ДӘРІСТІК КЕШЕН
І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы
Дәріс №1. Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық - әдіснамалық негіздері
Жоспары:
Педагогика тарихы пәнінің мақсат-міндеттері, негізгі ұғымдары
Тәрбие -әлеуметтік-қоғамдық құбылыс ретінде
Педагогика тарихының құрылымы, оған сипаттама беру
Педагогика тарихының әдіснамасы, оның көздері мен әдістері
Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы туралы білу қазіргі заманда не үшін керек? Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңаша реформалар – бүкіл дүние жүзіндегі инновациялық үрдістермен байланысты. Біріңғай дүниежүзілік мәдениеттің тәрбиеде қалыптасқан әлеуметтік тәжірибесі – тұтас білім беру жүйесінің сипаты болып табылады.
Бүкіл әлемдік педагогика тарихында мектептің пайда болуы және дамуы ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі қалыптасуы болашақ мұғалімнің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізеді. Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы халық педагогика және әлеуметтік педагогика салалармен тығыз байланыста. Ұлы орыс педагог К.Д. Ушинский айтқан «...тек тәжірибеден шыққан идея пайдалы болады», оларды ой толғаныстан өткізіп зерттеуге болады.
Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Адам қоғамның, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері зор болғаны Ф. Энгельс “Мемлекеттің және меншіктің және жанұяның шығуы” және “Маймылдың адамға айналуында еңбектің рөлі” атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеуі.
Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы дәрісінің құрылымындағы шетел және қазақстандық ағарту және білім беру жүйесінің ерте заманнан бастап дамуы әдіснамалық теориялар және парадигмалық- тұжырымдамалық жүйеден дамуы зерттеледі.
Бұл пәннің ерекшелігі- болашақ мұғалімдердің бойында тұтас педагогикалық көзқарасты қалыптастыру мақсаттары қойылған. Бүкіл адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойлардың даму жолдарын зерттеу – студенттің қазіргі замандағы педагогикалық реформаларының тамыр түбін түсінуге көмектеседі.
Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы курсының шартты түрде белгіленген өзіндік модульдері бар:
1. Шетел мектебі және педагогикасының дамуы
2. Ресейлік мектеп және педагогиканың дамуы
3. Қазақстандық мектеп пен ағартушылық-педагогикалық ой-пікірлерінің даму тарихы
Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы курсының барысында студенттер мынадай білімдерді игеруі тиіс:
көптеген жылдар бойындағы әлеуметтік-таптық көзқарастардың мәңгі болу туралы;
мектеп тарихындағы және педагогикалық ойдың бағыттарының бұрмалануы мен теріс бағалануына әкелген мәдени-тарихи және әдістемелік көзқарастардың терістігі туралы
Сондай-ақ келесі біліктерді игерулері тиіс:
тарихи білімдердің қоғамның мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалына талдау жасау;
Отанымыздағы мектеп пен педагогиканың тарихын дұрыс түсініп, объективті баяндау, тұтас дүниежүзілік тарихи-педагогикалық процеспен байланысын игеру;
қоғамның қазіргі замаңғы дамуы жағдайында өткеннің оң тәжірибесін шығармашылық түрде қолдану.
Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы - кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесіндегі оқу пәндерінің бірі болып табылады.
Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы курсының құрылымы:
Достарыңызбен бөлісу: |