БөЖ-2 “абайдың шешендік өнері”



бет1/2
Дата16.11.2022
өлшемі47.56 Kb.
#465007
  1   2
Риторика Н. Еркин




М. ҚОЗЫБАЕВ атындағы
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ-2

АБАЙДЫҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ”


Тексерген: Көкбас Жазира
Орындаған: Нагаан Еркин
MO-20K

Петропавл қ. 2022


АБАЙДЫҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ
«Абай жолы» романындағы «Абай бейнесі»
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының дүниетанушылық маңызын жоғары бағалай отырып, әдеби сын бұл шығарманың революцияға дейінгі қазақстан тарихы туралы энциклопедиялық ғылыми еңбекпен мейлінше туыстас – тамырлығын сан рет атап өткен. Алайда. М.Әуезовтің эпикалық туындысы ғылыми еңбектен көркемдік сезіну – қорыту, сол дәуірдегі халық өмірін әр қырынан танытатын алуан түрлі адамдар мінезі құбылысын бейнелу, сомдау сияқты тарихи шындықты зерттеу әдісіндегі өзгешеліктермен айырықша дараланбақ.
Әдебиетші ғалымдар ортақ бір тұжырымға келгеніндей, қазақ әдебиетінде: «Әлемге бейтаныс дерлік ғаламат бай халық өмірін классикалық биіктен жарқырата ашқан...» құдіретті сөз зергері М.Әуезовке дейін ешкім де жаңа дәуір қарсанындағы ұзақ жылдар сілемін, сахара тіршілігіне ерекше көркемдік қуатпен жан-жақты, терең суреттеу мүмкініне ие болған емес.
Абай туралы романның осынау аса маңызды даралық қасиетіне шет елдік сыншылар да әлсін-әлсін көңіл аударды. Олар үшін М.О.Әуезов эпопеясы өзіндік тарихы, экономикасы, рухани мәдениеті бар белгісіз халықтың ашылуы сияқты ғаламат жаңалық, шынайы өнер табысы саналғаны аян.
«Абай жолы» эпопеясын зерделей қарау бұл шығармада ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғасының бүкілболмысы, халық тұрмысындағы терең қойнауындағы тарихи процестің күрделі, ішкі қайшылықтары шынайы ашылғандығы қоғам дамуындағы соңау алыс заманындар рухын сергек бейнелейтін жетекші заңдылықтар көрінгеніне көз жеткізді.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарына дұрыс пайымдау роман қамтыған бүкіл материал табиғаты, бейнелеу сипатын да жете айқындаған, авторға феодалдық - патриархалдық қарым-қатынастардың ыдырауы орын алды.
«Абай жолы» эпопеясының тарихи өрімі дәуір тынысын тарихи нақты нанымды суреттеуден, заманның қалың қыртыс қатпарларын әлеуметтік қайшылықтар негізінде қапысыз ашу мұратынан айқын аңғарылады. Романның сюжеттік даму өрісіне қияли ой әсерінсіз бұл мақсаттардың орбаздық, көркемдік шешімі табылмас еді. Алайда жазушының шығармашылық қиялы өз тұсындағы тарих, әдебиеттану, экономика, этнография және ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас шеніндегі Қазақстан тарихындағы қатысты басқа да сабақтас пәндер саласында жинақталған білімдер деңгейінен көріне білген.
Романда М.Әуезов тарихшының дәлдігі мен суреткердің ұшқыр ойын шебер ұштастыру арқылы тарихы шындық пен көркемдік шындықтың, қиял мен нақты деректің бірегей тұтастығына жетті, шырғалаң дәуірдің өзек жарды мырын мейлінше айқын да нанымды бедерлеп, шынайылық қуаты сол кесек характерлер мүсіндеді.
«Абай жолының» ауқымдылық тынысы халық өмірін, оның жарты ғасырлық тарихи тағдырын әр алуан тұрғыдан зерлей зерттеп бейнелеу тереңдігімен танылады. Эпопея сюжеті тарихтың өз шындығынан өсіп-өнген, халық тіршілігінің алуан түрлі, терең сырлы ағымы, адамдар адамдар тағдыры мен оқиғалар көрінісінің қат-қабат өрілімі, прогрешіл күштерм мен реакциялар түнек бұлтының шарпысуы сияқты шырғалан факторларға негізделген.
Тарихи заман әлеуметтік қайшылықтары, еңбек пен күрес арқылы айқындалар халық өмірінің реалды болмысы ретінде суреттеу шын мәніндегі көркемдік жаңалық болып табылады тарихи роман үлгілерінің озық дәстүрлеріне сәйкес эпопея халық – тарихты жазушы, ең басты қаһарман ролінде көрінеді. Әуезов туған халқының алуан қырлы алып бейнесін сомдап қана қойған жоқ, сонымен бірге оны болашаққа ұмтылыс үдесінен көріп, тарихи істер үшін оянған халықтың алып күшін, рухани құдірет қуатының қалыптасу даму процесін шынайы суреттейді.
Халық өмірін қаз қалпында бейнелеу, оның тарихи ағымдағы шешуші рөлін ашу, содан көрінетін эпикалық тыныс кең ауқымдылық дәстүрін меңгерген тарихи романның басты ерекшелігі, жазушы даралығы мен жаңашылдығы да жоғарыда айтылғандай, бір шығарма дейгейінде аса зор шығармашылық тұлға бейнесін халық тағдырымен, оның жарты ғасырлық тарихымен біте қайнастыра айшықтау шеберлігінде.
Қаһарманның өз дәуірімен, халықмен бауырластыра суреттей отырып, Әуезов терең идеялық – эстетикалық сезімталдықпен Абай образы арқылы қазақ халқының барша жарқын қасиеттерін көрсетті. Кейіпкердің ұлттық характерін күрделі барша болмыспен жан-жақты мүсіндеу - сол арқылы халықтың ұлттық өзгешелігін ашу боп табылса, олсана өз тарапынан көркем шығарманың ұлттық өрнегін де айқындайды. «Белгілі бір ұлттың аса қастерлі қасиеттерін бейнелейтін қаһарманын ұлттық характерінен ерекшеліктерді тану басталары күмәнсіз» деген пікір дұрыс айтылған.
Уақыт келбетін сипаттаудағы тарихи шындық «Абай жолын» жарты ғасыр өресінде өсу, өзгеру құбылысымен көрінген қазақ елінің қоғамдық, экономикалық өмірін қадағалауға қорытындылар жасауға бай материалдар беретін бұлтартпас тарихи мәліметтердің қайнар көзіне айналдырады.
Халық өмірін қаз қалпында суретеуге қатысты көркемдік мұраттар М.Әуезов қажырлы шығармашылық жұмыспен бірге, тарих қойнауын үңіле зерттеу үшін, ғылыми ойлау өрісін зерделей түсуді де талап етті.
Эпопеяны жазу барысындағы М.Әуезов жүргізген зерттеушілік еңбектің жай-жапсарлық бағдарлағанда, шығармаға тірек болған тарихи концепция ғылыми кітаптардан көшіріле салмай, негізінен ұзақ жылдарға созылған тынымсыз ізденіс, қисапсыз деректерді шығармашылық тұрғыдан қорыту, дербес ой елегінен өткізу нәтижелері екенін аңғарамыз.
«Абай жолы» роман–эпопеясының бас қаһарманы ағартушы – демократ, ақын Абай Құнанбаев халықпен қоян-қолтық табысу, бауырласу жолдарын шынайылықпен көрсететін М. Әуезов қазақ халқының тұрмыс тіршілігіндегі рухани факторлар атқаратын белсенді қызметті, ақын мен поэзиясының алғаш рет терең де табиғи тиянақтады.
Тарихи кейіпкер жасау мақсаты да осынау шығармашылық принциптермен тығыз байланысты. Автор тарихи процестің негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күштерін аша отырып, Абай поэзиясы мен тұлғалық болмысының дүниетанымының қалыптасуын ол өмір сүрген тарихи әлеуметтік жағдайларды егжей-тегжейлі, қаз-қалпында бейнелеу арқылы айқындалады. Абай тарихи дәуірдің жүрек тұсында тұрғандай: ол- заманының бел баласы, жаңа мұраттарының рухани жаршысы. М.Әуезов суреттелер уақытқа жазушы ғана емес, ғалымның көзімен де қараған.
М.Әуезов бүкіл саналы шығармашылық еңбегінде Абай өмірі мен өнерін сарыла зерттеумен айналысқаны аян. Сондықтан да суреткер ретінде оның бір ерекшелігі осы ізденістерін іштей тоқайластыра табыстырып, дамытып, көркем шығарма мен ғылыми ойды шебер иұштастыра білуінен болса керек. Соның нәтижесінде қаламгер бірінші болып жасампаз ақынның тарихи тұлғасын халық өмірімен тастүйін тұтастықта толық толғай алды.
Абай образын жасаудағы деректік нұсқаларды пайдалану тәжірибесі басы ашық, нақты сәттерді пайымдауда, оны көркем олбразда айналдыруда жазушы қандай принциптерге сүйенді, ратихи тақырыпқа арналған туындыда, тарихи шындық пен көркем шындықтың ара-қатынасы қандай деген сауалдарға жауап бермек.
Бұл орайда қарама қайшы тарихи мәліметтердің анық-танығына жету, дәуір заңдылықтарымен олардың байланысын ашу, қолданған материалды сұрыптап, екшеп, көркемдік типтендіру жолымен тарих қойнауынан өнер еншісіне айналдыру бағдарындағы М.Әуезов еңбегі ерекше қызықты. Эпопея табан тіреген тарихи бастау арналар тарихи романдағы көркемділік қиял өрістің суреттелер заманғы тән деректі негіздермен тамырластық сырын ұғуға жетерлік хақ.
Кәкітәй Ысқақов жазған ақын өмірбаяны мен баспасөз бетіндегі бірлі –екілі мақала, хабардан басқа Абай туралы жарияланған мағлұматтар аз болғаны белгілі. Әдетте тарихи қайраткерлер өмірін зерттегенде арқа сүйейтіндей күнделік, хат, мемуар тәрізді жазба мұралардың мүлдем жоқтығынан Абай өмір жолын бейнелеуде негізінен тек засмандастары естелігі ғана шешуші мәнге ире болғанын көреміз.
М.Әуезов оқытушылар семинариясында, кейінннен университет қабырғасыенда білім алып жүрген кезде Абай есіміне, құмарта бастағанын айтады. Сол жылдардың өзінде де болашақ эпопея авторы Абайға қатысты қор жинап, қызықты куәліктер табады. Жас таланттың әңгіме дүкен құрған адамдары: Абайдың әйелдері Әйгерім мен Ділдә, Құнанбайдың кейінгі зайыбы – Нұрғаным, ақын Көкпай т.б.
Алада ол тұста М.Әуезов өзінің бұл ынта ықыласын сонша маңызды іс снай қойған жоқ екен. Соңынан ол «Биограф ретінде Абай өміріне қатысты материалдар жинаумен 1930 жылдан кейін айналыса бастадым. Өйткенше орай бұл кезде ақынды жүзбе-жүз танитын адамдардан бірен-саран қариялардың ғана көзі тірі еді»- деп жазады.
Жазушы 1939-40 жылдары ақын еліне, Семей облысының Абай ауданына бара жүріп, Абай Құнанбаев өмір сүрген дәуір мен өмірі жайлы замандастарынының аузынан қағазға түсірген әңгіме естеліктері бар. Ол М.Әуезовтің өз архивінде сақталғанг.
Автор шығармаға кіріспес бұрын Абай туралы ұзақ уақыт материал жинастырудың қиындығын былай жеткізеді: «Жалпы бұл кезеңдегі романға байланысты жұмыс сипатымды мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп, сөнуге айналған ошақ орнынан әлсіз қызуы бар соңғы шоқты тауып алып, оны демімен үрлеп қоздатып, жалынды адауға айналдырмақ болған кееуіл шаруашының харакетімен салыстырар едім. Көне көз қариялардың күнгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас аәуіріне жетелеп, жол көрсетіп отырды, алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын замандағы сұлу ажарын елестетуге тырыстым».
Жазушы Абай заманын суреттеуде белгілі тарихи деректерді кеніне қажетіне жаратса, ақынның өз өмірі мен қоғамдық іс әрекеттерін бейнелеу үшін оның өмірбаянынның тек аян болған басты – басты мәліметтеріне ғана иек арттырып, кейіпкер мен қоршаған орта тірлігін мейлінше шыунайылықпен кестелеуге тиіс болды.
Абай туралы әдебиеттерден белгілі маңызды мағлұматтар эпопеядағы ақын өмірімен салыстырғанда жазушының толығынан ақын жайында барынша басы айқын, нақты материалдарға жүгінгенін көреміз Ол кен заманның аса ірі тұлғасы хикая бәлкім қазіргі заманға көшірілгендей тым еркін бейнелеу көрінісіне айналып кетер еді.
Эпопеядағы замандастар естелігі мен тарихи деректер негізінде мүсінделген Абай өмірінің кейбір сәттеріне назар аудару дәуір тынысына айғақ нақты куәліктерді шығармашылық тұрғыдан игерудің авторлық әдіс-амалдарын айқындауға мүмкіндік береді. Мұндай рухтағы талдауөмірлік деректерге құрылған шығармада тарихи ақиқат пен өнер мүддесінің тоғысуын жете ұғынуға жол ашады.
Абай өмірінің соңғы жылдары туралы замандастары мен олардың ұрпақтары жадында көп нәрсе қалса, ал ақынның бозбала дәуіріне байланысты тиіп қашты қауесеттен, жас жігіттің с.йген қызы Тоғжанға арнаған санаулы өлең жолдарынан басқа ешбір дәйекті сөзді табу мүмкін емес-ті.
Қарамоладағы съезде Абайдың төбе би сайланғаны тарихи анық нәрсе. Осы дерекке сүйеніп, жазушы генерал-губернатордың Абайды әлгі қызметке Ұсынуына себеп болған ахуалдарды топшылай бастайды. Автор бұл тұста Абайдың қыр халқы үшін беделін, патша әкімшілігінің ол жаймен есептеспеуі қиын екенің логикалық әрі көркемдік тұрғыдан нанымды бейнелейді.
Романдағы Абай әрекет үстінде, сол уақыттың реакциялық күшетерімен, атап айтқанда күрес барысында көрсетілген.
М.Әуезов белгілі тарихи деректерге сүйене отырып, Абай өмңрң мен заман ерекшелігін терең түсіну арқылы бар құбылысты ойша дамытып, одан мүмкін деген табиғи қорытындылар шығарады, сюжет желісін, мінездер құбылысын, өзгерісін белгілейді.
Көркемдік қиялға ерік беру правосын ұтымды пайдаланылатын жазушы Қазақстанға тарай бастаған исламизм уағызына қарсы Абайдың өткір идеялық күресін заңды логикалық шешімімен жеткізеді. Қаламгер абайды қаладағы бас мешіті дін иелерін жақтаушылармен ашық дауласуға алып келеді. Олар қазақ елін өзіне «жат та жау муфти үстемдігіне» бағындырпуды көздейтін ұлттық буржуазия мен ұлтшылық аңсардағы интеллигенция өкілдері болатын.
Қазақ қоғамындағы әйелдердің ереіксіз, қайрансыз халі, оның жеңілдету күресі, семья неке жөніндегі ескі қарым қатынас, осының бәрі. Абайды бірде мұнайтып, бірде күйзелтіп, ашындырған наразылыққа көтерген мәдін мәселелер. Жазушының мұндай тараптағы материалдарлды іріктеп алуы да кездейсоқ емес. Абай эпопеяда сан рет әйел тенсіздігін қорғаушы кейпінде көрінеді. Салиха қыздың дауына байланысты ол төбе билік айтып, арызданушыны шариғат заңымен маталған қалаусыз некеден босатады. Абай өзін пана тұтып, даладан қалаға қашқан екі жас Мәкен мен Дәрменге де батыл араша түседі.
Бұл оқиғалар Абай өмірбаянынан орын алатын рас жағдайаттармен тығыз байланысты Хадиша қыз туралы екі ру таласында Абайдың төбе билік айтуы хақында дерек көрінеді.
Естеліктерде Абайдың Хадиша қызды өзі қаламаған некеден босатып, азаттық әперуі ақынға қарсы феодалодық топтың қастандық әрекет жасауына әкелетін қатерлі қадам болғаны баса айтылады. Абай өміріне қаскүнемдік расында да, 1897 жылғы, Көшбике деген жерде жүзеге асқан. Дұшпан қауымының ұйтқысы – старшин Оразбай Аққұлов пен Абайға соншалықты тісін қайраған дала шонжарларының бір тобы .
Эпопея авторы бұл оқиғаның кей қырларына айрықша назар аударған. Атап айтқанда, жау тобының ішінен біреу ақын өмірі үшін қауіптеніп, соққы басталғанда Абайды өз денесімен жауып, қорғап қалуға тырысқан: «Абайды сабағанда үстіне жығылған. Оны талқан қып ұрған. Бір ай қалжа жеп жатып тұрған».
Абайдың дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани аяда кемелденген, толысуына саяси тұтқындаремн достығы көп ықпал етті. Бұл байланыс сарыны романда, ең алдымен орыс достары Михайлов, Павлов образдарынан көрініс тапты. Нақты тарихи прототиптер Михаэлис, Болгополов болғанымен, Әуезов Абайдың революциялық-демократтық қозғалыс өкілдерімен кенірек байланысын ескеріп, аталмыш бейнелерге жинақтаушы, жалпылық сипаттар дарытады.
Қорыта айтқанда, жоғарыда келтірілген жекелеген мысалдар біздің түсінуімізше, заман келбетін кескіндеуде мейлінше тарихи дәлдік пен табиғилыққа жету таталабы ешқашан тұсау салмайтынын, қайта керісінше, дұрыс пайымдалған тарихи шындықпен жарасымды бір өміршендік сипат дарытатынын жете дәлелдейді. «Абай жолы» эпопеясындағы тарихи дәйектілік сол дәуірдің аса мәнді жанашылдық қасиеті – тарих пен бүгінгі күн тамырластығы жайлы да терең түсінік алуға мүмкіндік тудырады. Романдабұл міндетті шығармашылық тұрғыдан шешуде өз заманының озық тенденцияларын ту қылып ұстап, рухани еркіндік дабылын қаққан Абай образы басты роль атқарады.
Шығармада Абайдың шырғалан өмірі мен қайраткерлік әрекетін, кертартпа реакциялық күштермен күресін қазақ халқын орыстың революциялық демократтық мәдениетімен, еңбекші бұқарасымен жақындастыруға жұмсаған жігер қайратын көркем кестелей отырып, жазушы сол арқылы тарихи болашақ бағдарын айқын елестете алған, эпоеяға бүгінгі замандық рух дарытқан. Абайдың көркем бейнесі енді міне уақыт сынынан өтіп, мән-маңызы тарынша айқындалған тарихи шынайылы, кесек, тұлғалық бар болмысымен көзімізге оттай басылып, көкірегімізге мәнгі бақи орныққан.
1949 жылы романның бірінші кітабы аяқталуына байланысты радиодан сөйлеген сөзінде М.Әуезов былай деп еді: «Абай Белинский пікірімен топшылағанда, өз заманы туралы өлмес туынды берген, ел аңсаған мұрат тілегі жағынан болашақпен тілдесер ақындардың бірі болды.
Ол болашақ абай үшін бүтін халықтарға еркіндік пен қайта өрлеу әкелген біздің заман. Абайды біздің дәуірге терең үндес, біздің ұрпақтарға түсінікті де жақын, демек, өзінің өлмес жырларындағыдай етіп көрсету – менің ақын тұлғасына шығармашылық аяда көңіл бұруымдағы ең ізгі, ең жауапты міндеті».
Абай поэзиясы Абай есімі М. Әуезовке бала кезінен таныс болғаны белгілі. Оның өлеңін Мұхтар ес білгелі-ақ үлгі-өнеге тұтқан. Ұлы ақынның жарқын образы болашақ жазушының жас жүрегіне ата тәрбиесімен еніп, берік орнауы, жазушының көп зерттеп, ұзақ толғанып кіріскен. « Абай жолы» романын М. Әуезов он бес жылға жуық жазды. Бұл жазушының көп саласы бай творчествосының байтақ арнасы жансүйер туындыларының шырқау биігі. «Абай» және «Абай жолы» романының төрт кітабының кезеңінде автордың барлық жағынан кемелденіп төселіп, білім де, дүниетану тұрғысы да, таланты мен тәжірибесі де, толысып, молыққаны сөзсіз. Мұны романның өн бойына өрлеп отырған идеялық, реалистік, көркемдік дәрежесінен аңғаруға болады.
Кейін «Абай жолы» деп аталған төрт томдық роман-эпопеяның алғашқы екі кітабы «Абай» деген атпен шығып, бірінші кітабы 1942 ж. жарық көрді. Ал соңғы екі кітабының біріншісі «Ақын аға» деген атпен 1950 ж., «Абай жолы» деген атпен 1952 ж. жарияланды. Абай романы үшін 1949 ж. СССР Мемлекеттік, ал, барлық төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы үшін 1959 ж. Лениндік силық берілді. Бұл шығарманы талдап, құнарлы пікір айтқан еңбектер әдеби сын очерктерде, монографиялық зерттеулерде кең орын ала бастады.
Қазақтың ұлы ғалымы Қ.Сәтбаев «Абай» романын жарты ғасыр «қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп бағалаған. Бұл бағада үлкен пікір түйіні бар.
Мұнда біріншіден, романда мезгіл жөнінен Абай өміріне байланысты жарты ғасыр уақыт қамтылғаны ескерілсе, екіншіден, Абай өмірімен қатар, жарты ғасыр бойындағы тұтас қазақ өмірінің суреті көрсетілгендігі, «Абай» романының сюжеттік құрылысына қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың материалдарын түбегейлі өзек ете отырып, М. Әуезов сол тұстағы қазақтың қоғам өмірін күресін, тұрмысын, әдет-салтын зор шыншылдықпен кең қамтып, терең суреттеген, ұлы реалистік шығарманың, әрі дүние танытқан, әрі эстетикалық қасиеті, оны халық өмірінің энциклопедиясы деп бағалауға, толық сәйкес келеді.
«Абай жолы» эпопеясының төрт кітабына енген оқиғалар мен эпизодтар саны, қатысушы адамдар саны ұшан теңіз, көп. Олардың бәрі өзара сабақтас шығарманың ұзақ сюжеттік желісін шашау шығып тұрған бірде-бір құбылыс таппайсыз. Әрқайсысы өз орнында қажет қасиетін атқарып, композициялық құрлысқа кірпіш боп қаланғандай. Керегесі кең жайылған алып шығармадан, ұлан- асыр қоғам өмірі өріс тауып, орын тепкен. Абай өмірі де тікелей не жанама түрде байланысты. Осындай байланыста Абай образы халық өмірінің үлкен бір дәуірін көзден өткеріп суреттеу үшін, өте қолайлы жағдай болғанын, жазушының өзі де жақсы түсінеді.
«Абай жолы» эпопеясының ішкі сарайы кең, образдары мен характерлері, психологиялық тереңдігін, диалектикалық даму заңдылығын сақтаған саңлақ та тұлғалы болғандықтан, мұнда басқа компоненттермен қатар, кең құлашты эпостың аясында шиеленістер мен монологтар, тебіреністер мен толғаныстар, махаббат күйлері жарасымды бірлік тапқан. Мысалы, бір жағынан эпикалық кең жоспарда ас, той, барымта, төбелес, жұт, індет, съезд, сайлау сықылды ірі оқиғалар баяндалып жатса, екінші жағынан солардың арасында бұрқ етіп шыққан дау талас, тартыс, кісі өлімі сықылды драмалық және трагедиялық жайлар суреттесіп жатады. Үшінші жағынан, романның бас қаһарманы, сүйікті ақын Абайдың көңіл-күйі, жан құбылысы, жарқын ақындық сезімге бөленген табиғат, махаббат сырлары оқушы жүрегіне мөлдір бұлақтай құйылып, адамның ең нәзік эстетикалық сезіктерін оятып жатады.
Бұл М. Әуезовтың көреген суреткер, әрі күрделі сюжет пен композицияның шебері екенін көрсетеді. Оның суреткерлігі адам характерінің, тұрмыстық және табиғаттың көркем картинасын, бейнесін,кескін келбетін, өзінің нағыз ақиқат пішінінде суреттеуінен байқалса, ал, композицияға шеберлігі, осының бәрін белгілі тәтіппен бір шығарманың тұлғасына сыйғызып, оларға жан беріп, өмір беріп, жүйке, қан тамырларымен шыға алатындығынан байқалады.
Қысқасы, эпопея әдебиеттің барлық жанрынан да жетілген жазушының серпінін танытатындай. Бірде, лирик ақынның риясыз таза көңілінен ақтарылған нәзік жүрек сырын, біресе эпик әңгімешінің шымырлаған дария ағасындай, шалқи толқыған сабырлы хикаясын, біресе жалынды драматургтің от шашып түтіккен өткір де уытты диалогін кездестіресіз, біресе туған дала табиғатының әр мезгілдегі құлпырған көп бояулы көріністерін, тамаша пейзаж картиналарды көресіз, біресе, эпопеядағы есебі жоқ көп алақұла адамдардың әрқилы характерлерін, аз сөзбен қысқа қайырып, шебер түйетін, дәлме-дәл мінездемелерді табасыз.
Көркем әдебиеттің бірден-бір өзімдік құралы және көркемдіктің де басты белгісі-тіл. Ал «Абай жолының» тіл байлығы мен тіл қолдану шеберлігі туралы қалай айтса да сыяады. Ол-қазақ халқының сөйлеу тілі мен фольклор, жазба әдебиетінің сөздік қорын мол қамтып, бойына сіңірген тіл. Сол себепті бұл шығарманы сөз байлығы жөнінде, қазақ тілінің қымбат қазынасы дей аламыз. Бұрын көп оқушыларға белгісіз сөздер М.Әуезов романы арқылы қазақ әдеби тілінен заңды орын алып, кең пайдаланып келеді. Сонымен қатар, бастапқы мағынасынан ажырап, көнерген сөздер де жазушының қолдануында жаңа мағынаға ие болып, жаңғырып шыққанын білеміз.
Табиғат суреті мен адам портретін жасау жөнінде, жазушының шеберлігі ерекше. Бірақ, осының ешқайсысын жазушы дербес мақсат етіп алмайды. Мұның бәрі, жазушының образ жасау мақсатына бағынышты. Белгілі бір оқиғаның жағдайын, кейіпкерлерінің бейнесін, көңіл-күйін аша түсу үшін қажет болған тұста ғана автор табиғат көрінісін, адам пішінін, геройының психологиялық жан құбылысына ұштастыра суреттейді.
М. Әуезов суреттеген Тоғжан, Керімбала, Салтанат, Салиха, Үмітей сықылды сұлу қыздардың портреттері де біркелкі емес, алуан түрлі. Оның себебі, сол қыздардың образ ерекшелігіне, характер әрекеттеріне байланысты екені сөзсіз. Тоғжан мен Әйгерім ұқсас. Бұл ұқсастық Абай махаббатының логикасынан туған қисынды қажеттік еді. Басқаларында мұндай ұқсастық жоқ, өйткені, суреткер көз бітімін характер өзгешелігіне сабақтас етіп, алып қарайды. Мысалы, Тоғжан мен Әйгерімнің көздерін « әдемі қара көз »,... «кішілеу қара көз », « ұялы қара көз », «нәркез көз», «сыпайы қарайтын, ойлы, нұрлы көз» деп сипаттаса, Салтанаттың «сәнді салмақпен, баяу төңкеріле қарайтын, үлкен қой көздеріндей назды, нәзік сүйкімділік бар»,- деп түйеді. Осы қыздарының бет-бейнесіне сәйкес образдары да ұйқас. Бұл да «Абай жолы» эпопеясының көркемдік ерекшеліктері бұл шығарманың үздік таланттан туған жеміс екенін танытумен қатар, жазушының көп қыры мен сарқылмас мол мүмкіншіліктерін аңғартады. «Абай жолы» романында шынайы шыншылдықпен бейнеленген қыруар картина, образ характерлерді айқындай түсіп, эстетикалық әр әсер беретін айрықша бір жылы леп пен көтеріңкі сарын бастан аяқ үзілмейді. Ол, Абай бейнесінің арқауы етіп алынған лиризм мен романтикалық арман-қиял. Бұл қасиеттер, бір жағынан Абай жанының диалектикасын Абай поэзиясының сырын сезінуге жәрдемдессе, екінші жағынан, Абай арманын болашақ шындықпен сабақтастырады. Баста Тастақты жеңіп шыққан Шыбық Шынардың образы мен романның ақырында өсіп, қартайып, бұтақтарынан айырылып мерт болған, кейінгіге тек ұрығын қалдырған бәйтерек Шынардың образы да, осы мақсатты көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет