Сабақтың тақырыбы: Халық кегінің күйшісі.
Сабақтың мақсаты: Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын көркем әдеби тілде әңгімелету, ондағы негізгі ойды анықтау.
Дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке тәрбиелеп, халықтық педагогика элеметтерін бойына сіңіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
Сабақ көрнекілі: Суреттер Шерхан Мұртаза, Әбу Сәрсенбаев, Құрманғазы Сағырбайұлының, Махамбеттің портреттері.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздер ме,оқушылар!
- Қазір қандай сабақ?
- Ана тілі.
- Оқулықтарымызды дайындап,алдымызға қарап отырайық.
II Үй тапсырмасын сұрау.
1. Интернат қоймасы (мазмұнын сұрау)
2. Рольге бөліп оқыту.
3. Қорыту.
III Жаңа сабақ. Халық кегінің күйшісі.
1. Интернат қоймасы авторы.
2. Мәтіндегі жағымсыз кейіпкер.
3. Мұғалімнің аты.
4. Жаман қылық
5. Балалар ұрлыққа түспек болған жері
6. Күйші ойнайтын саз.
7. Абай жолы-романының авторы.
8. Бейбітшілік белгісіндегі құс.
9. Басқа пәле-мақалының жалғасы.
10. Қасиетті тағам.
11. Ұлттық тағам.
12. Жыл ауысар кездегі мереке.
13. Жыл мезгілі.
14. Сәукелеге әсемдік үшін тағылатын құстың жүні.
15. Балалардың сүйікті журналы.
16. Маңғыстаулық күйші.
17. Ұлттық киім.
18. Ұлттық бас киім.
19. Қымбат тас.
Сөзжұмбақтағы сөзді оқимыз. Әңгіменің авторы Әбу
Сәрсенбаев - 1905 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Алға ауылында туған.
«Еділ толқыны», «Жүрек сыйы», «Ант», «Ақша бұлт» кітаптарының авторы.
Қазақ әдебиетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін оған Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілді. Әбу Сәрсенбаев 1995 жылы қайтыс болды. Біз бүгін Әбу Сәрсенбаевтың Халық кегінің күйшісі әңгімесімен таныспақшымыз.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
Халық азаттығы мен бостандық идеасын ту қып көтерген халық батыры, ақын Махамбет Өтемісұлы 1804 Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы Нарын құмында дүниеге келген.
Махамбет - халықтың кегі, ызасы, намысы, жігері, қайтпас қайсарлығы. Ол қазақтың кегі мен ызасынан, намысымен жігерінен жаралған наркескен рухани қару Махамбеттің өмірі қайғылы, қасіретті, өлеңі телегей теңіз тегеурінді құдыретті.
Ата бабалары: Он екі ата байұлының Жайық Берішіне жатады.
Махамбеттің 7 күйі 1 Қайран нарын. 2 Ақтабан. 3 Жайық асу.
4 Өкініш. 5 Шілтерлі терезе. 6 Жұмыр қылыш. 7 Қиыл қорғаны. Махамбет-алмас тілді ақын,дауылпаз күйші,ақсауытты батыр. Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің ошағы халыққа кеңінен мәлім болды.
Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың ұлы күйші-сазгері 1806 жылы Батыс Қазақстан обылысы, Жаңақала ауданында туып, 1889 жылы Ресейдің Астрахан обылысында қайтыс болған. Бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлуметтік әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті.
Құрманғазы шығармалырының ішінде «Адай», «Айжан қыз», «Балбырауын» секілді ойнақы әрі оптимистік сарындағы би күйлері де бар. Құрманғазының жүрек жарды туындылары көршілес халықтар арасында танымал. Сондықтан оны «Күй атасы» деп атайды.
XIX ғасырда ежелгі күйшілер өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есіп, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
5-6 Оқушыға оқыту
Сұрақтарға жауап беру.
Тапсырмаларды орындау.
Сөздік жұмысы.
Дәптермен жұмыс.
«Кім жылдам» ойын. «Мақалдың жалғасын тап»
1. Батыр туса - ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
2. Жақсы болсаң – жақын көп.
3. Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
4. Отан отбасынан басталады.
Махамбет пен Құрманғазының күйшілік өнері күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Күйшілер Секен Тұрысбеков, Қаршыға Ақмедияров, Айгүл Үлкенбаева, Асылбек Еңсепов.
Маңғыстаулық күйшілер Роза Айдарбаева, Сержан Шәкірат т.б.
Қорыту. Бағалау. Күй «Адай».
Достарыңызбен бөлісу: |