Бөж тақырыбы: Шап өзегі. Шап жарығы Орындаған



Дата16.02.2023
өлшемі60.81 Kb.
#469630
анатомиябөж





Астана Медицина университеті КеАҚ

Адам анатомиясы кафедрасы



БӨЖ
Тақырыбы: Шап өзегі. Шап жарығы

Орындаған: Алыайдарова Назерке
Топ: 102
Мамандығы: Фармация
Тексерген: м.ғ.к. Доцент Мухамеджан К.К.

Астана қаласы - 2023 жыл


Шап өзегі. Шап жарығы

Тақырыптың жоспары:

  • Кіріспе. Шап өзегі туралы жалпы түсінік

  • Негізгі бөлім.

  1. Шап өзегінің қабырғалары

  2. Шап арнасының анатомиясы

  3. Шап өзегінің сақиналары мен тесікшелері

  4. Шап жарығы

  • Қорытынды

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі



Шап өзегі. Шап жарығы


Шап өзегі, canalis inguinalis – саңылау болып табылады. Бұл ер адамдарда өзекше арқылы тұқымдық шылбыр funiculus spermaticus өтсе, әйелдерде жатырдың жұмыр байламы liganentum teres uteri өтеді.
Шап өзегі құрсақ қабырғасының төменгі бөлімінде іштің екі жағында да, іле-шала шап байламының үстінде орналасады да, жоғарыдан төмен,сырт жағынын ішке, арт жағынан алға қарай өтеді. Шап өзегі қиғаш бағытта орналасқан, ұзындығы 4-5см. Бұл өзектің 4 қабырғасы және шап жарығы терең орналасқан сақинасы, annulus inquinalis superficialis мен беткей сақинасы, annulus inquinalis profundus ажыратылады.
Шап өзегінің түзілуі: шап байламының сыртқы үштен екісіне ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттер бітісіп өседі, ал байламның медиальды үштен бірінде мұндай бітісіп өсулер болмайды да, бұлшықеттер шәует шылбыры немесе жұмыр байлама, арқылы асып өтеді. Сөйтіп, жоғарғы жағынан ішкі қиғаш және көлденеі бұлшықеттердің төменгі жиектері және төменгі жағынан шап байламының медиальді бөлімі арасында үшбұрышты немесе сопақша саңылау п.б., оған жоғарыда аталған құрылымдардың біреуі орналасады. Осы саңылау шап өзегі деп аталады.
Шап өзегінің 4 қабырғасы бар:

  1. Алдыңғы қабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозынан;

  2. Артқы қабырғасы іштің көлденең фасциясы, fascia transversus abdominis және іш астарынан;

  3. Жоғарға қабырғасы ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттердің төменгі жиегінен;

  4. Төменгі қабырғасы шап байламынан ligamentum inguinale тұрады.

Шап өзегінің 2 сақинасы бар:

  1. Терең шап сақинасы ``annulus inquinalis superficialis``

  2. Беткей шап сақинасы ``annulus inquinalis profundus``

Шап өзегінің беткей сақинасы, annulus inguinalis superficialis, ол шат сүйегі қасағасының маңында орналасып, сыртқы пішіні сопақ тәрізді болып келген. Бұл тесіктің үш қабырғалары ажыратылады: а) медиалді және латералді кабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінін апоневрозының медиалді аяқшасы, crus mediale, мен латералді аяқшасынан, crus lateralis және ә) аралык кабырғасы: аяқша аралық дәнекер тінді талшықтардан, fibrae intercrurales және иіліп доға тәрізді байламадан, ligamentum reflexum тұрады.
Терең шап сакинасы шап өзегінің fascia transversalis түзген артқы қабырғасы аймағында жатады да сақина жиектерінен тұқым жібіне дейін созылып, оны ең жұмыртқасымен бірге қоршайтын қабықша, fascia spermatica interna түзеді. Шап өзегінің артқы қабырғасы медиалды бөлімінде апоневроздық созылмалыдан m.transversus abdominis шығып, түзу бұлшықеттің жиегімен төмен шап байламына түсетін сіңірліталшықтармен бекітіледі.
Шап жарығы шап өзегі қуысына ішастардың патологиялық бұлтиып шығуы. Барлық жарықтардың ішінде ең жиі кездесетіні. Еркектерде әйелдерге қарағанда шап жарығы жиі кездеседі. Өйткені әйелдерде шап өзегі ерлердікіне қарағанда тар және ұзын, саңылау тәрізді, бұлшықетті және сіңірлі қабаттарымен жақсы бекітілген.
Шап жарығының негізгі пайда болу себебі шап өзегінің артқы қабырғасының әлсіздігі.Негізгі түрлері қиғаш және тік шап жарығы түрінде кездеседі.тағы да қиғаш жарықтар тік өзекті, құрсақалды,қабырға ішілікшапмаңы, қуық үстілік және т.б.түрлері кездеседі. Қиғаш шап жарығы жарық қапшығының пайда болуына байланысты туа біткен және жүре п.б.болып бөлінеді. Туа біткен шап жарығы ішастардың қынаптық өсіндісінің бітіспеуінен дамиды. Жүре пайда болған қиғаш н/е тік болады. Қиғаш шап жарығы ұрық шылбырымен сырьын ұрық фасциясы жауып шап шыңқырынан шығып, шап өзегінен өтіп шап өзегінің сыртқы тесігінен шығып ұмаға дейін түседі. Кейде ұманы созуы да мүмкін. Тік шап жарығы медиальды шап шыңқыры арқылы көлденең фасцияны созып құрсақ қуысынан шығады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  • Ә.Б,Әукәкіров, Ф.М.Сүлейменова «Адам анатомиясы», 2011 жыл;

  • Атлас анатомии человека II (Р. Путц и Р.
    Пабст) 2011;

  • http://ru.wikipedia.org/wiki/Паховый_канал


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет