БөЖ Әлеуметтік саясаттану білім модулі(саясаттану) Орындаған: Божбанбай а тобы: жбт-111 Қабылдаған: Жамбулқызы г түркістан 2022 Жоспар



бет1/4
Дата29.11.2022
өлшемі38.86 Kb.
#466056
  1   2   3   4
Бөж саясаттану


Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті



БӨЖ
Әлеуметтік саясаттану білім модулі(саясаттану)
Орындаған: Божбанбай А
Тобы: ЖБТ-111
Қабылдаған: Жамбулқызы Г

Түркістан - 2022



Жоспар:
1. Саясаттану зылымын зерттеген ерте гасыр дауірі галымдарынын енбектеріне шолу жасаныз.
2. Саяси билік пен мемлекеттік биліктін ара жігін ашып талданыз.
3. Саяси жуйелердін курылымдары, типтері, даму зандылыктарына
талдау жасаныз.
4. Саяси режимнін турлері мен олардын ерекшеліктерін ашып
корсету.
5. Қорытынды.
6. Пайдаланылған әдебиеттер.


  1. Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғылымдарының еңбектеріне шолу жасаңыз.

Біз оқитын саясаттану пәнін негізін қалаған деп Аристотельді айтсақ болады. Себебі неде? Өйткені, ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.


Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты дінимифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну
түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон,
Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты
теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста
қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай
келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түйрудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін керсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет