Сабақтың тақырыбы: «Көзді қорғау»



Дата08.07.2016
өлшемі35.5 Kb.
#184348
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы, Шардара қаласы

№2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі:



Урисбаева Шамшат Бактыбаевна

Сабақтың тақырыбы: «Көзді қорғау»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көзді қорғаудың маңызы туралы білімін қалыптастыру. Көздің атқаратын міндетін теориялық жағынан анықтау, көз ауруларының себептерін анықтау, көз күтімі туралы түсініктер беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың көз туралы білімін молайту, қызығушылықтарын молайту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жинақтау.
Сабақтың түрі: әңгімелеу, баяндау, зерттеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:

Мақсатымыз – білім алу

Міндетіміз – еңбектену.

ІІ. Өткен сабақты сұрап, пысықтау.

Күн тәртібі – бұл уақыт бойынша әрекеттерді тиімді және дәйекті түрде баулу: тәулік бойы жұмыс пен демалысты кезектестіру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Көзді қорғау.

Сабақты жұмбақ жасыру арқылы бастаймын.

Кішкене ғана қараша,

Тұрған жері тамаша.

Бір секундта жер-көкті,

Алады шарлап қараса. (Көз)

Сурет арқылы оқушыларға көздің құрылысымен таныстыру.

Мұғалім: Жоғарғы қабақ, қас, кірпік, төменгі қабақ. Көздің ең негізгі рөл атқаратын мүшесі қарашық.

Көз – сезім мүшесі. Бүгін біз көрудің мәнімен, оны қорғау шараларымен танысамыз. Көру мүшесі көз. Оның көмегімен біз қоршаған әлемді көреміз: заттың пішінін, түсін, мөлшерін танимыз. Біздің көзіміз өте сезімтал, қабақ пен кірпік көзді шаңнан, желден, терден қорғайды.

Біз көзімізді қорғау ережелерін білуге және сақтауға тиіспіз.

  1. Жуынған кезде қабағыңды жақсылап жу.

  2. Көзді лас қолмен ысқылауға болмайды.

  3. Жарыққа тура қарама.

  4. Әлсіз жарықта, көлікте келе жатқанда, жатып кітап оқуға болмайды.

  5. Оқыған кезде немесе жазған кезде жарық өзімізге қолайлы жақтан түсіп тұруы керек.

  6. Теледидар көру уақытының ұзақтығы 30-40 минуттан аспауы керек.

Тақтадағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.



    • Көз көрмей, көңіл сөнбес.

    • Көз – жанат, сөз қанат.

    • Ішің ауырса, аузыңды тый,

Көзің ауырса қолыңды тый.

Көз көреді, барлайды.



Оқушылар өздері үйде осы тақырып бойынша жаттап келген жаттауларын ортаға салады.

Көзің – екі жанарың, Көзді сақта қоқыстан

Көз көреді барлайды. Жарыққа тік қарама.

Оны кірпік, қабағың, Соғып алма оқыстан,

Шаң мен желден қорғайды. Зақым келер жанарға.
Сергіту сәті: Көз жаттығуын жасау (оқушылармен бірігіп).

  1. Көзіңді алысқа тастап, бір нүктеге қарап 5-10 секунд отырамыз.

  2. Үш саусақпен маңдайды дөңгелете уқалап, самайға қарай ауысу. Уқалаудың алдында және кейін маңдайды сипалау.

  3. Қабақты үш саусақпен баса отырып, самайға қарай уқалап жылжыту.

  4. Көздің айналасын дөңгелете отырып уқалау.

  5. Жоғары, төмен, оңға, солға қарау.


Есіңде сақта! Көз бен көз алатын ақпараттың ара-қашықтығы:

    • Теледидар мен көзің ара қашықтығы 3-4 метрден кем болмауы керек.

    • Компьютер мен көздің ара-қашықтығы 60-70см-ден кем болмауы керек.

    • Кітап пен көздің ара-қашықтығы 35-50 см кем не болмаса артық болмау керек.

Көздің көру қабілетін жақсарту үшін түрлі дәрумендер немесе дәрумендер кездесетін сәбіз, алма, банан секілді жемістер мен көкөністерді жеу керек.
Піл туралы хикая.

Төрт соқыр өмірлерінде бірінші рет пілдерді кездестіреді.

Кездестіреді де өз ойларын айтады. Олардың бірі былай дейді: «Піл қалың қанатқа ұқсайды», екіншісі: «бөренеге ұқсайды», - десе, үшіншісі пілді бөшкеге ұқсатады. Ал төртіншісі қайраққа ұқсатады екен.

Оқушылардың зейінін тексеру мақсатында айтылады.
Ойын. Оқушылардың зейінін, көру қабілеттерін тексеру үшін тақтаға түрлі суреттер ілінеді де алынып тасталады. Оқушылар көрген заттарын параққа түсіру керек. 3-4 оқушыдан ауызша жауап алынады.
Сабақты пысықтау сұрақтары: Сөзжұмбақ

  1. Көзді не қорғайды?

  2. Көз қандай мүше?

  3. Көрген әріпті қол не істейді?


    • Көздің көргіштігін қалай сақтауға болады?

    • Теледидарды қанша уақыт көріп, компьютердің алдында қанша отыру керек?


Сабақты қорытындылау. Көз көру үшін керек. Көздің түсі әр түрлі болады. Мысалы, қара көз, қой көз, көк көз, бота көз, қоңыр көз және т.б. Қандай көз болмасын жанарымызды сақтай білейік, балалар!

Керек кеңестер:



Көз шаршағанда көздің қызаруы мүмкін. Бұл көздегі қан тамырларының кеңеюінен болады. Мұндайда қабаққа салқын шай немесе түймедағы тұнбасын басқан дұрыс. Көздің қызарғаны басылады. Салқын шай мен түймедағы көздің қабынуын да басады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет