1177 шығарылым Бейсенбі, 23 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы



Дата06.06.2016
өлшемі175.5 Kb.
#118247



1177 шығарылым - Бейсенбі, 23 желтоқсан, 2010






  • Номер мақаласы

    • VII қысқы Азия ойындарына билеттер 27 желтоқсанда сатыла бастайды



  • Қазақстанда

    • Ақ Азиада-2011 ойындарына 27 елден мыңнан астам спортшы қатысатындығын растады

    • Депутат Тілеухан білім беру бағдарламасынан дарвинизмді алып тастауды ұсынып отыр



  • Мұнай-газ секторы

    • Қазақстан Еуро-3, Еуро-4 стандарттарына қарамай бірден «Еуро-5» экостандартына көшуді қарастырып отыр - Мұнай және газ министрлігі

    • МГМ Қазақстанның газ нарығын төрт құн аймағына бөлуді ұсынып отыр

    • ҚР мұнай және газ вице-министрі – Ресеймен арадағы бағаны теңестіру саясаты біртіндеп жүзеге асуы қажет

    • Мұнай және газ министрлігі – алдағы айларды Қазақстанда ЖЖМ бағасының күрт өсуі болмайды



  • Энергетика

    • ҚР рұқсатсыз іріктеу өсуі жағдай туындаса ОА бірлескен энергия жүйесінен шығатын болады - KEGOC

    • 2011 жылы Қазақстанда электр қуатын тұтыну көлемі 86,9 млрд. кВт/с арттырылады - KEGOC



  • Қаржы және инвестициялар

    • Назарбаев банкирлерді ауылдарды белсенді түрде қаржыландыруға шақырды

    • БТА акционерлері Люксембург биржасы листингіне GDR банкін енгізу мәселесін талқылайтын болады

    • БТА шикізат емес өнімдерді экспорттау үшін саудалық қаржыландыру ұсынады

    • Fitch тәуелсіз рейтингтік әрекеттерден кейін 4 қазақстандық компаниялардың рейтингін растады



  • Тау-кен металлургия саласы

    • «Қазақалтын» бойынша қылмыстық іс уақытша тоқтатылған



  • Жылыжымайтын мүлік

    • ҚР жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік – Биылғы жылы Астана мен Алматыда ЖТүҚ үшін бірде-бір жер телімі бөлінген жоқ



  • Көлік және коммуникациялар

    • Алматы қаласының әкімі газбен жүретін автобустардың алғашқы партиясын көрсетті

    • Қазақстан бастапқы интернет-провайдерлері тарифін мемлекет реттейтін болады

    • KazSat-2 жерсерігін ұшыру мерзімі 2011 жылдың наурызына шегерілді



  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар

    • АҚШ Сенаты ШҚС анықтады, ендігі кезек Ресейде

    • «Ата Мекен» және «Ар Намыс» фракцияларының көшбасшылары фракциялардың оппозицияға өткені туралы ресми түрде хабарлады

    • Ауғанстан Душанбедегі тергеу изоляторынан қашып шыққан өз азаматтарын Тәжікстанға қайтармайды



  • Бағалар мен статистика

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



VII қысқы Азия ойындарына билеттер 27 желтоқсанда сатыла бастайды


VII қысқы Азия ойындарына билеттер 27 желтоқсанда сатыла бастайды. Ол туралы бүгін Алматыда өткен Азиаданың барлық шаралары туралы жарияланған пресс-конференция барысында айтылды, сондай-ақ билеттердің үлгілері көрсетілді.

Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің билет жүйесі жөніндегі басқарма бастығы Мәсімжан Тайыпов, ойындардың ашылуы мен жабылуының бағалары осыған ұқсас жарыстармен салыстырғанда төмен болады. Бұл ел басшылығының құрықтық біріншілік өткізуде коммерциялық мақсаттарды көздемейтіндігінң дәлелі. Кез келген көрермен Астанадағы ашылуды 7500 немесе 15000 теңгеге, ал алматыдағы жабылу салтанатын – 4500 немесе 12 000 теңгеге тамашалай алады.

Қалған басқа ойын шараларын көру бағасы: спорт түріне байланысты 750 теңгеден 4500 теңгеге дейін болады. Ең қымбаты шайбалы хоккейден ерлер арасындағы финалдық турнир.

Билеттер жаңа ьехнологияда жасалған және төрт қорғаушы сатысынан тұрады: голограмма, билеттің төменгі жиегінде жүргізілген металды жолақ, билетті жыртқанда көрінетін іші түрлі-түсті арнайы үш қабатты қағаз және штрих-код.

Азия ойындары кезінде билет тексерушілердің орнына элктронды-өткізу жүйесі жұмыс істейтін болады. Билеттерді әртүрлі тәсілмен алуға болады: билет сататын кассаларда немесе Интернет арқылы. Алматыда – 11 және Астана 9 билет сататын орындар белгіленген. Сонымен қатар билетке тапсырыс беру Қазақстанның 14 қаласында жұмыс істейтін болады. Ұйымдастырушылар алыпсатарлық жағдайларының алдын алатыны туралы уәде беріп отыр.

VII қысқы Азия ойындары Астана мен Алматыда 30 қаңтардан 6 ақпанға дейінгі аралықта өтетін болады, спорттың 11 түрінен 69 марапаттар жинағы ойнатылу туралы естеріңізге сала кетейік, деп хабарлады Kazakhstan Today


Қазақстанда



Ақ Азиада-2011 ойындарына 27 елден мыңнан астам спортшы қатысатындығын растады


Қазақстанда 2011 жылы өтетін 7-ші қысқы Азия ойындарына қатысатындығын Азияның 27 елінен 1134 спортшы мен 534 ресми тұлғалар қатысатындығын растады, «Азиада ұйымдастыру комитетінің атқарушы әкімшілігі» АҚ мәлімдеді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстандағы Ақ Азиадаға Азия құрлығына енетін 45 елдің 32-і қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, Қазақстан Ойындарға қатысатын спортшылардың саны жағынан алда тұр. Ел намысын  167 спортшы қорғамақ.

2011 жылғы 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтетін Ақ Азиадада спорттың 11 түрі бойынша (конькимен жүгіру, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер арасында), мәнерлеп сырғанау, трамплиннен шаңғымен секіру, фристайл, допты хоккей бойынша жарыстар (бенди), тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы, биатлон, шаңғымен қысқы спорттық бағдарлау және шорт-трек) барлығы 69 жиынтық медаль сарапқа салынады.

Астана негізінен осы аталған спорт түрлеріне қатысатын спортшылар алтын медальдерді иеленетін болады деп үміттенуде, Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Депутат Тілеухан білім беру бағдарламасынан дарвинизмді алып тастауды ұсынып отыр


Мәжіліс мүшесі Бекболат Тілеухан білім беру бағдарламаларынан дарвинизмді алып тастауды ұсынды. Ол осыған сәйкес депутаттық сұрауды 22 желтоқсанда өткен ҚР парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың атына жолдады.

«Адам маймылдан жаралды ма, әлде, топырақтан жасалған ба – осыны анық алайық. Егер біз ары қарай да дарвинизм идеологиясына сүйенетін болсақ, онда балаларымызда әрқилы түсінік қалыптасатын болады, өйткені, оларға ғылыми тұрңыда білім берілмегендіктен, бүгінгі күні олардың қалай болып, не істеу керектігін білмей жүргенін түсінуіміз қажет» - деді Б.Тлеухан.

Ол биылғы жылы осы мәселелер төңірегінде қазақстан азаматтарынан келіп түскен көптеген хаттар алғанына тоқтала кетті.

«Америкада дарвинизмге 1935 жылы заң жүзінде тыйым салынған болатын, сондықтан да АҚШ дарвинизм ғылыми тұжырым ретінде қарастырылмайды. Тіпті адамның маймылдан жаралды деген пікірдің өзі оның ғылыми еместігінің анық дәлелі емес пе», - ден қосты мәжілісші.

Осыған байланысты, ол ҚР білім және ғылым Министрлігіне Қазақстанда осы екеуінің қайсысы оқытылатын анықтап алуы туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.

Мұнай-газ секторы



Қазақстан Еуро-3, Еуро-4 стандарттарына қарамай бірден «Еуро-5» экостандартына көшуді қарастырып отыр - Мұнай және газ министрлігі


Мұрат Жакеев, ҚазАқпарат

ҚР мұнай және газ министерлігі күтпеген шешім қабылдап отыр. Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары (МҚЗ) 2014 жылға қарай жаңарту жұмыстарынан кейін «Еуро-5» стандартты жанармайды «Еуро-3» және «Еуро-4» тоқталмай, шығаруға дайындалады.

Ол туралы BNews.kz порталы студиясында өткізілген онлайн-конференция барысында вице-министр Әсет Мағауов мәлімдеді.

«Отын стандарттары бойынша «Еуро-3-ке»  көшу  2014 жылға бекітіліп отыр. Ал  2016 жылы «Еуро-4» стандартына көшу қарастырылған. Сонымен бірге біздің мамандар мұнай өңдеу зауыттарын қайта жөндеу аясында бірден Еуро-5 стандартына көшу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр»,-деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы қайта жөндеу жұмыстары аясында «Еуро-5» стандартына көшу шаралары іске асырылса, онда айтарлықтай қомақты инвестиция қажеттілік етпейді. «Жалпы алғанда біз қазіргі кезде осы бағытта талдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»,-деді Әсет Мағауов.

Жоғарыда айтылғандарға қосымша, «үш зауыттың қайта құрылуы нәтижесінде мұнай өңдеу көлемі жылына 17 млн. тоннада асып түсуі өажет жоспарлануда. Бұл Қазақстанның мқнай өнімдеріне деген бар сұранысын қанағаттандыратын болады. Өйткені қазіргі кезді жылына 13 млн мұнай өңделіп отыр. Барлық мқнай өнімдері зауыт тың жаңаруынан кейін халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс», деп толықтырды.


МГМ Қазақстанның газ нарығын төрт құн аймағына бөлуді ұсынып отыр


ҚР мұнай жіне газ министрлігі (МГМ) Қазаұстанның газ нарығын төрт баға аймағына бөлуді ұсынып отыр. Ол турады ҚР мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов онлайн-конференция барысында хабарлады.

Ә.Мағауов Кеден одағы аясында Қазақстан мен Ресей келісіміне сәйкес 2015 жылға қарай газ сату кірісін теңестіруі қажеттігі туралы еске сала кетті. «Ресей Федерациясының және де Қазақстан территориясын ескере отырып, газ құнын теңестіру бойынша іс-шараларда қиындықтар туындайтын болады», деп атап өтті.

Вице-министрдің ойынша, «ресей жағы ішкі құнды теңестіру бойынша мұндай бағдарламаны жүргізуді құлшыныспен құптауда». «Кеден одағы құрылғанға дейін, олар осы жұмысты іске асыруға талпынған болатын. Бұл шаруаның оңай еместігін ескере отырып, олар өздеріне бағдар ретінде 2015 жылды алып отыр деп есептеймін. Біз өз кезегімізде, 2015 жылға дейін бірдей кіріс түсіру принцинтерін Кеден одағы келісімі аясында жасауға міндеттіміз», - деп толықтырды.

«Ресейде бағаның құрылуының ағымдағы принципі, Ресейдің аймақтарға бөлінуіне байланысты. Әр аймақта газдың өз көтерме бағасы бар. Бола тұра, негізінен «Газпром» сататын газ реттеліп отырады. Тәуелсіз газ өндірушілер өнімін еркін бағамен сатады. Осыдан келіп, Қазақстанда да төрт баға жасау аймағын енгізіп, осы аймақтарда баға деңгейін анықтау қажет деген пікір туындайды», - деп хабарлады вице-министр.

ҚР баға құрылуы бойынша нақты әдістеме әлі жоқ, ол мәселені мамандар қарастыруда.

«Менің ойымша, осындай саясат болуы қажет және біз өзіміздің энергия қорларымыз бен энергиялық тиімділікке ұқыптылықпен қарап, газды бекер жұмсамауымыз қажет. Оның құны 50-60 доллар болса, ешкім де үнемдемейтін болады», - деп қорытты вице-министр, деп хабарлайды Kazakhstan Today.


ҚР мұнай және газ вице-министрі – Ресеймен арадағы бағаны теңестіру саясаты біртіндеп жүзеге асуы қажет


Мұрат Жәкеев, ҚазАқпарат

Ресеймен бағаны теңестіру саясаты біртін жасалуы қажет. Ол туралы ҚР мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов BNews.kz порталы студиясында өткен онлайн-конференциясы барысында мәлімдеді.

ҚР мұнай және газ Министрлігінде, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Ресейдегі кеден орындарының алынуына қазақстандық мұнайдың көршілес елдерге жаппай ағылу қаупі пайда болуынан қауіптеніп отыр. Дегенмен, министрлік өкілі сөзіне қарағанда, бұл тек жорамалдар екені, осы мәселе бойынша толық болжамдар келесі жылдың басында дайын болатыны анықталды.

«1 шілдеден бастап кеден одағы аясында кеден посттары алынып, мұнай өнімдері үшін еркін тасымалдау мүмкіндігі пайда болады. Ресейде кейбір мұнай өнімдері түрлеріне бөлшектік құны жоғары екенін ескерсек, мұнай мен мұнай өнімдерінің біздің аймақтардан гөрі Ресейге ағылуының пайда болу қаупі туындайтын болады, - деген қам үстінде.

«Мен қаңтардың басында тек министрлік бойынша ғана емес, жалпы, Кеден одағының ішкі баға деңгейіне әсер етуі бойынша – оның қаншалықты көтеріліп, төмендеуі туралы – біздің келешектегі жоспарлауымызға қажетті дәл болжамдарға қол жеткізетін боламыз деп ойлаймын», - деп қорытты ҚР мұнай мен газ вице-министрі.

Мағауовтың мәліметтері бойынша, жоғары октанды бензиннің бағасы Қазақстанға қарағанда едәуір жоғары, оның құны литрі 28 рубльге дейін жеткен. «Біздің ақшаға шаққанда, 96 немесе 98 маркалы бензин – 140 теңге болады екен. Және бұл аймақтарға байланысты болып отыр, мәселен, Мәскеуде – қымбатырақ», - деп қорытты ҚР вице-министрі.


Мұнай және газ министрлігі – алдағы айларды Қазақстанда ЖЖМ бағасының күрт өсуі болмайды


Мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов, мұнай және газ министрлігінің болжамы бойынша, Қазақстанда алдағы айларды жанар-жағар май материалдарына бағаның өсуін болмайды, деп мәлімдеді.

«Бірден өсу болмайды, баға тоқсанда бір рет 2-3 теңгеге өсіп отыр. Менің ойымша, жақын арадағы екі-үш ай ішінде облыс әкімдері, мқнай өндіру компаниялары және мқнай өңдеу заыттарымен бірлесе отырып, жаңа баға деңгейі анықталатын болады, екі жыл бұрынғыдай бағаның күрт көтерілуі болмайды», - деп жауап берді Мағауов онлайн-конферецияда қойылған сұрақтарға.

Ол өткен жылдан бері қарай Қазақстанда ЖЖМ-на бөлшекті бағасы шегін мемлекеттік реттеу енгізілгенін еске сала кетті. «Осылайша, біз бағаның секіруі, кейде тіпті алыпсатарлықпен өсуін тоқтатып, ішкі нарық қажеттілігін мен мқнай өндіруші компаниялар тарапынан ұсынылатын мүмкіндіктерді ескере отырып бағаны жоспарлы түрде ұстау қалыптастырылды», - деді вице-министр .

Осы ретте, бірінші шілдеден бастап Кеден одағы елдерінің - Ресей, Белоруссия, Қазақстан шекараларында кедендік посттардың алынуына байланысты, Қазақстаннан Ресейге қарай мұнай өнімдерінің «ағылуы» қаупі пайда болуы мүмкін дейді мұнай және газ министрлігінде, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Энергетика



ҚР рұқсатсыз іріктеу өсуі жағдай туындаса ОА бірлескен энергия жүйесінен шығатын болады - KEGOC


«KEGOC» Қазақстандағы энергия жүйесінің Бірегей операторы жүйесінің баспв қызметтері хабарлағандай, Қазақстан, егер басқа аймақтағы елдер энергия жүйесі қуатын келісімсіз іріктеу жағдайы болса, Орталық Азия бірлескен энергия жүйесінен параллельді жұмыстан шығатын болады.

«2010-2011 жж. күзгі-қысқы маусым басталысымен өзбекстандық энергия жүйесі тарапынан әр түрлі жағдайларға (стансылардағы апат әсерінен қуат өндіру көлемінің азаюы, газ құбырындағы қысымның төмендеуі) байланысты мемлекетаралық қуат ағындары сальдосынан ауытқу оқиғалары тіркелген болатын», - делінген сәрсенбіде компания хабарламасында.

2009 жылы 500 кВт-тық екінші транзит желісінің іске қосылуы себепті Қазақстандағы оңтүстік энергия торабының өткізу қабілеті артып, солтүстік энергия көздерінен тартылған қосымша жүктеме мен қуат ағындары есебінен оңтүстік тұтынушыларын энергиямен жабдықтау еш кедергісіз қамтамасыз етілді, компания нақтылады.

Бұл ретте, хабарламада «Орталық Азия БЭЖ энергия жүйелері тарапынан келісім-шарттан тыс алынатын қуат көлемі артып (жүйелі түрде қайталанып), Қазақстан БЭЖ-нің тұрақты жұмысына қауіп төнген жағдайда ҚР БЭЖ-нің Орталық Азия БЭЖ-нен бөліну мәселесі қайта күн тәртібіне қойылмақ» делінген. 

Дәл осындай жағдайға қажетті техникалық шаралар әзірленіп, іске қосылуға дайын, яғни Жамбыл  МАЭС-нде жұмыс істейтін генераторлар саны 3-4 энергоблокқа дейін ұлғаймақ. Жамбыл МАЭС-і үстіміздегі жылдың 1 қарашасында іске қосылған болатын. Қазіргі уақытта стансы 200 МВт-қа дейінгі жүктемемен бір блоктық режимде жұмыс істеуде, делінген Қазақстан жаңалықтарында.

2011 жылы Қазақстанда электр қуатын тұтыну көлемі 86,9 млрд. кВт/с арттырылады - KEGOC


«KEGOC» АҚ-ның баспа қызметтері хабарлағандай, 2011 жылы Қазақстан электр қуатын тұтыну сағатына 86,9 миллиард кВт, артатын болады деп күтілуде.

«Қазақстан БЭЖ бойынша күтілетін тұтыну және өндіру көлемі: 2010 жылы - тұтыну 83,7 млрд. кВт/с, өндіру 82,4 млрд.кВт/с; 2011 году - тұтыну 86,9 млрд.кВт/с, өндіру 86,4 млрд.кВт/с. Құрайтын болады», деп хабарланды.

«KEGOC» АҚ-ның жасаған болжамдарға сәйкес, 2010/2011 күзгі-қысқы маусымда Қазақстан БЭЖ-інде тұтыну көлемінің ең жоғарғы мөлшері 13 мың, өндірудің ең жоғарғы көлемі - 12 655 МВт. Алдыңғы жылы тіркелген еі жоғарғы тұтыну 2010 жылғы 10 ақпанында 12 442 МВт деңгейінде тіркелген болатын, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Қаржы және инвестициялар



Назарбаев банкирлерді ауылдарды белсенді түрде қаржыландыруға шақырды


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екінші деңгейдегі банктер тарапынан ауыл кәсіпкерлеріне қаржылық қолдау көрсету шараларын кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру қажет деп есептейді. Ол туралы ҚазТаг сілтемесінде «Қазақ-Дәні» АА хабарлады.

«Өкінішке орай, біздің банктер әлі де орта бизнесті дұрыс несиелеуді бастамай отыр. Олар «Бизнес жол картасы-2020», бюджеттік қаржы болғандықтан, жүзеге асыруға қатысумен ғана шектелуде. Сондықтан да үкімет финансисттермен бірге кәсіпкерлерімізді қолдау құралдарын кеңейтуі қажет. Оның ішінде ауылдарға микро несие бөлу болуы керек», деп қорытты ол «Алтын сапа» мен «Парыз» сыйлықтарын тапсыру салтанатында.

Мемлекет басшысы қазіргі кезде елімізде микро несие беретін ұйымдар бар екенін, алайды «оның аздық ететін» айта кетті.

«Ауылдарға микро несие беру, жанұялардың дұрыс өмір сүруі үшін тұрмыс шаруашылығын құруға көмектесуі қажет. 200-300 доллар несие алған әйел, бақшасын егіп, сиыр мен тауық сатып алады да, қарызын қайтаруға қам жасайтынын байқадық. Әйелдер ерлеріне қарағанда жауакершілікті болы келеді. Егер де біз осы бағдарламаны дұрыс жолға қоятын болсақ, еліміздің көптеген отбасыларына көмек бере аламыз», - деп шақырды елбасы.


БТА акционерлері Люксембург биржасы листингіне GDR банкін енгізу мәселесін талқылайтын болады


2011 жылы 9 ақпанда қазақстандық БТА банк акционерлері кезектен тыс жалпы жиналыста банктің қарапайым акцияларына шығарылған депозиттік қолхаттарды Люксембург қор биржасы листингіне енгізу туралы мәселені қарастыратын болады, делінген БТА хабарламасында.

Оған қоса, күн тәртібінде банктің қарапайым акцияларын Қазақстан қор биржасы (KASE) листингіне енгізу де қаралатын болады.

БТА Банктің қарапайым акциялары үстіміздегі жылдың тамызында аяқталған қарыздарды қайта қараудан кейін, қазіргі кезде KASE-нің «Листингті емес құнды қағаздар» категориясында тұрғаны белгілі.

Осыдан біраз бұрын БТА Банк басқармасының төрағасы Әнуар Сәйденов, банк қарыздары қайта қарау процесі барысында кредиторлармен арада қол жеткізген келісімге сәйкес, GDR банк қарапайым акцияларын қайта қарау процесінен кейін жарты жыл ішінде Люксембург биржасының листингіне енгізуі қажет болатын, деп хабарлады.

Бта банк тамыздың аяғында қарыздарының қайта қаралуын жемісті аяқтады. Қайта қарау нәтижесінде БТА Банктің қаржылық қарызы 12,2 миллиард доллардан 4,2 миллиард долларға қысқартылып, өтеу мерзімі 20 жылға ұзартылды. Бұл барлық өтелмеген қарыздардың орнына кредиторлардың қолма-қол ақша, банк акцияларын және банктің жаңадан шығарылған облигацияларына алмастыру арқылы жүзеге асырылған.

Қайта қараудан кейін кредиторлар акционерлерге айналып, олардың үлесі акционерлік капиталдың 18,5% тиесілі болды. «Самұрық-Қазына» Ұлттық Қоры қалған 81,48 % иеленген банктің басты акционері болды. Миноритарий үлесіне 0,02% акция тиді, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


БТА шикізат емес өнімдерді экспорттау үшін саудалық қаржыландыру ұсынады


БТА Банк қазақстандық шикізат емес өнімдерді экспорттаушы-мекемелерді қолдау бағдарламасы аясында саудалық қаржы бөлуді қарастыратын «ҚазЭкспоГрант» экспорт-несиелік сактандыру корпорациясы» АҚ-мен шартты банктік салымдар туралы келісім жасады, деп хабарлады банктің баспа қызметтері.

«ҚазЭкспоГарант» бағдарламасы 2010 жылы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жж. индустриялық-инновациялық жеделдетілген дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ИИЖДМБ) жүзеге асыру мақсатында құрылған. Бағдарламаның басты мақсаттарының бірі жеңілдетілген шарттармен саудалық қаржыландыру бөлу арқылы қазақстандық өнімдерге шетелдік сатып алушылардың сұранысын ынталандыру болып табылады. Бағдарламаға БТА Банкпен қатар, «ҚазКоммерцбанк» АҚ да қатысады.

«Бағдарлама шеңберінде саудалық қаржыландыру бөлу үшін «ҚазЭкспоГарант»-тың БТА Банкке салған шартты салымдары қаржы көзі болады», - деліген хабарламада.

Банктің атап көрсетуі бойынша, экспорттық келісім-шарт бойынша бір салымның ең жоғарғы көлемі 150 миллион теңге, тарату мерзімі – 12 айға дейін. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ҚазЭкспоГарант-қа мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың бірінші траншының көлемі 1,5 миллиард теңгені құрайды.

Бағдарламада қарастырылған саудалық қаржыландыру механизмі келісуші жақтардың барлығы үшін өзара тиімді ынтымақтастық принциптеріне негізделген. Бағдарламаға қатысу үшін, қазақстандық шикізат емес өнімдерді экспорттаушы-кәсіпорындар банк бөлімшелері немесе «ҚазЭкспоГарант»-қа хабарласулары қажет, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Fitch тәуелсіз рейтингтік әрекеттерден кейін 4 қазақстандық компаниялардың рейтингін растады


Fitch Ratings төмендеі компаниялардың шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді рейтинг дефолтының эмитенті (РДЭ) растады: Ұлттық Компания «ҚазМұнайГаз» («ҚазМұнайГаз» ҰК), Қазахстан темір жолы (ҚТЖ), Электр торабтарын басқару бойынша Қазақстандық компания (KEGOC) және Маңғыстау электр торабтарын тарату компаниясы (МЭТТР), делінген халықаралық рейтинг агенттігінің хабарламасында.

Рейтингтік әрекеттер 20 желтоқсандағы Қазақстанның шетел және ұлттық валютасындағы ұзақ мерзімді РДЭ «ВВВ» және «ВВВ-» деңгейінде, осыған сәйкес, шетел валютасында қысқа мерзімді РДЭ "F3" деңгейінде растады.

Агенттік Қазақстанның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді РДЭ болжамын «тұрақты»-дан «позитивті»-ге ауыстырды.

ҚазМұнайгаз шетелдік валютасында ұзақ мерзімді РДЭ «ВВВ-» деңгейінде, «тұрақты» болжамы бойынша бекітілген. Ұлттық валютада ұзақ мерзімді РДЭ «ВВВ» деңгейінде, «тұрақты» болжамы бойынша бекітілген. Қысқа мерзімді шетелдік валютадағы РДЭ «F3» деңгейінде расталды. Қамсыздандылырған басымдылық рейтингі «ВВВ-» бекітілді.

Қазақстан темір жолы ұзақ мерзімді РДЭ шетелдік валютада «ВВВ-» деңгейінде, болжам «тұрақты» бекітілген. Басым қамсыздандылырған рейтингі «ВВВ-» бекітілді.

Қазақстандық электр тораптарын басқару компаниясының шетелдік валютада ұзақ мерзімді РДЭ «ВВВ-» деңгейінде расталып, болжам «тұрақты»-дан «позитивті»-ге ауыстырылған. Ұлттық валютада ұзақ мерзімді РДЭ «ВВВ» деңгейінде болса, болэам «тұрақты» -дан «позитивті»-ге ауыстырылған. Қысқа мерзімді шетелдік валютадағы РДЭ «F3» деңгейінде расталды.

Маңғыстау электр тораптарын тарату компаниясы шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді РДЭ «ВВ» деңгейінде, болжам «тұрақты» деп расталды. Қамсыздандырылған басымдылық рейтингісі шетел валютасында «ВВ» деңгейінде болса, қысқа мерзімді шетелдік валютадағы РДЭ «В» деңгейінде расталды. Ұзақ мерзімді ұлттық валютада «АА-(kaz)» деңгейінде, болжам «тұрақты», деп хабарлайды RosInvest.com "Финмаркет" АА сілтемесінде.

Тау-кен металлургия саласы



«Қазақалтын» бойынша қылмыстық іс уақытша тоқтатылған


Айнагүл Бекеева, ҚазТАГ

«Қазақалтын»АҚ бойынша қылмыстық іс тексеруі уақытша тоқтатылды. Ол туралы экономикалық және коррупциялық қылмыспен күресу жқніндегі агенттік (қаржы полициясы) төрағасы Қайрат Қожамжаров сәрсенбі күні журналистерге берген жауабында айтты.

«Іс әзірше тоқтатылды, себебі, біз Ресейге халықаралық тапсырыс жібердік. Қажетті құжаттар келген соң қорытынды шешім қабылдайтын боламыз», - деді төраға Қ.Қожамжаров.

Қаржы полициясының басшысы «Қазақалтын» ММК іс-әрекеттері туралы аудиторлық қорытындыны Ресей құқық қорғау органдары беруі қажет деп нақтылады.

Мәжілістің пленарлық отырысында хабарланғандай, осы қылмыстық іс бойынша қорытындылар сотқа жіберіледі, де отырып, құжаттардың бағытталу мерзімі аталмаған болатын.

Қаржы полициясы KazakhGold (65% "Полюс Золоту"тиесілі) еншілес операциялық құрылы және "Қазақалтын" ММК есепшоттарын жауып тастаған болатын. Тұтқынға алу "Полюс" менеджерлеріне қатысты қаржы полициясының ҚР ҚІ 177 бабының 3 т. бойынша іс қозғауына байланысты (көп мөлшерде алаяқтық жасалуы) жүзеге асқан болатын.

Қараша айында «Полюс Золото» Асаубаевтар әулетімен (KazakhGold бұрынғы акционерлері) «Қазақалтын» активтерін қайтару туралы бейбіт келісімге келген болатын. Келісім бойынша, «Полюске» Лондонда тіркелген KazakhGold, ал Асаубаевтарға «Қазақалтын» тиесілі болған.

«ПолюсЗолото» ААҚ Jenington International Inc еншілес компаниясы арқылы KazakhGold Group Limited акция пакетінің 50,1% ие.

KazakhGold активтеріне Ақсу, Бетөбе, Жолымбет, Оңтүстік Қарауыл төбе және солтүстік Қазақстандағы Қызылсор және Батыс Қазақстандағы кен орындары кіреді. Компаниялардың қорлары мен болжамдық ресурстары 59,6 млн. троя унциясына бағаланады.

«ПолюсЗолото» ААҚ – Ресей мен Қазақстандағы негізгі алтын өндірушілер. Ол шикізат базасы мен өндірісі көлемі мен нарықтық капитализациясы бойынша әлемдегі ірі өндірушілер қатарына кіреді. Компанияның активтерінің халықаралық портфелі Красноярск, Иркутск, Магадан және Амур облыстарының, Саха Республикасы (Якутия), Қазақстан, Румыния мен Қырғызстан руда және қорымдық кен орындарын қамтиды, деп хабарлайды ҚазТАГ.


Жылыжымайтын мүлік



ҚР жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік – Биылғы жылы Астана мен Алматыда ЖТүҚ үшін бірде-бір жер телімі бөлінген жоқ


Мұрат Жакее, ҚазАқпарат

Үстіміздегі жылы Алматы мен Астана қалаларында бірде-бір жер телімі жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТүҚ) бөлінген жоқ. Ол туралы ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік төрағасы Өмірзақ Өзбеков 20 желтоқсанда өткен онлайн-конференция барысында айтты.

«ҚР жер туралы заңдарына сәйкес кәмелеттік жасқа толған әрбір республика азаматы 10 соток жер телімін тегін түрде алуға құқы бар. Осы жағдай бойынша талдау жасау барысында өтініш берудің 95% ҚР ірі қалалары Астана, Алматы және республиканың облыс орталықтарына бағытталғанын көрсетті. Мәліметтерге қарағанда Астана мен Алматы қалаларында ЖТүҚ мақсатында ешқандай жер телімі бөлінбеген», - деді Өзбеков.

Агенттік басшысының сөзі бойынша, ЖТүҚ үшін берілетін бос аумақтардың аздығы, ірі қалалар байқалады, ал ауылдық жерлерді – керісінше, жер көп. Алайда ондағы тегін жерлерді алуға ұмтылатындар аз.

«Адамдар үлкен қалаларда өмір сүргісі келеді, бірақ өмір сұру үшін қажетті инфрақұрылымы бар, менің айтып отырғаным, электр жарығы, су, канализация бар жер телімдері, әрине өте аз. Осыған байланысты ірі қалаларда жер телімін бөлуге шектеу қойылған, ал ауылдық жерлер, Алматы мен Астана қалаларының аймағын айтпағанда, ол туралы мәселелер жоқ», - деп сендірді Ө.Өзбеков.

ҚР жер ресурстары жөніндегі Агенттік мәліметтеріне қарағанда, «республика бойынша бүгінгі күні ЖТҚ үшін жер алу туралы 1,120 млн өтініш болса, Астана бойынша – 80 мың, Алматы бойынша – 131 мыңнан астам. Көбінесе ЖТҚ үшін тегін жер телімін Оңтүстік-Қазақстан облысында – 174 мың алуға өтініш жасаған».

ҚР заң талаптарына сәйкес, «ЖТҚ үшін бөлінетін тегін жер телімдері, сол аймақтарға тиісті инфрақұрылымдары болған жағдайда ғана рұхсат етілетін болады», деп нақтылады Ө.Өзбеков.

Көлік және коммуникациялар



Алматы қаласының әкімі газбен жүретін автобустардың алғашқы партиясын көрсетті


22 желтоқсанда Алматыда газ отынымен жүретін 20 автобусты ресми түрде қолданысқа жіберді. Көқліктер «Еуро-3», «Еуро-4» стандарттарына сәйкес. Ол туралы Tengrinews.kz. тілшісі хабарлады.

Ресми түрде көрсету барысында қала әкімі Ахметжан Есімов, қаламызда бірінші рет жаңа автобустарға қызмет көрсетілетін «Алматы Электротранс» мемлекеттік жолаушылық мекемесі пайда болды.

«Қала тұрғындары қоғамдық көлік турасында айтатын көптеген мәселелері бар. Сондықтан да жаңа автобус паркі тасымалдаушы-компаниялар арасында бәсекелестікті жоғарылататын болады», - деді Есімов. Оларға арнайы газбен толтыру станциялары соғылды.

Есімов, автобустардың отын толтыру бак көлемі күні бойы жүруге жарайды, деп түсіндіріп өтті. Қоғамдық көліктің жаңа түрі экологиялық қауіпсіз және жолаушылар тасымалдауға ыңғайлы, дейді билік өкілдері.

Алматыда 9 ай ішінде түрлі көлікпен 2,5 миллион адам тасымалданған. Олардың ішінде бір жарым миллионы – автобуспен, 500 мың адам – таксимен, қалғаны – трамвай және іуе көлігімен жүргенін еске сала кетейік.

Қазақстан бастапқы интернет-провайдерлері тарифін мемлекет реттейтін болады


Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиттет (антимонополия ведомствосы) баспа қызметтері, Қазақстанның Интернет компанияларының бастапқы қосылу нарығындағы үстем тарифтерін мемлекет реттейтін болады, деп хабарлады.

«Интернет жүйесіне қосылу қызметі нарығына талдау жүргізу қорытындылары бойынша Интернет жүйесіне бастапқы қосылу нарығында үстем жағдайлардағы субъектілері нарықтың Тізімге енгізу туралы шешім қабылданды. Тізімге үстемділік тарифтері енгізілгеннен кейін табиғи монополиялар мен нарықтық реттеу туралы заңдарға сәйкес реттелетін болады», - делінген хабарламада.

Бұл ретте, осы аталған нарық субъектілерінің антипонополия заң нормалары бұзуы белгілерін анықтау жөнінде іс-шаралар жасалуы жоспарланып отыр. Оған қосымша, Қазақстан Республикасы үкіметі мен байланыс және ақпарат министрлігі аттарына осы нарыққы кіру кедергілері мен оларды жою үшін ұсынылатын шаралар туралы хат жолдау шешімі қабылданды, деп көрсетілген ведомство ақпараттарында, Қазақстан жаңалықтары АА.

KazSat-2 жерсерігін ұшыру мерзімі 2011 жылдың наурызына шегерілді


Айнагүл Бекеева, ҚазТАГ

Қазақстанның KazSat-2 жерсерігін ұшыру мерзімі 2011 жылдың науырызына ауыстырылды, деп мәлім етті Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков.

«ҚазСат-2» бізде барлық сынақтардан өтті. Дегенмен, тапсырыс берушілер ретінде біз сенімділікке қатысты тағы да бірқатар қосымша талаптар жасадық. Сондықтан да, оны ұшыру екі айға кейінге шегерілді және келер жылдың наурызына жоспарланып отыр», - деді М. Молдабеков.
Осыдан біраз бұрын ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев KazSat-2 жерсерігін ұшыру үстіміздегі жылдың желтоқсан айында болады деген еді.

Т.Мұсабаев биылғы жылдың қарашасының басында «Ресей жағы (ҚазТАГ – жобаны толықтыру үшін) бір жыл мерзім сұрады, сол себепті жерсерікті биылғы жылдың желтоқсанында ұшыратын боламыз, деген.

Сол кездің өзінде-ақ «осы мерзім ішінде орындай алмауынан» қауіптенген болатын.

«Жүре – көрерміз. Мұндай жағдайда Қазақстан ештеңе жоғалпауы үшін қарастырылған, өз талаптарымыз бен айыптық санкцияларымыз бар», - деп баса айтты Қазғарыш басшысы.

Осы ретте, ол жерсерік 2009 жылдың желтоқсанында ұшырылуы қажет болатын, алайда, қазақстан жағы жобаның техникалық жетілдірілмегеніне байланысты, оған өзгерістер енгізу, соның ішінде кейбір ресейлік жабдықтарды алыс шетелдік жабдықтармен алмастыртырғанын айта кеткен жөн.

KazSat-2 жерсерігін Хруничев атындағы ресейлік орталық жасап жатқанына тоқтала кету қажет.


Аймақтық іскерлік жаңалықтар



АҚШ Сенаты ШҚС анықтады, ендігі кезек Ресейде


Мария Табак, РИА Новости

АҚШ конгресінің Сенаты Барак Обамаға рождестволық сыйлық жасады және РФ шабуылдаушы қарулар стратегиясын (ШҚС) қысқарту жөніндегі жаңа келісімді бекіту жұмысын Федералдық жиналысқа табыстады.

Келісімді бекіту президент Барак Обаманың сыртық саясат саласындағы және осымен үшінші рет, соңғы рет қарашаның орта шенінде басталған, конгрессте республикашылдарды үшінші рет қатарынан жеңуі, басты міндеті болып табылады. Оған орта топтағы адамдар үшін салықтық жеңілдіктерді сақтау мен гомосексуалдардың әскерде қызмет етуіне шектеу қоюды бұзуға қол жеткізген болатын.

Сәрсенбінің кешінен бастап, ол Гаваи аралдарына рождестволық демалысқа шыға отырып, ресейлік досы мен әріптесі Дмитрий Медведевке ШҚС бойынша келісімді бекіту жөніндегі уәдесін 2010 жылдың аяғына дейін орындадым деп нық айта алады.

РФ Президенті Дмитрий Медведев АҚШ-тың ШҚС бойынша келісімді бекітуне ризашалық білдіре отырып, Мемлекеттік Дума мен Федерация Кеңесі бұл мәселені қарастыратын болады деп үміттенеді, АҚШ мақұлдаған келісім шарттарын толық қарастыру үшін біраз уақыт қажет,деп мәлімдеді мемлекеттіңбаспа хатшысы Наталья Тимакова.

Сәрсенбіде АҚШ сенатының конгресі ШҚС бойынша келісімді 26 қарсы, 71 қолдау дауысымен мақұлдады. Келісім күшіне енуі үшін оны ресейлік федералдық жиналыстың бекітуі қажет.

Баспа жөніндегі хатшы, «өз шешімін қабылдау үшін АҚШ Сенаты бекіткен келісімнің заңдылық шарттарын федералдық жиналыс қарастыруы үшін, біраз уақыт қажет болатынын», атап өтті. Тимаков, сонымен қатар, АҚШ Сенатында 71-дауыс пен 26-қарсы дауыс берудің Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қатынастардың жақсарғанының куәсі, деп нақтылады.

«Ата Мекен» және «Ар Намыс» фракцияларының көшбасшылары фракциялардың оппозицияға өткені туралы ресми түрде хабарлады


«Ата Мекен» фракциясының көшбасшысы Омурбек Текебаев және «Ар- Намыс» фракциясының көшбасшысы Феликс Құлов конституцияның 70 бабына сәйкес, олардың фракциялардың оппозицияға өткені туралы ресми түрде хабарлады. Ол туралы 23 желтоқсанда өткен парламент отырысында мәлімдеді, деп хабаралйды CA-News.

Ауғанстан Душанбедегі тергеу изоляторынан қашып шыққан өз азаматтарын Тәжікстанға қайтармайды


23 тамыздың түнінде Душанбедегі тергеу изоляторынан қашып, 18 желтоқсанда ауған арнайы қызметі ұстап алған үш айыпталушы Ауғанстан азаматтарын Тәжікстанға қайтармайды.

Тәжікстанның мемлекеттік ұлт қауіпсіздігі комитеті (МҰҚК) хабарлағандай, ұсталған ауғанстан азаматтарын ауған соты соттойтын болады.

18 желтоқсанда Ауғанстан арнайы қызметтері тәжікстандық әріптестерімен өзара әрекет ету нәтижесінде жасалған арнайы операция барысында арасында аса қауіпті қылмыскерлер бар, ағымдағы жылдың 23 тамызында Тәжікстан МҰҚК тергеу изоляторынан қашыпт кеткен 7 адамды тұтқынға алған.

23 тамыздың түнінде республиканың МҰҚК қарасты Душанбе қаласының тергеу изоляторынан 25 тұтқын қашқан, олардың арасында Ресейдің – 5 азаматы, Ауғанстанның – 4, Өзбекстанның – азаматы және Тәжікстанның – 14 азаматы болған. Төрт ай бойы іздестіру жұмысынан кейін жеті қашқын мен Ресейлік екі азамат республиканың түрлі аймақтарынан ұсталған. Үш тұтқын (тәжік, ресейлік және ауғастандық) өлтірілген. 25 тұтқынның сегізі әлі де бостандық жүр.

Қашу кезінде бес қарауыл қайтыс болған, оның ішінде Юстиция министрлігінің конвой полқының әскери қызметкерлері де бар. Дөрекі қашу Мемлекеттік ұлт қауіпсіздігі комитетінің басшысының қызметінен босауы мен изолятордың жауапты қызхметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғауға себеп болды, деп хабарлайды CA-News.

Бағалар мен статистика






Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 23 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital

Наверх




Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 23 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital

Наверх


Мұнай мен газ құны
Дата: 23 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

90.70

.22

.24

01:59

Dated Brent Spot

93.43

-.04

-.04

02:08

WTI Cushing Spot

89.83

.66

.74

12/22

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

253.54

.55

.22

01:53

Nymex RBOB Gasoline Future

242.54

.09

.04

01:57

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.10

-.06

-1.37

01:58

Henry Hub Spot

3.99

-.14

-3.39

12/22

New York City Gate Spot

5.80

-2.42

-29.44

12/22

Наверх

Commodities


Дата: 23 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

426.150

-1.350

-0.32

02:00

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1387.500

0.100

0.01

01:59

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

29.355

-0.030

-0.10

01:59

Наверх

Металл құны
Дата: 23 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Kitco.com

Silver

29.33

+0.10

Platinum

1726.00

+3.00

Palladium

751.00

+2.00

Rhodium

2,400.00

0.00

Наверх

Валюталар бағамы
Дата: 23 желтоқсан, 2010; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 147.2

1 CHF

KZT 154.62

1 CNY

KZT 22.15

1 TRY

KZT 94.74

10 JPY

KZT 1.76

1 EUR

KZT 193.38

1 AUD

KZT 146.83

1 KGS

KZT 3.13

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 227.53

1 CAD

KZT 145.1

1 RUB

KZT 4.79

100 KRW

KZT 12.8







Наверх

Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет