Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі
«Біз арманшыл баламыз»
Өткізген: «Қыран» тобы
Топ жетекшісі: Бекмұханова.Н.Ә
Маусым. 2024жыл
Мақсаты: Оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру. Табиғатты аялау , сүюге тәрбиелеу.
Экологиялық білім беру. Табиғатты қорғау .
1. «Табиғат – тал бесік»
2.»Адам – табиғаттың бір бөлігі»
3.»Табиғат бізді қоршаған орта «
4.» Таза болса табиғат – аман болар адамзат»
Жоспары:
1. Табиғат туралы не білеміз?
2. Неге табиғатты тіршілік аясы дейді?
3.Табиғатты қорғау – барлық адамзат борышы .
Мұғалім: Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта . Табиғат – адам үшін қажетті: ауа су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі .
Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін , күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана ! Табиғат бұл адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын беретін сұлулық пен әсемдік әлемі.
Ал енді балалар тәрбие сағатымызды жоспар бойынша жүргізіп ой – пікірімізді ортаға салайық :
1 . Ой – пікір
Табиғат – Ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер – нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе ,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
Табиғат – Ол Топырақ.
Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады .
Топырақтан өмір исі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады .
Еңбегіңді есесінен беретін,
Жақсылық та топырақтан шығады.
Табиғат – Ол Өсімдік
Өсімдік - бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл – жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде – сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда – дәрі, ренжігенде қуантатын табиғаттың сұлу көркі – гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті – жасыл – желек орман.
Табиғат – Ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары – ақбөкен, әні мен сәні – бұлбұл, су аруы - Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?
Хормен: Ән - «Саржайлау»
Топпен жұмыс: Топтар жарысы.
1 топ. Табиғат жайлы мақал – мәтел, нақыл сөздер.
1. «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғттың тілі жоқ»
2. «Бір адам қазған құдықтан, мың адам су ішеді»
3. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
4. «Табиғат - тал бесік»
2 топ. Табиғат жайлы өлең , жырлар .
1. Табиғант сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің айыңда.
Тегінде жаның жомарт – ақ,
Ізгілік жатыр бойыңда.
2. Табиғат қызығам сенің суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұр асың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.
3. Табиғаттың тарылтпасын
мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат, жүрегімнің тамылжыған жырысың
Ей, адамдар! қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол Анаң ғой, ал сен оның перзенті .
Мұғалім сөзі: Сонымен біз табиғат туралы білгенімізді , білетінімізді ортаға салдық.
Енді табиғатты қалай қорғап қаламыз?
Осы төңірегінде ой қозғасақ
Ой - қозғау Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған келелі де , күрделі мәселелердің бірі - табиғат ананы қорғау , оның байлығын ұқыпты пайдаланып , кейінгі ұрпаққа қалдыру .
Халқымыз ата заманнан бері жерін, суын қадірлеп , қасиет тұтқан . Кейінгі ұрпаққа үлгілі,
өнегелі тәрбиелік мұрағат боларлық мына жолдарды есте сақтайық :
1 . Сұраусыз суын бұзғызбай – суын қорғаған,
2 . Жөнсіз жерін жыртқызбай - жерін қорғаған.
3 . Көк майса шөбін таптатпай - шөбін қорғаған.
4 . Ұшқан құс , жүгірген аң , жыбырлаған жәндігінің берекесін
кетірмей – жануарларын қорғаған!
Ал біз болашақ ұрпақ Табиғтты қалай қорғап , сақтап қаламыз !
«Бір ағаш кессең, он ағаш ек» - жасыл желек
бағдарламасына ат салысамыз
«Судың да сұрауы бар» - суды ысырапсыз
пайдалануға жол бермейміз , ластамаймыз
Орман, - тоғайды, бақтарды күл - қоқыстан тазалап,
өрттен қорғаймыз.
Аң,құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
Экологиялық үгіт - насихат жүргіземіз.
Ой - түйін: Бүгінгі тәрбие сағатымызда
Не білдік? Не үйрендік?
1 . « Табиғатсыз адамдардың күні жоқ ....»
2 . Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы ,
аяулы бесігі құтты қонысы , өсіп - өнетін мекені .
3. Адам– табиғат перзенті . Олай болса табиғат анаға аялы
алақан , жүрек жылуын арнау әрбір саналы азаматтың
парасатты адамгершілік борышы .
4. Жер – қазына , су – алтын , мал – байлық .
5. Табиғат – халық қазынасы
Қорытынды: Сынып сағатымызды табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз. (Хормен)
Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан .
Сен – көлсің! Сен – орман!
Сен – бұлақсың!
Адамды сұлулыққа құнықтырған!
Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !
Достарыңызбен бөлісу: |