Болды, ел қайтадан бұрынғы қалпына келе бастады. (С. Жылы)



Дата26.04.2023
өлшемі14.42 Kb.
#472795
түріСабақ
4 тапсырма


Көп бағыныңқылы сабақтас — көп құрамды құрмаластың бір түрі. Құрамындағы компонентердің саны үш және одан да көп болады. Оның ерекшелігі: алдыңғы компоненттердің баяндауыштары тиянақсыз, тек ең соңғы компонентінің баяндауышы тиянақты тұлғада тұрады. Алдыңғы тиянақсыз тұлғалы бағыныңқы компоненттері көп болғандықтан, Көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады. Көп бағыныңқылы сабақтастар бағының қыларының өзара және басыңқымен бай-тұлғапануы жағынан аралас құрмалас сөйлеммен сәйкеседі. Мысалы, Қырық бесінші жылы соғыс аяқталып, жұрт мәре-сәре болды, ел қайтадан бұрынғы қалпына келе бастады. (С. Жылы).
Мұндағы тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейінгі негізгі бөліктермен жеке-жеке жарыспалы түрде байланысқа түсіп, олардың бағыныңқысы қызметінде жұмсалады. Нақты айтсақ, жалпы сөйлем ішіндегі алғашқы сыңар екінші сыңармен де, үшінші сыңармен де сабақтаса байланысады. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бес, алты немесе одан жоғары санды болып келуі сирек, ал терт сыңарлы болуы жиірек (Соғыс мүгедегінің қан қысымы көтеріліп, аяқ астынан жедел жәрдем шақырылды, ақ халаттылар келді, жолаушылар арасында күңкіл сөз көбейді. Д. Д.). Бұл сөйлем түрінің өзгешелігі ондағы басыңқы сыңарларының көптігі емес, сонымен бірге бағыныңқылы сыңармен өзара сабақтаса байланысатындығымен де айқындалады. Бұл белгі оның сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі екендігін анықтай түседі.
Ал мұндай заңдылық сақталмаған жағдайда, әсіресе сөйлем ішіндегі бірінші мен үшінші (және жоғарғы санды) предикативтілік өзара сабақтаса байланыспаған жағдайда, ондай құрылым сөйлемнің басқа типінде қарастырылуы қажет (қ. Аралас құрмалас сөйлем.). Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі предактивтік бөліктің басында шылау түрі кездеспейді. Кездескен жағдайда ондай құрылым да аралас құрмапас сөйлем турғысында пайдаланылады. Өйткені мұндайда алғашқы тиянақсыз тұлғалы сыңар соңғы сыңармен сабақтаса байланысқа түспейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет