Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжановтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті мұсылман бауырлар, қадірлі жамағат!
Сіздерді, Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әлемдік деңгейде мәртебесі биік діни мереке саналатын Құрбан айт барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам.
Құрбан айтта жасаған сауап істер арқылы адамның жүрегі тазарып, ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі.
Қасиетті үш күн күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады.
Береке-бірлікке, достыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейтін Құрбан айт мүбарак болсын!
Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Барлықтарыңызға денсаулық, бақыт тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: |