Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті
“Шет тілі: Екі шет тілі” факультеті
ҚР-НЫҢ ҚАБЫЛДАҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ: МАҚСАТЫ, БАРЫСЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРІ: «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан тарихы пәні бойынша №14 ОСӨЖ жұмысы
Орындаған: АО 102(2) топ студенті Сәдуақас А.С.
Тексерген: т.ғ.к. доцент Бегимбаева Ж.С.
Ақтөбе, 2023
ЖОСПАР:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1. “Болашақ” бағдарламасының мақсаты
1.2. “Болашақ” бағдарламасының барысы
1.3. “Болашақ” бағдарламасының нәтижесі
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I.КІРІСПЕ
Алматыда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Орталық Азиядағы ең ірі «International Education Fair 2018» халықаралық білім көрмесін өткізді. Көрмеге 100-ге жуық отандық және АҚШ, Ұлыбритания, континенталды Еуропа мен Азия және ТМД-дағы шетелдік жоғары оқу орындары, тіл үйрету мектептері мен білім агенттіктері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев, Алматы қаласы әкімнің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты. Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру, шет елде стипендиялық бағдарламалар арқылы білім алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету, сонымен қатар халықаралық білім беру жобаларын іске асыру бойынша тәжірибе алмасуды мақсат тұтқан іс-шара барысында сонымен қатар, қазақстандық және шет елдік жоғары оқу орындары мен білім агенттіктері арасындағы B2B-кездесулер ұйымдастырылды.
Осы жылдардың ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстанның бірегей брендіне айналды. Мұны Елбасымыз да өткен жылы елордада өткен «Болашақ» халықаралық стипендиясының 25 жылдығына арналған «Адами капитал - жаңғыру негізі» атты форум қатысушыларына жолдаған құттықтауында атап өткен еді.
«Ширек ғасырдан бері еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. Біз сонау 1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр», - делінген еді Тұңғыш Президенттің құттықтау хатында.
Иә, «Болашақ» халықаралық стипендиясы ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. “БОЛАШАҚ” БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
МАҚСАТЫ
Бүгінгі «Болашақ» бағдарламаның басты мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін жоғары білікті кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқудан (магистратура, докторантура), сондай-ақ әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді көздейді.
Ал, бүгінгі күні статистикалық деректерге көз жүгіртетін болсақ, 14269 қазақстандық жастарға «Болашақ» бағдарламасының стипендиясы тағайындалды, 8909 бітіруші түлек өздерінің мемлекет алдындағы шарттық міндеттемелерін түгел орындап шықты, 3078 түлек еңбегін өтеу үстінде, 1016 адам бағдарламаның мониторингінде тұрған стипендиаттар болып табылады.
2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алуға 1055 стипендия бөлінді. Атап айтқанда, 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша бөлінген, ал 500 стипендия «ғалымдар» тағылымдамаларының жаңа санаты бойынша беріледі. Бұл санат ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес құрылғанын атап өткен жөн.
Бүгінгі «Болашақ» бағдарламасын бітірушілердің басым бөлігін экономика, білім, ғылым, денсаулық сақтау, ұлттық мәдениет пен өнер жолындағы жаңа кадрларды құрайды.
«Болашақ» бағдарламасы елдің дамуымен стратегиялық басымдықтарына сай өзгертіліп, талаптары күшейтіліп отырды. Мәселен, 2008-2010 жылдары шетелдік университтерде оқумен қатар, шетелдік мекемелерде тәжирбеден өту бойынша «Тағылымдама бағдарламалары» құрылды. 2014 жылынан бастап «6+6» форматы бойынша тілдік дайындық талабы енгізілумен қатар, IELTS талаптары да 3.0-ден 5.0-ге дейін арттырылды. Әлемнің 100 үздік ЖОО-да оқыту және Ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа жүйесі Split PhD-ды іске қосылды. Қазақстан Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен «Болашақ» жұмысын жүргізу және басқару бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» (ХБО) акционерлік қоғамы (АҚ) құрылды. ХБО шетелге оқуға жіберуге тапсырыс беруші ретінде шетелдік университет және студентпен арада үшжақты келісімшарт жасайды. Әлемдік рейтингін жиі жиі жаңалап, үміткерлерге ақпараттық мәліметтер беріп отырады. ХБО стипендия бөлумен айналыспайды, бірақ бөлінген стедендиямен студент, олардың оқып жатқан университтері арасындағы әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстарына жауапты («Болашақ» халықаралық степендиясы, 2021a). 2008-2010 жылдары арасында Болашақ бағдарламасына ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми-педагог қызметкерлері үшін жеңілдік санаттары, 12 айға дейін ғылыми және педагогикалық қызметкерлер үшін шетелде ғылыми тағылымдамалар бағдарламалары енгізілді.
1.2. “БОЛАШАҚ” БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАРЫСЫ
Бағдарламаның кейбір талаптарына саралар болсақ, магистратура бойынша білімін аяқтаған тұлға қайтадан «Болашақ» арқылы докторантураға оқуға әрекеттене алмайды. Тиісті мерзім бойынша қызмет ету керек. Оқуды аяқтағаннан кейін шетелде қалып жұмыс істей алмайды. Шетелде жұмыс істеуге болатын жалғыз мекеме Қазақстан шетелдегі дипломатиялық органдары. «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түскен студент қажетті талаптарға сай келсе басқа елге, басқа университетке ауысып, білімін жалғастыруға мүмкіндік берілген. Ең басты талап, ауысатын университет жетекші университет болуы керек және оның шақыртуы негізінде студенттің оқу үлгерімі қажетті нормаларға сай келуі қажет (Sputnik.kz, 2021, Kursiv.kz, 2021a). Дамыған елдердің үлгісінде құрылғанына 28 жыл болған «Болашақ» бұл бағдарламаның әлемде концептуалдық жақтан баламасы жоқ. Студенттерді толықтай қаржыландыру бойынша «Болашақ» 2014 жылы АҚШ-та өткен Going Global VIII халықаралық конференциясында Британдық Кеңес пен Герман академиялық алмасулар қызметінің зерттеу қорытындысында ұқсас
Осыған байланысты әлемдік озық университеттердің білім берудегі озықтығын үйрену мақсатында ең алғаш рет 1994 жылы «Болашақпен» АҚШ, Ұлыбританияға, Германия және Франция секілді елдерге Қазақстанның 187 студенті білім алуға жіберілген. Жыл өткен сайын «Болашақ» бағдарламасының ауқымы мен үміткерлер саны артып, қызметі жалғасып келеді. «Болашақ» бағдарламасының көп жақсылықтарының бірі қазақстандық университеттердің шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастықтары артуы мен дамуына өз пайдасын тигізді (Н.Назарбаев, «Тәуелсіздік дәуірі» Қазіргі таңда «Болашақ» түлектері Президент аппаратынан бастап, барлық маңызды мекемелер мен ұлттық компанияларда Қазақстанды заман талабына сай дамытуға табысты қызмет етіп жүр. «Болашақ» түлегі оқуының бітіріп, Қазақстанға оралып, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5 жыл немесе басқа облыс, қалаларда – 3 жыл немесе білім саласында – 2 жыл мамандығы бойынша мемлекеттік органдарда жұмыс істеуі керек. Бағдарлама түлектерінің 99,1 пайызы жұмысқа орналасқан
1.3. “БОЛАШАҚ” БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Жалпы «Болашақ» бағдарламасымен 1994-2020 жылдар аралығында 14 156 стипендия берілсе, оның 785-і 1994-2004 жылдар аралығында, ал 2005-2020 жылдарда 13 371 стипендия тағайындалған. Сол 13 371 стипендияның 3379-ы – бакалавриат, 7379 – магистратура, 35 – аспирантура, 87 – клиникалық ординатура, 366 – докторантура, 2125 – тағылымдама бағдарламасы бойынша білім алуға бөлінген. «Болашақ» стипендиясының иегерлері мына елдерді таңдайды: Ұлыбритания мен Ирландия – 45,5%, АҚШ пен Канада – 26%, Еуропа елдері – 12,9%, Азия елдері – 8% және степендияттардың 7,6% үлесі Ресейде оқуды таңдаған. Бұған қоса, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған 11 121 маманның 54,8%-ы гуманитарлық, 36,2%-ы техникалық, 7,2%-ы медициналық және 1,8%-ы шығармашылық мамандық иегерлері екен (Azattyq-ruhy.kz, 2021).
«Болашақ» бағдарламасы елдің дамуымен стратегиялық басымдықтарына сай өзгертіліп, талаптары күшейтіліп отырды. Мәселен, 2008-2010 жылдары шетелдік университтерде оқумен қатар, шетелдік мекемелерде тәжирбеден өту бойынша «Тағылымдама бағдарламалары» құрылды. 2014 жылынан бастап «6+6» форматы бойынша тілдік дайындық талабы енгізілумен қатар, IELTS талаптары да 3.0-ден 5.0-ге дейін арттырылды. Әлемнің 100 үздік ЖОО-да оқыту және Ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа жүйесі Split PhD-ды іске қосылды.
Қорытындылай келе, «Болашақ» бағдарламасы шын мәнінде Қазақстанның болашағына үлкен оң өзгерістер әкелетін бағдарлама бола білді. Тәуелсіз Қазақстанның он мыңдаған азаматтары дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің білімін үйренумен қатар қоғамдық озық тәжірбесімен жақын танысып, талдау жасау, салыстыру ұғымдарын жұмыс барысында қолданумен қатар, елдің даму қарқынының артуы мен жандануында мол үлестерін қосып келеді. «Ең үлкен инвестиция білімге салынған қаржы қағидасына сай, бұдан 28 жыл бұрын қолға алынған бағдарлама бүгінде өзінің жақсы нәтижелерін беріп келеді. Қазіргі Қазақстанның басқарушылары арасында көп деген министрлер, әкімдер, ұлттық компанияның топ-менеджерлер Болашақтың түлектері. Болашақ бағдарламасы тәуелсіздік алған Қазақстанның қоғамына үлкен серпіліс пен жаңашылдық алып келді. Шетелде оқуға ниетті жастар қатары артты. Ағылшан тілін білуге деген сұраныс қалыптасты. Елдің түрлі саласындағы даму үдерісі барысында «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің үлесінің алдағы жылдарда да жалғаса беретіні айқын байқалады.
3
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ұлы дала тарихы», Маданов М. Алма-Ата, 1997ж
2. «Қазақстанның көне тарихы» , Мұратхан Қ. Алматы 1994ж.
3. Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан археологиясы: Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. –Алматы:... 2009. 570б
4.Ч.Мусин Қазақстан тарихы, А. 2003
5.Әлкей Марғұлан «Тамғалы тас жазуы» журналы
6.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А, 1997
7.Көшербаев Қ.Е., Құттыбаева Р.С. Қазақстандағы этносаралық қатынастар мәселелері. Алматы, 1996
8.«Қазақтың қысқаша тарихы» Нығмет М. Алматы 1998ж
9. Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов, Қазақстан тарихы,Алматы,2009
10. Бес томдық. — Байпаков К.М., Козыбаев М.К., Көмеков Б.Е., Пищулина К.А. (ред. алқасы). — Алматы: Атамұра, 1998. — 323 б.
Достарыңызбен бөлісу: |