Бородулиха ауданының 2013 жылдың қаңтар-наурызына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



Дата29.02.2016
өлшемі42.65 Kb.
#30947
Бородулиха ауданының

2013 жылдың қаңтар-наурызына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары.
ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 2014 жылдың қаңтар- наурызына қолданыстағы бағада 6 660,5 млн теңгені құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,4 % құрайды. Нақты көлем индексі 119,9 % құрайды, оның ішінде:

- тау-кен өңдеу өнеркәсібі және карьерлерді іске асыру – 5 555,0 млн теңге (НКИ – 120,1 %).

- қайта өңдеу өнеркәсібі – 982,9 млн теңге (НКИ - 122,2 %), оның азық-түлік өндірісінен – 526,3 млн. теңге (НКИ – 86,3 %).


ШАҒЫН БИЗНЕС

Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес шағын бизнес бойынша 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларына тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 84 (109,1 %, 2013 жылы - 77 кәсіпорын) құрады. Қызмет ететін кәсіпорындар саны 52 (130,0 %, 2013 жылы – 40 кәсіпорын), оның ішінде белсенді – 46 (124,3 %, 2013 жылы – 37 кәсіпорын), қызмет ететін кәсіпорындар санына 88,4 % құрайды.


АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ

2014 жылдың қаңтар-наурыз айларына 1 410,1 тонна ет (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,3 %), сүт – 7 132,5 тонна (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 95,2 %), жұмыртқа – 1 453,3 мың дана (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 90,3 %) шығарылды.

ІҚМ басының саны 41 943 басты, оның ішінде сиыр 15 353 бас (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,0 %), қой мен ешкі – 39 672 басты (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,1 %), шошқа – 12 086 басты (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,2 %), жылқы – 4 641 басты (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,5 %), құс – 64336 басты (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 88,8 %) құрады.
ИНВЕСТИЦИЯ

2014 жылдың қаңтар-наурыз айларына негізгі капиталға инвестиция көлемі 860,7 млн. теңгені құрады. (НКИ – 68,5 %).


ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ

2014 жылдың қаңтар-наурыз айларына ауданда 370 шаршы метр тұрғын үй енгізілді.

2014 жылғы қаңтар-наурызына құрылыс жұмыстарының көлемі 332,5 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 93,5 % құрады.
ЕҢБЕК ТӨЛЕМІ

2014 жылдың қаңтар-наурыз айыларына орта айлық жалақы 90 091 теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,3 % құрады.


БЮДЖЕТ

2014 жылдың 1 сәуіріне аудан бюджетіне барлық кірістер 713 млн. 262,5 мың теңге, жоспарда 680,407 мың теңге немесе 106,9 % түсті. Субвенция және нысаналы трансферттер 512 млн. 990 мың теңгені құрады.

Аудан бюджеті меншік кірістер бойынша 118,5 % орындалды, жоспарда 167 млн. 417 теңге нақтылы 198 млн. 349 мың түсті, өткен жылдың сәйке кезеңімен салыстырғанда 18 млн. 482 мың теңгеге артық.

2014 жылдың 1 сәуіріне аудан бюджетін орындау республикалық және облыстық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер, субвенциялар есебімен 675 млн. 940,3 мың теңгені жоспарда 681 887,3 мың теңге немесе 99,1 % құрады. Алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орындалу 0,2 % артты (98,9 %, 2013 жылы жоспарда 651 млн. 860,2 мың теңге, орындалған 644 млн 595,7 мың теңге).


ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Жыл басынан 149 жұмыссыз жүгінді, 87 адам жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 127 адам қатысты. Халықтың белгілі мақсаттағы топтар арасынан 2 жұыссыз адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. Жергілікті бюджеттен жұмыс берушілерге айына жұыссыздың еңбекақысына 14975 теңге мөлшерінде өтемақы аударылады, жастар тәжірибесіне – 1.

2014 жылдың 1 сәуіріне жұмыссыздар саны – 121 адам.

Әлеуметтік қорғау шаралар қабылдау нәтижесінде аз қамтылған азаматтар саны 2013 жылдың әйкес кезеңімен салыстыру бойынша 2014 жылдың 1 тоқсанына 11 % азайды және 1180 адамды құрайды.

Келесі төлемдер жүзеге асырылды:



  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 52 отбасыға, 2000,0 мың теңге сомасына 192 алушылар. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2013 жылдың сәйке кезеңімен салыстырғанда 21 % азайды.

  • 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы – 188 отбасыға, 2328,8 мың теңге сомасына 434 балаларға. Жәрдемақы алушылар саны 2013 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 18 % азайды. Аталған жәрдемақы түрі табысы азық-түлік себетінің құнынан аз күнкөрісі төмен отбасыларға көрсетіледі.

  • тұрғын үй көмегі 2500,0 мың теңге сомасына 122 отбасына көрсетілді, аталған жәрдемақы түрін жалғызбасты зейнеткерлер ресімдейтіндіктен, алушылар саны 2013 жылмен салыстырғанда 28 % артты.


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

2014 жылдың 1 сәуіріне ауданда туғандардың деңгейі 133 (14,0 %) промиллесін құрады.

2014 жылдың 1 сәуіріне ауданда өлгендердің деңгейі 90 (9,3 %) промиллесін құрады.

2014 жылдың 1 сәуіріне халықтың табиғи өсімінің оң динамикасы бар.

2014 жылдың 1 сәуіріне туберкулезбен аурғандар 2 (5,2 %) промиллесін құрайды, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 7 (17,8% ) құрады.

2014 жылдың 1 сәуіріне онкологиялық аурумен аурғандар 23 (60,4 % ) промиллесін құрайды, 2013 жылдың наурызына 17 (43,8 % ) құрайды.

Ауданда аналардың өлімі тіркелмеген.


БІЛІМ БЕРУ

2014 жылың 1 сәуіріне жағдай бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамтылған балалар үлесі 100,0 % құрайды.

ХТБ орташа баллы 73,4 % құрайды, 2011-2012 оқу жылдарымен салыстыру бойынша 2,4, балл жоғары (2011-2012 ж – 70,9 балл).
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚОРҒАУ

Қабылданған шаралар нәтижесінде ауданда негізінде жедел ахуалды бақылауға қол жеткізді, оған оң ықпал жасалды.

2014 жылғы 85-тен (2013ж.) 52-ге дейін тіркелген қылмыстық іс санын азайту 38,8 % құрады.

Келесідей қылмыс түрлерінің саны азайды:



  • Ауыр қылмыс – 60,0 % 5 тен 2 дейін. 92,3 %.

  • Өте ауыо қылмыс – 60,0 % 5-тен 2-ге дейін,

  • Кіі өлтіру – 66,7% 3-тен 1-ге дейін.

  • Пәтер тонау – 55,6% 18-ден 7-ге дейін.

  • Мал ұрлау – 66,7% 4-тен 3-ке дейін.

  • Әйелдерге деген қатынастарға қылмыс санының азайды – 52,2% 23-тен 11-ге дейін.

  • Бұзақылық – 100,0% 1-ден 2-ге дейін.

Көлікті мас күйінде жүргізгеннен жасалған қылмыс саны азайды – 50,0% 4-тен 2-ге дейін.

Бірақта қабылданған шараларға қарамастан қылмыстың осы түрі бойынша өсу байқалады.



  • Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар – 100,0% 1-ден 2-ге дейін.

Бірде-бір бопсалаушылық, тонау, алаяқтық және қарақшылық фактілеріне жол берілген жоқ.

Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы М. Аргумбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет