«Нөлдік төзімділік» қағидасы біздің өмірімізге нық енсін десек. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»



Дата17.07.2016
өлшемі44.5 Kb.
#205741
«Нөлдік төзімділік» қағидасы біздің өмірімізге нық енсін десек.
Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Мемлекет тәртіпсіздіктерге «нөлдік төзімділік» қағидасымен қарау керек.»

Бұның не екенің қарастырып көрейік.

«Қылмыстық теріс қылық» деген жаңа түсінік енгізілуде. Бұрындары қылмыс қоғамдық-қауіпті іс - әрекет деп қабылданса,қазір құқық бұзушылық, қылмыс және қылмыстық теріс қылық деп екіге бөлінеді.

Нөлдік төзімділік – бұл азаматтардың теріс реакциясы немесе кез келген кішігірім болсын құқық бұзушылықты қаламауы. Атап айтқанда, ұсақ құқық бұзушылық, қоқыстарды лақтыру, бұл қоғамдық тыныштықты бұзады және тұрмыс сапасын төмендетеді.

Тәртіпсіздік және бассыздық сезімі неғұрлымауыр қылмыстарға итермелейді.Мысалы, ұсақ құқық бұзушылық түріндегі бұзақылықты алсақ . Ұсақ бұзақылық - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, көшедегі жеке тұлғаларды қорлап тиiсу. Белгілі жағдайларда ол ұсақ құқық бұзушылық болып есептеледі, бірақ ол ерекше дөрекілікпен немесе арсыздықпен жасалса, Қылмыстық кодекспен қаралатын «бұзақылық» категориясына көшеді. Егер әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл немесе 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылса, ал қылмыстық кодексте – 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, құқық қорғау органдары қазір жетілдірілген заңнаманы жүзеге асыру бойынша төрт негізгі кодекспен жұмыс жасауда. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық іс жүргізу кодексі және Қылмыстық атқару кодексі. Мысалы, бас прокуротурамен әкімшілік кодекстің 60 қа жуық бабтары қайта қаралды. Бұл бабтар бойынша бұрын әкімшілік жауапкершіліктер қарастырылса, ал қазір әкімшілік қамау қылмыстық кодекске көшті.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 330-бабында көрсетілген «ұсақ бұзақылық», бұл яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер.

«Қоғамдық жұмыс» деген жазаның жаңа түрі пайда болды. Бұрындары ондай болмаған. Қазір бұл норма Қылмыстық кодекске енгізілді. Жаңа жазаның жақсы жақтары көзге көрінерлік. Мысал келтірсек: Осы жазда бір азамат, аты-жөнін атамай-ақ қояйық, өзінің бұзақылығы үшін 10 күн қомамдық жұмыс жазасын алды. Күн сайын, ол Жезкент кентінің футбол алаңын жинастырды. Әрине, достары және жақындары көргенде ол бұл ісіне ұялды. Бұл жаза түрі азаматқа ұмытылмастай болды, келесіде қоғамдық тәртіпті бұзарда және бұзақылық жасарда,алдын ала ойланатын болады. Сонымен қоса қоғамдық жерлерді ластауды доғаратын болар.

Әкімшілік құқық бұзушылық бізде Заңнамамен бекітілген. Яғни,Кодекспен, құқық бұзушылықтың қандай түрлері «ұсақ бұзақылық» деп аталатыны анықталған. Жауапқа тарту үшін құқық бұзушылықтың тіпті бір оқиғасы да жеткілікті . Жасаған құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты жаза беріледі. Бірінші рет ескерту немесе аздаған айыппұлмен шектелуі мүмкін, бірақ құқық бұзушы бір жылдың ішінде қайтадан бұзақылық жасаса – бұған енді ауыр жаза қарастырылады, 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Құқық бұзушылықты анықтау үшін ортақ рейд іс – шаралары жаңартылды, бұл жерде ұсақ құқық бұзушылықа көбірек мән беріледі–яғни ұсақ бұзақылық, қоқыс тастау, арнайы белгіленбеген орындарда темекі шегу, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің көңіл көтеретін орындарда болуы.

Мысалы; барлық оқу жылы бойына демалыс және мереке күндері кент бойынша кешкі тоғыздан түнгі он бірге дейін мектеп мұғалімдері мен полиция қызметкерлері рейдке шығады. Педагогтар кенттің көшелерін күзетеді, өздері немесе полиция қызметкерлермен бірге көңіл көтеретін мекемелерді аралайды. Мектеп педагогтары кент деңгейінде өткізілетін би кештерінде және мерекелерде міндетті түрде кезекшілік атқарады, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің кешкі уақытта көңіл-көтеретін орындарда емес,ата-аналарымен бірге үйде болуларын қамтамасыз етеді.

Негізі, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында,Жезкент кентінің лицейлерінде мектеп ішінде де, кентік деңгейінде де іс – шаралар өткізіліп отырылады.

Барлық мектепте тәуекел тобына кіретін балалар бар. Осы оқушылармен психолог және кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектордың қатысуымен алдын алу әңгіме жұмыстары жүргізіледі.

Осы оқушылармен «Оқушылар арасындаагрессивтімінез-құлықтыңалдын алу», « Байланысжәнеқақтығыстар» және тағы басқа тақырыптар бойынша мектеп психологы үнемі сауалнама, тестілеу, әңгімелесу, психологиялық диагностика жүргізіп отырады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары осы тізімдегі оқушыларға үнемі бақылау жасап, ата- аналармен қарым – қатынас жасап отырады.

Жезкент кенті мектептерінде құқықтық комиссия жұмыс істейді, құрамына: мектеп әкімшілігі, мектеп психологы, ата-аналар комитетінің мүшелері, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор, Жезкент кенттік округінің әкімі кіреді. Комиссия тәуекел тобында тұрған оқушылармен жұмыс жасайды. Құқықтық комиссия темекі шегу, жүйелі түрде тәртіп бұзу, сабақты себепсіз босату және басқа да тәртіпсіздіктер бойынша мәселелерді қарастырады.

«Ынтымастық және отбасы», «Құқықтар мен міндеттер», «Бала құқықтары туралыконвенция», және тағы басқа тақырыптар бойынша мектепішілік және ата-аналар жиналысында да ата-аналармен тәрбиелік және алдын алу жұмыстары жүргізіліп отырылады. Сонымен қоса, мектеп психологы ата- аналармен жиналыстарда сауалнама және тест жұмыстарын жүргізеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336 бабында ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылған. Мысалы;балалардың көңіл –көтеру мекемелерінде, түнгі сағат 22.00-ден – 6.00.-ға дейін жүруі кәмелетке толмағандардың ата – аналары немесе заңды өкілдерінің ескерту алуына әкеліп соғады.

Егер бір жылдың ішінде құқық бұзушылық тағы қайталанса 5 тен 10 ға дейін АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-1 бабында кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берген ойын-сауық мекемелерiнiң басшыларына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға – 25 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады. . Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер үшін айыппұл жоғарылайды.

2004 жылы «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заң қабылданғаннан бастап,құқық бұзушылықтың алдан алу жұмыстары жүргізілуде. Қазір Қазақстанда 4,5 мыңға жуық қоғамдық бірлестіктер бар. Олар Совет одағында болған студентік топтар және тағы басқа сияқты.

Жезкент кентінде «Әйелдер кеңесі» атты қоғамдық бірлестік бар, олар өз міндеттерін атқара алмаған ата-аналармен кездесулер, әңгімелесулер өткізеді. Қажет болған жағдайда нашар отбасыларға көмек көрсетеді. Әйелдер кеңесінің жұмысынан бір мысал келтірсек:

Әйелдер кеңесіне Жезкент кентінің мектеп әкімшілігі балалары үнемі себепсіз сабақ босататын бір ата-анаға әсер етуді сұрап, жүгінген. Жезкент кентінің әйелдер кеңесі комиссия жинап, комиссия құрамына: әйелдер кеңесінің мүшелері, учаскелік инспектор, округ әкімі, мектеп өкілдері кірді. Отырыста мамасы көбінесе ішетіні,жұмыс істемейтіні, балаларына қарай алмайтыны, соның салдарынан балалары себепсіз сабақты босататындығы анықталды. Комиссия әйелдің тәртібін қарап, егер осылай жалғаса беретін болса, ата-ана құқықығынанайыру шарасы қолданылатыны туралы шешім қабылдады. Бейбақ ана түзелетіне уәде берді, шынымен де ол жұмысқа орналасып (әйелдер кеңесі көмегімен), ішуді доғарды, ал балалары мектепке уақытылы баратын болды, яғни отбасы сақталып қалды.

Біздің кентте қоғамдық бірлестіктер жұмыстарының осындай жақсылықтары көрініп жатады.



Егер көз алдымызда болып жатқан құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарамасақ, егер уақытылы әрекет жасасақ - қоғамдық орындарда және көшелерде тыныштық орнап, балалар подъездерде темекі шекпей, оның орнына спортық және шығармашылық үйрмелерге қатысатын болады. Көп нарсені жақсы жаққа өзгерту, өзіміздің қолымызда. Осылай «Нөлдік төзімділік» қағидасы біздің өмірімізге нық енеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет