Шымкент 2014 мазмұны



бет1/8
Дата23.02.2016
өлшемі1.5 Mb.
#8279
  1   2   3   4   5   6   7   8

Шымкент қалалсы мәслихатының

2014 жылғы 24 желтоқсандағы

№44/297-5c шешіміне қосымша





шымкент - 2014

мазмұны


Шымкент қаласы әкімдігін қарасты 8 құрылымдық бөлімдерімен 49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. 2012 жыл басынан бері жалпы алғанда 216 017 тұрғынға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде ХҚКО арқылы 41 035 құжат қабылданған. 41




  1. Бағдарлама паспорты




Бағдарлама атауы

Шымкент қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеу негізі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жүйені енгізу жөніндегі Концепция туралы» №1297 қаулысы.

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Шымкент қаласының аумағы 40 080 га немесе республика аумағының 1,5 % құрайды, Қазақстанның Орта Азиямен тоғысқан жеріндегі Еуропаның Оңтүстік-шығыс Азия мен жақын және алыстағы Шығыс елдеріне бағытталған көлік магистральдарының қиылысында орналасқан.

Қала халқының саны 662,3 мың адамды құрайды, халық тығыздылығы орташа аумақтың 1 шаршы метріне 1 605,5 адам.



Бағыттары

  • Қаланың экономика салаларын дамыту

  • Әлеуметтік саланың дамуы

  • Инфрақұрылым кешенінің дамуы

  • Аумақтық (кеңістік) дамуы - Шымкент агломерациясының дамуы

  • Қоршаған ортаны қорғау

  • Жергілікті мемлекеттік қызмет көрсету

Бағдарлама-ның мақсаттары

  • Қала экономикасын диверсификациялау мен бәсекеге қабілеттігін арттыру;

  • Қаланың адам ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру;

  • Қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру;

  • Шымкент қаласын жақын қалалары мен елді мекендерді қамтитын ірі агломерациялық орта ретінде дамыту;

  • Қоршаған ортаға антропогендік жүктемені төмендету;

  • Жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін арттыру.

Міндеттері

  • Индустриалдық-инновациялық дамуы;

  • Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы;

  • Шағын жәе орта бизнесті дамыту;

  • Қаланың инвестициялық және инновациялық белсенділігін арттыру;

  • Білім сапасын жақсарту және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытумен қамту;

  • Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету, халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету;

  • Халықты әлеуметтік қорғау;

  • Мәдениет және тілдерді дамыту;

  • Дене шынықтыру, спорт және туризм саласын дамыту;

  • Мемлекет және азаматтық қоғам институттары арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру есебінен мемлекеттілікті жетілдіру;

  • Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және төтенше жағдайларын алдын алу;

  • Құрылыс саласын дамыту;

  • Көлік инфрақұрылымын дамыту;

  • Тұрғын үй-коммуналдық қызметтері сапасын жақсарту;

  • Шымкент агломерациясын дамыту;

  • Қоршаған ортаны қорғау;

  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Нысаналы индикаторлар

  1. Өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылы 105,1% дейін ұлғайту (2011 жылы – 100,1%);

  2. Өндеуші өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылы 106,5% дейін ұлғайту (2011 жылы – 100,1%);

  3. Өндеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2015 жылы 103% дейін арттыру;

  4. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексін 2015 жылы 101,0 % ұлғайту;

  5. 1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің санын 2015 жылы 52,9 бірлікке жеткізу;

  6. Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2015 жылы 120% ұлғайту (2011 ж. –112%);

  7. Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексін 2015 жылы 105,5% жеткізу;

  8. Инновациялық өнімдер өндірісі көлемін 2015 жылы 108% ұлғайту;

  9. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген білім алушылардың үлесін 2015 жылы 54,3% ұлғайту (2011 жыл – 29,5%);

  10. 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесін 2015 жылы 10,5% дейін төмендету;

  11. Халықтың туылғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2015 жылы 71,53 жасқа дейін ұлғайту (2011 жыл – 69,86) жыл;

  12. 100 мың халыққа шаққанда адамның иммун тапшылығы вирусының таралуын 2015 жылы 0,3% төмендету;

  13. Жұмыссыздық деңгейін 2015 жылы 6,0% төмендету (2011 жыл – 6,9%);

  14. Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесін 2015 жылы 9,4% төмендету, (2011 жыл – 10,4%);

  15. 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны 2015 жылы 1 542 бірлікке дейн ұлғайту (2011 жыл – 735 бірлік);

  16. Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту үлесін 2015 жылы 20,1% дейін ұлғайту (2011 жыл – 15,1%);

  17. Мемлекеттік тілді игерген халықтың үлесін 2015 жылы 86,5% ұлғайту (2011 жылы – 72%);

  18. 10 мың бірлік автокөлікке шаққандағы жол-көлік оқиғалары санын (деңгейін) 2015 жылы 98 бірлікке дейін төмендету.

  19. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2015 жылы 103,0% жеткізу (2011 жыл – 88,9%);

  20. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 2015 жылы 43,6% ұлғайту (2011 жыл – 35,1%);

  21. Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін 2015 жылы 37,4% дейін төмендету (2011 жыл – 45,3%);

  22. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тозуын 2015 жылы 41,6% дейін төмендету (2011 жыл – 49,4%);

  23. Желілердегі ысыраптарды 2015 жылы 18,2% дейін төмендету (2011 жыл – 19,7%);

  24. Халықтың су бұру (кәріз) қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін 2015 жылы 50,1% арттыру (2011 жыл – 40,9%);

  25. Толық биологиялық тазартудан өткен ағынды сулар көлемін 2015 жылы 38 430 мың текше метрге дейін ұлғайту (2011 жыл – 34 200).

  26. Шымкент қаласы халқының орташа өсімін 2015 жылы 120,5% дейін ұлғайту (2011 жылы – 103,1 пайыз);

  27. Атмосфераға стационарлық көздерден шығатын ластаушы заттар шығарындыларын 2015 жылы 29,9 мың тоннаға дейін төмендету.

  28. Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейін 2015 жылы 99% жеткізу (2011 жылы – 95%).

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өзіндік қаражаттары, қарыз қаражаттары, шетел инвестициялары.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жылы – 58 717,0 млн. теңге

2012 жылы – 44 750,0 млн. теңге

2013 жылы – 75 502,0 млн.теңге

2014 жылы – 84 489,0 млн. теңге

2015 жылы – 186 873,0 млн. тенге

Барлығы: 450 331,0 млн. теңге

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына республикалық және жергілікті бюджеттің қалыптастырылуы барысында нақтыланады.



2. ағымдағы жағдайға талдау жасау

2.1 Өңірдің оң және теріс жақтарына баға беру, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық–саяси дамуына тигізетін ықпалы

Шымкент қаласы тиімді жағрафиялық Қазақстанның Орта Азиямен тоғысқан жерінде, Еуропаның Оңтүстік-шығыс Азия мен жақын және алыстағы Шығыс елдеріне бағытталған көлік магистральдарының қиылысында орналасқан.

Шымкент қаласының аумағы 40 080 га, тұрғындар саны 662,3 мың адамды құрайды, қала демографиясы бай, ауа-райы халықтың өмір сүруіне қолайлы, республика аумағаның 1,5 % құрайды.

Шымкент қаласының өнеркәсіп өнім көлемі облыстың көлемінде басым үлесін алатын, ірі өндірістік-индустриалдық орталық болып табылады. Қалада азық түлік өндірісі, мұнай өнімдерін өндеу, химия өнеркәсібі, мата және тігін өндірісімен айналысатын 67 ірі және орташа өндіріс кәсіпорындары тіркеліп қызмет етеді. Қаланың шағын кәсіпкерлік бизнесі негізінен саудаға бағытталған.

Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің желісін құрайды, алайда тұрғындардың қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз ете алмайды.

Қаланың экологиялық жүйесі қаланың экологиясына кері әсерін тигізіп отырған жүйесіз шаруашылық қызметтен қорғау бойынша концептуалды іс-шараларды әзірлеуді талап етеді.



2.2 Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасау

2.2.1. Экономикалық даму

Өндіріс

Шымкент қаласының өнеркәсібі әсіресе, өңдеу өнеркәсібі дамыған (өнеркәсіп өнімі көлемінен 84,6%), сондай-ақ электроэнергия, газ және су өндіру мен бөлу (12,3%). Өңдеу өнеркәсібінің үлесі облыстың өнім көлемі ішінде облыстың басқа өңірлерімен салыстырғанда ең жоғары болып табылады.




2.2.1 сурет.Қаланың өңдеу өнеркәсібінің құрылымы, пайызбен (2013ж.)

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті;


Еңбектің аумақтық бөлінісінде қала - ауылшаруашылық өнімдері өндірісі мен қайта өңдеу, мұнай және мұнай өнімдері өндірісі, тоқыма өнімдеріне, құрылыс, металлургия саласында маманданған.

Өңірдің нақты экономикалық секторының бәсекелестігін арттыру дамытудың бірінші басымдылықтары қатарында тұрып, өнеркәсіптің салаларын тұрақты дамуына қол жеткізуге, халықаралық стандарттарға өтуге, жаңа технологияларды ендіруге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды көздейді.

Өңірдің бәсекелестік тұрақтылығына жету жолында өңір салалық құрылымының үйлесімділігінің, бір шектің өнімі өзінен анағұрлым жоғары шектің шикізаты ретінде шығатын технологиялық тізбектерді құрудың маңызы аз емес. Осылайша вертикаль-интеграциялық үлгіде құрылған кәсіпорындар белгілі салалардың бәсекелестік табысына қажетті болымды массаны құрайды да, өндіріс құрылымының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Жалпы өнеркәсіптік потенциалында өте тиімді дамып отырған тамақ өнеркәсібіне назар аударылған. Сонымен қатар, құрылыс индустриясы дамуда, тоқыма және тігін өнеркәсібінің жаңа мекемелерінің құрылысына және іске қосылғандарының модернизациясына инвестициялар белсенді тартылуда.

Қаланың ірі кәсіпорындары қатарында келесілерді атауға болады: «Петро Казахстан Ойл Продакс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ, «SOUTS TEXTILINE KZ» ЖШС, «Шымкентмай» АҚ, «Шымкентсыра» ЖШС, «Алдын дән» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС және «Шымкент-құс» ЖШС.

Қалада өнеркәсіптің дамуына келесі факторлар оңды әсер етуде.

1) Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Осы бағдарлама шеңберінде 39,4 млрд.теңгеге 36 жоба іске асырылып, 3 123 жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде: 2010 жылы 2 жоба, 2011 жылы 8 жоба, 2012 жылы 10 жоба, 2013 жылы – 16 жоба.

2) индустриялық аймақта кәсіпорындардың жұмыс жасауына жағдайлар жасалған. 2010 жылдан бастап индустриялық аймақ құрылған (337 га). Осы аймақта құны 46,0 млрд.теңгені құрайтын 63 жоба жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобаларда 8,0 мың жаңа жұмыс орын ашу көзделген. 2011-2013 жылдары, құны 14,0 млрд.теңгені құрайтын 31 кәсіпорын іске қосылып, 2312 жаңа жұмыс орындары ашылған (оның ішінде: ҮИИД бағдарламасы – 18 жоба, жеке инвестициялар есебінен - 13 жоба).

3) өнеркәсіп кәсіпорындарында меншікті қаражаттар есебінен инвестициялық белсенділіктің артуы. Өнеркәсіп саласындағы инвестициялар 2010 жылғы 12,0 млрд.теңгеден 2013 жылы 23,6 млрд.теңгеге дейін ұлғайған.

Өнеркәсіп қуаттарын жыл сайын ұлғайту арқылы өнім көлемінің тұрақты өсімі байқалды.

2009-2013 жылдар ішінде өнім көлемі (қолданыстағы бағамен) 24,4% ұлғайды. Шымкент қаласындағы өнеркәсіп өнім көлемінің жыл сайындық өсімі орташа 4,9% құрайды.



2.2.2 сурет. Өнеркәсіп өнім көлемінің индексі, пайызбен

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті



Негізгі мәселелер:

  • кәсіпорындардың негізгі қорды жаңарту үшін өзіндік қаражаттың жетіспеушілігі;

  • шикізат жетіспеушілігі және айналымдағы қаражатты толықтыру мүмкіндігінің жоқтығы;

  • ескірген технологиялар және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетінің төмендігі, оны сатудың қиындығы;

  • техникалық кәсіп мамандарының жетіспеушілігі;

  • кәсіпорындардың несие ресурстарына қол жетімдігі төмен;

  • өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік толық қуатын пайдаланбауы;

  • коммуналдық қызметтерге тарифтердің жоғары болуы.


Инвестициялық қызмет
2009-2013 жылдар ішінде қалаға 371,0 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған. Осы жылдары негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі орташа есеппен жыл сайн 28% өсті.

Шымкент қаласының негізгі капиталына инвестициялардың жалпы көлемінен маңызды үлесін кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың өзіндік капиталы қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялар (44,4% – 54%), сонымен қатар бюджеттік қаражаттар (35,1% – 46,6%) құрайды.



2008 жылғы инвестиция көлемі, млн.теңге 2013 жылғы инвестиция көлемі, млн.теңге



2.2.3 сурет. 2009-2013 жылдар аралығындағы инвестициялық қаржыландыру

көздерінің құрылымы, млн.теңге.

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


Бес жыл ішінде инвестициялар көлемінде кәсіпорындар есебінен инвестициялар көлемі 86 пайызға өссе, қаланың негізгі құралдарының жаңартылуы мен құрылыстар жүргізу арқылы жалпы бюджет қаражаттарының көлемі 82,4 пайызға артты. Сонымен қатар, халық пен кәсіпорындарда қарыз қаражаттарын алуға мүмкіндіктер пайда болды.

Негізгі мәселелер:

  • облыс бойынша инвестициялардың жалпы көлемінен Шымкент қаласының негізгі капиталындағы инвестициялар үлесінің төмендеуі (2011-2012 жылдары 33%-дан 30%);

  • қаладағы материалдық-техникалық қордың тозуы 30% асты.


Инновациялық қызмет
2011 жылы қалада 24 инновациялық – белсенді кәсіпорындар тіркелсе, 2012 жылы 55 кәсіпорынға, 2013 жылы 87 кәсіпорынға дейін өсті. Сонымен қатар, иновацияларды әзірлеу бойынша басқа кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс атқарған 82 кәсіпорындар тіркелген.




2.2.4 сурет. 2010-2013 жылдар аралығындағы инновациялық өнім көлемі, млн.теңге.

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


Суретте ұсынылғандай жыл сайын инновациялық өнім көлемінің тұрақты өсім динамикасы байқалды. Өнім көлемі өскенімен кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 2011 жылғы 6,3%-дан 2013 жылы 8,6%-ға дейін өскен.
1 кесте. Инновациялық белсенділігі, %

Аталуы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

%

Респонденттер саны, бірлік

379

1 283

1 012

79

Инновация енгізген кәсіпорындар саны, бірлік

24

55

87

159

Инновациялық белсенділігі,%

6,3

4,3

8,6

+4,3

Инновациялық өнім көлемі, млн.теңге

5 268,8

8 570,5

13 307

155,3

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті
2011 жылы қолданылған жаңа технологиялар мен техника объектілерінің саны 47 бірлікті, 2012 жылы 88 бірлікті құрады. Оның ішінде технологиялардың түрлері бойынша: адамның тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыратын технологияларының саны 2 есе, түрлі технологиялық процесстер 5 есе, химия және металлургия технологиясы 33 пайызға, құрылыстағы технологиялар 75 пайызға, медицина және ветеринария саласында 57 пайызға артқан, сонымен қатар жаңадан нанотехнология мен экология саласында енгізілген.

Қолданылған жаңа технологиялар мен техника объектілерінің құрамында түрлі технологиялық процесстердің үлесі 30,7 пайызды, адамның тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыратын технологиялардың үлесі 19,3 пайызды, химия және металлургия технологиясы 13,6 пайызды, медицина және ветеринария саласындағы технология 12,5 пайызды және құрылыстағы технологиялар 7,9 пайызды құрады.





2.2.5 сурет. 2012 жылы қолданылған жаңа технологиялар мен техника объектілерінің

саны. Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті
Негізгі мәселелер:

  • қала кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі орташа облыстың деңгейінен 0,7% төмен;

  • өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық өнім шығаруға қызығушылықтың төмендігі;

  • қала кәсіпорындарының инновациялық технологиялар енгізуге қаржы тапшылығы;

  • инновациялық өнімге нарықта сұраныстың төмендігі;

  • айналым қаржысының тапшылығы.


Құрылыс
Қалада 424 құрылыс ұйымдары тіркелген, соның ішінде 57 – ірі және орташа, 371 – шағын. 2012 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 55,6 млрд. теңгені құрап, 2011 жылдың деңгейіне қарағанда 14,7% артқан. 2013 жылы 52,7 млрд.теңгені құрап, 16,8 пайызға кеміген, себебі негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінде республикалық бюджеттің инвестициялары 14,2 млрд.теігеге төмендеген. Соңғы төрт жыл ішінде Шымкент қаласында 636,2 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлер пайдалануға берілді.



2.2.6 сурет. Тұрғын үйді қаржыландырудың барлық көздері есебінен

қолданысқа енгізу, мың шаршы метр

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


2011 жылы жалпы іске қосылған тұрғын үйлердің көлемі 89,6 мың шаршы метрді құраса, оның ішінде тұрғындар қаражаты есебінен қосылған үйлер 38,1 мың шаршы метрді құрады. 2012 жылы іске қосылған үйлер көлемі 168,0 мың шаршы метрге дейін өсіп, оның ішінде халық есебінен 25,2 мың шаршы метрді құрады. 2013 жылы іске қосылған үйлер көлемі 182,4 мың шаршы метрге дейін өсіп, оның ішінде халық есебінен 63,7 мың шаршы метрді құрады.

Мемлекеттік бюджет есебінен тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шеңберінде 2011 жылы 5 тұрғын үй падалануға беріліп, 139 отбасы үймен қамтамасыз етілсе, 2012 жылы 15 үй пайдалануға беріліп, 430 отбасы үймен қамтамасыз етілді. 2013 жылы 18 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 986 отбасы үймен қамтамасыз етілді.


Негізгі мәселелер:

  • қаланың құрылыс жұмыстарының үлесі облыстың көлемінде 2010 жылы 39,2% -дан 2012 жылы 33,9% төмендеуі;

  • тұрғын үй нарығы мен қаржы нарығының тұрақсыздығы;

  • қала аумағында инженерлік жүйелер тартылған құрылыс алаңдарының жоқ болуы (соңғы 4-5 жылдың көлемінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері берілмеген);

  • құрылыс алаңдарының басым бөлігінде жер телімдері мемлекеттің мұқтаждығына алуды қажет ететіндіктен, құрылыс құнының жоғарлауына әсер етеді.


Аграрлық-өндірістік кешен
Шымкент қаласының облыстың ауылшаруашылық өнім көлеміндегі үлесі 1,8% құрайды, өйткені ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі өндірісі Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарында шоғырланған. Дегенмен, Шымкент қаласында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көрсеткіштерінің өсімі байқалады.

2012 жылы ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 4 501,5 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда көлемі 2,1 есе ұлғайды. 2013 жылы ауыл шаруашылығының өнім көлемі 4 221,7 млн.теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға артты. Бұл өсім жылыжайлардан алынған өнім есебінен қалыптасты. Нәтижесінде жалпы ауылшаруашылық өнімінің құрылымы өзгеріп, 2007-2009 жылдары мал шаруашылығының үлесі 60,7-64,5% құраса, 2010 жылдан бастап өсімдік шаруашылығының үлесі артып, 52% - 69,3% құрады.


2 кесте. Ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, млн.теңге




2008

2009

2010

2011

2012

2013

Ауыл шаршаулығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

1 327,3

1 494,4

1850,2

2 405,8

4 501,5

4 221,7


Мал шаруашылығы

856,5

907,2

1 123,1

1 168,2

1 380,4

1 412,9

Өсімдік шаруашылығы

470,8

587,2

727,1

1 237,6

3 121,1

2 549,7

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті
Қала халқы ауылшаруашылық өнімімен негізінен облыстың аудандарынан тасымалданатын өнім арқылы қамтамасыз етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет