Бородулиха ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттер Құрметті бородулихалықтар!



Дата23.02.2016
өлшемі174.96 Kb.
#8762
Бородулиха ауданының әкімі Г.Акуловтың

тұрғындар алдында есеп беру баяндамасы
(Бородулиха ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық

даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттер)
Құрметті бородулихалықтар!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында міне оныншы жыл қатарынан әрбір ауылдық және кенттік округте кездесулер өтуде. Бұл біздің қоғамымыздағы демократиялық жаңарулардың одан әрі өрістеуіне, мемлекетте, облыста, ауданда өткізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы адамдардың хабарлар болу деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Жаңа келген жылда ауданда өткізілетін барлық жұмыс ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы назарбае Жолдауда алдамазға қойған міндеттерді орындауға бағытталатын болады. Біздің негізгі мақсатымыз – экономиканы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау. Ауданның барлық қызмет саласында көрсеткіштердің, соның ішінде ең бірінші экономикалық көрсеткіштердің тұрақты түрде өсуі байқалады.

Бюджеттік қаржыны игеру.

2014 жылы аудан бюджетіне барлығы 3 млрд. 403 млн. теңге табыс түсті, жоспар 100,1 % орындалды. Субвенция мен нысаналы трансферттер 2 млрд. 482,6 млн. теңгені құрайды.

Ауданның өзіндік шығыны бойынша бюджеті 100,3 % орындалды, жоспар – 852,4 млн. теңге, нақты түскені – 855,3 млн. теңге, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 72,4 млн. теңгеге артық. 2014 жылы ауданның шығындар жөніндегі бюджеті 100 % орындалды.

Экономика және өнеркәсіп.

Өнеркәсіп өнімін (жұмысын, қызметін) өндіру көлемі 2014 жылдың қаңтар – желтоқсан айлары ішіндегі бағамен алғанда 29 062,0 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімен салыстырғанда 109,3 %. Жеке көлем индексі – 107,0 %, соның ішінде:

- тау-кен барлау өнеркәсібі және карьерлерді игеру – 23 293,6 млн. теңге (ЖКИ – 104,1 %).

Қайта өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2014 жылы 5 318,1 млн. теңгені құрады (ЖКИ – 135,9 %), соның ішінде азық-түлік өндіру – 2 945,4 млн. теңге (ЖКИ – 101,6 %).

Өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлеміндегі қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесі 18,3 % құрады.



Ауылшаруашылығы.

Ауданның ауылшаруашылығы бағытындағы жерлері 451710 гектарды құрайды. Агроөнеркәсіптік кешен 488 ауылшаруашылық құрылымын біріктіреді. 2014 жылы 37 шаруа қожалығының 33,5 мың гектар алаңында 20 қарапайым серіктестік құрылды. 5 ЖШС қайта ұйымдастырылды. Құрылған ЖШС-ларға 10695 гектар алаңы бар 11 шаруа қожалығы енді.

Тұқым (1 және 2 репродукциялы) саты үшін 2015 жылы тұқым шаруашылықтары 758 тонна элиталы тұқым сатып алды. 2014 жылы ұрықтандырудың 3 тәлімбағы ұйымдастырылды. 2015 жылы егу үшін 5258 тонна 1 репродукциялы тұқым жиналды.

2014 жылы ауылшаруашылық дәнді-дақылдарынның егіс алқабы 305,6 мың гектарды құрады. «Исток-2» шаруа қожалығы(В.Лубинский) басым бағыттағы дәнді-дақылдар екті: рапс – 1000 гектар алаңда, бұршақ – 200 гектар алаңда және алғашқы рет 140 гектар күздік рапс егілді.

Өткен жылы ылғал сақтағыш технология бойынша егіс алқабы 120 мың гектарға жеткізілді. Нөлдік технология қолданылған егіс алқабы – 6 мың гектар. Гербицидпен өңделген жердің жалпы ауданы 82 мың 195 гектарды құрады. Астық және астық-бұршақ тұқымдастар бойынша жиын-терін кампаниясы өте қысқа мерзімде жүргізілді. Аудан бойынша астық және астық-бұршақ дәнді-дақылдарының орташа шығымдылығы гектарына 14,5 центнерді құрады. Қүнбағыстың орташа шығымдылығы гектарына 7 центнер, рапс – гектарына 10 центнер.

2015 жылы 4280 гектар алқапқа күздік дәнді-дақылдар себілді. 130 мың гектар алаңда сүдігер отырғызылды.

2015 жылы минералды тыңайтқыштар салудың көлемін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шаруашылықтар 2450 тонна тыңайтқыш сатып алуға өтінім беріп отыр. Бұл 2014 жылғы деңгеймен салыстарғанда 280 % құрайды.

Бүгінгі күні машина-трактор паркін жаңалау 45 % құрап отыр. Ауылшаруашылық құрылымдары өз қаражаттарына 2014 жылы жалпы сомасы 399 млн. 925 мың теңгені құрайтын астық сақтауға арналған 46 қойма салды.

Көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстарын өткізу үшін ауданға 12 мың 200 тонна дизель жанармайы бөлінді. 2015 жылы жиналып алынатын 19 мың 700 тонна тұқым себілді немесе қажеттілік 100 % орындалды. Соның ішінде 1 және 2 репродукциялы 5180 тонна тұқым отырғызылды.

Малшаруашылығы.

Ауданда 8 асыл тұқымды шаруашылық бар: сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара өсіру бойынша; етті бағыттағы және Карпаттық парода араларын өсіру бойынша.

«Е.Зәйтенов» ШҚ 240 басқа арналған жалпы сомасы 303 млн. теңгені құрайтын өздігінен сауу жобасын іске қосты. Бұл сүт алуды 4,5 – 5 литрге арттыруға, сондай-ақ ирригациялық айналмалы қозғалмалы құрылғыларды қолдану арқылы азықтандыру базасын нығайтуға мүмкіндік береді. «Новая Заря» ШҚ» ЖШС-да 400 басқа арналған өздігінен сауу жобасын іске қосу жоспарлануда.

Ауданда еттің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 2012 – 2014 жылдар аралығында жалпы сомасы 470 млн. теңге болатын 174 несие беріліп, оған 1330 бас мүйізді ірі қара, 788 бас ұсақ мал, 109 жылқы, 780 ара, 75 шошқа сатылып алынды.255 жұмыс орны құрылды. 2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 15 млн. 760 мың теңгені құрайтын 70 бас мүйізді ірі қара алынды.

Ауданда шағын бизнестің 86 заңды кәсіпорны тіркелген, соның ішінде 52 кәсіпорын жұмыс істеп отыр, ал соның 45-і белсенді жұмыс жасауда.

2014 жылы 3 кәсіпорын іске қосылды: «Шелдібаевтар» ЖШС, «ТрансЭксСервис» ЖШС, «Агроимпульс+» ЖШС.

Жұмыс істеп отырған кәсіпкерлік субъектілері санының өсімі 5,8 % құрады (2014 жылы – 1390 субъекті, 2013 жылы – 1314 субъекті). Салықтық түсімдердің сомасы 131,7 млн. теңгені құрады немесе 117,7 % (2013 жылы – 111,9 млн. теңге).

2014 жылы шағын кәсіпкерліктің 13 объектісі іске қосылды.

Өңірдің өнеркәсібін тау-кен барлау және қайта өңдеу сияқты екі сала жүзеге асырылады.

Полиметалдық кенді өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын «Востокцветмет» ЖШС кәсіпорны ауданның кен барлау өнеркәсібі болып табылады.

Аудан аумағында мыс, мырыш, сондай-ақ цинктік қоспадағы мыс өндіріледі.

2014 жылдың 11 айы ішінде жеке сатылымдағы тауар айналысының көлемі 7 028,7 млн. теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 105,4 %. Соның ішінде базарлар және жеке тұлғалар – 6 956,0 млн. теңге.



Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2014 жылы шаруа қожалықтары басшыларымен және аудан кәсіпкерлерімен 119,1 млн теңге сомасындағы 148 әлеуметтік жобаны іске асыру жөнінде 148 меморандум жасалды.

Негізгі капиталға арналған инвестиция көлемі 2014 жылы 6 467,8 млн. теңгені құрады (ЖКИ – 113,9%).

Құрылыс.

2014 жылы Бородулиха ауылының Ф.Середин көшесіндегі 5 қабатты 40-үйде қалпына келтіру жұмыстары басталды. Үйді қалпына келтіру бойынша жалпы сметалық құн 228,99 млн. теңгені құрады және инженерлік желі салудың құны – 73,43 млн. теңге. Бүгінгі күні бес қабатты үйді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Облыстық бюджеттен 2015 жылға арналып 206 млн. теңге бөлінді. Объектіні 2015 жылдың қыркүйегінде тапсыру жоспарланған.

Новопокровка ауылында жасанды жамылғысы бар шағын футбол алаңын салу бойынша жұмыстар аяқталды. Объектінің сметалық құны 14 млн. теңге.

«Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында Дмитриевка ауылындағы су құбырлары және Бородулиха ауылындағы су құбырларын қайта құрудың екінші кезегі бойынша жұмыстар аяқталды. Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 2014 жылы жалпы ауданы 1786 шаршы метр болатын 12 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың деңгейінен 102 % жоғары.



Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты, жолаушылар көлігін және автомобиль жолдарын дамыту.

Өткен жылы Жаңа Шүлбі ауылында жалпы сомасы 3125 мың теңге 25 көше шамы , Боровлянка ауылында 625 мың теңгеге 5 шам, Пол Лог ауылында 1250 мың теңгеге 10 шам, Сосновка ауылында 1250 мың теңгеге 10 шам, Бородулиха ауылында 13195 мың теңгеге 5 шам және 65 қуат үнемдегіш жарықты-диодты шам орнатылды.

Бородулиха ауылының Мир тұйық көшесін абаттандыру бойынша 11768 мың теңгеге жұмыстар атқарылды.

2014 жылы Байтанат ауылында 3150 мың теңге сомасына суды тазалау құралы орнатылды. Михайличенково ауылындағы су құбырына 4953 мың теңгеге, 2-ші Пятилетка ауылындағы су құбырына 29478 мың теңгеге, Песчанка ауылында – 34567 мың теңгеге, Новопокровка ауылында – 64472 мың теңгеге ағымды жөндеулер жасалды.

2014 жылы әлеуметтік қорғау бөлімі мен мәдениет үйінде 10165 мың теңгеге «НР-18» жылыту қазандықтары қуат үнемдегіш «КСВР-04,03» қазандықтарына ауыстырылды.

Аудандық әкімдіктің «Бородулиха ауданының аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдары елді мекендерге кіре беріс жолдарды қосқанда 60 шақырымға ұзарып, 330 шақырымды құрады. 2014 жылы аудан аумағында жол құрылысы жұмыстары жүргізілген жоқ.



Аудандық маңызы бар жолдарды ұстау үшін аудандық бюджеттен 138 млн. 783 мың теңге бөлінді. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қыс кезінде ұстауға арналған қаржылар аталған жолдар орналасқан 13 ауылдық округке бөлініп берілді. Жолдарды ұстау бойынша жұмыстар барысында жалпы ауданы 18037 шаршы метр болатын 97 шақырымдық қара жамылғылы жолға шұңқырларын бітеу және жалпы ауданы 10620 шаршы метр болатын гравий жамылғылы 154 шақырымдық жолға қосымша материалдар жеткізіле отырып автогрейдермен тегістеу жұмыстары жүргізілді .

Ұзақтығы 258 шақырымдық облыстық маңызы бар бес атожолға қызмет көрсетуді «ОблШығысЖол» КМК № 9 ПДУ жүзеге асырады. 2014 жылы «ОблШығысЖол» КМК № 9 ПДУ жалпы ауданы 35578 шаршы метр жолға шұңқырларды жабу жұмыстарын жүргізді. «Дмитриевка – Шемонаиха» жолының 72 шақырымының шұңқырлары жабылды, 14316 шаршы метр асфальт төселді. «Бородулиха – Жезкент» жолының 37 шақырымына 19236 шаршы метр асфальт төселді, «Шульбинск – Жаңа Шүлбі» жолының 32 шақырымына 2026 шаршы метр асфальт төселді.

«Воскресеновка – Петропавловка – Байтанат – РФ шекарасы» жолына күрделі жөндеу жасау жалғасуда. 2014 жылы республикалық бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, 10 шақырым жол жөнделді.

«Бородулиха - Жезкент» жолының 27 – 41 шақырымдарына күрделі жөндеу жасауға арналған жобалы-сметалық құжаттама дайындау үшін облыстық басқармадан қаржы бөлінді. Республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автожолы учаскесін көктемгі, жазғы, күзгі мерзімдерде ұстау үшін 38 млн. теңге мөлшерінде қаржы бөлінді. № 25 ЖПБ 5120 шаршы метрлік ауданның шұңқырларын жөндеді, жолдың бүкіл өн бойындағы шеткі жиегін жоспарлау жүргізді. Жолдың 71 – 103 шақырымдары аралығындағы учаскенің 32 шақырымына 260 млн. теңгенің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер – Қарағанды қаласының «Салан-2006» ЖШС.

Аудандық маңызы бар жолдарды ұстау үшін 2015 жылға арналып 48 млн. 60 мың теңге бөлінді, соның ішінде 23 млн. 614 мың теңге қысқы және 24 млн. 46 мың теңге жазғы күтімге арналған.

Білім беру.

«Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылған төрт жылдың ішінде мектепке дейінгі ұйымдар желісі 10 бірлікке артты. Бұл мектепке дейінгі тәрбиемен тағы 350 баланы қамтуға мүмкіндік берді.

Бородулиха ауданында балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 % қамтылған.

Жыл сайын мектептердің материалды-техникалық базасы нығайтылады. 2014 жыл ішінде 2 химия кабинеті: М.Әуезов атындағы ОМ-ға, Краснояр ОМ-ға, Буркотово ОМ-ға 1 мультимедиялық кабинет, Зубаир ОМ-ға 1 биология кабинеті, Абай атындағы НОМ-ға 1 физика кабинеті, Ивановка ОМ-ға 1 информатика кабинеті сатылып алынды.

ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл жылдан-жылға жоғарылап келеді: 2014 жылы орташа балл – 79,3 балл; 2013 жылы – 73,4 балл; 2012 жылы 71 балл (үш жыл ішінде 8,3 баллға көтерілді).

Ауданның 3 мектебінің (Комаров атындағы ОМ, Н.Островский атындағы ОМ, Бородулиха қазақ ОМ) оқу үрдісіне «елёнинг» электронды оқыту жүйесі ендірілді.

2014 жылдың 1 шілдесінен бастап «Уба-Форпост ОМ» КММ базасында 70 орындық жазғы сауықтыру лагері ашылды. Онда жағдай төмен отбасылардан шыққан 300 бала демалып, денсаулықтарын түзеді.

4746 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.



Денсаулық сақтау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қалып отыр.

Тегін дәрігерлік көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесін орындау үшін 2014 жылға арналып бекітілген бюджет 680 млн. 157 мың 927 теңгені құрады.

Ағымдағы уақыт ішінде 68 дәрігер жұмыс істейді. Аудан бойынша дәрігер кадрлармен қамтамасыз етілу 83,3 %, орта медицина қызметкерлерімен – 85,0 % құрайды.

2012 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының жалғыз ауданында эндовидеохирургиялық кешен жұмыс істейді. Соның көмегімен 2014 жылы 250-ден астам операция жасалды.

2014 жылдан бастап жаңа жүйе енгізілді. Аурулар АЕК (амбулаторлық-емханалық көмек) порталы арқылы консультацияға жіберіледі. 2014 жыл ішінде 2180 адам осы жүйемен өтті. Дәрігерлік көмекті халыққа жақындату үшін ауданның ауылдарында жылжымалы флюрограф жұмыс істейді. Бұл бойынша жыл сайын 3500-ден астам адам тексеріледі.

2014 жылы аудандық орталық ауруханада маммография кабинеті ашылды. Тұрғындардың дикретивтік тобына тексеру жүргізілді.



Тұрғындарды әлеуметтік қорғау.

Жұмыссыз тұрғындарды жұмысқа орналастыру үшін ауданда әлеуметтік қорғау шаралары қабылданады. Олар: ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу, жастар іс-тәжерибесінен өткізу, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, кәсібі дайындау және қайта даярлау, біліктілігін көтеру. Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша 916 адам аталған іс-шаралармен қамтылды. Бұл бағыттарда 25 млн. 768 мың теңге бөлінді.

Жыл басынан бері Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша 535 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 26 мүмкіндігі шектеулі тұлға бар. 2014 жылдың ішінде 419 жаңа жұмыс орындары құрылды.

12 округте көкөніс және құс өсіру бригадалары құрылып, 62 адам жұмысқа тартылды. Жағдай төмен азаматтарды қолдаудың өңірлік қорынан Бородулиха ауданына жалпы сомасы 1100 мың теңге бөлініп, 10 адам шағын несие алды. Несие алғандар ішінде бір мүмкіндігі шектеулі адам бар. Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 2014 жылы 90 млн. теңгеден астым қаржы бөлінді.

2013 жылмен салыстырғанда аудан бойынша жағдайы төмен азаматтар саны 9 % төмендеп, 980 адамды құрады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 2013 жылмен салыстырғанда 3,8 % азайды. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың ішіндегі еңбекке қабілетті адамдар үлесі 17 % құрады. 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы алатындар саны 2013 жылмен салыстырғанда 18 % төмендеді.

2014 жылдан бастап «Өрлеу» пилоттық жобасы басталды. 25 отбасыға кесімді ақшалай көмек тағайындалды.

«Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де 2014 жылы қызмет алатындар саны 26 адамға өсті. Бородулиха, Жаңа Шүлбі ауылдарында, Жезкент кентінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытатын кабинеттер жұмыс істеуде. 2015 жылы Новопокровка, Ивановка ауылдарында осындай кабинеттер ашу жоспарлануда. Осы бағыттарға жергілікті бюджеттен арнайы құрал жабдық алу үшін 3 млн. теңге бөлінді.

Ішкі саясат мәселелері.

2014 жыл ішінде ауданда 900-ден астам іс-шара өткізілді. Мемлекетіміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуы, ішкі саясат, тілдерді дамыту мәселелері, конфессияаралық және этникааралық қатынасты жетілдіру, элемдік қоғамдастық деңгейіндегі мәселелері шешуде Қазақстанның рөлін арттыру аталған іс-шаралардың негізгі тақырыбы болып табылады.

Ауданда 2009 жылдан бастап «Туған жерге тағзым» акциясы өткізіледі. Соның аясында 2014 жылы меценаттар 120 млн. 700 мың теңге сомасында демеушілік көмек көрсетті.

Мәдениет.

2014 жылы Дмитриевка ауылының ауылдық клубына 9 млн. 249 мың теңге сомасында ағымды жөндеу аяқталды. Новопокровка ауылындағы ауылдық клубқа 12 млн. 109 мың теңге сомасында күрделі жөндеу жүргізілді. 2014 жылы қазанда күрделі жөндеуден кейін Жаңа Шүлбі ауылындағы клуб ашылды.

Аудандық мәдениет үйінде және ауылдық клубтарда 53 үйірме жұмыс істейді, соның 21-і балаларға арналған, 32-сі ересектерге арналған үйірмелер. Бұл үйірмелерде 843 адам қамтылған.

Шекарааралық серіктестік аясында 2014 жылы біздің аудан Барнауыл қаласындағы ШҚО мәдени күндеріне, Алтай өлкесінің Угловка ауданында болған «Достық гүлдестесі» мерекесіне қатысты. Алтай өлкесі Горняк қаласы күніне қатысу жыл сайынғы дәстүрлі мерекеге айналды.

Бүгінгі күнгі кітапхана жүйесі – жолға қойылған ақпараттық-әдістемелік орталық. Бұнда 259 925 дана кітап қоры бар. Екі кітапхананың ішінде онлай-орталықтар жақсы жұмыс істеп тұр.

Аудандық «Достық үйінде» 9 этномәдени бірлестік және 2 қазақ мәдени бірлестігі белсенді жұмыс істеуде.



Тілдерді дамыту.

Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында (Жаңа Шүлбі, Новопокровка, Жезкент филиалдарын қоса алғанда) мемлекеттік тілдің 7 оқытушысы жұмыс істейді. Жезкент кенті мен Жаңа Шүлбі ауылындағы филиалдар оқу сабақтарын жаңа заманға сай құрал жабдықтармен жабдықталған кабинеттерде өткізеді.

Бүгінгі күні мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында 257 тыңдаушы оқытылады.

Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2014 жылы 10577,0 мың теңге бөлінді.



Денешынықтыру және спорт.

Ауданда денешынықтыру мен спортты дамыту үшін 2014 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10003,0 мың теңге бөлінді.

Спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту үшін ауданның жалпы білім беретін мектептерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2014 жылы 7862,0 мың теңге, облыстық бюджет қаражаты есебінен БЖСМ-ны жамытуға 26719,0 мың теңге бөлінді. Денешынықтырумен және спортпен айналысатындарға қызмет көрсету үшін 141 спорттық құрал жабдық қойылған.

Ауданда бұқаралық шайбалы хоккейді дамыту мақсатында жыл сайын 11 хоккей қорабы, жаппай коньки тебу үшін 26 мұз айдыны құйылады. 700 адам спортпен шұғылданатын 46 секция жұмыс істеуде.

2014 жылы облыстық сайыстарға 320 адам қатысты. Соның ішінде Зайсан қаласында болған халықтық спорттың ШҚО әкімінің жүлдесіне арналған облыстық ойындарында аудан 5-ші жалпы командалық орынға ие болды.

Ауданда спорттың 35 түрі бойынша 631 спорттық секция жұмыс істейді. Онда 11200 адам шұғылданады. Аудандық көлемде 152 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Оған 13922 адам қатысты.



Құқықтық тәртіп.

2014 жылы Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі қабылдаған шаралар нәтижесінде аудандағы жедел жағдай бақылауда ұсталынып, ол аудандағы жалпы жағдайға жақсы жағынан әсер етті.

Кісі өлтіру 16,7 %, біреудің мүлкін ұрлау 10 %, пәтер ұрлығы 27 %, мал ұрлау 59,1 %, тонау 57,1 %, бұзақылық 40 % төмендеді. Мас күйде жасалатын қылмыстар саны 6,3 % төмендеп, 64-тен 60-қа түсті.

Бородулиха ауданының аумағындағы 2014 жылғы жедел жағдайға жасалған талдау тіркелген қылмыстар санының 393-тен 329-ға азайғанын көрсетеді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16,3 % төмен. Сотқа 118 қылмыстық іс жіберілді.



Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары!

2014 жылы аз шаруа істелген жоқ. Алайда атқарар іс одан да көп. Біздің алдымызда әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша өте үлкен және жауапты міндеттер тұр. Олардың шешілуіне қарай біздің ауданымыздың болашығы анықталады.

ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында 2015 жылы жоспарланады:

- Бородулиха ауылында көше жарығына 3 млн. теңге сомасында ағымды жөндеу жасау;

- Бородулиха ауылында ауыл ішіндегі су құбырларына 10 млн. теңге сомасында ағымды жөндеу жүргізу;

- жас шыбықтар сатып алуды, отырғызуды және суаруды жүзеге асыру – 9 млн. теңге;

- автомобиль жолдарын жазда күтіп ұстау – 24 млн. теңге.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында Жол картасы бойынша біздің ауданымызда 2015 жылы жоспарланады:

- «Жезкент» шекара бекетіне кіре берісте құны – 409 825 млн. теңгеге ұзақтығы 1 шақырым жол салу;

- «Воскресеновка – Петропавловка – Дмитриевка» областық маңызы бар автомобиль жолына 199 млн. 400 мың теңгеге күрделі жөндеу жасау;

- «Новопокровка – Петропавловка – Байтанат – РФ шекарасы» облыстық маңызы бар автомобиль жолына 250 млн. теңгеге күрделі жөндеу жасау;

- «Бородулиха - Жезкент» облыстық маңызы бар автомобиль жолына 200 млн. теңгеге күрделі жөндеу жасау.



Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында:

- «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының «Ауылдық елді мекендерді инфрақұрылымдық дамыту» атты бірінші бағыты аясында 125,1 млн. теңге сомасындағы барлық жобалардың орындалуын және өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, жағдайы төмен тұрғындар арасынан жұмыспен қамту орталықтары арқылы іскеасырылып отырған жобаларға қатысушылардың 50 % жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету қажет;

- «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында өз істерін ұйымдастыру үшін жалпы сомасы 150,0 млн. теңге шағын несие алуға қатысушы 60 адамға кәсіпкерлік негізін оқытуды ұйымдастыру керек;

- үшінші бағыттың аясында 20 адамды қайта даярлауға және біліктілігін көтеруге жіберу, 30 әлеуметтік жұмыс орны ашу, жастар іс-тәжерибесінен өтетін 15 орын ұйымдастыру, «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020» бағдарламасына қатысушылардың барлын оқуды, жастар іс-тәжерибесін, әлеуметтік жұмыс орнын бітіргеннен кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру қажет.



Кәсіпкерлік саласында: шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстарды күшейту, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесу керек. Сондай-ақ:

- еңбек нарығындағы жағдайға талдау жасау;

- кәсіпкерлік негіздерін оқыту және шағын несиелер беру арқылы ауылдық жерлерде бизнестің дамуына қолдау көрсету;

- сауда нүктелері бойынша бағаға тұрақты мониторинг жасау, нарық субъектілерінің іс-әрекетіне бақылау жасауды жүзеге асыру;

- жобаларды индустриалды-инновациялық даму, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламалары мен шағын және орта бизнесті дамытудың басқа да бағдарламаларына енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында:

- отандық өндірушіні қолдау және жалпы облыс экономикасын дамыту үшін конкурстар өткізілген кезде жергілікті жағдайларға сай жергілікті құрылыс материалдарын қолдануды ескеру керек.



Білім беру саласында:

- оқытудың жаңа заманға сай әдістерін ендіру арқылы білім сапасын көрету;

- қосымша оқытумен қамтылған оқушылар санын арттыру;

- қысқа мерзімді шағын орталықтарды толық күндік шағын орталықтарға ауыстыру арқылы мектепке дейінгі мекемелер жүйесін кеңейту;

- мектеп оқушылары арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, болдырмауға, сондай-ақ олардың санын азайтуға бағытталған жұмыстарды күшейту;

- тәрбие үрдісінің барысында рухани және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділікті сақтауға, ауданның жас азаматтарын рухани дамытуға баса көңіл бөлу қажет.



Денсаулық сақтау саласында:

- жас мамандарды ауылға тарту, оларды қажетті әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- ана өліміне жол бермеу және бала өлімін төмендету, тұрғындардың қажетті көлемін алдын алу екпелерімен қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды іске асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру;

- туберкулезбен ауыратындарды емдеуге қатаң бақылауды қамтамасыз ету;

- онкологиялық ауруларды бастапқы кезеңінде анықтау бойынша қатаң бақылауды қамтамасыз ету;

- салауатты өмір салты қызметінің тұрғындардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің санитарлық сауаттылық деңгейін жақсартуға бағытталған жұмыстарының тиімділігін көтеру қажет.



Денешынықтыру мен спорт саласында:

- аудан тұрғындары денсаулығының алға қойылған индикаторларына қол жеткізу арқылы жұмыстардың тиімділігіне талдау жасау;

- тұрғындарды денешынықтырумен және спортпен дайындалуға ынталандыру бағытында қажетті шаралар ойластыру керек. Бұл – ортақ міндет, сондықтанешкім бұдан сырт қалмауы тиіс.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласында:

- қоғамда құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру бағытында бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық-насихаттық науқанды күшейту, қоғамдастықты құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстарға тарту бағытындағы жұмыстарды белсендіру;

- қылмыстарды ашу және ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша жұмыстардың тиімдігіні көтеру;

- нашатрафигі каналдарын анықтау және жою, наша бизнесінің сатушылары мен ұйымдастырушыларының қызметін тоқтату, нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды белсендіру;

- жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықпен, тәртіп пен заң бұзушылықпен күресті күшейту, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенім деңгейін көтеру;

- азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, өтініштер мен қылмыстар туралы хабарламаларды шешкен кезде заңдылықты күшейту;

- жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жол полициясы қызметін одан әрі жетілдіру қажет.

Ауданның АӨК-ісін дамыту мақсатында 2015 жылы келесі міндеттер қойылады:

- егіс аумағын 307 мың гектарға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету (қолданылмаған жерлерді игеру есебінен);

- қысқы агротехникалық іс-шараларды өткізу алқабын 35 мың гектарға немесе 135 %-ға дейін ұлғайту;

- ылғал сақтағыш технология бойынша егіс алқабын 135 мың гектарға немесе 112 %-ға дейін және топырақты нөлдік өңдеу технологиясы қолданылатын алқапты 7 мың гектарға немесе 115 %-ға дейін ұлғайту;

- егіс шығымдылығын көтеру мақсатында гербицидтерді түптеу және қолдануды 95 мың гектарға немесе 115 %-ға дейін, минералды тыңайтқыштарды енгізуді 2,5 мың тоннаға немесе 234 %-ға дейін өсіру;

- органикалық тыңайтқыштарды енгізу көлемін 85 тоннаға немесе 120 %-ға ұлғайту;

- егіс науқандарын өткізуді 1 және 2 сұрыпты 100 %-дық кондициялы тұқымдармен қамтамасыз ету;

- сұранысы жоғары басым бағыттағы дәнді дақылдарды егу алқаптарын: рапсты 2000 гектарға, бұршақты 400 гектарға дейін ұлғайту;

- өзіміз қолдану үшін жоғары сапалы тұқым өсіру мақсатында будандастыру питомниктерін енгізу;

- сүдігер егу аумағын 145 мыңға немесе 110 %-ға дейін ұлғайту;

- ауылшаруашылық техникасын жаңарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізу қажет;

- 2015 жылы суарылмалы жерлерді қалпына келтіру және айналымға енгізу мақсатында «Е.Зәйтенов» ш/қ 190 гектар алқапта ирригациялық қондырғыларды қолдану арқылы суару жүйесін қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр, сондай-ақ «Лазарев и К» ЖШС-де Жаңа Шүлбі ауылындағы «Безымянный» тоғанынан 123,9 гектар алқапты суаруға арналған құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда.



Құрметті ауылдастар!

Өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауында Елбасымыз қазақстандықтар алдына жаңа міндеттер қояды. Ол айтқан жаңа экономикалық саясат таяу жылдарда ел экономикасының қозғаушы күші болмақ. 2015 жыл ұлт Көшбасшысының Жарлығымен Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы жылы болып жарияланды. Алдағы жылы Конституциямызға 20 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл, қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толады. Байқап отырсыздар, алдағы жыл маңызды оқиғаларға толы. Осы айтулы оқиғаларды атап өте отырып біз жоғары отансүйгіштік, бірлік пен тұтастық көрсете білуіміз керек. Бұл «Қазақстан – 2050» стратегиясында, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру жолында сенімді қадамдар жасауға жаңа серпін береді.



Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет