Бородулиха ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы туралы есеп



Дата23.02.2016
өлшемі88.34 Kb.
#5762
Бородулиха ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуының

қорытындысы туралы есеп
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында Қазақстан Республикасының Президентімен қойылған тапсырмаларға сүйене отырып, Бородулиха ауданының тұрғындары осы жылдарда қол жеткізген жетістіктерді, мемлекеттің егемендігін сақтай отырып, ауданымыздың тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамуы жолындағы жұмысты жалғастырып келеді.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі (жұмыс, қызмет) 2013 жылдың қаңтар – шілде айларындағы қолданыстағы бағамен 14 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103 % құрайды. Нақты көлем индексі 100 % құрайды.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі (жұмыс, көлемі) 2012 жылы қолданыстағы бағамен 21 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 96,5 % құрайды.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі (жұмыс, көлемі) 2011 жылдың қаңтар – шілде айларындағы қолданыстағы бағамен 20 млрд. 153 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 104,1 % құрайды.

Аудандағы шағын бизнес 418 субъектіні құрайды.

2011 жылдан бастап есепті кезеңде 22 субъект қолданысқа берілді. 2013 жылдың басынан бастап шағын кәсіпкерліктің 8 субъекті енгізілді.

2011 жылдан бастап тіркелгендердің ішінен белсенді кәсіпорындардың саны 10 кәсіпорынға артты.

Ауданда ауылдық округ әкімдіктері мен дербес кәсіпкерлер арасында аудан тұрғындары үшін 10 % саудалық үстемемен күнделікті сұраныстағы тауарларды бөлшектеп сатуға баға белгілеу мәселесі бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы 185 меморандум жасалды.



Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2013 жылы ауданның шаруа қожалықтарының басшылары және кәсіпкерлерімен 162, 37 млн. теңге сомасына 100 меморандум жасалды. 15 тамызға жағдай бойынша 120, 1 млн. теңге сомасына қабылданған міндеттемелер орындалды.

Кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау мақсатында ауданда онлайн – орталық ашылды.



Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2013 жылдың 7 айында 4 млрд. 376 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 2012 жылдың деңгейіне 101,7 %.

Ауыл шаруашылықтың нақты көлем индексі 2012 жылы 123,4 % немесе 15 млрд. 658 млн. теңгені құрады.

2011 жылы 13 млрд. 396, 2 млн. теңге көлемінде алынды. Нақты көлем индексі 105,7 %.



Құрылыс

  1. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

2013 жылдың қаңтар – шілде айларында орындалған құрылыс жұмыстарының

көлемі 1 млрд. 81, 6 млн.теңгені құрады.

2011 жылы 2 млрд. 72 млн. теңгені құрады.

2012 жылы 3 млрд. 306 млн. теңгені құрады.



  1. Тұрғын үйді пайдалануға беру

2013 жылдың 7 айында 612 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

2013 жылға тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жеткізілген жоспар 1200 м2 құрайды.

2011 жылдың жылдық көрсеткіші 2503м2 құрайды.

2012 жылы 1633м2 тұрғын үй пайдалануға берілді.



ТҮКШ

Бородулиха ауданының абаттандыруға 2011 жылы - 21855 мың теңге, 2012 жылы - 24587 мың теңге, 2013 жылы (7 айда) – 29148 мың теңге бөлінді. Аудандағы су құбырын ағымдағы жөндеуге 2011 жылы - 37021 мың теңге, 2012 жылы - 74271 мың теңге, 2013 жылы (7 айда) – 84898 мың теңге бөлінді. Ауданның елді мекендерінің көшелерін жарықтандыруға: 2011 жылы – 34008 мың теңге, 2012 жылы – 38257 мың теңге, 2013 жылы – 49236 мың теңге бөлінді.

Тірек ауылдарды дамытуға 2012 жылы – 100646 мың теңге, 2013 жылы –

172706 мың теңге бөлінді.



Көлік

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және ұстауға

аудандық бюджеттен:


  • 2011 жылы 78513 мың теңге, оның ішінде қыс мезгілінде ұстауға 18075;

  • 2012 жылы 88094 мың теңге, оның ішінде қыс мезгілінде ұстауға 24960;

  • 2013 жылы 97896 мың теңге, оның ішінде қыс мезгілінде ұстауға 35051

бөлінді.

2013 жылдың 15 тамызына игерілгені: 78066 мың теңге, оның ішінде қыс мезігілінде ұстауға 32211 мың теңге.

- 2011 жылы – 187 ш,


жөндеу жұмыстары және ұстау орындалды, жұмыс жалғасуда.

Әлеуметтік сала

Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша 2011 жылдың кезеңіне жұмыс іздеп келгендердің ішінен жұмысқа орналасқаны 3 % (2011 жылы – 80 %, 2012 жылы -83 %) артты.

Жаңа жұмыс орындарын құру 45 % (2011 жылы - 119, 2012 жылы – 288 және 1 тамызға 216) артты.

Тіркелген жұмыссыздардың саны 8 % (2011 жылы – 108, 2012 жылы – 99 адам) төмендеді.

Аз қамтылған азаматтарды кедейлік шегінен шығару – көкөніс және құс шаруашылығы бойынша пилоттық жобаларға қатысушылардың саны (2011 жылы – 11 адам, 2012 жылы – 49 адам және 2013 жылы – 50 адам) артуда.

2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының» бiрiншi бағыты «өз бетiнше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз және табысы аз халықты оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» бойынша 91 бағдарламаға қатысушы тұрақты жұмыс орнына орналасты.

2012 жылы 101 адам жұмысқа орналастырылды.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының» екінші бағыты бойынша «ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесуге»;

2011 жылы 22 қатысушыға шағын несие берілді, оның ішінде ҚХДР тарихи отанына келген 3 тұлға, 44765,0 мың теңге сомасына несие алған уақытта ҚР азаматы болып табылды, қосымша 33 жұмыс орны құрылды;

2012 жылы 74,0 млн. теңге сомасына 26 қатысушыға шағын несие берілді. Қосымша 39 жұмыс орны құрылды;

2013 жылы 1 тамызға жағдай бойынша 115,5 млн. теңге сомасында 42 қатысушыға шағын несие берілді, қосымша 9 жұмыс орны құрылды.

Барлығы 234 млн. 300 мың теңге сомасына 90 адамға несие беріліп, 171 жұмыс орны құрылды.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының» төртінші бағыты «ауылдық елдi мекендердiң инфрақұрылымын дамыту» аясында 2012 жылы республикалық бюджет қаражатынан 59048,0 мың теңге, 2013 жылы 122,8 млн.теңге бөлінді. 2012-2013 жылдары жүзеге асырылып жатқан жобаларда 78 жұмыс орны құрылды.

Әлеуметтік қорғаудың белсенді түрлері бойынша қабылған шаралардың нәтижесінде 2012 жылы аз қамтылған азаматтардың саны, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 %, 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 9 % азайып, бүгінгі тңда 1186 адамды құрады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 54 % төмендеді, 2013 жылы төмендеу 33 % құрады.

Білім беру

2011 жылы түлектер саны 358 адамды құрады, оның 182 ҰБТ қатысты. Тестілеудің орташа балы 84 % құрады.

2012 жылы түлектер саны 318 адамды құрады, оның 131 тестілеуге қатысты. ҰБТ орташа балы 71 % құрады.

2013 жылы 100 оқушы немесе 34,6 % қатысты, ҰБТ орташа балы – 73,4 % құрады.

2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда аудан бойынша орташа балл 2 балға және орташа облыстықтан 1 балға артты.

2765 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды, оның 2000 бастауыш сыныптың оқушылары, 765 оқушы аз қамтылған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатынан. Ыстық тамақты ұйымдастыру үшін 27 мектепте асхана қызмет етеді, ал қалған 7 мектепте ыстық тамақты тасымалдау ұйымдастырылған.

2012-2013 оқу жылдарында ыстық тамақты ұйымдастыруға жалпы оқыту қорынан (бюджет) аз қамтылған отбасылардан шыққан 1189 бала үшін барлығы 38 млн. 885 мың теңге бөлінді. 1 оқушыға тамақ құны бір күнге 186 теңге.

Мектепке дейінгі мекеме желісінің артуы және көрсетілген қызмет сапасының жақсаруы

Аудан бойынша шағын орталықтарда 2011 жылы 1559 бала оқытылды, оның ішінде 8 шағын орталықтағы 250 бала толық болуымен, 2012 жылы 1678 бала, оның ішінде 9 шағын орталықтағы 279 бала толық болуымен, ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша 2 шағын орталық ашылды. Мектепке дейінгі 11 шағын орталықтағы балалардың жалпы қамтылуы 1749 баланы құрады.

Білім берудің барлық 35 мекемесі жаңа оқу жылына және жылу беру маусымына 100 % дайын.



Спорт

2011 жылы - 116, 2012 жылы – 124, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында – 68 аудандық ауқымдағы спорттық іс-шаралар өткізілді.

2013 жылы 33 спорт түрінен спорттық секциялардың саны 460 құрайды, онда 8490 адам спортпен шұғылданады. 2012 жылы секциялардың саны 415, спортпен шұғылданатындардың саны 7700 адам, 2011 жылы 412, спортпен шұғылданатындардың саны 7474 адам. 2013 жылы қазақстан футболдың 100 жылдығын мерекелау аясында тартылған қаражат есебінен Красный Яр, Зенковка, Переменовка ауылдарында футбол алаңдарын жөндеу жұмыстары (қоршау, отыратын орындықтар, қорған орнату, тоғйларды кесу, бояу) жүргізілді, ағымдағы жылдың 16 тамызында Бородулиха ауылындағы жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау

2011 жылы «Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі» КМҚК бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесін орындауға 521 млн. 923 мың 755 теңге бөлініп, игерілді.

2012 жылы «Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі» КМҚК бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесін орындауға 578 млн. 202 мың 880 теңге бөлініп, игерілді.

2013 жылы «Бородулиха АОА» ШЖҚ КМК бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесін орындауға 587 млн. 006 мың 522 теңге қарастырылды, оның ішінде 7 айдағы кассалық шығын 358 млн. 473 мың 100 теңгені құрайды.

Ауданның денсаулық сақтау объектілерінің материалдық – техникалық базасын нығайту 7 айда 3618,7 мың теңге сомасын құрады.



Мәдениет

Ауданда 33 мәдениет мекемелері тұрақты жұмыс істеуде. 2011 жылы мәдениет мекемелерімен 1225 іс-шара өткізілді, оның ішінде 36 фетиваль мен байқау, 395 ақпараттық – танымдық сағат, 270 кітап көрмесі. 2012 жылы мәдениет мекемелерімен 2628 іс-шара өткізілсе, 7 айда 1520 іс-шара өткізілді, жылдың аяғына дейін 1300 іс-шара өткізілетін болады.

Мәдениет мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайтуға 2011 жылы - 3 млн. 84 мың теңге, 2012 жылы – 12 млн. 900 мың теңге, 2013 жылдың 7 айында – 1 млн. 878 мың теңге жұмсалды. 146 млн. 852 мың теңге сомасына екі клубты күрделі жөндеуге ЖСҚ және 11 млн. 984 мың теңге сомасына екі клубты ағымдағы жөндеуге ЖСҚ әзірленді.

Мемлекеттік және өзге тілдерді оқыту орталығымен 3 оқу жылында 655 тыңдаушы оқытылды, оның 234 сертификат алды. Білім беру сапасының көрсеткіші 2011 жылы – 70 %, 2012 жылы -72 %, 2013 жылы – 76 % құрады.



Ішкі саясат

«Туған жерге тағызым!» акциясы. Жыл сайын ауданда «Туған жерге тағызым!» акция өткізіліп тұрады. 2011 жылы акция аясында жалпы сомасы 228 млн. 200 мың теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды. 2012 жылы аталған акцияның аясында 340 млн. 905 мың теңге сомасына 19 жоба жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылдың 7 айында жалпы сомасы 68 млн. 50 мың теңгеге 12 жоба жүзеге асырылды. Аталған бағытта жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылдың аяғына 342 млн. 870 мың теңге сомасына 19 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Облыстық акцияның басталуынан бастап ауданның меценаттарымен 1 млрд. 152 млн. 605 мың теңге сомасына демеушілік көмек көрсетілді, 72 жоба жүзеге асырылды.

Діни ахуал

2013 жылы 21 тіркелген діни бірлестік қызмет етеді: 8 –мұсылман мешіт, 4-орыс православие шіркеуі, 6-евангельдік христиан-баптистар, 1-католиктік шіркеу, 1-лютериандық шіркеу, 1- «Новая жизнь» Евангелия шіркеуі.

Аудандағы діни ахуал қалыпты, дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қызметі байқалған емес.

Бұқаралық ақпарат құралдары

Ауданда 2 «Аудан тыныс» және «Пульс района» аудандық газеті қызмет етеді. Аптасына 2 рет шығады. 2011 жылы қаржыландыру көлемі 9 млн. 365 мың теңгені, 2012 жылы 12 млн. 478 мың теңгені құрады, 2013 жылы 13 млн. 406 мың теңгеге дейін артты.



Бюджет

2011 жылы барлығы 2618048 мың теңге түсті, болжам 101 % орындалды, меншік кірісі 1 066580,9 мың теңге, болжам 104,6 % орындалды немесе жоспардан тыс 46675,4 мың теңге түсті. Бюджеттің меншік кірісі көлемінің өсу қарқыны – 114 %. Жергілікті бюджетке 36781,3 мың теңге түсті.

2011 жылы бюджеттің шығыс бөлігі 99,8 % орындалды, жоспар бойынша 2596389,8 мың теңге, нақты игерілгені 2591224,4 мың теңге.

2012 жылы 3336718,6 мың теңге түсті, болжам 103,1 % орындалды. Меншік кірісі 804 млн. 766 мың теңге немесе 114,2 % жоспардан тыс 99 млн. 767 мың теңге түсті.

Алгоритм іс-шаралары бойынша өткізілген жұмыстардың нәтижесінде 2012 жылы жергілікті бюджетке қосымша 13428,6 мың теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 4,1 есе артық түсті.

2012 жылы бюджеттің шығыс бөлігі 99,9 % орындалды, жоспар бойынша 3288828,2 мың теңге, нақты игерілгені 3285798,3 мың теңге.

2013 жылдың 7 айында аудан бюджетіне барлығы 1 млрд. 973 млн. 660 мың теңге түсті, жоспар бойынша 1 млрд.938 млн.924,7 мың теңге немесе 101,8 %. Субвенция мен нысаналы трансферттер 1 млрд. 513 млн. 769,7 мың теңгені құрайды.

Меншік кірісі бойынша аудан бюджеті 107,9 % орындалды, жоспар бойынша 409 млн. 56 мың теңге, нақты түскені 441 млн. 487,9 мың теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 млн. 665,2 мың теңгеге (Қазақмыс Корпорациясының филиалы Жезкент КБК түскенді санамағанда) арттық.

Жалпы есепті кезеңде жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық төлеушілер санының артуына байланысты, бекітілген жоспардан тыс 32 млн. 431,9 мың теңге меншік кірісі түсті, 7 заңды тұлға тіркелді, оның ішінде Алгоритм іс-шаралары бойынша 14418,9 мың теңге.

Аудан бюджетінің орындалуы 2013 жылдың 7 айында республикалық және облыстық бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің, субвенциялардың есебімен 1 млрд. 962 млн. 65,5 мың теңгені құрады, жоспар бойынша 2 млрд. 22 млн. 40,9 мың теңге немесе 97,0 %, игерілмегені 59 млн. 975,4 мың теңге. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орындалу 2,5 % азайды (2012 жылы 99,5 %, жоспар бойынша 1 млрд. 869 млн.449,9 мың теңге, орындалғаны 1 млрд. 859 млн. 433,4 мың теңге).



Тапсырмалардың орындалуы

2011 жылы

Барлығы 255 ШҚО әкімінің хаттамалық тапсырмалары орындалуда болды, оның ішінде аудан бірге орындаушы болып табылатындары да бар, 178- орындалды, 2012 жылға ауысқандары – 77. Шығыс Қазақстан облысының әкімімен Бородулиха ауданының әкіміне берілген 7 хаттамалық тапсырманың барлығы орындалды.



2012 жылы

Барлығы 499 ШҚО әкімінің хаттамалық тапсырмалары орындалуда болды, оның ішінде аудан бірге орындаушы болып табылатындары да бар, 325- орындалды, 2013 жылға ауысқандары – 174. Шығыс Қазақстан облысының әкімімен Бородулиха ауданының әкіміне берілген 10 хаттамалық тапсырманың 7 орындалды, 3 2013 жылға ауысты.



2013 жылы

Барлығы 199 ШҚО әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындалуда болды, оның ішінде аудан бірге орындаушы болып табылатындар да бар, 86- орындалды, 113-жұмыс бақылауында. Шығыс Қазақстан облысының әкімімен Бородулиха ауданының әкіміне берілген 5 хаттамалық тапсырма жұмыс бақылауында.




Аудан әкімі Г. Акулов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет