Сабақ Тақырыбы: Көлік және байланыс географиясы



Дата01.07.2016
өлшемі82.55 Kb.
#170740
ММ «Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназия».

Ашық сабақ


Тақырыбы:


Көлік және байланыс географиясы.

География пәнінің мұғалімі: Жамалбекова. Т.К

2012 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Көлік және байланыс географиясы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көлік және байланыс географиясы туралы білім

беру, көлік түрлері және олардың дүние жүзілік экономикалық

байланыстағы рөлі, жолаушы және жүк айналымының негізгі

көрсеткіштері мен даму ерекшеліктері туралы түсінік

қалыптастыру.

Дамытушылық: Жаңа терминдерді есте сақтау, тақырыптық

Карталармен, сызба нұсқа, статистикалық кестелермен жұмыс

істеу икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: еліміздің экономикасын арттыруға деген көзқарасты

тәрбиелеу. Еңбекқорлыққа өмір жолдарына белгілі мақсатқа қол

жеткізе білуге үйрету.Экономикалық экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес баспасөз – конференциялық сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру сұрақ – жауап, СТО әдістері элементтерін қолдану.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, Дүние жүзінің саяси картасы

көлік картасы.



Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Сыныпты сабаққа дайындау.

Оқушылардың ойын, пікірін жалпы сабаққа қатысын бағалап отыратын эксперт оқушыны сайлап алу. ( оқушылар ұсынысы).
2.Үй тапсырмасын сұрау.

1 кезең. «Географиялық диктант».

1.Дүниежүзіндегі ірі қара мал басы саны – 1,3 млрд.

2.Дүниежүзіндегі етті көп өндіретін алғашқы 5 ел -АҚШ,Қытай,Бразилия,Аргентина,

Ресей

3.Цеце шыбыны тарататын ірі қара ауруы - ұйқы

4.Дүниежүзіндегі қойы көп ел – Аустралия.

5.Дүниежүзіндегі қой басы саны - 1,2 млрд.

6.Қой өсіруден жетекші 5 ел - Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай, Ресей.

7 Дүниежүзіндегі ауланатын балық мөлшерін жан басына шаққанда–7 тоннадан асатын

ел – Исландия.

8.Құстың саны жағынан жетекші 3 ел – Қытай, АҚШ, Ресей.

9.Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі жетекші елдер – Қытай, АҚШ, Жапония

Аустралия.

10.Бразилия қандай өсімдік өсіруден және оны экспортқа шығарудан 1 орын алады

Кофе.

3кезең. Жаңа сабақ.

Тақырыбы; Көлік және байланыс географиясы.

Мақсатымен таныстыру: Көлік және байланыс кешендерінің құрамдас бөліктерін,

дүниежүзілік даму деңгейіне тоқталамыз.

Бүгінгі сабағымыз баспасөз - конференция түрінде өтеді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар біздің сабаққа қош келдіңіздер.Біздің сабағымызға көлік және коммуникация минисртлігінен бір топ ғалымдар қонаққа келді және аудандық «жаңа өмір» газетінің тілшілері қатысып отыр. Ал енді сөз кезегін тілшілер мен мамандарға берейік.
Тілші: 1 сауал: Көлік және байланыс министрі .................. мырза, сізге. Жалпы көлік және байланыс жүйесі дегенді қалай? Түсіндіріп беріңіз.
Слайд бойынша;

Жауап:1. Көлік және байланыс жүйесі Халық пен өндірісте қызмет көрсететін кешенге жатады. Соның ішінде көлік пен байланыс жүйісі коммуникациялық жүйеге жатады.Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады.



  1. Көлік құралдары : автомобиль, кемелер, ұшақтар.

  2. Жолдар: автомобиль жолы, темір жол, құбырлар, әуе жолы, теңіз жолдары.

  3. Ұйымдар: авиациялық, теңіздік, темір жол компаниялары.

  4. тиеу түсіріу пункттері: теңіз және әуе порттары, темір жол станциялары


Көлік жүйесі

Тілші: Менің сұрағым автомобиль көлігі маманына.Автомобиль көлігінің Дүние жүзі және Қазақстандағы дамуына тоқталсаңыз.

Маманның пікірі:

Дүние жүзілік жалпы ұзындығы 25 млн км.


Тілші : темір жол көлігі маманына сұрағым.

«Темір жол жүйесі дүниежүзінде және Қазақстанда қалай дамыған» ?


Дүниежүзіндегі жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км



Тілші: келесі сұрағымыз құбыр көлігі маманына.

Сұрақ: Дж құбыр көлігі қалай дамыған?

Маман: Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері құбыр және электронды көліктер. Оларды кез – келген бағытта жүргізуге болады.Әрі темір жолдан қысқа және ең арзан көлік.




Дүние жүзілік жалпы ұзындығы 4,5 – 5 мың км болатын құбырлар.Ресей, Канада, АҚШ.


Қазақстанда құбыр жүйесі ең жақсы дамыған аймақ батыс; одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады Қазақстанда ең алғаш салынған мұнай құбыры 60 км. Доссор – Ракуша.

Ең алғаш ұзындығы 720 км ² магистралды мұнай құбыры 1936 жылы Атырау мен Ресейдің Ор қаласындағы мұнай өндіру зауыты арасында салынды.

Маңғыстау мұнайын тасымалдау үшін Өзен – Жетібай –Ақтау, Өзен – Ақтау – Самара.

Ресейдің Туймазы- Иркутск мұнай құбырынан Омбы - Павлодар – Шымкент – Чарджоу.

Келешекте Қазақстаннан 5 бағытта мұнай құбырын тарту жоспарлануда.



  1. Атырау облсындағы Теңіз кен орнынан Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск портына дейін ұзындығы 1000 жарым км қуаты жылына 75 млн тонна мұнай тасымалдайды.

  2. Теңіз – Баку – Супса – Джейхан құбыр жолы Каспий теңізі арқылы Қазақстан мұнайын халықаралық саудаға шығару мүмкіндігі.

  3. Иран мемлекеті арқылы өтіп Парсы шығанағы жағалауын баратын Теңіз – Харг құбыр жолы.

  4. Батыс Қазақстан – Қытай – Тынық мұқиты жағалауы құбыр жолы Атасу – Алашанькоу.

  5. Батыс Қазақстан – Құмкөл мұнай құбыры.

Тілші: Менің сұрағым Теңіз көлігі маманына сауал.Дж теңіз көлігінің даму дәрежесі қандай? Теңіз көлігі бүкіл халықаралық сауданың 5,4-ін құрайды. Теңіз порттарының жалпы саны 2,5 мың. Ең ірі порт – Роттердам.

Кеме қатынасы мен жүк тасымалдауда:

1- орынды Атлант мұхиты,

2- орынды Тынық мұхиты,

3- орынды Үнді мұхиты алады.


Жетекші елдер: Панама, Либерия, Грекия, Кипр.

Ла Манш бұғазы арқылы тәулігіне 500 кеме өтеді.

Зонд бұғазы арқылы-175

Гибралтар бұғазы арқылы 140 кеме өтеді.



Тілші:сауалымды өзен-көл көлігі маманына қоямын.

Сауал:Дж және Қазақстандағы өзен-көл көлігі калай дамыған?

Маман:өзен – көл көлігі жекелеген елдердің жүк тасымалының бір бөлігін камтиды.

Ірі халықаралық өзен жолдары Рейн,Дунай,Эльба,Одер,Әулие Лаврентий,Парана және Ұлы көлдер.Рейн өзені арқылы жылына 250 – 300 млн тонна жүк тасмалданады.


Қазақстандағы өзен көлігі Ертіс өзенінде жылына 36 мың адам



Тілші : менің сұрағым Әуе көлігі маманына. Қазақстанда және дүниежүзінде әуе көлігі қалай дамыған?

М
Ең күшті дамыған ел -АҚШ
аман: Әуе көлігі ең жас, ең қымбат көлік.

Тілші.Менің сұрағым Байланыс жүйесі маманына. Қазақстанда және Дүниежүзінде байланыс жүйесінің қызметі қандай?

Маман : Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктің бірі.

Екі жақты қызмет атқарады:

1.Экономикалық.

2.Әлеуметтік.

Дүние жүзіндегі халықтың тең жартысы телефон дегенді білмейді.

1-орын -АҚШ Байланыс жүйесінің 2/5, жаңа байланыс жүйесінің 9/10.




4 кезең. Мағынаны ашу. Білімді меңгертуге арналған тапсырмалар.
Картамен жұмыс.

1. Көлік кешенінің негізгі жүк тасымалдау бағыттарын картадан табу.

2. Карта бойынша ірі теңіз проттарын анықтау.

3. Ірі теңіз каналдары мен бұғаздарды көрсетіп олардың жүк тасымалдаудағы маңызын сипаттау.



5 кезең . Географиялық есеп.

1.екі автомобильге бірдей мөлшерде 5 тонна жүк тиелді. Біріншісі 10 км қашықтыққа, екіншісі 100 км – ге тасып апарды, олардың қайсысы көп жұмыс атқарды?

Шешуі: Жүк айналымы дегеніміз уақыт бірлігі ішінде белгілі қашықтыққа тасымалданған жүк мөлшері.

1.автомобиль: 5 тонна* 10 км = 50 тонна км.

2.автомобиль: 5 тонна * 100 км = 500 тонна км.

Жауабы: 2-ші автомобиль көп жұмыс атқарды.
6 кезең. Ой – толғаныс.

Биылғы 2012 жылғы Елбасы жолдауында инфрақұрылымды дамыту үшін қандай маңызды істер жоспарлануда.

Жауап: Батыс – Еуропа – Батыс – Қытай халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандақ учаскесінің құрылысын анықтау.
2.1200 шақырымға созылатын Жезқазған - Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл екі темір жол желісі құрлысына кірісудің маңызы үлкен. Бұл жобалар Жезқазған – Арқалық өңірінің дамуына қуатты серпім беретін болады.
7 кезең. «Пікір талас».

«Көлік кешенінің пайдасы мен зияны». Оқушылардың ой – пікірі.


8 кезең. Білімді бекіту сұрақтары:

1. Көліктің ең жылдам түрі - Ұшақ

2. Таситын жүк көлемі жағынан ірі көлік - Теңіз

3. Ең қымбат көлік - Ұшақ

4. Таситын жолаушылар саны жағынан ірі көлік - Автомобиль

5. Жүк айналымы бойынша ірі көлік – Теңіз.

6. Экологиялық лас көлік - Автомобиль.

7. Ең арзан көлік - Құбыр.

8. Қақпадан қақпаға жеткізетін көлік – Автомобиль.

9. Басқа көлік түрлеріне ұқсамайтын көлік – Электронды.

8 Кезең. Сабақты қорыту.

  1. Кезең. Білімді бағалау.

  2. Кезең. Үйге тапсырма.40 кескін картаға көлік кешенін түсіру.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет