Аққорған ауылдық округінің әкімі Садықов Сардармухамедуалидің 2013 жылғы жылдық атқарылған жұмыстары жөнінде ауыл тұрғындарының алдында есеп беру жиналысының
БАЯНДАМАСЫ.
Құрметті ауыл тұрғындары, құрметті бүгінгі жиналысқа қатысушылар! Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында 2013 жылдың жылдық атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе өздеріңіздің алдарыңызда есеп беріп отырмын.
Сайлау алды бағдарламама сәйкес ауылдың саяси ахуалының тұрақты болуы үнемі назарға алынып келеді.
Елбасының «Қазақсан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты атты жолдауында айтылғандай Жергілікті және мемлекеттік басқаруға аса мәнберіліп отырғанын ескерте келе.
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №389 қаулысына сәйкес, ауылдық округі әкімінің аппаратына 8 штат бірлігі беріліп (қосымша 4 штат бірлігі) қызмет атқарып жүрген 2 штат бірлігі қысқартыла отырып қосып берді.
-
Қосымша берілген штат бірліктері:
А) Әскери есеп қызметкері – Я.Абуталипов
Б) Жетекші маман есепші – А.Асенов
В) Жетекші маман сататист – Д.Алдибеков
Жетекші маман салық жинаушы – С. Сагынтаева
Жетекші маман – Заңгер – Қ. Көшербаев
Ерте көктемде жалпы ауыл тұрғындарының және бюджеттік мекемелерді қатыстыра отырып жиналыс өткізілген, жиналыста 3-4 тақырыпта мәселе қозғалған болатын. Ең басты мәселе ауылдың тазалыға және көркейту жұмыстары талқыланып соның нәтижесінде ауылдық округтің тұрғындары көктемгі және күзгі тазалық айлығында белсенділік танытты және ауылдың 10 - 20 жылдық мектеп бітіруші түлектер ауылдық округтен таңдалған 40 соттық жерге «Достық» және «Ынтымақ» баулары орнатып темір қоршаумен қоршалып, ішіне саялы ағаштар отырғызылды.
Ескі мешіттің қоршауы толықтай жөнделіп аудандық «Орман шаруашылығы» мекемесінен 200 түп саялы ағаштар әкеліп отырғызылды.
Мектеп құрылысының жүргізілуіне байланысты 13 үйге екі жақтан 400 метр аяқ су арығы қазылып, сумен қамтылды.
Кеңес Одағының батыры Әнуар Әбутәліповтың 90 жылдық мерей тойына Республикалық бюджеттен 15 000,0 мың теңге қаржы қаралып Кеңес Одағының батыры Әнуар Әбутәліповтың атындағы көшеге 1 400 км жерге орташа жөндеу жұмысы жасалып, көшеге батырдың аты жазылған белгі орнатылды.
Жергілікті бюджеттен №256 орта мектеп жанынан 1 015 ,0 мың теңгеге балалар ойын алаңы салынып ауыл тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілді. Сондай - ақ 241,0 мың теңгеге ауылымызға аудан орталығынан келетін және Түркістан қаласынан келетін бағыттарға ауылдық округтің атауы жазылған белгі орнатылды және 170,0 мың теңгеге ауылымыздағы паноларды, аялдамаларды жаңадан сырлап, банерлер жаңартылып ауылға кіре беріс көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп сырланды.
Ауылымыздан «Ербол - Ш» жеке бала бақшасы ашылып, қазіргі таңда 50 баланы тәрбиелеп, 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«Түгіскен ТШ» ЖШС – ның демеушілігімен ауылға кіреберістегі аркаға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, түнгі жарық беріп тұрумен қамтамасыз етілді және ауылдық округтегі ҰОС ардагерлері мен жесірлеріне, ауған соғысының ардагерлеріне 108,5 мың теңгені құрайтын жем шөбі таратылды, әлеуметтік жағдайы төмен азқамтамасыз етілген және асыраушысынан айырылған жұмысшы отбасыларға – 693,5 мың теңге ақшалай көмек көрсетілді.
Өлім – жетімге берілген ұн, күріштің ақшасы – 112 620 теңгені құрады, жұмысшылардың ыстық тамағына – 3 451,3 мың теңгені құрады.
Даталы мерекелерге (9 мамыр, 8 наурыз, 22 наурыз, 16 желтоқсан, жаңа жылдық мерекеге) 1 684, 7 мың теңгені құрады.
«Түгіскен ТШ» ЖШС – ның демеушілігімен Кеңес Одағының батыры Әнуар Әбутәліповтың 90 жылдық мерей тойын атап өтуге және республика көлеміндегі қазақ күресі және спорттық ойындардың жеңімпаздарының жүлделеріне 500,0 мың теңге қаржылай көмек жасады.
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Абуталипов Исахан Мусахановичті еске алуға арналған асы беру және аудандық қазақ күресінен және спорт түрлерінен ашық турнир өткізілді.
Қасиетті «Құрбан айт» мерекесінің құрметіне орай ауылдық округі әкімі аппаратының ұсынысымен ауыл азаматтары Құлымбетов Нұржан, Дауренбеков Омарлардың шалған құрбандықтары ауылдық округтегі азқамтамасыз етілген және асыраушысынан айырылған отбасыларға үлестірілді.
Ауылдық округі жастарының бос уақытын тиімді өткізуге байланысты ауылдық округі әкім аппаратының және «Жастар ұйымының» ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген шаралар:
-
2013 жылдың шілде айында ауылдық округіндегі бюджеттік мекеме
қызметкерлерінің және ауыл жастарының қатысуымен шағын футболдан турнир өткізілді.
-
2013 жылдың тамыз айында ауылдық округтегі және аудан көлеміндегі
өнерпаздардың қатысуымен «Сағыныш екен бала кез» атты ретро ән кеші өткізілді.
-
Шілде айында ауыл жастарының және жоғарғы сынып оқушыларының
қатысуымен «Денсаулығым керемет, жаттығуға көп рахмет» атты денсаулық фестивалі өткізілді.
Ауылдық округтегі жастардың арасында жетістікке жеткен және үйленген жастары футболдан және көкпар, спорт түрлерінен жарыс беру үрдіске айналған.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда, несие алудың жолдары, кәсіппен айналысудың заңдылықтары жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің және «Жас Отан» жастар қанаты қоғамдық ұйымының белсенділерінің қатысуымен үлкен жиын өткізіліп ауыл жастарымен тұрғындарына түсіндірілді.
Ауылымыздағы салынып жатқан 600 орындық мектеп құрылысын жыл соңына дейін аяқтап пайдалануға беру жоспарлануда. Мектеп құрылысын аудандық «Нұр Отан» ХДП жанынан құрылған қадағалу бекеті тиісті тексерулер тағайындап қадағалу жұмыстарын жүргізуде.
ҚР Тәуелсіздік мерекесі мен Жаңа жыл мерекелерін өз дәрежесінде атап өтті.
«Аққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзреті шегінде жеке тұлғалардан 59 өтініш қабылдап оның 57 өтініші қанағаттандырылып қалған 2 өтініші тиісті орындарға жолданды. Заңды тұлғалардан 4 өтініш қабылданып 4 өтініш қанағатандырылды.
Өз құзреті шегінде қабылданған нармативтік құқықтық актілері:
-
Өкім - 152
-
Шешім – 74
Ауылдық округі әкімінің аппараты 2013 жылдың қорытындысы бойынша
балалар жәрдем ақысын – 216 отбасының 809 баласына 13 290,7 мың теңге ал тұрғын үй көмегінің 3-4 тоқсанына 72 отбасының 459 бала саны, 1 742,0 мың теңге жәрдемақы төленді.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға ауылдық округтен 22 азамат тартылып 1 119,6 мың теңге еңбек ақы төленді.
Ауылдық округі «Жұмыспен қамту - 2020» бағрдарламасының ІІ бағыты бойынша 2012 жылы 4 азамат 4 500,0 мың теңге несие алып өз кәсіптерімен айналысуда, ал 2013 жылға 8 азамат 19 200 ,0 мың теңге несие алып кәсіптерін жандандыруда.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша:
-
Жеке кәсіпкер – Сарсенова Ғалия – 5 000,0 мың теңге
-
Жеке кәсіпкер – Сыздықов Зулпыхар – 27 000,0 мың теңге
-
«Ұлан» ш/қ – 8 000,0 мың теңге
-
«Есім» ш/қ – 7 000,0 мың теңге жеңілдетілген несие алып МІҚ малының
басын асылдандырумен және көбейту жұмыстарымен айналысып жатыр.
Атқарылатын жұмыстар
2013 жылы атқарылған жұмыстарға келсек мақтанышпен айтып өтетініміз Түгіскен елді мекені «Тіректі ауыл» бағдарламасына еніп отыр. Осы бағдарлама аясында ауылымызда 1 000 256,0 мың теңгенің атқарылатын жұмыстардың жоба сметалық құжаттары жасалып тиісті орындарға ұсынылды.
Елбасымыздың, мемлекетіміздің ұстанымы көпшілікке белгілі бірқатар салалық және функционалдық бағдарламалардың негізін құрайды. Олардың қатарында «Бизнестің жол картасы - 2020», «Өнімділік – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» секілді бағдарламалар бар екені өздеріңізге аян. Сол бағдарламалар аясында Жаңақорған ауданының Түгіскен елді мекенінің тіректі елді мекен ретінде таңдап алынып, кешенді дамуының жобасы жасалынған болатын. Енді сол жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқтала кетсек. Жобаның мақсаты - халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін, Түгіскен елді мекенін дамытудың басым бағыттарын айқындау болса, негізгі міндеттері:
- шағын және орта бизнесті дамыта отырып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын арттыру;
- тұрақты жұмыс орындарымен қамту;
- толыққанды экономикалық белсенділікке тарту;
- жұмыссыздар мен аз қамтылған азаматтардың санын азайту;
- Түгіскен елді мекенін кешенді дамыту;
- аграрлық секторды дамыту;
- агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін арттыру;
- экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларды дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.
Түгіскен елді мекені 1967 жылы құрылған. Облыс орталығынан 235 шақырым және аудан орталығы Жаңақорған кентінен 47 шақырым жерде орналасқан. Елді мекеннен 3 шақырым жерде «Бозой-Бейнеу-Шымкент» газ құбыры,30 шақырым жерде халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі өтеді.
Жалпы жер көлемі – 20198 га. Елді мекен жері 251 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 16440 га, оның ішінде: жайылымдық жерлер 8622 га, егістік жерлер 5346 га, шабындық жерлер 193 га, тыңайған жерлер 172 га, басқа да жерлер 2107 га.
Ауылдық округте 2 орта мектеп ,1 спорт мектебі,1 дәрігерлік емхана,1 клуб үйі, 1кітапхана, 1пошта үйі, 2 мемлекеттік балабақша , 2 жеке балабақша ,15орындық монша үйі, 3 шаштараз, 1компьютерлік қызмет көрсету орталығы,2 техникалық қызмет көрсету орталығы тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.
Қазіргі таңда, Түгіскен елді мекенінде 4389 адам тұрады. оның ішінде ерлер – 2151, әйелдер – 2238.
Экономикалық белсенді халық саны – 2 096 адам немесе 47,8%, жұмыс жасайтындар - 893 адам, оның ішінде бюджеттік мекемелерде – 351, шаруашылық субъектілерінде – 407, вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар – 50, басқа да салаларда (сауда, құрылыс және т.б.) – 85.
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 1103 (немесе 52,6%). Жұмыссыздар саны – 100 адам (немесе 4,8%), оның ішінде ресми тіркелгені – 61.
Экономикалық дәрменсіз халық саны – 2193 адам немесе 50,0%, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар – 742, оқушылар – 965, студенттер – 154, мүгедектер – 80, зейнеткерлер - 217, асыраушысынан айырылғандар - 35.
Тіректі елді мекендерді дамыту аясында Түгіскен елді мекенінде республикалық бюджеті есебінен 1,265 млрд теңгеге іске асырылатын жобалар:
-
Елді мекендегі әлеуметтік бес нысандардың ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге 302,3 млн теңге;
-
Елді мекеннің 12 көшелерін жарықтандыруға 57,6 млн теңге;
-
Елді мекеннің 14 көшелерін орташа және ағымдағы жөндеуге 362,7 млн теңге;
-
Елді мекен көшелерін абаттандыру, көркейту, көгалдандыру жұмыстарына 342,4 млн теңгеге;
-
Елді мекенде ойын-сауық, мәдени-спорттық демалыс аймағын ашуға 200,0 млн теңге.
Сонымен қатар, облыс әкімдігінің 2010 жылғы 21 мамырдағы № 785 қаулысына сәйкес бюджет есебінен Түгіскен елді мекенінде іске асырылуы күтілетін жобалар,
оның ішінде республикалық бюджет есебінен 1 323,6 млн теңгеге:
-
Елді мекендегі ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына 801,2 млн теңге;
-
Елді мекенде 300 орындық №256 орта мектеп ғимаратын құрылысына 522,4 млн теңге;
облыстық бюджет есебінен 419,1 млн теңгеге:
-
Елді мекендегі ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарын қоса қаржыландыруға 89,0 млн теңге;
-
Елді мекенде спорт залының құрылысына 79,1 млн теңге;
-
Елді мекенде дәрігерлік амбулатория құрылысына 39,5 млн теңге;
-
Елді мекенде 140 орындық бала бақша ғимаратының құрылысына 211,5 млн теңге.
Жергілікті қауымдастықпен (кәсіпкерлер, тұрғындар мен билік өкілдері) кездесу барысында келісілген Түгіскен елді мекенін дамытудың басым бағыттары негізінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін Шебер-жоспар әзірленді. Осы шебер жоспарға сәйкес 15 жоба іріктелді. Олар:
Халыққа қызмет көрсету саласы бойынша 5 жоба - спорт-сауықтыру кешенін, автокөлік жөндеу орталығын (СТО), 100 орындық кафе, нан өнімдерін өндіру цехын, коммуналдық сауда орталығын ашу көзделуде.
Өндіріс саласы бойынша 5 жоба- сүт өнімдерін өңдейтін цех,көкөніс, жеміс-жидек консервілерін өндіру цехын, құрылыс материалдарын өндіру цехын, жұмыс жасап тұрған кірпіш зауытын ірілендіру, мал азығын дайындайтын мини-цех ашу көзделуде.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 5 жоба -мал сою пунктін, 500 басқа арналған бордақылау алаңымен,1,0 га жылыжай, биогумус өндіретін ферма, көкөніс өнімдерін сақтайтын қойма, ауыл шаруашылығы машиналарымен техникалық қызмет көрсету паркін (МТС) ашу көзделуде.
Осы шебер жоспарға сәйкес жалпы құны 1048 млн теңгеге болатын барлық 15 жоба өз шешімін тапқан жағдайда, ауыл тұрғындарын 281 тұрақты жұмыс орнымен қамту жоспарлануда. Осы жобаларға байланысты 55 адам қажетті мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарында оқыту көзделуде. Сонымен қатар, Түгіскен елді мекенінің географиялық орналасуы жағынан 90 шақырымда орналасқан ірі мәдени және сауда орталығы Түркістан қаласы мен 47 шақырымда орналасқан аудан орталығы Жаңақорған кенті елді мекенде өндірілген өнімді тұтыну нарығының кепілі ретіне маңызы зор деп есептейміз. Мұның бір дәлелі қазіргі таңда ауыл шаруашылығы және ет өнімдері бойынша Түркістан қаласы мен Жаңақорған кенті кәсіпкерлері арасында тығыз сауда қатынасы қалыптасқан. Осы мемлекеттік-жеке серіктестік аясында көзделіп отырған жобаларда басымдық беріліп отырған «Түгіскен» ЖШС жанынан ауыл шаруашылығы машиналарымен техникалық қызмет көрсетупаркін ашу (МТС) жобасы Түгіскен елді мекенімен қатар Сырдария өзенінің оңтүстік-батысында орналасқан, тіршілігінің басым бөлігі егін шаруашылығына бағытталған елді мекендердің шаруашылық құрылымдарының ауыл шаруашылық техникаларының тозуынан туындап отыр. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда ауылдың әлеуетін, халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, өндірісті дамытып, салық түсімдерінің ұлғаюына, экономиканы көтерумен қатар, әлеуметтік салаға да оң әсерін тигізері анық. Халықтың басым бөлігінің экономикалық белсенділігін арттырып, жұмыспен қамту проблемаларын шешетін болады. Әрине бұл жұмыстарды атқаруда үлкен түсіндіру жұмыстары талап етіледі. Бұл бағдарламалардың іске асуы біздің тарапымыздан бұл міндеттерді қалай орындайтынымызға, қалай ұйымдастырылатынына байланысты болмағы сын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауда берілетін несиелендіру тетіктерін жеңілдету жөнінде ауыл тұрғындарының ұсыныстарын жеткізгім келеді.
ЗЕЙІН ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ.
Әкімдердің мәслихаттар мен халық
алдында есеп беру кездесулерін өткізу
жөніндегі ұсынымдарға қосымша.
Халықтың, мәслихаттар депутатарының әкімдердің есептері барысында айтыған ұсыныстары мен ескертулерініске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының үлгі нысандары.
р/с
|
Айтылған ескертулер/ ұсыныстар
|
Ескертулерді/ ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен орындалу мерзімі
|
Жауапты
|
Ескертулар
|
1
|
2012 жылы ауылды ауызсумен қамтылады делінген еді.
|
2014-2015 жылдарға жоспарлануда.
|
Аудандық құрылыс бөлімі.
|
2014 жылғы 250 000,0 мың теңге қаржы бөлінді
|
2
|
Ауылдық клуб үйі жылуымен күрделі жөндеуді қажет етіп отыр.
|
ЖСҚ жасалған қаржы бөлу үшін тиісті мекемелерге ұсынылған.
|
Аудандық мәдениет үйі
|
Күрделі жөндеуге
2 190,0 мың теңге
|
3
|
Ауылдағы МІҚ малынан «аусыл» ауруы кездесіп жатыр.
|
Бұл ауру «визикульярный стоматит» болуы мүмкін вет.зертханаға тексеру керек
|
Аудандық ветеринария бөлімі, ауылдық вет.пунт меңгерушісі
|
Бұл ауру «визикульярный стоматит» болуы мүмкін вет.зертханаға тексеру керек
|
4
|
Ауылдығы тұрмысы төмен отбасыларды зерттеу жүргізіліп отырады ма?
|
Ауылда азқамтамасыз етілген отбасыларды зерттеп мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды беріп отыратын комиссия құрылған.
|
Ауыл әкімі, зерттеу комиссиясымен бірлесіп.
|
Ауылда азқамтамасыз етілген отбасыларды зерттеп мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды беріп отыратын комиссия құрылған.
|
5
|
«Тендер» мәселесі бойынша құрылыстар сапасыз салынып жатыр
|
Тиісті мекемелер айналысады.
|
Тиісті мекемелер
|
Тиісті мекемелер айналысады.
|
6
|
«Түгіскен ТШ» ЖШС мемлекеттік бола тұра мемлекет тарапынан көмек көрсетілмей отыр.
|
Бұл мәселе жөнінде депутаттық мәселе көтерілетін болды.
|
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты А.Тұртаев
|
|
7
|
Ауылдағы жаңа 600 орындық мектеп құрылысының сапасы сын көтермей отыр.
|
Құрылыстың сапасын тексеретін арнайы мекемелерге шағымдануыңызға болады.
|
Тиісті мекемелер.
|
Тиісті мекемелер айналысады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |