БӨЖ
Тақырыбы:Ежелгі Вавилон
Орындаған:Нәби Жарылқасын
Қабылдаған :Базарбаева Қанат
ТОБЫ :ТТА -211
Жоспар
І. Кіріспе
1.Ежелгі Вавилон мемлекеті
ІІ. Негізгі бөлім
2. Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылысы.
Кіріспе Ежелгі Вавилон мемлекеті Вавилон мемлекетінің пайда болуы. Азия құрылығының Жерорта теңізімен және Қара теңізбен жалғасып жатқан батыс жақ бөлігін Алдыңгы Азия деп атайды. Сол алдыңғы Азияның Тигр және Евфрат өзендеріпің ангарында Вавилон сияқты жаңа, ежелгі классикалык мемлекет пайда болды. Құнарлы да шұрайлы жерлер, сондай-ақ судың көптігі тұрғындардың жерді өндеу кәсібіне өтуіне ертеден ықпал етті. Бұл елде қолөнер нашар дамыды, себебі өзен аралығында металл да, тас та болмады. Оның есесіне жері мейлінше құнарлы еді, сондықтан тұрғындар егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысты. Ну болып өскен қамыстың арасына саз балшық пен қамыстан лашык салды, өз төңірегін елді мекендерге айналдырды. Қалаларда қолөнершілер тұрды, сауда қызу жүріп жатты. Оңтүстік өзен аралығындағы тұрғандар көршілес халықтардан металл, ағаш, тас алып тұрды, олардың орнына астық, құрма, жүн берді. Вавилон айбынды, күшті мемлекеттің астанасы болып, алдыңгы Азияның өте ірі сауда, саяси және мәдени орталығына айналып, өзінің маңызын екі мыңжылдық дерлік уақыт бойына сақтап келді. Вавилон туралы алғашқы мәліметтер, б. д. д. III мыңжылдықта, бұл қала үлкен Шумер-Аккад патшалыгының құрамына кіріп тұрған кезде және ежелгі шумерлік атпен Кадингир деп аталған кезде шықты. Б. д. д. III мыңжылдықтың аяғында амориттердің толып жатқан көшпелі семит тайпалары Месопотамияга еніп, Аккад өлкесінің біраз бөлігін басып алды да, орталыгын Вавилон етіп, күшті мемлекет құрды. Шамамен алғанда, сол уақытта таулык эламиттер тайпалары Шумер-Аккад патшалыгының әлсіреуін пайдаланып, Месопотамияга шығыс жақтан басып кірді. Шумерге берік орнығып, Ларсаны өздерінің негізгі күшті қамалдарының біріне айналдырды. Шет жерліктер жаулап алған елдерін өзара оңайшылықпен бөлісе алмады. Олардың арасында бәсеке-бақталастық басталды. Бүкіл Месопотамияны жаулап үстемдік жүргізу үшін сөзсіз болатын талас-тартыс қызды. Бұл тартыста Вавилон патшалыгы жеңіп шықты да, аморит әулеті орнықты (б.д.д. 1794-1795 ж.). Вавилон-Аморит патшалыгы Хаммурапи тұсында (б.д.д. 1792-1750 ж.) өзінің гүлдену шағына жетті. Хаммурапи бүкіл қос өзенді өзінің кол астына біріктіріп, ірі және күшті мемлекет құрды. Ол заманның тарихы сақталып қалған көптеген құжаттардың арқасында бізге жақсы мәлім болып отыр. Қоғамдық құрылысы. Ежелгі Вавилондық қоғамның ерекшелігі - патшалардың мемлекетті ірі жер иеленуші мен құл иеленушіге айналдыруында. Патшаның жер қоры дін орындары жерлерін мемлекеттің меншігіне айналдырудан және сондай-ақ жаулап алу мен қауымдық жерлерді сатып алудан күралды. Қоғамның екінші ерекшелігі - патшалык 3 билік пен жеке иеленушілік биліктің күшеюіне қарамастан, қауымдық құрылыстың сақталуында еді. Әрине, бұл жер шаруашылығының ирригациялык жүйесіне байланысты болатын. Вавилон халқының құқықтык жағдайы сол уақыттың негізгі ескерткіштерінің бірі Хаммурапи патшаның заңдарында сипатталған. Халықты негізінен еріктілер және құлдар деп болумен бірге бұл ескерткіш еріктілерді "авилум" еркек адам және "мушкенум" кішкене адам деп сословиеге бөледі. Екеуі де байдан немесе кедейден бола беретін, құлды ұстау, ұстамауын өздері шешетін, бірақ құқықтық қатынаста олардың арасында айырмашылық едәуір еді. Мағлүматтың жетіспеуінен кеңестік әдебиеттерде ерікті адамдарды бұл екі сословиеге бѳлу туралы біртекті кѳзқарас кездеспейді. Академик В. В. Струве "мушкенум" Хаммурапи басып алған жердің халкы да, ал "авилум"- басқыншылардың еліндегі құрметгі азаматтар деп есептейді. Ал профессор И, Μ. Дьяконов "авилум" бұл әлеуметтік не қызмет жағдайына байланыссыз, қайсы бір қауымда жер иеленуші қауым адамдары, ал "мушкенумдер" қоғамнан белек тұрды, тек патшаның жер участкелерін шарт келісімімен иеленді дейді. Қауымда жер иелену ғана адамды, оның әлеуметтік және қызмет жағдайынан еріксіз, тең қүқылы қылатын. Қоғамда қаналушы тап болды, мемлекеттің, ұжымның және жеке меншіктің қарауындағылар құлдар саналды. Ежелгі Вавилонда құл иеленушілік қатты дамыған жоқ, ол патриархты сипатта болды. Бұл құлдарга кейбір жеке жөне заттық құқықтар берді. Негізгі бөлім Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылысы. Хаммурапи заманында Вавилонда ертедегі шығысқа төн қаталдық калыптасты. Ел басқару ісі қатаң тәртіпте бір орталыққа бағынды және бүкіл жоғарғы билік заң шығарушы, орындаушы, сот және діни биліктің барлыгы патшаның қолында жинақталды. Хаммурапидің өзінің шенеуніктерімен жазысқан қатынас қағаздарына қараганда, басқару ісінің әртүрлі тарауларына, атап айтқанда, қолдан суландыру ісін ұйымдастыруға патшаның өзі басшылық еткен. Атына жазылған әртүрлі даулы істер мен шағым арыздарды патшаның ѳзі карады. Бұл істер женінде патшаның ѳзі қарар шығарып, шенеуніктеріне тиісті жарлықтар беретін. Тіпті ерекше жарлықтар арқылы Күнтізбеге қажетті түзетулер енгізді. Ел билеу ісінде патша күрделі және бір орталыққа бағынған төорешілдік аппаратка сүйенді. Бір шенеуніктер орталық басқарманы, екінші біреулері патшаның наместниктері ретінде, мысалы, Сиппар сияқты қалаларды меңгерді. Шакканум дейтін жоғары атағы бар шенеуніктер, ал кішігірім қалалар мен облыстарды рабианумдар басқарды. Халық әртүрлі салықтар: егістіктен не мал төлеуінен, құрма бақтарынан, күнжүт егістігінен және балықшы қауымдардан алынатын салықтарды төлеуге міндетті болды. Осы салықтармен қатар күмістей алынатын ерекше алымдар және заттай алынатын арнаулы патша алымдары төленді. Осы кірістердің барлыгы патша казынасына түсіп, сарай мүлкін қүрады, бұл мүлік шіркеу мүлкімен бірге ерекше заңның қорғауында болды. Сот билігі айрықша шенеуніктердің қолына жататын. Сот істері шакканумға, рабианумға, аймақтық судьяларга және қаланың ақсақал және дәулетті адамдарынан шыққан айрықша соттарға жүктелді. Дін судьялары бірте-бірте өзінің маңызын жоғалтып, тек храмдагы құдайлардың бейнелері алдында ант берген создерін қабылдаумен ғана канағаттанатын болды. Бірте-бірте сот істерін жүргізуден заңның алғашқы нормалары шыға бастады, бұл нормалар бойынша судьялардың міңдетіне ант берген куелардың көрсетулерін тек жай ғана қабылдап қою емес, істі "өз көзімен коріп, зертгеп, тексеру" жүктелді. Заңның арнаулы баптары өтірік куә болған адамды айыпты етіп, жазалайды, ақырында, сот үкімін өзгерткендігі үшін судьяны жазалап, оған талап етшген соманың мөлшерш 12 есе артық етіп айып салады және бұдан былай сот міндеттерін орындауға рұқсат етпейді. 5 Құқықтың негізгі нышандары. Саяси құқықтық ойлардың Ежелгі Шығыс (Египет, Үндістан, Қытай, Парсы т. б.) пен Ежелгі Батыста (Рим, Грекия) пайда болып, қалыптасуы ерте қоғамдық даму сатысында, мемлекет пен қоғамның топқа бөліну кезінде-ақ байқалған. Таң қалдырарлық жәй, саяси құқықтық ойлар шығыс халқында ежелгі египеттіктерде, үндістерде, қытайлықтарда, вавилондықтарда, парсыларда батысқа қарағанда нелікген ерте пайда болды? Қазіргі заманда да өзінің кекейкестілік бағытымен қалайша елеулі күшке ие болът отыр? Бұл арада шығыстың халқына да, батыстың халқына да тон нәрсе қоршаған ортаның, табиғат құбылыстарының құпия сырларына жауап бере алмағандыгын естен шығармаган жон. Бүкіл ой айтқаны заң ретінде құдайға келіп тірелді. Ерте даму сатысында, әрі саяси құқықтық көзқарастың ғылым мен білімге бой үра қоймаған кезінде сана бүкіл әлемге мифологиялық тұрғыда қалыптасты. Сонымен бірге ежелгі Шығыстың қоғамдық, әлеуметтік, экономикалык ерекшеліктеріне байланысты құқық саласында да олардың өзіндік ерекшеліктері болды. Айталық: алғашқы қауымдық құрылыстыц ұзақ сақталғаны жеке мепшік құқығының әлсіз дамуынан көрінді. Патриархтық отбасының сақталуы, қылмысқа бүкіл ұжым болып (отбасы немесе қауым болып) жауап берді, яғни, бөтен біреудің кінәсіне жазықсыз екінші біреу күйіп кететін болды. Талион принципі сақталды. Заңдар жинағы жеке нақты оқиғаларға (казусальді) арналып жазылған. Онда жалпы құқық көрсетілмеді. Нормалардың бәрі де жекелеген оқиғаларға арналды. Бұл жерде, орине, оларға түсінік беріп, жорудың өзі артық. Бұл құқык, Заңдар жинағы консервативті және формальды сипат алды, құқык нормалары ескі көзқараста және өте жай өзгеріп отырды. Мифологиялық тұрғыда болса да, Ежелгі Шығыс құқықтың алғаш шыққан жері, құқықтык қатынастар мен құкықтык түсініктер алғаш осы Шығыста калыптасты. Таптардың пайда болуына және олардың қоғамдагы билікті қолға алуына орай талион прииципі бүрмаланды, оның орнына ақшалай айыппүл енді. Бұл шығыста ашылған жаңалық. Айталық, күлиелеиуші мемлекет пен құқығына жасалған талдау көрсеткендей, Шығыстың негізгі кодификациялық заңдары - Хаммурапи Заңдары Үндістанның Ману заңдарының ертеде пайда болғандығынан, яғни, ол заңдардың мифологиялык түсінік күшін жоймай, ғылыми түсінік орныға қоймаган кезде жазылғандығынан болар. Тағы бір айта кететін жәй - Шығыс құқығы діни сипатта қалыптасқанымен, онда таптық сипат та басым, Өйткені ол заң ерекше қаталдық үстем кезде жазылған еді. Ал оның заңга тигізген зияны көп болды. Себебі Шығыс елдеріне тон қаталдық заңның әділет туын жоғары ұстап, халық мүддесін көздеп жазылуына кері әсерін тигізді. Ал Шығыста қатал тәртіптің ұзақ сақталуының себебінен елдегі саяси құқықтық ұлы ойшылдар үнемі қатаң жазаланып, өлім жазасына кесіліп отырды. 6 Ал Батыс халықтарының құқықтары Шығыс елдеріне қараганда прогрессивті еді. Онда адамның жеке меншігіне қол сұғылмауына ерекше назар аударылып, азаматтың жеке басының құқығын қорғауға бағытталды. Бірақ Шығыс елдерінің заңында таптық ерекшелік, реакциялық бағыт басым, ал Батыс елдер заңдарында азаматтық өміршең сипат тән деп қате қорытынды жасауға болмайды. Өйткені мемлекет пен саяси құқықтық ойлар бірінде өте ертеде пайда болса, екіншісінде одан коп кеш қалыптасты. Ежелгі Вавилон құқығының маңызды ескерткіштерінің бірі болып Хаммурапи патшаның зңдар жинағы деп есептеледі. Бұл ескерткішті 1901 жьшы француз ғалымы де-Морган Сузыдан тапқан. Багананың жоғары бѳлігінде тақта патшалық құрып отырған күн құдайы Шамаштың алдында салтанатты кейіпте тізе бүккен Хаммурапи патшаға осы заңдар жинағын тапсырып тұрғаны кескінделген. Бұл сурет патша заңдары жинағының құдайдан шыққанын көрсетеді деген ойды білдіреді. Кіріспе мен қорытындыда патша заңдары жоғарыдан жіберілген әділ де өзгермейтін заңдар деп көрсетуге тырысады. Хаммурапи заңдарының Вавилон заңдарына әсері күшті, ол ертедегі Шумер заңдарының одан әрі жетіле дамуы және жинақталыи, тәртіпке салынуы болып табылады. Әрине, заңдар қоғам өмірінің барлық жақтарын бірдей реттей алмаған. Мысалы, мұнда мемлекеттік және діни қылмыстар туралы ештеңе айтылмайды. Бұл қылмыстар үшін жазаңың тұрақты болып қалғаны сонша, Хаммурапи ол туралы ѳз кодексінде айтуды артық санаган да болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |