Қазақстанның саяси жүйесі Саяси жүйелердің жіктелуі - Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
Авторитарлы - Авторитарлы (лат. autoritas)- билікке сөзсіз бағынуға негізделген (мысалы, фашистік Германиядағы авторитарлы саяси тәртіп). Мемлекеттік құрылыстағы өктемшілік бір адамның (монарх, диктатор) әміршіл билігіне байланысты.
Тоталитаризм - Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун,Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.
Демократияның түрлері - Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризмбелгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
- Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Қазақстанның саяси жүйесі - Саяси жүйе 2-ге бөлінеді:
- 1) Ішкі
- 2) Сыртқы
Сыртқы саясат - Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады
Ішкі саясат - Ішкі саясат - мемлекет ішіндегі таптардың, әлеуметтік топтар мен қабаттардың, ұлттардың қарым-қатынасын білдіретін саясат, мемлекеттін іс-әрекетінің және билеуші партиялардың негізгі бағыттарын қамтиды
Саяси жүйемен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының ерекшеліктері мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне негізделеді, өйткені саяси жүйенің орталығы – мемлекет, азаматтың, қоғамның отралығы – адам. ҚР-ң Конституциясының 1 бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Саяси жүйемен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының ерекшеліктері мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне негізделеді, өйткені саяси жүйенің орталығы – мемлекет, азаматтың, қоғамның отралығы – адам. ҚР-ң Конституциясының 1 бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.
Достарыңызбен бөлісу: |