БоөЖ-3 Тақырыбы



Дата27.10.2023
өлшемі191.16 Kb.
#481664
Лексикология СРС3 Шынжырбай Диана


А

бай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Филология институты

БОӨЖ-3
Тақырыбы:Лексика-фразеологиялық бірліктерге қатысты терминдер глоссарийі

Орындаған: 204-топ студенті Шынжырбай Д.М.


Тексерген: ф.ғ.к., проф. Жүніс М.Ә.

Алматы-2023

Глоссарий



  • Арго - қылмыстық жаргон, ақпаратты жасыру үшін қолданылатын купил тіл, қазіргі әлемде арго сәйкестендіру құралы.

  • Антоним - [грек. anti - қарсы, onyna - ат, атау] зат. лингв. Мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздер. Бір тілдегі мағынасы қарама-қарсы сөздерді антоним сөздер дейміз.

  • Архаизм- (грек. archaios – ежелгі, көне) жаңа сөздермен немесе ұғымдармен алмастырылуына байланысты қолданыстан шығып қалған сөздер.

  • Афоризм-[гр. aphorismos — «анықтауыш», «шектелу»]. Мағыналы, өткір, нақыл сөз. Қай халықтың болмасын мақалдары нақыл сөзге жатады.

  • Арготизм-(франц. argotisme – жаргон) бей әдеби лексиканың саласы. Қазақ тілінде қолданылу аясы шектеулі, бірақ диалектизмнен де, кәсіби сөздерден де басқа бірсыпыра сөздер арготизмдердің қатарына жатқызылып жүр. Олар: сіміру-жаттап алу, сіңіру-бермей кету, ұшыру-орнына алу.

  • Ауыспалы мағына-сөз қолданысқа түскенде ойды көркем жеткізу үшін қолданатын туынды мағына. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағына бір заттың екінші затқа, бір құбылыстың екінші бір құбылысқа түрі, қимылы, сипаты тұрғысынан ұқсауына байланысты жасалады.

  • Бейтарап сөздер-тілдің барлық стильдерінде қолданыла беретін, стилистикалық синонимдері жоқ сөздер қатары. Р.Сыздық сөздердің бұл тобына «Тілдің лексикалық қазынасындағы сөздердің көпшілігінің негізгі мағынасы айқын, баршаға түсінікті болатын сөздер бейтарап (нейтралды) сөздер» деген анықтаманы береді. А.Айғабылұлының пікірінше, «бейтарап лексика стильдік тармақтың белгілі бір түріне ыңғайланбаған, қай тексте де қолдануға келе беретін сөздер».

  • Варваризм-белгілі бір тілдің қалыптасқан нормаларына кіріспейтін, ондағы сөзжасам, сөз түрлендіру, сөз тіркестіру заңдарына сәйкеспейтін, зәрулігі шамалы бөтен тілдің сөздері мен сөз қолданыстары.

  • Диалект-аумақтық немесе әлеуметтік бірлестіктегі ұжымның қатынас құралы болып табылатын тілдің бір түрі. Аумақтық диалект – бұл тілдің аумақтық шектелген және әдеби тілмен қатар қолданылатын түрі; тек ауызша формада ғана өмір сүреді және қатаң нормалары жоқ, стильдік тарамдарға бөлінбейтін тіл.

  • Дисфемизм- сөйлеудің экспрессивті реңкін арттыру немесе теріс мағыналық реңк үстеу үшін қалыпты ұғымды анайы, тұрпайы сөздермен алмастыру құбылысы.

  • Жаргон-белгілі бір әлеуметтік немесе кәсіби топтың ерекше сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып сөйлеу мәнері.

  • Кәсіби сөздер-белгілі бір кәсіп түрлеріне байланысты қалыптасқан терминдер жиынтығы. Кәсіби сөздер таралу аясының шектеулігі жағынан диалект сөзге өте жақын болып келеді.

  • Кірме сөздер-басқа тілдерден алып қолданылатын сөздер. Қазақ әдебиетінде Абай тұсынан бермен қарай орайлы жерде қолданылып келеді.

  • Лексика-белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы.

  • Лексикология- белгілі бір тілдің сөз байлығын,лексикасын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

  • Неологизм -жаңа затқа немесе жаңа ұғымға атау беру мақсатында қайта пайда болған сөз немесе сөз орамы.

  • Омоним-формасы бойынша сәйкес келетін, бірақ мағынасына қарай әртүрлі сөздер.

  • Сөз- басқа адамдармен сөйлескенде белгілі бір тілдің көмегімен оларға ойды білдіріп және жеткізетін адам қызметі.

  • Сөздік қор- л и н г в. Тілдің сөздік құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүрген, жалпы халыққа ортақ, күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын сөздер жиынтығы.

  • Сөздік құрам-л и н г в. Тілдің байырғы сөздерін де, шеттен кірген сөздерді де қамтитын сөздердің тұтас жиынтығы.

  • Синоним- зат. Айтылуы басқа-басқа болғанмен, мағыналары бір-біріне жуық, бірінің орнына бірі жүре алатын лексикалық топ.

  • Термин- (латынша. terminus – шек, шеті, шекарасы деген мағынада) – ғылыми ұғымға айқыи анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер.

  • Тура мағыналы сөз-сөздің бастапқы негізгі мағынасы.Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді.

  • Табу- сценарийлерде, жарнамада жекелеген сөздерді немесе әрекеттерді пайдалануға тыйым салу; демеуші, хабар тарату ұйымы, редакция енгізеді.

  • Фразеология-1) тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін лингвистиканың саласы; 2) нақты тілдің тұрақты сөз тіркестерінің іріктелуі, тізімі, қатары.

  • Эвфемизм- мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы моральдық, этикалық норма негізінде қалыптасып, сыпайылық пен әдептілікке байланысты туған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Тіл білімі терминдерінің орысша–қазақша сөздігі. С.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов. – Алма-ата. Қазақ ССР–нің «Ғылым» баспасы, 1966. – 211 бет.
2. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі [Мәтін] / Ғ. Қалиев ... – Алматы : Сөздік-Словарь, 2005. - 439 б
3.Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 4-том. / Құраст.: Н.Әшімбаева, Қ.Рысбергенова, Ж.Манкеева және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет