БұҚар жырау поэзиясының ТӘрбиелік мәНІ



бет1/8
Дата09.03.2022
өлшемі407.81 Kb.
#456078
  1   2   3   4   5   6   7   8
БҰҚАР ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫН ОҚЫТУ


МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ

3

1

БҰҚАР ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

6

1.1

Бұқар жырау поэзиясының тәлім-тәрбиелік идеялары

6

1.2

Бұқар жырау шығармаларындағы тәрбиелік мәні зор афоризмдер

13

2

БҰҚАР ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ

19

2.1

Бұқар жырау поэзиясын оқытудың инновациялық технологиялары

19

2.2

Бұқар жырау поэзиясын оқытудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары мен оның нәтижелері

35










ҚОРЫТЫНДЫ

40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

42

ҚОСЫМША №1

43

КІРІСПЕ



Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздігімізді жариялап, саяси, экономикалық дербестігімізді барша әлем мойындап, руханиятымыздың зерттеу аясы да кеңейген сайын бүгінгі күні ұлттық сөз өнері құндылықтарын жаңаша зерттеу, оның ғылыми-әдістемелік жүйесін жасаудың қажеттілігі артып отыр. Бұл қажеттілікті өтеу мақсатында ұлттық әдебиетке, оны оқытудың әдістемесіне бірнеше ірі міндеттер жүктелді. Әсіресе ұлттық әдебиеттің арғы тегін, алғашқы бастауларын тарихи тұрғыдан айқындап, ежелгі әдеби мұралардың бүгінгі әдебиеттің өсіп, өркендеуіне тигізген әсері мен көркемдік ықпалын саралау және де аталған мәселені білім беру ұйымдарында оқыту мәселесі айрықша маңызға ие болды. Сондықтан да ұлттық әдебиеттің ежелгі нұсқаларын ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан талдап, зерттеу, жүйелеу – тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдістеме ғылымының ең басты міндеті болып табылуда.
Қазіргі таңдағы әдістеме ғылымының басты мәселесі – қазақ жастарын ақпараттандыру қоғамының талабына сай білімді де білікті, тәрбиелі де мәдениетті азаматтар етіп қалыптастыру. Бұл – оқыту мен тәрбиелеудің барлық саласында қарастырылатын өзекті мәселе. Осындай ғылымдағы мәселелерді шешудің ұтымды жолдарын табу үшін қазақ халқының ұлттық асыл мұралары мен құндылықтарын, мұрат-мүдделері мен философиялық ой-тұжырымдарын қарастыру арқылы жастарды оқыту мен тәрбиелеуге күш салу керек.
Бүгінгі қазақ әдебиетіндегі ежелгі мұралардың белгісін айқындау үшін ерте замандардағы әдеби жәдігерліктердің, атап айтқанда, Бұқар жыраудың өзін жан-жақты, әр қырынан зерттеу, әдістемелік жүйесін қалыптастыру міндеті тұр. Көне замандардағы ата-бабаларымыздың рухани өмірінің сәулелі көрінісінен, тәлім-тәрбиелік ойларынан ақпарат беретін бұл мұралардың өзі біздің заманымызға түгел жете қойған жоқ. Қолымызда барының өзі уақыт сынынан сыры кетпесе де, кенеуі кетіңкіреген, кейбірінің мәтіні үзік-жұлық кейіпте болды.
Халқымыздың өзіндік келбеті мен рухани әлеміне зор өзгерістер әкелген Кеңес өкіметі тұсындағы әдебиеттану қазақ әдебиеті тек кеңес кезінен бастау алады деген кереғар пікірді ұстанды. Дегенмен, белгілі ғалым Б.Кенжебаев пен оның шәкірттері М. Мағауин, М. Жолдасбеков, Н. Келімбетов, А. Қыраубаевалардың ерлікке пара-пар еңбектері мен нақты ғылыми зерттеулері қазақ әдебиеті және оның арналары деген ұғымды қалыптастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет