Бойынша әдістемелік ұсыным Астана, 2024



бет5/22
Дата12.04.2024
өлшемі87.79 Kb.
#498492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
ҰБА әд. ұсынымдары 2024 Аралық атт. (1)

Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Комментарий жасауда тілдік құрылымдарды толық қолданбайды, ойын толық ашып айта алмайды, іріктеп, оқуда, рөлге бөліп оқуда 7-8 қате жібереді.

Комментарий жасауда тілдік құрылымдарды жартылай қолданады, іріктеп, рөлге бөліп оқуда 4-5 қате жібереді.

Комментарий жасауда тілдік құрылымдарды еркін қолданады іріктеп оқиды, рөлге бөліп оқиды.

Жазылым

Эссе тақырыбына қатысты мәліметтер толық сақтамайды, абзац түрлерін жүйелі құрастыра алмайды, өз ойын жеткізуде көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсете алмайды («келісу, келіспеу» эссесі). 5-6 грамматикалық қате жібереді.

Эссе тақырыбынан аздап ауытқиды, абзац түрлерін құрастырады, өз ойын жеткізуде көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсете алмайды («келісу, келіспеу» эссесі). Сөйлемді дұрыс құрай алады. Алайда сөйлемдер арасында логикалық бірізді байланыс жоқ.

Эссе тақырыбынан ауытқымайды, абзац түрлерін жүйелі құрастырады, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады («келісу, келіспеу» эссесі).

Әдеби тіл нормалары

Сөйлемдегі есімдіктің қызметін толық түсінбейді, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданып, талдау жасауда 3-4 қате жібереді, етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдануда, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратуда, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдануда 5-6 қате жібереді.

Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсінеді, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданып талдау жасауда 2-3 қате жібереді, етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдануда, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратуда, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдануда 3-4 қате жібереді.

Сөйлемдегі есімдіктің қызметін толық түсінеді, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданып, талдау жасайды, етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында еркін қолданады, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады.



7-сынып






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет