Бөлім тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері Сабақ тақырыбы: Сунь Ятсеннің үш қағидаты Қытайды қалайша өзгертті? Оқу мақсаты: Оқу мақсаты: - 8.3.1.1 қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау
- 8.1.2.1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеялогиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау;
Бағалау критерийлері: - Қытайдың жағдайын біледі;
- Сунь Ятсеннің қағидаларын түсінеді;
- Қағидаларының нәтижесіне талдау жасайды.
XX ғасырдың басындағы Қытайдың жағдайы
Қытай Батыс елдеріне тәуелді жағдайда болды
Билік маньчжур-лердің Цин әулетінің қолында болды
Цин әулеті тұсында Қытайдың экономика-сы, халықтың жағдайы нашар жағдайда болды
Сунь Ятсеннің үш қағидасы - Ұлтшылдық - жатжерлік маньчжур әулетінің билігін құлатып, таза қытайлық билікті қалпына келтіру;
- Халық өкіметі – монархиялық билікті жойып, республикалық билікті орнату;
- Халық игілігі – жерге иелік ету құқын теңестіру немесе жерді ұлт меншігіне айналдыру;
Синьхай революциясы-1911-1913 жылдары Қытайда өтті. Осы революция басталғаннан кейін Сунь Ятсен эмиграциядан Шанхайға оралады. Нанкинде конференция өткізіп Қытайда Республика орнағанын жариялайды. Сунь Ятсен 1912 жылы 1 қаңтардан бастап Қытай Республикасының уақытша президенті болып жарияланады. Синьхай революциясы-1911-1913 жылдары Қытайда өтті. Осы революция басталғаннан кейін Сунь Ятсен эмиграциядан Шанхайға оралады. Нанкинде конференция өткізіп Қытайда Республика орнағанын жариялайды. Сунь Ятсен 1912 жылы 1 қаңтардан бастап Қытай Республикасының уақытша президенті болып жарияланады. Қытайды Республикаға айналдыру Сунь Ятсеннің қандай қағидасына жатады? Қытайдағы Қосүкімет Императорлық үкімет - Маньчжурлер генерал Юань Шикайға қарулы күштерді өз қолына алуын сұрады.
- Билікті қолына алған Юань Шикай 6 жастағы император Пу И-дің анасын Пу И-дің тақтан бас тартатыны туралы құжатқа қол қоюға көндіреді.
Қытай Республикасы - Сунь Ятсеннің үшінші халық игілігі принципі қолдауға ие болмағаннан кейін Сунь Ятсен президенттіктен бас тартады.
- Нанкин ұлттық жиналысы Юань Шикайды президент етіп сайлайды.
- Қытайда Синьхай Революциясы аяқталып, 1912 жылы наурызда Нанкинде Қытай Республикасының уақытша конституциясы қабылданады және Қытай Республикасы астанасы Пекинге көшіріледі.
1-тапсырма. Кестені толтыр
Дескриптор:
Сунь Ятсеннің қағидалары нәтижесін түсіну
1-тапсырма. Кестені толтыр
Сунь Ятсеннің қағидалары
|
Нәтижесі
|
Ұлтшылдық
|
Қытайды III ғасыр билеген маньчжурдің Цин әулетін құлатты
|
Халық өкіметі
|
6 жастағы император Пу И-дің анасын Пу И-дің тақтан бас тартатыны туралы құжатқа қол қойғаннан соң монархия жойылды, бүкіл елде Республика орнады
|
Халық игілігі
|
Бұл қағидасы орындалмады
| 1921 жылы Сунь Ятсен Қытай Республикасының президенті болып сайланады. Үш қағадасына жаңа өзгерістер енгізеді 1921 жылы Сунь Ятсен Қытай Республикасының президенті болып сайланады. Үш қағадасына жаңа өзгерістер енгізеді
Ұлтшылдық – Қытайдағы шетелдік езгіні жою және Қытайда өмір сүрген халықтардың барлығына тең құқық беру
Демократизм – халыққа тең құқық беретін мемлекеттік құрылысты орнату
Халық игілігі – шаруаларды жермен қамтамасыз ету, жұмысшыларды әлеуметтік жағынан қорғау, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешу
Нәтижесі - 1921 жылы Қытай Коммунистік партиясының Құрылтай съезі болды.
- Сунь Ятсен 1925 жылы қайтыс болды. Сунь Ятсеннің құрған Гоминьдан партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы арасында күрес басталады. Соған байланысты Сунь Ятсеннің жаңартылған үш қағидасы жүзеге аспады.
- Сунь Ятсен 1 ____ жылы Қытай Республикасының президенті болды.Оның ұлтшылдық қағидасы 2_______ жоюға бағытталды. Халыққа тең құқық беретін жүйе оның 3________ қағидасында айтылады. Халық игілігі қағидасының мәні 4__________ болып табылады. Сунь Ятсеннің жаңа қағидаларының жүзеге аспауына 5 _________ себеп болды.
2-тапсырма. Мәтіндегі бос орынды толтыр - Сунь Ятсен 1 1921 жылы Қытай Республикасының президенті болды. Оның ұлтшылдық қағидасы 2 шетелдік езгіні жоюға бағытталды. Халыққа тең құқық беретін жүйе оның 3 демократизм қағидасында айтылады. Халық игілігі қағидасының мәні 4 шаруалар мен жұмысшылар жағдайын жақсарту болып табылады. Сунь Ятсеннің жаңа қағидаларының жүзеге аспауына 5 қайтыс болуы және ол өлгеннен кейінгі күрес себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: |