БӨЖ-3
Тақырыбы: Рух пен парасаттың космологизмі
Орындаған: Аман Бақдәулет
Тобы: ВТиПО 21-12
Тексерген:
Алматы Технологиялық Университеты
Рух пен парасаттың космологизмі Космостық денелер материядан (от, жер, ауа, су) тұрады. Бұл түпнегіздер әртүрлі пішінді болғандықтан, өзара байланыса келіп, көптүрлі денелер құрайды және жоғарыда айтқандай өзіне өзі тең бөлікпен (идеялар әлемі) өзгермелі бөлікті (материя) қосып космос рухын дүниеге келтіреді. Космос рухы, немесе әлемдік рух екі түрлі (ішкі және сыртқы) қозғалысты тудырады. Сыртқы қозғалыспен – күн, ай планеталар қозғалады. Бұл әлемдік рухтың бірінші қызметі. Космос рухының екінші қызметі – танып-білу. Ол өзіне-өзі тең бөлігінің біріккен бөлігі арқылы заттар әлемі танып біледі. Ал адамдардың денесі төрт түпнегіздің қосылуынан жаралғандықтан, өлгеннен кейін олар космосқа қайтып оралады. Дененің басты міндеті – жан орналасатын қорғап болу ғана, сондықтан ол жанға тәуелді, оның құлы. Жан тіршіліктің (өмірдің) идеясы ретінде мәңгі. Дене өлгеннен кейін ыдырап космосқа кері қайтса, жан аспанға он мың жылдан кейін (әлемдік бір жыл) ғана оралады жанының өзі әртүрлі болады. Бір түрі – философия арқылы тазарып денесіз өмір сүретін жандар болса (бұл жандар қатарынан үш рет философтардың денесіне енуі мүмкін), екіншсі – өз өмірін қиянатсыз, бірақ философтардан бір саты төмен өмір сүрген адамдардың жандары және үшіншісі – күнаһар өмір сүрген адамдар жаны. Заттардың себептерін, болмыстың мәнін, әсіресе алғашқы бастамаларды және алғашқы қозғаушы күшті түсініп-білу – ол ақыл-ойдың қызметі. Ондай танып-білу тек философияға ғана тән. Аристотельдің пікірінше, адамдар “қоғамдық жануарлар”. Отбасының, қоғамның табиғи дамуының арқысында мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы, онда көптеген әлеуметтік т.б. Қатыныстардың өріс алғандығы. Мемлекет басшысы, қалыптасқан қоғамдық жағайларға сәйкес адамдарды басқаруы тиіс. Әсіресе жастарды тәрбиелеу мәселесі басты мақсат болу керек. Аристотельдің философиясының әсерін эллиндік-римдік, ортағасырлық, жаңа замандық және қазіргі философиялық көзақарстардан байқаймыз. Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен Жанның теологиялық түсінігі. Сананың гносеологиялық моделдері. Жаңа заман Философиясындағы тума идеялар концепциясы және cogito статусы. Неміс классикалық Философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері. Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрім Рух туралы. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Тәндік және руханилық. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері. Сананың Қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез. Сананың шығу тегі мен мәні: Негізгі концепциялар. Ойлау және тіл. Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, Себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана Адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам Мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан Да философия тарихында «сана», «жан», «бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде үнемі Пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда. Сапаны түсінудегі әр түрлі Көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады: материалистік – сананы Материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну; 2) идеалистік – сананы Материяға жат, одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп Ұғыну. Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері сананың мәні, генезисі Туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми Көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет. Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі Бұзылатынын айтсақ жеткілікті. Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция Нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында Адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті Нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек Құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған Адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы Ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, Көру. Сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға Құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді. Сана, сонымен Қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті Өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі Бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. Әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін», Бейнесін қалдырады. Бейнелеудің сатылары: 1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл Түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе Айнаның бетінде бейнеленуі). 2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші бейнелеушінің Бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да Кездеседі. Мысалы, лекция оқушы ұстаздың студенттің санасында жаңа ойлар оятуы, Қарапайым бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі. 3) әлеуметтік бейнелеу – Қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда Бейнеленуі. Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана материяның Төменгі формаларының эволюциясының сатыларынан өтті. Олар: 1) тітіркену – өсімдіктердің Ыстық-суыққа, тәулік уақытына, басқа сыртқы әсерлерге реакциясы. 2) сезімталдық – Жануарлар дүниесіне тән. Организм өзіне биологиялық жағынан алғанда қажетті емес, Сонымен бірге биологиялық тұрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла «отырып, Информациялық маңызы бар нәрсеге реакция бере алады, яғни түйсік туғызады. Мұндай Бейнелеу тірі организмнің ішкі жұмысын, информацияны қорыту жұмысын күрделендіріп, Нерв жүйесінің негізін қалайды. Мысалы, андар өз жауларын көргенде организмінің барлық Мүмкіндіктерін жинақтап, шабуылға немесе қорғануға дайындалады. Бірақ жануарлар ой Қорытуға қабілетсіз. 3) психикалық бейнелеу – нерв жүйесімен тығыз байланысты. Субъект Пен объектінің бір-біріне әсері негізінде психикалық образ (бейне) қалыптасады. Ол нерв Клеткаларында сақталып, керек уақытында қажетке асады. 4) адам санасы – бейнелеудің ең Жоғарғы түрі. Өзіндік сана – адамның өзін саналы тіршілік етуші ретінде түсіне білуі, өзіне Деген сыни көзқарасы, өз мүмкіндіктерін бағалай білуі. Өзіндік сана рефлексия феноменімен Тығыз байланысты. Рефлексия – тұлғаның өзі туралы ойлануы, ішкі рухани дүниесінің Тылсым қатпарларына үңілуі. Адам рефлексиясыз өзінің жанында не болып жатқанын түсіне Алмайды. Рефлексия деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Рефлексиясы жоғары, өзін танып-білуге, Өзіне сыни көзқарас қалыптастыра білген адам міндетті түрде өзгереді. Сана және өзіндік Сана туралы айтқанда саналылық аспектісін міндетті түрде қарастыру қажет. Саналылық – Адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаның іс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып Табылады, адамның өзінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді Және ол жаны сау тұлғаның қасиеті Бейсаналылық (бессознательное) – адам түсінбейтін психикалық құбылыстардың Жиынтығы. Оларға биологиялық түрде тұқым қуалау арқылы берілетін инстинктілер, Автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және интеллектуальдік Интуиция, түс көрулер, гипнотикалық күйлер және т.б жатады. Қоғамдық сана. Қоғамдық Сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, Идеялардың, діни сенімдердің жиынтығы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ Салыстырмалы түрде белсенді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі Де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады. Қоғамдық сана және жеке Сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың арақатынасын жеке мен тұтастың арақатынасы Ретінде қарастыруға болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдық Сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан Өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен Мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды. Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың Принциптерімен және шектеулерімен санасуға мәжбү
Достарыңызбен бөлісу: |