БөЖ Әлеуметтік саясаттану білім модулі(саясаттану) Орындаған: Божбанбай а тобы: жбт-111 Қабылдаған: Жамбулқызы г түркістан 2022 Жоспар


Саяси жүйелердің құрылымдары, типтері, даму зандылықтарына



бет3/4
Дата29.11.2022
өлшемі38.86 Kb.
#466056
1   2   3   4
Бөж саясаттану

3. Саяси жүйелердің құрылымдары, типтері, даму зандылықтарына
талдау жасаңыз.

Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:
1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;
2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;
3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;
4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;
5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.
Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар.

4. Саяси режимнің түрлері мен олардың ерекшеліктерін ашып
көрсету.
Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудың түрі, формасы, әдістері, оның салаларын ұйымдастыру қағидалары.
Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С.Н. Сәбікенов, С.Зиманов, Сапарғалиев, А.С. Ибраева, С. Табанов, Г.Сапаргалиев, Баймаханов М.Т., Д.А.Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А.В.Малько, М.Н.Марченко, Б.А. Страшун, С.С.Алексеев, В.Н.Хропанюк және саясаткерлер америкалық ғалым Д.Истонды, америкалық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясатанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матреевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады.
Әр мемлекеттің өзіндік саяси режимі бар. Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудың түрі, формасы, әдістері, оның салаларын ұйымдастыру қағидалары.Қазіргі әлемде біз бір-бірінен сәл өзгеше болатын 140-160 режимдер туралы айтуға болады. Саяси режимдердің өте қарапайым, кең таралған жіктеулерінің бірі олардың демократиялық және демократиялық емес бөлінуі болып табылады. Соңғысына тоталитаризм мен авторитаризм кіреді.
Мен бұл тақырыпты, ең алдымен, өзектілігіне қарай таңдадым. Соңғы 20 жыл ішінде көптеген демократиялық емес: тоталитарлық және авторитарлық режимдер бытырап кетті немесе демократиялық негізде демократиялық республикаларға немесе мемлекеттерге айналды. Демократиялық емес саяси жүйелердің бір кемшілігі олардың халықтың бақылауына алынбауы, яғни олардың азаматтармен өзара қарым-қатынасының сипаты ең алдымен билеушілердің еркіне байланысты болды.
Саясаттанушылар тоталитаризм тек саяси режим ғана емес, бүкіл қоғамдық өмірді ұйымдастырудың тәсілі екенін айтады.Тоталитарлық мемлекет үстем идеологияның қоғамдық өмірінің барлық қырын бағындырады және оны іске асыруға билік аппаратын жұмылдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет