«Болашақ мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқаруын қалай көремін»



Дата22.12.2022
өлшемі14.11 Kb.
#467723
дэссе


«Болашақ мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқаруын қалай көремін»
Мектеп-адам бойындағы қасиеттерді ашып, өз ортасын табуға мүмкіндік беретін бірден-бір орта. Мектеп табалдырығын аттаған әр бала өмірінің үлкен бастамасын бастайды. Осы жерде өніп-өсіп, тұлға ретінде қалыптасады. Қазіргі таңда білім беру орталықтары күннен күнге дамып, білімді жастарға үлкен мүмкіндіктер ашуда. Ал, болашақтың білім ордасының таңғаларлық деңгейге жетуі ғажап емес дүние. Өйткені, озық технологиялар шарықтап тұрған заманда, үлкен ашылулар мен ұлы жетістіктерге жету әлдеқайда оңай болмақ. Менің ойымша, болашақ мектебі оқушылардың өз-өзін басқару мәдениетін қатаң түрде ұстауы қажет. Себебі, мектептің көркі де, атын шығарушылары да осы бір өздері білім нәрімен сусындатып отырған оқушылары. Болашақта оқушылар өз араларында топтарға бірігіп, басшыларын сайлап, осы ортада белсене жұмыс жасайтын болады. Мектептің сыртқы және ішкі дүниесін түсініп, әртүрлі мерекелерді, іс-шараларды өткізу осы топқа міндеттеледі және әр топтың арнайы жабдықталған робот көмекшесі болады. Көмекші роботтар техникалық құралдармен және ақпараттармен қамтамасыз етеді. Мұндай жетістіктерге жету үшін әр оқушы өз ойын дұрыс әрі нақты жеткізе біліп, еңбегінің жемісін көріп, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету сияқты қасиеттерді өз бойына шоғырландыра білуі керек деп ойлаймын. Білім алушының мектеп өміріне тікелей ат салысып, белсенділік көрсетуі өз бойындағы заманауилықты қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді. Мектеп қабырғасындағы оқушының басты міндеті өз білімін жетілдіріп, ой үстіне ой қосу, ілім-біліммен сусындану болып табылады. Мәдени тұрғыда да оқушы өзін-өзі жақсы жағынан көрсете білуі маңызды дүние деп есептеймін. Өзге адамдарға сыпайылық көрсетіп, сәлем беруі,қолдан келгенше көмегін аямай қол ұшын беруі сияқты асыл істерді тындырып жүрген азаматтардың әр қашанда жолы ашық болмақ. Сол себептен де, келешектегі мектептердің үлкен белестерден көрінуі оқушының қолында екенін естен шығармай, болашақ ұрпақтың санасына ақылдылық, парасаттылық,мейірімділік, білімсүйгіштік секілді тәрбиелік мәні зор ұлы ұстанымдарды құйып өсірсек, әр баланың қай ортада болмасын өзін-өзі басқаруы басқалардан бір саты жоғары әрі ерекше болып саналмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет