Бөлім: Туған жерім-аялы алтын бесігі Мектеп: №43 жоббм күні



бет1/2
Дата27.10.2022
өлшемі460.91 Kb.
#463442
түріСабақ
  1   2
№ 4 Аяз би ертегісінің көркемдік сипаты





Бөлім: Туған жерім-аялы алтын бесігі

Мектеп: №43 ЖОББМ

Күні : 13.09.2022

Мұғалім: Сыдыкова Р.А.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

"Аяз би" ертегісінің көркемдік сипаты.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.3.1 шығармадағы көркем ауыстыруларды(троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау;



Сабақ мақсаты

Барлығы: ертегіден көркемдеуіш тәсілдерді анықтау, қолданылу ерекшелігін түсіндіру.
Көпшілігі: "Аяз би" ертегісін көркемдік ерекшелігіне талдау.
Кейбіреулері: ертегіден көркемдеуіш тәсілдерді анықтау, сатылай кешенді талдау

Бағалау критерийлері:

  • шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтайды.

Құндылықтарды игерту:

  • Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Пәнаралық байланыс

Әдебиет теориясы, қазақ тілі

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: «Аяз би» ертегісі бойынша көркем шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Аяз би» ертегісі

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа деген дайындығын қадағалау.
Жағымды психологиялық ахуал.
Қызығушылықты ояту. Топтарға бөлініп, «Аяз би» ертегісінде айтылатын құстар мен өсімдік түрлеріне қосымша дереккөздерді пайдалана отырып, түсінік беріңдер.


  • Осы эпизодтарды сипаттаудағы автордың шеберлігі неде?



Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа деген дайындығын қадағалау.
Топтарға бөлініп, «Аяз би» ертегісінде айтылатын құстар мен өсімдік түрлеріне қосымша дереккөздерді пайдалана отырып, түсінік беріңдер.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


ҚБ «Түстер»




6-сынып қазақ әдебиеті

Сабақтың ортасы


Мағынаны тану. 1-тапсырма. «Алтын микрофон» ойынын ойнату арқылы шығармадан алған әсерін сұрау(интервью алу арқылы жүргізіледі).

Интервью сұрақтары:

  1. Автор ертегі оқиғасын қызықты ету мақсатында қандай тәсілдерді қолданады, шығарма тілі неге қызықты?

  2. Ертегіде сізді әсерге бөлеген оқиғалар бар ма? Несімен әсер етті?

  3. Автор ертегідегі кейіпкерлерді бейнесін сипаттауда қандай көркемдегіш тәсілдерді қолданған?

  4. Ертегіде даналық сөздер кездеседі ме?

Дескриптор:

  • ертегінің ерекшелігін анықтайды;

  • ертегідегі әсерге бөлеген оқиғаларды табады;

  • ойын дәлелдейді, қорғайды;

  • сұхбат береді.

ҚБ
2- тапсырма. Ертегідегі көріктеу-айшықтау (көркемдегіш) құралдарын, мақал-мәтелдерді, ауыспалы сөздерді тауып, дәптерге жазыңдар.

Дескриптор:
* ертегіден көркемдегіш құралдарды табады;
* мағынасын анықтайды;
*себебі мен дәлелін анықтайды;
*қорытындысын шығарады.
ҚБ


Бекіту. «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әлің ді
біл» деген ойды байланыстырып, ертегі идеясы бойынша ойыңды қорытындыла
«Менің түсінгенім...»

«Алтын микрофон» ойынын ойнату арқылы шығармадан алған әсерін сұрау(интервью алу арқылы жүргізіледі).
Ертегінің ерекшелігін анықтайды;
•ертегідегі әсерге бөлеген оқиғаларды табады;
•ойын дәлелдейді, қорғайды;
•сұхбат береді.

Ертегідегі көріктеу-айшықтау (көркемдегіш) құралдарын, мақал-мәтелдерді, ауыспалы сөздерді тауып, дәптерге жазыңдар.


Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табады;


мағынасын анықтайды;
себебі мен дәлелін анықтайды;
қорытындысын шығарады.

Айтылған ойды байланыстырып, ертегі идеясы бойынша ойыңды қорытындыла.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет