Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары Ата-бабаларымыз: «Гүл – жердің көркі»



бет8/11
Дата09.05.2023
өлшемі188.68 Kb.
#473428
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бөлме өсімдіктері

Гүл отырғызудың қыр-сыры.
Бөлме ішінде, терезе алдына қойып өсіретін гүлдер өте көп, әсіресе, орхидея, цимбидиум, милтония, каланхоэ, қоңыраугүл, фиттони, бегоний, фиалка, сенполия, бальзамин, эхмея, спатифиллум, рододендрон, жапондық аралия, пеперомио, раушан (роза), фуксия тәрізді гүлдерді көптеп өсірген жөн. Олар әр бөлмеге өзінше әр беріп, адамдардың демалу қабілеттерін арттырады, шаң-тозаңды бойына тартып,ауа тазалығын сақтауға көмектеседі.
Гүлдердің жақсы өсуіне таза ауа мен бөлме температурасының бір қалыптылығы аса қажет. Десек те кейбіреулері күн көзін я болмаса салқын ауаны ұнатпайды. Тәулік бойы түсіп тұратын күн көзін тек қалың жапырақты, жазық жағалардан,тропикалық аймақтардан әкелген бұталы гүлдер ғана көтере алады. Олар бөлме температурасы жылы болса, күн көзін онша қажет етпейді, ал жарық міндетті түрде керек. Қыс мезгілдерінде салқын температура жеткілікті, әрі оған олар төзімді келеді.
Гүлдерге терезе шынысының да пайдасы болып жатады: Терезе шынысы-қызғылт, қызылсары, сары, көзге көрінбейтін күлгін, инфрақызыл сәулелер түсіріп, гүлдердің қалыпты өсуіне күн көзінен жылылық нұрын төгіп тұру үшін пайдалы. Бірақ өсімдіктің көбеюі мен бүршік атауына көк, күлгін (фиолетовый), ультрафиолетовый түстер күн көзін өткізбейді. Сондықтан үй өсімдіктерінің әлсін-әлсін таза ауаға шығарып тұрған дұрыс. Үйде өсіретін гүлдерді қоректендіретін арнайы тыңайтқыштар дүкендерде сатылады.
Топырақ дайындау: Орхидея отырғызуға кәдімгі жай топырақ жарамайды Сондықтан бұл гүлді отырғызатын топыраққа қарағай мен емен тамырларынан, ағаштың қабығы мен шымтезек ,көмірдің күлін қосып арнайы тыңайытқыш дайындалады. Енді осы топыраққа марганцовка қосылған су құйып, бір кептіріп алады. Топырақтың бетіне мүк салса,топырақ ылғалдығын жоғалтпай, үнемі дымқылданып тұрады .Гүл отырғызатын ыдысқа ауа кіретін тесік қалдыру қажет. Ауамен тыныстаған топырақта өсімдіктің тамырлары кең жайылып жатады. Ал ауа жоқ ыдыста гүл кеуіп қалады. Бұл тропикалық өсімдікті 3-4 жылда бір ауыстырып отырады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет