Қашықтықтан оқыту – оқытудың заманауи форматы



Дата12.12.2023
өлшемі0.6 Mb.
#486251
Қашықтықтан оқыту - оқытудың заманауи форматы

Қашықтықтан оқыту – оқытудың заманауи форматы

Айтубар Анель Асқарқызы

өндірістік оқыту шебері


Алматы, 2021
Алматы қаласының Білім Басқармасы
«Алматы Сән және Дизайн колледжі» КҚМК

Қашықтықтан оқытудың мақсаты мен міндеттері

Қашықтықтан оқыту – бұл оқу үдерісінің оқытушы мен студенттер арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі.

Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: біллім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру.

Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

  • Бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып, мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтюан оқытудың құрамына енуі;
  • Құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау.

Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы


Қазақстанның білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтілуде.

Қашықтықтан оқытудың артықшылығы

  • Оқытушының да, студенттің де оқыту уақыты мен орнын тиімді таңдай білуі;
  • Білімнің тиянақтылығы;
  • Оқытушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынастың қаажеттілігінше болуы;
  • Білім берудің дифференциясы мен индивидуализациясы;
  • Уақыт пен қаржының үнемділігі;
  • Ата-ана бақылауы (ата-аналардың білім беру үрдісін және оқытушылармен қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігі)

қашыҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Қашықтықтан оқыту жүйесін 3 компоненттің жиыны ретінде қарастыруға болады. Олар:

  • Дидактикалық жүйе;
  • Технологиялық жүйе;
  • Қамтамасыз ету жүйелері;
  • -----------------------------------------------------------------

    Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалық 5 әдісін қолдануға болады:

  • Ақпараттық-рецептивті;
  • Репродуктивті;
  • Мәселелік мазмұндау;
  • Эвристикалық;
  • зерттеу;

Модуль жүйесінде сабақ дайындауда және өткізуде оқытушы

  • глоссарий;
  • әр түрлі тапсырмалар;
  • форум;
  • wiki;
  • тест;
  • webinar;
  • аудиодәрістер;
  • видеодәрістер ;
  • курс элементтерінің жиынтығын пайдаланады.

Қашықтан оқыту жүйесінде қолданылатын техникалық құралдары мен технологияларына байланысты қазіргі уақытта төрт моделге бөлуге болатынын анықтады.


кейс технологиялық моделі
корреспонденттік оқыту
радиотелевизиялық модель
желілік оқыту
Қоғам арасында қашықтан оқыту жүйесіне байланысты әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Көпшілік халықтың пікірінше, қашықтан оқыту жүйесі бойынша алған білімнің дәстүрлі жүйеде оқи отырып меңгерген білімнен сапа жағынан төмен болатындығын алға тартады.Классикалық жүйеде студент оқытушымен жүзбе-жүз кездесе отырып, жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін оқытушымен тәжірибе бөлісуге толықтай мүмкіндігі бар.Студенттің классикалық оқу жүйесінде зертханалық аудиторияларда химия, физика сияқты пәндерден жасалатын зертханалық жұмыстардан қашықтан оқу жүйесінде оқитын студенттің тыс қалатыны да белгілі. Классикалық оқу жүйесі,әрине қолданылу аясы кең алдыңғы басымдылықтағы оқыту жүйесі.Алайда, қашықтан оқыту жүйесі де қазіргі ақпараттандыру мен автоматтандыру кезеңінде заман ағынына сай жүйе болып табылады.

Президентіміздің ықпал етуі тарапынан Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс» – делінген. Сонымен, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет