Бөлім тақырыбы Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология



бет3/4
Дата16.02.2022
өлшемі0.91 Mb.
#455432
түріСабақ
1   2   3   4
11-сабақ. Меймандос қазақ – татулық жаршысы

Қазақтың алыстағы ағайынмен жөн сұрасқанда, ең алдымен, «Ел аман, жұрт тыныш па?» деп қалың жұрттың есендігін сұрауында үлкен мән бар. Алыстағы ағайынның амандығын есітіп, есендігін білгеннен соң жон арқасын кеңге салып марқайып қалады. Адам болмысы әрдайым тыныштықты, берекелі, баянды ғұмырды аңсайды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі кеткен ел тозады». Кезінде үш жүздің басын қосқан Абылай ханға ақылшы болған Бұқар жырау:

Мұсылманның баласы,

Сірә, бір кеңес құрыңыз,

Бірауызды болыңыз!-

деп халықты бәрінен бұрын ынтымақшыл, ұйымшыл болуға шақырған.

Ал жыр алыбы Жамбыл атағы арындап тұрған от ауызды, орақ тілді ақын Құлмамбетті:

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт! – деген екі ауыз сөзімен жеңіп, татулық пен тыныштықтың қадірін ұқтырып кеткен...

1-тапсырма «Сәйкестендіру кестесі»


Мұсылманның баласы,

Сірә, бір кеңес құрыңыз,

Бірауызды болыңыз!-


Жыр алыбы Жамбыл

Қазақтың алыстағы ағайынмен жөн сұрасқанда...

Абылай ханға ақылшы болған Бұқар жырау

Татулықтың қадірін білген, ынтымақтың ырысын бағалаған халық

Абылайхан

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!



«Ел аман, жұрт тыныш па?»

Үш жүздің басын қосқан хан

Қазақ

Дескриптор:

-мәтінді толық түсінеді;

-берілген ақпаратты сәйкестендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет