Алдымен, қанша уақыт сөйлейтініңізді толық біліп алыңыз. Соған қарап дайындалыңыз.
Әдетте, жұрттың алдында көп уақыт сөйлеу аудиторияны жалықтырып жіберуі мүмкін.
Материал жинауды жүйелей білу, көздеген мақсат-нысанаға ыңғайластыра, сәйкестендіре
алу, ауызша сөйлеу мен аудиторияның ерекшеліктеріне үйлестіре білу басты рөл атқарады.
Айтар ойыңызды дайындық кезінде жазбаша жазып, ойларыңызды бір арнаға
тоғыстырыңыз.
Дайындалатын ақпарат көздерін, кітаптарды, газет-журналдарды іріктеп алыңыз. Кезегімен
оқып шығыңыз. Мәнін түсініңіз. Өз көзқарасыңызды қалыптастырыңыз. Яғни, сіздің ойыңыз
маңызды рөл атқаратынын естен шығармаңыз.
Сөзді дауыстап айту немесе оқу өнерін меңгеру, мінбеде өзіңді-өзің билеу ережесін қатаң
сақтау, аудиторияның тілеу, қалауы қандай бағытта болатынын ескерген дұрыс.
Сонымен
қатар, айтар ойыңызды қағазға қарамай немесе қарап айту мәселесін шешіп алуыңыз
маңызды. Қағазға қарап айтқан күннің өзінде көпшілік оң көзімен қарайтындай деңгейде
дайындалуыңыз керек. Қағаздан бас алмай оқуға болмайды.
- Мәтінге сүйене отырып сөз сөйлеуге де болады. Мәселен, статистикалық мәліметтер
есіңізден шығып кетуі мүмкін. Ол үшін айтар ойыңызды жинақтап жазған парағыңыз
көмекке келері сөзсіз. Ал жазусыз сөйлеуге дайындалу – ол сіздің көпшілік алдында сөйлей
білу өнеріңіздің жоғары екенін байқатады.
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық