Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігінің
Төтенше жағдайларды
және өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау
комитетінің
2010 жылғы «22» қазандағы
№ 34 бұйрығымен келісілген
Бұрғылау ерітіндісін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
1. Бұрғылау ерітіндісін дайындаушының норма мен талап бойынша қажетті барлық жеке қорғаныс құралдары болады және жұмыс уақытында оларды пайдалаунды біледі.
Арнайы киім тиісінше киіледі.
2. Ауысым аяқталған соң бұрғылау ерітіндісін дайындаушы:
қабылдаушы ауысымға жабдық құралының ақаулығы туралы, жұмыс жетекшісінің барлық өкімдері мен нұсқаулықтары туралы хабарлайды;
арнайы киімді, аяқ киімді және басқа жеке қорғаныс заттарын шешеді және оларды сақтауға арналған орынға орналастырады.
2. Бұрғылау ерітіндісін дайындау
3. Химиялық реагенттерді дайындау, тасымалдау және мөлшерлеуге арналған құрылғы улы химиялық заттарды пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес орындалған.
4. Еңбек шартын жеңілдету үшін шығыс материалдарын араластырғыштарға тиеу механикаландырылған.
5. Циркуляциялық науа бойында төсемге қарама-қарсы науа жағында орналастырылған жақтаулы қоршау биіктігі 125 см, ені 65 см кем болмайтын төсемдер болады.
6. Балшық араластырғышқа тиеу кезінде жетектің қалыпты жұмысына бөгет жасайтын балшықтың, гематиттың қайысқа түсуі мүмкін, сондықтан балшық араластырғыштың қоршауы келесі талаптарды қанағаттандырады:
жетекті қайыстың барлық беті бойынша жақтау щиттері металл және тегіс;
балшық араластырғыш жақтан қоршау да тегіс;
қоршау жеңіл алынады және көтеру құрылғылары болмаса да орнатылады;
қоршау құрылғылары балшық араластырғыш жақтауына бектілген және онымен бірге жиынтықта беріледі.
7. Балшықты балшық араластырғыш люгіне салу кезінде қайғылы оқиғаны болдырмау үшін балшық бөліктерін тұрбамен немесе ломмен итеруге жол берілмейді.
8. Балшық араластырғыш люгы балшықтың үлкен кесектерінің түсуін және қалақтардың қысылып қалмауын болдырмайтын, 15х15 см саңылаулы металл тормен жабылады.
9. Балшық араластырғыштар алаңдары мен өтетін орындарының ақаусыз төсемдері мен қоршаулары болады.
10. Төгілетін заттарды тиеу кезінде жел жағындау тұру.
11. Балшық араластырғышты оны өңдеу кезінде сумен (ерітіндіні алғашқы дайындау кезінде) немесе ерітіндімен толтырғаннан кейін іске қосу.
12. Балшық араластырғышты жауапты тұлға белгі бергеннен кейін ғана іске қосуға рұқсат беріледі.
13. Балшық араластырғышты тиеу жұмыстары кемінде екі жұмыскермен атқарылады.
14. Балшық тиеу механизмі жетегінің іске қосылғанында арбаның тарту тросын балшық тиеу барабанына салуға жол берілмейді.
15. Балшық және гидро араластырғыштарды жылыту үшін қысқы маусымдарда бу немесе ыстық су пайдаланылады, жылытуды ашық отпен жүргізуге рұқсат берілмейді.
16. Ерітіндіні гидро араластырғышпен дайындау кезінде оның байламында, номинальды қысымнан артқан кезде іске қосылатын манометр мен сақтандырғыш құрылғы орнатылады.
17. Монтаждаудан кейін гидро араластырғыш байламы бір жарым есе барынша көп жұмыс қысымына қысылады. Қысу цементтелген агрегатпен жүргізіледі.
18. Гидроараластырғыштың гидромониторына суды (ерітіндіні) беру алдында, қысқы маусымдарда оны бумен немесе ыстық сумен жылытады.
19. Қалдырылған гидроараластырғыштың тиеу камерасы мұздан және қатып қалған балшықтан тазартылады.
20. Балшық араластырғыштың іске қосу құрылғысы қолжетімді және қызмет көрсетуге ыңғайлы орында орналастырылады.
21. Қолдың тоңып қалуын бодырмау үшін барлық жұмыстар қолғаппен орындалады.
22. Балшық араластырғыштары, балшық артқыштарды, транспортерлерді және басқаларды басқарудың электр пульттерінің қорғаныс диэлектр құралдары - төсеніштер, резеңке қолғаптар, ботилар және сол секілділері болады.
23. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Іске қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» плакаты ілінеді.
24. Бұрғылау ерітіндісін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу кезінде пайдаланылатын жабдықтар жерге тоғытылады.
3. Бұрғылау ерітіндісін химиялық өңдеу
25. Сұйық химреганттар ақаусыз бекіту құрылғысы бар ыдыстарда сақталады. Ыдыстың құюға арналған жабылатын қақпақты люгы болады.
26. Аса қауіпті химреагенттары бар ыдыстардың химреагенттардың атауы жазылған белгісі болады. Аса қауіпті химреагенттар бекітілген құрғақ қоймалық үй-жайларда сақталады.
27. Аса қауіпті химреагенттарды беру бақылаушы тұлға қатысуымен жүргізіледі.
28. Бұрғылау ерітіндісін дайындауға байланысты емес қажеттіліктер үшін аса қауіпті химреагенттарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
29. Аса қауіпті химреагенттарының ыдыстары сәйкес акті жасалумен өртеу тәсілімен жойылады.
30. Көлік құралынан түсіру кезінде ыдыстың зақымдалуына және аса қауіпті химреагенттардың шашылуына жол берілмейді.
31. Салмағы 50 кг артық қаптардардағы химреагенттарды түсіру кезінде екі жұмыскер тасиды.
32. Жұмыс өндірісі орнына сәйкес ыдыста жеткізілетін материалдар мен химреагенттер қатарластырылып қойылады және балшық және гидро араластырғыштар трапына баратын жолды бөгемейді.
33. Оларды көлік құралынан түсіру кезінде көтеру механизмін немесе жай құрал-жабдықтар (домалатқыштар, сырғанатқыштар және басқалар) пайдаланылады.
34. Ыдыссыз жеткізілетін материалдар мен химреагенттеріы түсіру оларға көлік құралының жақындауына ыңғайлы болуын есепке алумен таңдалған бөлінген орындарда жүргізіледі.
35. Ыдыссыз жеткізілетін материалдар мен химреагенттерді, сондай-ақ мұнай негізді балшықты ерітінді дайындауға арналған сұйық химреагенттер мен мұнайды түсіру кезінде жұмыскерлер түсіру орнының жел жағында болады.
36. Жұмыс өндірісі орнына жеткізілетін сұйық химреагенттер химреагент атауы жазылған ыдыстарға құйылады.
37. Сұйық химреагентер үшін пайдаланылатын ыдыстардың сенімді қарпығыш құрылғысы болады.
38. Сұйық және аса қауіпті химиялық реагенттер балшық араластырғыш тоқтатылған кезде тиеледі, ерітінді араластырыла отырылып, ұсақ өлшемдермен қосылады.
39. Сұйық және аса қауіпті химиялық реагенттерді балшық араластырғыш люгіне балшық тасымалдау арбасымен жеткізуге рұқсат берілмейді.
40. Жұмыс өндірісі орнында ақаусыз мүкәммал болады (тасығыштар, күректер және басқалар).
41. Балшықты ерітіндіні дайындау мен химиялық өңдеу бойынша жұмыс өндірісі орнында жарықтандыру 10 лк кем болмайды.
4. Бұрғылау ерітіндісін ауырлату
42. Кішірек ауырлату кезінде жоғары тығыздықты аз ауырлатқыш қосқан пайдалы.
43. Ауырлатқанна кейін супензия шартты жабысқақ болады. Бұл ретте бір ауырлатқыштың белгіленген концентраты пайдаланылады.
44. Материалды ауырлату қабілеті оның тығыздығына, дерсперстілігіне, гидрофильдігіне, химиялық және минералдық құрамына байланысты.
45. Ірі кесекті ауырлатқыштар бұрғылау ерітінділерінің седиментационды тұрақтылығының нашарлауына және бұрғылау жабдығының абразивті тозуының күшеюіне соқтырады.
46. Бұрғылау ерітіндісінің сұйылуы кезінде оларыдң тығыздығы төмендетіледі және дисперстіліктің өте жоғары деңгейі материалдың ауырлау қасиетінің азаюына соқтырады.
47. Ауырлату процесі басталар алдында бұрғылау ерітіндісінің талап етілетін көлемін дайындау үшін қажетті компоненттер немесе материал саны анықталады.
48. Материал шығынын азайту үшін бұрғылау ерітіндісін ауырлату айналымының бір циклінде орындалады.
49. Мөлшерлейтін құрылғының барынша көп берілісі бұрғылау ерітіндісінің тығыздығын жылдам көтеру талап етілетін авариялық жағдайда қажет.
50. Бұрғылау ерітінділерін ауырлатуға арналған қондырғы ауырлатудың барынша экономикалық технологиялық схемасы бойынша жұмыс істейді.
51. Ұнтақ тәрізді ауырлатқыштар салмағы 50 кг артық болмайтын жабық қағаз қаптарға оралады.
52. Ауырлатқыштарды қаптарға орау кезінде жұмыс орнын табиғи немесе қолдан желдету қамтамасыз етіледі.
53. Орау бойынша операция, көлікке тиеу, сондай-ақ қоймалау барынша механикаландырылған.
54. Оралған ауырлатқышты жеткізу кезінде дайындаушы зауыт, ауырлатқыш атауы, дайындалу мерзімі көрсетілген этикетка жапсырылады немесе белгі салынады.
55. Ауырлатқышты жеткізу кезінде тұтынушы ауырлатқыш сапасына бақылау тексеруін жүргізеді.
56. Баритті ораумен, тиеумен және түсірумен айналысатын жұмыскерлер тұрпатты норма бойынша шаңға қарсы арнайы киімен, тыныс алу мүшелері мен көзді қорғау үшін респиратормен және шаңға қарсы көзілдірікпен қамтамасыз етіледі.
57. Аса қауіпті материалдармен, реагенттермен жұмыс аяқталған соң:
жеке қорғаныс құралдарын (респиратордан басқа) сумен жуу, содан кейін хлорлы әкпен өңдеу, содан соң сабынды сумен жуу;
қол мен бетті гипосульфат натриінің 5 % ерітіндісімен (10 л суға 50 гр.), содан соң сабынды жылу сумен жуып, ауызды шаю қажет.
_____________________
Достарыңызбен бөлісу: |