Нәтижелерді бағалау:
Жиі жағдайларда ауру себепкері қалыпты микрофлора өкілдері (қалыпты жағдайдан ауытқып, санының артуы) болып табылады.
Асқазан:
Микробиологиялық зерттеуді сирек жүргізеді, себебі онда микробтар жоқ және саны 103-104 КОЕ/мл- ден аспайды;
Асқазанды шайған суларды тез арада зерттеу жүргізеді. Егер де мұны жасау мүмкін болмаса онда 10% бикарбонат натриын қосып, РН -н жоғары бейтарап жағдайына келтіріп, қатырып қояды.
Асқазан шайындысы суын көп көлемде зерттеуге алған кезде, центрфигуралайды және қақырықты зерттеу әдістемесі үлгісінде тұндыру талдау әдісін жүргізеді.
Нәтижелерді бағалау:
Асқазандағы бактерия саны көбеюі, ондағы бос тұз қышқылы мөлшерінің төмендеуінің көрсеткіші болып табылады.
Helicobacter, Campylobacter туқымдастығының бактерияларының анықталуы, науқаста асқазан ойық жарасы мен гастрит ауруының бар екенін меңзеуі мүмкін.
Аш ішек және тоқ ішектен зерттеу затын алу:
Бірнеше жерінен нәжісті (іріңді, шырышты және қан аралас қосынды болуы мүмкін) шыны, ағаш немесе металлдан жасалынған таяқшамен алып шыны түтікке салады.
Тік ішектен – тампонмен, шыны таяқшамен немесе кейде ректороманоскопия кезінде жанында тесігі бар ректальды түтікпен алады.
Нәтижелерді бағалау:
Өт:
Зондпен тексерген кезде өт сұйықтығын (3 бөлік – А, В, С) алу;
3 бөлікті жеке зерттегенде, бактериологиялық зерттеу нәтижелері әр түрлі нәтиже көрсету мүмкін.
Сүзек – парасүзектік салмонеллаларымен жинақталып, колонизацияланған өт тастарының анықталуы тұрақты түрде тасымалдаушылықты көрсетеді және тез арада конкременттерді (сальмонеллаларға ең қолайлы орта - өт) алып тастауды талап етеді;
Достарыңызбен бөлісу: |