ҚОРЫТЫНДЫ
Көркем әдебиеттегі Абай бейнесінің сомдалуы бұл әдебиеттану ғылымында бұлын-соңды қарастырылмаған. Біздің бұл еңбекте М.О.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай бейнесі, дәуір жыршысына арнаған ізбасар ақындар арнауларындағы Абай бейнесі, Абай поэзиясындағы ақын тұлғасы саралап танумен бірге өзара байланыстырылды.
Ақынның поэзиядағы бейнесі мен халық бейнесі деген ұғымдардың арасында да жалғастық, сабақтастық өлең жолдары мысалдарымен беріліп сараланды. Қаһарманның өз дәуірімен, халықмен бауырластыра суреттей отырып, Әуезов терең идеялық – эстетикалық сезімталдықпен Абай образы арқылы қазақ халқының барша жарқын қасиеттерін көрсетті. Кейіпкердің ұлттық характерін күрделі барша болмыспен жан-жақты мүсіндеу - сол арқылы халықтың ұлттық өзгешелігін ашу боп табылса, олсана өз тарапынан көркем шығарманың ұлттық өрнегін де айқындайды. «Белгілі бір ұлттың аса қастерлі қасиеттерін бейнелейтін қаһарманын ұлттық характерінен ерекшеліктерді тану басталары күмәнсіз» деген пікір дұрыс айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |