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «МИРАС» МЕКТЕБІ – Алматы қаласында орналасқан, Халықаралық Бакалавриат стандарттарын Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі оқытудың ең үздік элементтерімен үйлестіру арқылы және ұсынған үш тілдің бірін таңдауға құқық бере отырып, жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. Мектептің негізгі мақсаты –студенттерге дұрыс та толыққанды өмір салтын жүргізуге көмектесу, оларды басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін бағалауға және құрметтеуге, сондай–ақ әлемдік қауымдастық тағдырына қатысты өз борышы мен жауапкершілігін сезінуге баулу.
Мектептің бағдарламалары мен іс–тәжірибесі келесі тұжырымдарға негізделген:
– Студентті дамыту. Біртұтас білім беру студенттердің әлеуметтік, парасаттылық, физикалық және эстет. жағын дамытады және өз кезегінде үлкен өмірге, құбылмалы әлем жағдайындағы өмірге дайындалуға көмектеседі. М–та студенттер келесі дағдылар мен қабілеттерді дамытады: қамқорлық, бұлжымастық, қоғамға үлес қосу, өзін қоршаған адамдарға, басқа қоғамдарға және тұтас әлемге құрмет көрсету.
– Әлеуметтік және мәдени кіріктіру. Мектеп қауымдастығы мәдени ерекшеліктер мен адам құқығын жоғары қояды. Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша барлық студенттер біртұтас халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады, мұнда алуан түрлі мәдениетті түсіне білу, оларға құрмет білдіру, сондай–ақ төзіммен қарау қарым–қатынасын дамыту ісі жатыр. «М.» қазақ тілінің маңызын, оның мәдениетін жақсы түсініп, сондай–ақ оның әрі қарай дамуына ат салысады.
– Білім алу және оқыту әлеуеті. Сапалы білім беру әрбір студентке жекелей білім беруге, алынған білім мен іс–тәжірибенің маңыздылығына қарай бағытталады. Студенттің алған білімі мен тәжірибесі өзінің әлеуетін толық деңгейде дамытуға әрі қарай ынталандыратын болады.
– Перспективті оқу жоспары. Ең жақсы мектеп жоспарлары студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып, олардың талаптарына жауап беретін көптеген құрылымдық әдістерді өзіне қамтиды. Мектептің оқуға жасалған қадамдары бәрін білгісі келу, шығарм. мүмкіндіктер, күрделі және арандатушы шытырман мәселелерді шешуге бағытталған парасаттылық дағдыларды, сынау және өз бетінше ойлану қабілетін дамытады.
– Жоғары білікті және оптимистік көңіл–күйдегі ұжым. Халықаралық «М.» мектебінің барлық мұғалімдері жоғары білікті, олар студенттерге өз әлеуетінің толық ашылуына көмектеседі, олардың таланттарын мектепте, біртұтас қауымдастықта дамытуға ықпал етеді. «М.» мектебінің пердагогикалық ұжымы өзінің кәсіби дамыту жағынан үзбей жұмыс істеп келеді.
– Мектеп қауымдастығы. Халықаралық «М.» мектебі факультеттерді, мектеп қызметкерлерін, отбасылар мен студенттерді өзіне қамтитын, өз кезегінде жауапкершілігі мол азаматтың машықтары мен алар орнын дамытатын күшті және ынтымақты қауымдастық болып табылады. Ата–аналар мен қауымдастықтың атсалысуы мен ынтымақтастығы белсенді түрде үзбей іздестіріліп отырады.
– Сенімділік. Мұғалімдер, әкімшілік, студенттер мен ата–аналар бірлесіп жұмыс істей отырып, студенттердің білім алу мақсаттарына ортақ күштерін бағыттайды.
– Мүмкіндіктер мен қорлар. Студенттерге қауіпсіз және ынтасын оятатын оқыту ортасын ұсынады, мұнда олар академиялық бағдарлама, атлетика және бейнелеу өнері сияқты оқу бағдарламаларының алуан түрімен танысады.
Мораль адамдар өздерінің мінез–құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір–біріне, қоғамдастықтың әртүрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ережелердің, нормалардың жиынтығы.
М. – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Өзін сақтап қалу үшін қоғам адамдардың бәрі ұстануға тиіс ережелер қалыптастырып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың және ұрпақтардың арасындағы қатынастарды реттеп отырды.
М–дың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар.
-
Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдайдан беріледі.
-
Эмпирикалық концепция М. адамның, оның тәжірибесінің, тарихының дамуының, әдеп–ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді.
-
Автономдық концепция бойынша М. адамға әуелден, генетикалық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп ұшырамайды және адамдардың индивидуалдық сапаларына байланысты әрбір адамда әртүрлі.
М–дың ұлттық, таптық және жалпыадамзаттық сипаты бар. Кезінде таптық М–ға шектен тыс назар аудару, оны әсірелеу қоғамға белгілі бір деңгейде зиян әкелгені белгілі. Қазіргі уақытта ұлттық М–дық құндылықтарды жаңғырту ұлтты сақтап қалу, мысалы, қазақ ұлтын сақтап қалу факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл дұрыс қадам деп мақұлдай отырып, М–дың жалпыадамзаттық сипатын да естен шығармауымыз керек. Қоғамдық сананың басқа формаларымен салыстырғанда М. ең басты десек, артық емес, себебі адамның адами сипаты оның бойындағы адамшылығы арқылы, қоғамның даму деңгейі оның адамгершіліктік келбеті арқылы анықталатыны сөзсіз.
Моральдық құндылықтар – Адамның ішкі рухани өмірінде жақсылық, абырой, ар–намыс, парыз сияқты байлықтар.М.қ–дың арқауын “тұлға мен қоғам” арасындағы қарым–қатынастардан іздеу керек. Өйткені, адам басқа кісілермен сан–алуан байланыс, өзара іс–әрекетке түсіп қана өмір сүре алады, ол оның әлеуметтік табиғатын көрсетеді. Бұл арада моральдық сананың ережелік, нормативтік ерекшелігін алға тартуға болады, өйткені, күнбе–күнгі адамдардың миллиондаған іс–әрекетін ретке келтіру үшін олар ереже, қағида, идеал ретінде қорытылады. Моральдық сана шындықты алдын–ала болжай алады, оның талаптары күнделікті өмірлік қатынастардың әр жағына өтіп, бізді тиістік әлеміне әкеліп тірейді.
Бұл арада біз моральдың аксиологиялық Құндылық жағына келіп тірелеміз. Расында да, моральдық норма арқылы ғана өзіңнің, я болмаса, басқаның жүріс–тұрысын бағалауға мүмкіндік аласыз. Олай болса, ол тек қана бізге қоғам өмірінде өзіңді қалай ұстау керек екенін көрсетіп қана қоймай, адамның ішкі руханиятының ажырамас бөлігіне айналады. Моральдық қағидалар адамдардың мәндік қасиеттерін құрайды. Сондықтан, адамның моральдық қағидаларды таңдап оны өз құндылықтарына айналдыруы оның өмір бағыты мен өмір салтын анықтайды. Сол себепті, саясаттан бастап нақтылы күнбе–күнгі адамдардың қарым–қатынасына дейін барлық әлеуметтік құбылыстар моральдық тұрғыдан бағаланады.
Моральдық қағидалар біздің алдымызға абстрактылық жалпыға бірдей талаптар қояды. Өмірдегі нақтылы қарым–қатынастар оның мазмұнын біршама өзгертуге мәжбүр етеді. Мыс., ерлік пен батылдық – абстрактылық тұрғыдан алғанда – жақсы құндылықтар. Қиын–қыстау жағдайларда әр азамат өз елін қорғау жолында бұл қасиеттерді көрсете білу керек. Сонымен қатар, батылдық жемқор шен иелерінің, я болмаса, қылмыскерлердің де қасиеті болуы мүмкін. Уақытында Гитлер неміс халқына “мен сіздерді ар–ұждан сияқты құбыжықтан босатамын”,– деген болатын. Осы уақытқа дейін фашизмнің жасаған сансыз зұлымдығы адамзаттың есінде қалуда. Өз халқымен күресіп, оны тарихтағы болмаған қуғын–сүргінге, репрессияға ұшыратқан сталиндік тоталитаризмге де сондай баға беруге болады. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, қандай да болмасын тоталитарлық қоғам мен бүкіл адамзаттық моральдық қағидалар ешқашанда бір–бірімен ымыраға келмейді.
Бұл арада біз моральдың бүкіл адамзаттық қарапайым қағидаларына келіп тірелдік. Олар бір қарағанда қасаң сияқты болғанымен қазіргі адамзат тағдырына өте маңызды болып отыр. Өйткені, тек қана бірлесіп, сабырлық пен төзімділік, қайырымдылық көрсетіп, зұлымдыққа жол бермей, мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды шешіп, ядролық соғыс пен экологиялық апатты болдырмауға болады. Сол сияқты нақтылы адами қарым–қатынастарда да төзімділік пек адалдықтың, біреудің қайғысына ортақ болу, аяушылық, үлкенді сыйлау, әке–шешеге риясыз құрмет көрсету т.с.с. М.қ–тардың маңыздылығын асыра бағалау қиын.
Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. Алматы: Бастау, 2008
МҰРАҒАТ МУЗЕЙ, Мұражай – архив – тарихи маңызы бар құжаттар сақТалатын мемлекеттік арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақгайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да М. деп аталады. Жазба деректерді жинастырып сақтау ісі тұңғыш рет Мысырда, Қытайда, Ежелгі Грекияда, Римде, т.б. елдерде мемл. дәрежеде қолға алынды. Қазақстанда дербес М.–тың пайда бо–луы Бөкей Ордасы мұрағатымен байланысты (XVIII ғ.). Қазақстандағы М. жүйесі (респ., салалық, аймақтық, т.с.с.) негізінен, XX ғ–дың 20–30 жылдары қалыптасты. Ұлттық М. ісінің бастауында А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев сынды қоғам мәдениет қайраткерлері тұрды. Қазіргі М–тарда дәстүрлі қағаз құжаттардың түпнұсқаларымен және көшірмелерімен қатар фото–киноматериалдар, дыбыстық және бейнежазбалар, ақпараттың барлық жәдігерлер түрлері сақталады. М–тарда мәңгілік мерзімге сақталып, қорғалатын тарихи деректер мемлекеттің ішкі–сыртқы жағдайы, экон., саяси–идеол. қатынастары туралы құжаттар Ұлттық байлықтың бір бөлігі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан М–ның қызметіне халықар. байланыстардың артуы оң ықпалын тигізіп отыр. Қазақстан мұрағатшылары "Ғасыр соңындағы мұрағаттар: өткен жолды бағалау және болашаққа көзқарас" тақырыбымен Мұрағаттардың Халықаралык Кеңесі өткізген М–тың халықар. 13–конгресіне (Пекин, 2–7. 09. 1996 ж.) қатысты.
Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.
МҰРАЖАЙ, МУЗЕЙ – тарихи–ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, насихаттап ғылыми–танымдық қызмет атқаратын мекеме. М. заттық және рухани кұндылықтарды танытуда, ғыл. тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім–тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. М. ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғыл. мекеме ретінде өскелең ұрпактың тәрбиесіне, тарихи сананың калыптасуына ық–пал етеді. М. алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық кор ретінде қалыптасты. М–лардың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Еуропада тарихи мұражайлар XVI–XVIII ғ–ларда пайда болды. М–дың қалыптасуы сана–сезімді оятуға, мәдени–саяси идеяларды (ой–сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 ж. Германияда өнер М–лары құрылды. 1811 ж. Ресейде – Феодосияда археол. бағыттағы және әскери–тарихи М–лар құрылды. XIX г. этнограф. зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнограф. М–лер құрылып, олар ғыл.–зерттеу орталықтарына айналды. М. негізгі бағыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи М–лар (жалпы тарих, археол., антропол., этнограф., нумизмат., т.б.), көркемөнер М. (көркемөнер, мүсін, қолөнер, театр, музыка, кино, т.б. М–лар), жаратылыстану М–ы (биол., зоол., геол., минералдық, палеонтол., т.б.) тех. М–лар (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау–кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), кешенді М–лар (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану М–лары), мемориалдык М–лар (мемлекетке, өнерге, әдебиетке, ғылымға еңбегі сіңген беделді адамдардың жеке өмірі мен кызметіне арналған М–лар. М. ісінін негізгі бағыттары –мұражайлык мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (реставрация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, М–дың кадрлық жүйесін жетілдіру. Бұл мұралар қазіргі таңда Қазақстан Орт. Мемл. мүражайының негізгі қорын құрауда. Қазақ–станда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. –29 М–лар болса, қазіргі таңда М–лар саны 154–ке жетті. Онт. мемл. М. (1930), Ә.Қастеев атынд. респ. өнер М–ы (1935) Президенттік мәдени орт. (2000), Мемл. алтын және асыл металдар М–ы (1994), Қазақстан ҒА Археология М–ы (1973), Ұлттық ва–люта М–ы (1993), Кітап М–ы (1978), Ықылас атынд. Респ. халық саз аспаптар М–ы (1980), "М.Әуезов үйі" ғыл. орт. М–ы (1962), т.б. Мемор. М–лар да Қазақстанның тарихи–мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемл. тарихи–мәдени қорық М–ы, Абай–Шәкәрім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғазиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемор. М–лары. 1889 ж. 20 маусымда халықар. "Музейлер ассоциация–сы" құрылды. 1918 ж. Халықар. мұражайлар бюросы құрылып, "Му–зей" журналын шығарды. Бүл ЮНЕСКО–ның "Музеум" журналы–ның шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО–ның құрамына енген Халықар. М–лар Кеңесі құрылды.
Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.
Мұрат – алдыға баянды мақсат мүдде қоюмен байланысты этикалық жүйенің түйінді ұғымы. Әдептік нормалар әдетте күнделікті күйбең өмірдің тар міндеттерінен жоғары, болашақпен байланысты тұжырымдалады. М. – тұлға немесе әлеуметтік топтардың мінез–құлқы мен арман–тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын “рухани күш, үлгі–өнеге. Арман мен М. құстың қос қанатындай өмір шындығынан туады, олармен рухтанған адам қиыншылықтан құтылуды аңсайды. Арман мен М. адамның өмірге деген құштарлығын арттыра түседі. Шындық – бұл іске асырылған арман болса, М. – алыстағы көкжиек. М. туралы нақтылы ұғымға жету үшін оны этномәдени контекстіде қарастырған жөн. Жоғарыда аталып өткендей, хандық дәуірінің ақын–жыраулары мұрат сияқты қазақтың ділдік, әдептік түсініктерін төлтумалық сипатта барынша суреттеп берген.
Жаңа қалыптасқан мемлекет үшін басты М. – ел берекелігі және оның тұтастығы жолындағы қажымас қайратты қажет ететін күрес. Бұл М–ты іске асыратын тұлға–көркем әдебиетте сомдалған батырдың бейнесі. Қуаң даланы алғашқы игергендер – номадтар және оларды басқа мәдени ареалдар (орман, тау, суармалы алқап және т.б.) көп қызықтыра қоймаған. Көшпелілердің өзіндік санасында дала ол үшін ең қолайлы мекен болып есептелген. Қазақ сахарасы қазақ елінің балама түсінігіне айналған. Өзен мен көлдің өзі жайлауға ыңғайлы жер деп есептелген.
Адамзат ұрпағы өз мүмкіндігін табиғат құбылыстарымен де шамалай алатынын әсіресе үндестік сазы, үйлесім (гармония) ұғымымен айқынырақ түсіндіруге болады. Өйткені жан иесі өзінің белгілі бір дәрежеде жаратылыс жұрағаты екенін сезінбей жүре алмайды. Әлде–бір адам болмысын, көңіл–күйі, жан сарайын, қажет кезінде сыртқы мүсін–келбетін жете таныту үшін де көркем шығармада жаратылыс құбылыстарының тікелей көмекке келетін сәттері аз емес. Гармония дейтініміздің бір көрінісі сол. Қазақтың өнегелі бата сөзінде ең бірінші үміт жерге, сосын сол жердегі ерге және осы ерді өсірген елге айтылады.
М. ретінде қастерленетін – туған табиғат дәстүрлі қазақ дүниетанымында, батысты – бағындырылуға тиісті табиғат түсінігінен мүлдем басқаша қабылданады. Тел (бинарлық) оппозицияға негізделген көшпелі қазақтардың тіліндегі табиғат туралы түсініктері ұтымды болғандықтан, табиғат көрінісі, кеңістік бітімі әрекет пен бірлікте ғана көрінеді. Біріншіден, М. шексіз ізгілік, мінсіз жағдаят, абсолютты жетілгендік деп түсіндіріледі. Бұл мағынада М. діни түсініктегі түпмақсат “жұмақ” ұғымына сәйкес келеді. Екіншіден, М. мақсат, арман–тілек, ең жақсы қоғам, мінсіз адам дегендерге жақын мағынада қолданылады. Бұл әр түрлі утопиялық ілімдерге тән позиция. Үшіншіден, М. ұғымы ішкі құндылығы жоғары және жеткілікті тұтастықпен байланыстырылады. М. жеке тұлғадан гөрі, жалпылама әлеуметтік тұтастыққа көбірек иек артады.
Қызығушылық – тіршілік иесі адамның өмірге деген құштарлығы және оны нәпсіқұмарлықпен теңеуге де болмайды. Нағыз кісіде қызығу имандылықпен бақыланып отырылады. “Қызығу” позициясы тіршілікті жандандыратын, оған мән мен мағына беретін бастауды білдіреді. Онсыз кісі құштарлықтан айырылып, тірі өлікке айналып кетуі мүмкін. Қызығу абстрактыланған бейне емес, ол “өмір қызықтары” ретінде нақтылы көрініс табады. Қызықты өмірде М. тіршілік мақсаттарына айналады және бұл мақсаттар кісілік қасиеттерді бекітуге бағытталады. Әрине, бұл М–ты нәпсіқұмарлыққа шақыру деп анайы түсіну дұрыс емес. Дәстүрлі әдеп адамдық толыққанды тіршіліктен бас тартуды қаламайды. Ел М–ы мен ер М–ы бір–бірімен тұтас әрекет етеді. Хандық дәуірдегі толассыз жаугершілік елдік М–тарды алдыңғы қатарға шығарып отырады. “Өзім жаман болсам, ағам жақсы”, “у ішсең де руыңмен іш” деп жариялаған қоғамда, оған қоса қатал, қуаң далада жалғыз өмір сүрудің мүмкіндігі жоқ еді. Сол себепті кісілік еркіндіктің өзі шектеулі болды. Әрине, рулар арасында оппозициялық қатынастар да белең алып отырды. Бұл, әсіресе, бейбіт кезеңдерге тән еді. Бірақ, тоқтаусыз сыртқы қауіп рулық еркіндікті ортақ мүддеге бағындырып отырды және жеке кісінің жоқтаушысы рулық мүдделер этник. тұтастыққа тәуелді бола бастады. Саяси–потестарлы биліктің қай бөлігінде болмасын көсемдерді жеке басының қабілетіне байланысты қолдау, мойындау басым. Бұл меритократиялық принцип саяси биліктің өміршеңдігінің бірден–бір кепілі. Қай ру болмасын өзінің басшылығынан жігерлі адамды көруге ықтиярлы және мүдделі. Сол сияқты хан сайланар адамның ел тізгініне ие болар қабілетін айрықша ескереді. Яғни, хан–сұлтандар ел мұратына сәйкес болуы міндетті. Айталық, ақын–жыраулар Абылай сияқты хандарды үлгі–өнеге тұтып, оларда кездесетін жеке кемістіктерді аяусыз сынап отырған. Мәселе – қазақ сахарасында қалыптасқан үйлесімділік пен ынтымақтастықтың ерекше бітімінде. Адамдық қарым–қатынастарды реттеуде ақын–жыраулар жоғары үлгі – ел М–ын білдіретін төрешілер қызметін атқарған. Егер елбасылар осы М–тарға сәйкес болмаса, ақын–жырауларда оларды аяусыз және өткір сынға алған.
МҮСІНДЕМЕ, мүсін, скульптура бейнелеу өнерінің бір түрі. М. туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) кеңістіктік көлемде жасалады. М. қатты немесе пластик. заттардан құралады. М–нің тақырыптық басты жанрлары: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символик. фигуралар, анималистік мүсіндер. М–нің көркемдік тілінің бір ерекшелігі көп жағдайда жасалу техникасы мен пайдаланатын материалдарына байланысты болады. М. мазмұнына қарай монументті сәндік, қондырғылы немесе шағын пошымдағы М. болып екіге бөлінеді. М–нің өңдеу тәсілдері: ою, кұю, шеку. М. негізінен 2 түрге бөлінеді: жүмыс және рельефті. М–нің әр қайсысы бір–бірімен мазмұндык жағынан тығыз байланысты.
НАМЫС қазақ халқының түсінігінде ең жоғарғы адами қасиеттердің бірі. Н. өз бойына сан қырлы биік мағыналар мен асыл құндылықтарды жинаған, қазақ өмірімен біте қайнасқан, ғасырдан–ғасырға жалғасып келе жатқан ұғым, қазақ табиғатының ажырамас бөлшегі. Н. әрбір адамның өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігін, рухы мен жанын, ар–ұяты мен сенімін, саналы тіршілік етуші ретіндегі “Менін” аса жоғары, асқақ, өр дәрежеде қадір тұту, қастерлеу сезімін ақыл–оймен ұштастырып, сана деңгейінде игере білуі. Н–тың қарапайым түсінігі тек сезіммен байланысты қарастырылады. Жалған намыс осы сезім деңгейінен көтеріле алмайтын, ақылдың бақылауынан шығып кететін, соның нәтижесінде адамды адастыруы мүмкін Н.. Ақиқат Н. жалған Н–тан жоғары, ол ақылмен үндеседі, оған бағынады. Мұның жақсы мысалдарын қазақ халқының қаһармандық және лиро–эпостарынан табуға болады. Эпостарда Н. батырдың қарапайым ішкі “Менінің” көрінісі ғана емес. Қазақ батыры әдетте өр мінезді, қызба, көзсіз ер, оның Н–ы рухани–психологиялық күш ретінде, бейсаналық деңгейде сыртқа шығады. Қазақ батыры Н–ты ақыл деңгейінде де түсіне білді, жеке Н–ты ұлттық Н–пен толықтырды. Батырлар жырындағы қарапайым жеке Н. одан күрделі рулық, жүздік және ұлттық Н. дәрежесіне дейін бірте–бірте дамиды. Батыр үшін ұлт, халқы Н–ы оның өзінің жеке Н–ынан, тіпті өмірінен де қымбат. Қамбар, Алпамыс, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай батырлар ұлт Н–ы жолында өлімге бас тіккен.
Қаһармандық жырларды мол суреттелген жеке және ұлттық Н–тың ұлттық рухани–құндылықтық феномен екендігін қазіргі заманда ерекше есте сақтау қажет. Н–ты жалған рулық өрлік, жалған жүздік мақтанышпен шатастырмай, тәрбиелілік, білімділік, даналық, ұстамдылықпен ұштастыра отырып, ұлт, мемлекет деңгейіне көтеруге әбден болады. Қазіргі қазақ ұлтына жетпей отырған қасиеттердің бірі осы Н. Ұлттық Н–сыздықтың тамырына үңілсек, оның түп–төркіні күні кешеге дейін үш ғасыр бойы жүйелі түрде жүргізілген отарлық саясат деуге болады. Соның нәтижесінде қазақ халқының ұлттық Н. туралы түсінігі біршама төмендеді. Ұлттық Н–тың серпілісін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары айқын көрсетті. Н. ұлт пен мемлекет тәуелсіздігінің маңызды компоненті, қазақ ұлты үшін өмірмәндік мәселе. Ұлттық Н–сыз ел болып, жеке Н–сыз адам болып өмір сүрудің мәні жоқ.
Н–қойлық – бұл әр адамның ар–ожданын, имандылық қасиетін көздің қарашығындай сақтай білу мен көрінетін қасиет. Н. ұғымы жеке адаммен қатар ұлт, этнос мақтанышына қатысты айтылады. Қай халық болмасын өзінің ұлы мен қызын қаршадайынан Н–қа баулып, отанына, кір жуып, кіндік кескен жеріне кір келтірмеуін қатты ескерткен, «арым – жанымның садағасы» деп ар–намысты бәрінен де жоғары бағалаған. Қазақ халқының әргі–бергі тарихынан бұған мысалды көптеп табуға болады. Мәселен, 1986 жылы 17–18 желтоқсанда қазақ жастары, Қазақстанның басшысы қазақ ұлтынан, не болмаса қазақстандық болсын деп заңды талап қойып, ұлттық Н–ты қорғады. Осынау әділетті талап–тілек аяққа тапталып, арты қанды қырғынға ұласып, қаншама адам қаза болды. Қазақ қыздарына қол тигізіп жатқан қарулы милиция қызметкерлерінің дөрекілік ісіне шыдай алмаған жас өрен Қайрат Рысқұлбеков нағыз азаматтық, жігіттік Н–пен осындай әділетсіздікке қарсы тұрып араласып аяусыз жазаланды. Ол өлімге кесілсе де оған қасқая қарап тұрып, тергеушілер алдында басын имеді. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде кісілікке жетелейтін рухани күштердің арасында Н. ерекше рөл атқарады. Н. адамдық Менді қайрай түседі; “ерді – намыс, қоянды – қамыс өлтіреді” дейді халық. Н. адамгершілік қасиеттің ең бағалы көріністерінің бірі. Әрине, Н–тың түрлері көп. Ол отандық Н., ұлттық Н., діни Н., жершілдік Н., рулық Н., жыныстық Н., отбасылық Н., мамандық Н. болып бөлініп кете береді. Н. бар жерде жігер қайсарлық бар, мақсатқа жету үшін қиындықтарды жеңе алатын табандылық бар. Н–ы жоқ ар–ұяттан, тіпті адамдық бейнеден айырылады. Н. азаматтықтың басты бір көрінісі.
Тарихтан әр түрлі себептермен қазақ халқының боданға айналғанын, халық арасында құлдық психологиясы, жасықтық, үрей, қорқыныш сияқты сезімдердің де тарағанын бекерге шығара алмаймыз. Қазіргі заманға байланысты Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ». Қазақтың дәстүрлі әдет құқығы немесе әдеп жүйесі туралы сөз болғанда жалпыадамзаттық нормалармен қатар діни ықпал арқылы енген, алайда ұлттық дәстүр құндылықтарын өз бойына жинақтаған ұғым–түсініктерді де естен шығармаған жөн.
Нәпсі – діни әдебиеттерде жанның баламасы ретінде беріледі. Ол адам тәнінде екі түрлі қызмет атқарады: 1) тіршілік ету қабілетін қамтамасыз етсе; 2) тәннің қалауын, тілегін білдіреді. Анахарсис: “Тіліңді, тәбетіңді, нәпсіңді тыйып ұста” –дейді. Ислам діні бойынша, Н. адамның онтологиялық болмысы болып табылады. М., “Адам ата мен Хауа ана” қиссасында Алла тағала адам денесін жаратқан төрт затының бірі оттан адамның төрт қасиетінің бірі – Н–нің жаратылғаны айтылады. Әл–Кинди адам Н–ге байланса соншалықты еркін бола алмайды деп санайды. Әл–Ғазали қылықтары тек Н–лік және тәндік қалауларды орындауға бағытталған адамның жануарлар деңгейінен аса алмайтындығын атап көрсетеді. Сопылық дүниетанымда адамның басты мақсаты – жанды, көңілді Н–нің бұғауынан босату болып табылады. Шәкәрім философиясы бойынша, адамның бойында оны жүгендей білу керек, оның толық жоққа шығаруға болмайды. Н. Құмарлығы бар. Н. – адамның жалғандық болмысы, оның шектеу күші – ақыл. Н–құмарлықпен шендеседі. Н–нің жетекшісі – құмарлық. Бірақ құмарлықтың екі жақты болатынын мойындау керек. Теріс құмарлықпен бірге, оң құмарлық та болады, мысалы, білімге, ғылымға, өнерге құмарлық. Теріс құмарлықты сипаттай келе, Шопенгауэр: “Құмарлық, өткір сезім қанша қызықты болса да – адамның өмірі одан да қымбатты да ардақты екенін ұмытқан адамдар – құдайдан безгендер деген жөн” – деп айтқан. Мыс., жұмақтағы Адам ата мен Хауа ананың жарасымды тіршілігі ұзаққа бармады, арасына тән азығы – Н. еніп, жасалған тиымдардан ауытқып, құдіретті жұмақ кеңістігінен қуылды. Осы сәттен бастап адамның жер бетіндегі ғұмыр–тіршілігінде – қайғы мен қасірет дейтін жаңа түсінік пайда болды.
НЕМІСТЕР (өз атауы – дойче) – Германия Федеративтік Республикасының байырғы халқы. ГФР–да (80 млн–ға жуық, 2004), сондай–ақ Америка, Австрия, Африка, Азия елдерінде де тұрады. Жалпы саны 86 млн. адам (2004). Антропологиялық жағынан еуропоидтық нәсілдің атлант–балтық тобына жатады, орта еуропоидтық нәсіл өкілдері де бар. Неміс тілінде сөйлейді.
XVIII – XIX ғасырлардағы соғыстар, эконом. күйзелістер Н–дің біраз бөлігін басқа елдерге қоныс аударуға мәжбүр етті. 1870 – 71 ж. Бисмарк барлық Н. жерін біріктіргеннен кейін, елде өндірістік қатынастар дамыды. Н–дің ұлт болып топтасуы аяқталды. 1–дүниежүзілік соғыс пен 2–дүниежүзілік соғыс кезінде Н. зор шығынға ұшырады. 1949 ж. Германияның бұрынғы жерінде саяси–әлеуметтік жүйесі бір–біріне қарама–қарсы екі мемлекет құрылды. 1990 жылдан бастап, екі мемлекеттің қайта бірігуінен кейін ГФР өкіметі шет елдердегі (Балқан елдері, ТМД т.б.) Н–дің тарихи отанына қайтуына жағдай туғызды.
Мәдениеті. Дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы. Балық аулаумен де айналысады. Ұлттық қолөнерінде ұсталық, зергерлік, көзешілік, ағашқа әр алуан бедер салу, кесте тігу дамыған. Табиғи–климаттық, ұлттық, шаруашылық жағдайларға байланысты тұрғын үйлердің төрт түрі қалыптасқан. Олар жергілікті жағдайларға сай кірпіштен, ағаштан, саз балшықтан, арасына ағаш тіреулер бекітіліп тұрғызылған.
XVI – XVII ғасырларда қалыптаса бастаған ұлттық киім үлгілерін ХХ ғасырдың ортасына дейін сақтады. Ауыз әдебиетінде шванка (қысқаша күлдіргі әңгіме) айту кең орын алған. Көне замандардан келе жатқан аңыз–әңгімелер, ертегілер, балладалар сақталған. Ұлттық билері мен әндерінде көршілес халықтар шығармаларының ықпалы байқалады.
Қазақстанда 1990 жылдарға дейін 1 миллиондай Н. тұрды. Олар 2–дүниежүзілік соғыс басталғанда республикаға күштеп көшірілген болатын. Дегенмен олардың Қазақстанға келу тарихы одан да ертерек. Н. Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді. Олардың едәуір бөлігі Балтық бойы губернияларынан еді. Сібір шекара шебінің басшылары қызметін атқарған 13 адамның көпшілігі немістерден шыққан генералдар болатын. Олар Х.Т. Киндерман, И. Крафт, Д. Риддер, К.Ф. Фрауендорф, Г.Г. Вейрман, И. Шпрингер, И. Клапъе де Колонг, Г.Э. Штрандман, Г.И. Глазенап және басқалары еді. Түркістан өлкесінің генерал–губернаторы К.П. фон Кауфман да, Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек те, Дала өлкесінің генерал–губернаторы М.А. фон Таубе де Н. ұлтынан еді.
Н. жергілікті халықтың тарихы мен географиясын және этнографиясын зерттеудің бастамашылары бола білді. Дәрігерлер, мұғалімдер, тау–кен инженерлерінің арасында да неміс ұлтының өкілдері аз болған жоқ. Н. негізінен Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен, Жәмішев сияқты тағы басқа да шекара шебіндегі әскери бекіністерде тұрды. XVIII ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы н.–дің саны 400 адамға жетті. Қазақ жеріндегі Н. санының арта түсуі ХІХ–ХХ ғасырлар тоғысына сәйкес келеді. Қоныс аударып келген Н. негізінен егіншілікпен айналысты, өндеуші өнеркәсіп салаларында жұмыс істеді. Н. сонымен қатар мұнай кен орындарын игеруде, алтын, мыс өндіруде, кен өнімдерін өндеуде белсенділік танытты.
Н–дің өздерінің жеке ғибадатханалары және мектептері болды. Олардың арасында өзін–өзі басқару дәстүрі күшті сақталған еді. Н–дің елді мекенінде халық әлдеқайда ауқатты тұрды. Олар жинақылығымен, еңбек сүйгіштігі және адалдығымен ерекше көзге түсті. Өздерінің ұлттық тілін, дінін, әдет–ғұрпы мен салт–санасын, дәстүрлерін берік сақтауға тырысты. Н. өздері қауым болып жинақы қоныстанды. Олардың көпшілігі (55 пайызы) сауатты еді. Әлеуметтік сословие тұрғысынан алғанда 1897 жылы Н.–дің 85 пайызын шаруалар құрады.
1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы Н–дің жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшілігі Ақмола облысында, Омбы қаласына жақын Ақмола облысының аумағындағы Преображенский, Романовский, Канкринский сияқты поселкелерде тұрды. Олардың ендігі бір елеулі тобы Сырдария облысында да қоныстанды. Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде немістердің Еділ бойынан, Қара теңіз жағалауынан ағылып келуі күшейе түсті. Сондай–ақ Н. қазақ даласына сонау Германия мен Австрияның тікелей өзінен де қоныс аударып келді. Кейінгі жылдары көпшілігі тарихи отанына кетті. Қазіргі уақытта 300 мыңға жуығы қалды. Олардың ұлттық–мәдени орталықтары жұмыс істейді. Неміс тілінде газеті шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |