Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицина және фармация.
Ежелгі Қытайдағы Медицина және фармация.
- Ежелгі Шығыс адамзат мәдениеттің бесігі болған. Ежелгі Шығыста алғашқы мемлекеттер б.э.д IV-II мыңжылдықтарда пайда болды. Ерте құл иеленушілік Египетте және Месопотамияда (б.э. д. IV-III мыңжылдықта), Үндістанда (б.э.д. III мыңжылдықтың ортасында), Қытайда (б.э.д. II мыңжылдықта), Закавказьеде (Урарту мемлекеті, б.э.д. I мыңжылдықта) үстемдік еткен.
Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицина мен фармацияның дамуын сазбалшықтан жасалған тақтайшалардағы және жартастарда ойып жазылған жазбалар, саркофактарда, папирустардағы жазбалар, ежелгі медициналық кітаптар, діни шығармалар, «Махабхарата», «Рамаяна» (Үндістан) этикалық шығармалары, «Хамурапи патшаның Заңдары» (Ассиро-Вавилония) дәлелдей түседі. Археологтар хирургиялық жабдықтар, саитарлық-гигиеналық құрлыстар (моншалар, хауыздар), өсімдіктер мен майлар қалдықтары бар түтікшелер тауып алды. - Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицина мен фармацияның дамуын сазбалшықтан жасалған тақтайшалардағы және жартастарда ойып жазылған жазбалар, саркофактарда, папирустардағы жазбалар, ежелгі медициналық кітаптар, діни шығармалар, «Махабхарата», «Рамаяна» (Үндістан) этикалық шығармалары, «Хамурапи патшаның Заңдары» (Ассиро-Вавилония) дәлелдей түседі. Археологтар хирургиялық жабдықтар, саитарлық-гигиеналық құрлыстар (моншалар, хауыздар), өсімдіктер мен майлар қалдықтары бар түтікшелер тауып алды.
ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙДАҒЫ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ - Б.э.д. IV-III мың жылдықта Хуанхе өзенінің жазығында жер шарындағы көне жаратылыстарының бірі пайда болып, б.э.д ІІІ ғасырдың ортасында мемлекет мәртебесін алды. Ежелгі Қытай әлемге жібек пен оқты, компас және фарфорды, қағазды, кітап басып шығаруды және жаратылыстану ғылымдары, медицина мен фармациядағы жаңалықтарды жария етті.
Ежелгі Қытайдағы медицина мен фармацияның дамуы туралы, кейбіреулеріне 2-3 мың жыл толған ежелгі иероглификалық кітапта айтып береді. Олардың ішіндегі ең көнесі болып Нэй-цзиннің (18 кітап) энциклопедиялық еңбегі саналады. Алғашқы тоғызы (Су вэнь) адам организімінің құрылымы мен атқаратын қызметтеріне, ауру түрлерінің диагностикасы мен емдеу жолдарына арналған. Соңғы тоғыз томында (Лин шу) чжень- цзю терапиясының көне әдісі сипатталған. - Ежелгі Қытайдағы медицина мен фармацияның дамуы туралы, кейбіреулеріне 2-3 мың жыл толған ежелгі иероглификалық кітапта айтып береді. Олардың ішіндегі ең көнесі болып Нэй-цзиннің (18 кітап) энциклопедиялық еңбегі саналады. Алғашқы тоғызы (Су вэнь) адам организімінің құрылымы мен атқаратын қызметтеріне, ауру түрлерінің диагностикасы мен емдеу жолдарына арналған. Соңғы тоғыз томында (Лин шу) чжень- цзю терапиясының көне әдісі сипатталған.
Достарыңызбен бөлісу: |