Дүниетану сабақтарында адамгершілік мәдениетін қалыптастыру Қарағанды облысы, №51 ном кмм



Дата03.07.2016
өлшемі50.96 Kb.
#174528


Дүниетану сабақтарында адамгершілік мәдениетін қалыптастыру
Қарағанды облысы,

51 НОМ КММ



Жакина Б.А

Бастауыш класс мұғалімі.

23 мкр.Заслонова көшесі. 35 а.

Бастауыш бiлiм- үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы басқышы болғандықтан, оқушыларға белгiлi бiр көлемдегi бiлiм, бiлiк-дағдыларымен қатар адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру, жан-жақты дамыту бүгiнгi күннiң басты талабы.

Дүниетану пәнi сабағында оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.

Адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi әдiстерiне түсiндiрудi жатқызуға болады. Оның құралдары ретiнде мақалдар мен мәтелдер, әңгiмелер мен ертегiлер, аңыздар мен аңыз-әңгiмелер қызмет еттi. Оқушылармен әнгiмеде тап сол жағдайға қолайлы мақалдар мен мәтелдер арнайы сұрыпталып, реттелiп алынып отырады.

Адам бойындағы мыңдаған қасиеттердiң iшiндегi негiзгi орын алатын қасиет – адамгершiлiк қасиетi. 2-сыныпта дүниетанудан “Өсiмдiктер мен жануарлар” бөлiмiндегi “Қызыл кiтап” тақырыбын өткенде – Қазақстан Республикасының “Қызыл кiтабы” Оның мұқабасының тысы қызыл. Қызыл түс қауiп- қатердiң белгiсi сияқты. Бұл кiтап өсiмдiктер мен жануарлардың көптеген түрлерiнен жер бетiнен жоғалып, құрып кетуi қаупi төнгенiн ескертедi. Егер, жануарлар жайылып өсiмдiктердi жұлып, кесiп немесе оларды аямай таптап, балалар ойнап сындыра берсе, өсiмдiктер құрып кетедi. Адамның қорғауына өте мұқтаж жануарлар мен өсiмдiктер көп.

Елiмiздiң “Қызыл кiтабына” талас қайыңы, Қарқаралы бөрiқарақаты тағы басқа, өсiмдiктер, құстардан қоқиқаз, бүркiт, ақбас, тырна, аққу, басқа жануарлар енгiзiлген.

Бастауыш мектептен бастап баланы өмiрге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылады. Бұл ретте дүниетану пәнiнiң маңызы зор. Дүниетану пәнiн оқытуда балалардың табиғат туралы ғылыми көзқарасын қалыптастырып, адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсат етiледi.

Осы мақсатта мынандай жұмыстар жүргізіледі:

а) Жәрмеңке өткiзу. Адамгершiлiк тақырыбына байланысты қандай кiтаптар, кiтапшалар кездестiргенiмiз жайлы мәлiмдеу. Ол кiтаптарды кiтап бұрышына қою.

ә) Көкпар ойыны. Дорбадан асық алу арқылы әр топ тиiсiнше сұрақтарға жауап бередi. Сұрақтар төмендегiдей.



  1. Сенiң жақын досың туралы айт.

  2. Туған жер табиғаты туралы не бiлесiң?

  3. Өзiңнен кiшкентай балаға қалай көмектесесiң?

  4. Үйде гүл өсiресiң бе? Өсiрсең қалай күтесiң?

  5. Көшеде, автобуста үлкен адамдарға қалай көмектесесiң?

  6. Дос туралы қандай мақал-мәтел бiлесiң?

Бастауыш сынып оқушыларын сабақ үрдiсiнде ерлiкке, батырлыққа, достыққа тәрбиелеу, адамды құрметтеу сезiмiн қалыптастыруға арналға материалды оқулықтан тауып дәлелдеу.

б)Тақтаға қазақтың киiз үйiнiң бейнесi салынған плакат iлiнедi. Онда үйдiң маңдайына үзiктiң етегiн жағалай берiлген тор көзге тақырып жазылуы тиiс. Ал тақырып киiз үйдiң iшiнде берiлген ұлттық салт-дәстүр ерекшелiктерiне байланысты суреттер, карточкалардың мазмұнын табу арқылы бас әрiптерiнен құралады.

в)Мақал-мәтел ойластыру, еске түсіру

Тақтаға құлын, қозы, ботаның суреттерi түсiрiледi. Осы арқылы ата-ананың балаға деген мейірiмен, ықыласын түсiндiру, оның қазақтың тұрмыс тiршiлiгiмен астасып жатқандығын айтады. Оқушылар ата-әже, ана мейірiмiн бейнелеп көрсетедi.

Осыншалық мейірiмiн, шуағын төге отырып, қазақ баланы еңбекке үйреткен, төзiмдiлiк, ептiлiк, шеберлiк, шыншылдық, ар, ұят, әдеп, үлкендi сыйлау секiлдi қасиеттердi ұрпақ зердесiне сiңiре бiлген.

Мысалы: “Сiз деген –сыпайылық, бiз деген –көмек”, “Сыйға –сый, сыраға бал”, “Сөзiң тәттi болса, жұмысың қатты болсын” деген мақал –мәтелдер де сол игiлiктi iстерге бастап отырған. “Жақсы сөз –жарым ырыс” екенiн ұқтырған.


Жұмыс бағыттары

Бағыт

Көздейтін мақсаты

1 Оқушылардың оқудағы қызметін халықтық педагогиканың құралдарын пайдалана отырып ұйымдастыру

-Оқушылардың дүниетану пәнінде гуманитарлық танымын кеңейту

- білім сапасын арттыру мақсатында қазіргі білім беру технологияларын қолдану



2 Адамгершілік тәрбие жөнінде сыныптан тыс жұмыс ұйымдастыру.

- қазақтың ұлттық мәдениетіне деген көзқарас қалыптастыру. Отанға деген ой-өрісін, ынтасын қалыптастыру;

3 Этнографиялық мұражайлар ұйымдастыруға көмектесу, қазқатың ұлы адамдары, туған өлке тарихын тану.

өз мемлекеті үшін мақтаныш сезімін дамыту;

Қазақ халқының мәдениетін мақтан етуге үйрету;

-Оқушыларды ұлттық рух, адамгершілік сезім қалыптастыру;

Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибе жұмысымды өз сыныбымда жүргізіп көрдім.

Тәжірибе-эксперимент жұмысы бір-бірімен өзара байланысқан үш кезеңнен тұрды: даярлық кезең, негізгі кезең, қорытынды кезең. Тәжірибе-педагогикалық жұмыста аталған кезеңдерді белгілеу негізіне П.Я.Гальперин және Н.Ф.Талызинаның ойлау әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы алынды.

Дайындық қезең:

Дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетті қалыптастыруға оқушыларды дайындаумен сипатталды.

Бұл кезеңнің міндеттері:



  1. Оқушылардың дүниетану пәніндегі мәтіндердің тәрбиелік мәніне көп көңіл бөлгізу, өздіктерінен мәтіннің тәрбиелік идеясын анықтауға үйрету.

  2. Адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әр тақырып бойынша этикалық әңгімелермен таныстыру.

Негізгі кезең

Оқушылардың дүниетану пәні бойынша адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру бағдарламасын құру және оқу үрдісіне енгізумен айқындалды.

Бұл кезеңде төмендегідей міндеттерді шешуге бағыттылады:


  1. Оқушылардың дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау;

  2. Оқушылардың дүниетану пәні бойынша адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру бағдарламасын негізге алып, сабақтар өткізу.

Қорытынды кезең

Мақсаты: Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениеттерін қалыптастырудың жүйелі жүргізілуінің оқушының жалпы тәрбиелік деңгейіне әсерін дәлелдеу.

Бұл кезеңнің міндеттері:


  1. Оқушыларының адамгершілік мәдениет деңгейімен бақылау тобы оқушыларының адамгершілік мәдениет деңгейін салыстыру, қорытынды шығару.

  2. Ұсынылып отырған адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағдарламасының тиімділігін дәлелдеу.

Оқушы мектепке білім алуға келіп, сабақ барысында олар еңбек етуге, қайырымдылыққа, адалдыққа тәрбиеленеді.

Сонымен сабақ үрдісіндегі оқушының тұлғалық қасиетін тәрбиелеуде мынадай ерекшеліктерді ескеруіміз керек:



  • оқушының ақыл-ой мәдениетін дамыту;

  • оқушының адамгершілік-имандылық құндылығын қалыптастыру;

  • оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы арқылы оқушы дүниетанымы қалыптасып, баланың ақыл-парасаты толысып, еңбекке, рухани-адамгершілік деңгейі біртіндеп дамитынын ескеру;

  • сабақ тақырыбына жай ұлттық педагогика элементтерін оқушының адамгершілігін арттыруға тиімділігін көрсету.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сiләмбекова Т. Адамгершiлiкке тәрбиелеу – басты мақсат / Т Сiләмбекова // Қаз. Мектебi, -2003, -№5, -44б.

2.Сәтiмбекова М. Оқыту сапасын арттыру жолында / М. Сәтiмбекова // Бастауыш мектеп, -1989, -№7-37

3.Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. – А.: Мектеп, 1975

4.Нұрғалиев О. Адамгершілік асыл қасиет/ О. Қазақстан, 1978





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет