Болжауды және жоспарлаудың методологиясы



Дата17.07.2016
өлшемі19.78 Kb.
#205609
Болжауды және жоспарлаудың методологиясы.

Дүниежүзілік тәжірибеде жоспарлаудың және болжаудың 2 методологиясы қалыптасқан. Біріншісі – кеңейтілген ұдайы өндірістің марксистік теориясына негізделеді, ал екіншісі – кейнсиандық, монетарлық және басқа теорияларына негізделеді. Бірінші жағдайдағы қалыптасу әкімшіл-әміршіл жүйесінің шарттарына негізделген жоспарлау болды, ал екінші жағдайда нарықтық экономикасы бар елдерде жоспарлаудың негізі болып табылады.

Экономика дамуының болжау және жоспралау методологиясы болжамды және жоспралы есептеулерді жүргізудің негізгі нысандарын, амалдарын, тәсілдерін анықтайды№ болжаулардың және жоспарлардың қалыптасу логикасын ашып және мінездеп, олардаң қалай жүзеге асырылуын көрсетеді.

Нысандар – бұл жоспарлаудың және болжаудың басты ережелері, яғни болжаулар қалыптасуының алғы-шарттары және жоспарлаудың мақсаткерлік, жүйелілік, құрылымдық, логикалық және ұйымдастырушылық әзірлеу тұрғысынан қарағанда құрылуы. Басқа сөздермен айтқанда, бұл болжауды және жоспарлауды әзірлегенде жүзеге асырылуға міндетті негізгі талаптар.

Әдістер – бұл болжауларды, жоспарларды және бағдарламаларды әзірлеуде қолданылатын әдіс-амалдары. Бұл әдістер болжаулардың және жоспарлаудың методологиялық принциптерін жүзеге асыруға көмектесетін құрал-жабдық ретінде саналады.

Логика – болжамдық есептеулерді жүргізгенде және жоспарлы шешімдерді негіздеу кезіндегі іс-әрекеттердің ретке келтірілген жиынтық.



Болжаудың және жоспарлаудың негізгі методологиялық тәсілдеріне жататындар:

  1. Диалектикалық әдіс – зерттелетін оқиғалардың және факторлардың сипатын ашуға көмектеседі.

  2. Тарихи тәсіл - әрбіқ жағдайды тарихи формалармен байланыстылығын зерттейді.

  3. Комплексті – басқа процестермен байланыстылығын көрсетеді? Оның екі түрі болады: генетикалық және мақсаттық. Генетикалық – болашақ дамудың жолдарын және бағыттарын анықтау. Мақсаттық – алғашқыда мақстаы таңдалады, кейін оған жету жолдары анықталады.

  4. Жүйелі-құрылымдық – экономика жүйесін бір жағынан жалпы объект ретінде қарастырады, ал бір жағынан экономика жүйесін бірнеше элементтерге бүлу арқылы зерттейді.


Экономикалық болжаулардың негізгі қағидалары:

  1. нұсқаулық – мақсатқа байланысты болжаудың бірнеше нұсқауын жасау;

  2. верификациялау – болжаудың нақтылығын, шындылығын, негізделуін тексеру;

  3. үздіксіздік – болжанатын объекті туралы жаңа ақпараттың түсуіне байланысты болжауға түзетулерді енгізу;

  4. рентабельділік – болжауды құруға кеткен шығындармен салыстырғанда, осы болжауды қолданғаннан кейінгі алынған экономикалық тиімділіктің жоғары болуы;

  5. жүйелілік – барлық болжанатын көрсеткіштердің және де болжау параметрлерінің бір-бірімен тығыз байланысқан жүйесі;

  6. келісушілік – табиғаты жағынан әр түрлі, бір-біріне ұқсамайтын нормативті және іздеуші болжаулардың келісімі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет