Жоспар: Коньки - Коньки - бұл спорттық немесе серуендеуге арналған құрал, ол мамандандырылған етіктердің жиынтығы және оларға бекітілген жылжымалы немесе қозғалмайтын пышақтар жүйесі. Олар тегіс, қатты мұз бетінде қозғалу үшін қолданылады. Етік композиттік материалдардан, былғарыдан немесе пластиктен жасалған, жүзі металл.
Коньки тебу тарихы - Голландия мәнерлеп сырғанаудың спорт түрі ретінде туған жері болып саналады, онда әлемдегі алғашқы коньки тебуге арналған темір жүздер пайда болды.
- Ресейде конькиді өзінің инновациялық идеяларымен танымал Петр I әкелді.
Алғашқы конькимен мұз айдынында тіршілік үшін әрекет еткен халықтардың тарихы Гренландиядағы эскимостардан, Канададағы ирокездерден басталады. Коньки туралы біздерге жеткен мәлімет XII ғасырдан басталады. Алғашқы темір табанды конькиді ойлап шығарғандар голландиялықтар. Коньки жанашырлары өздерінің клубын Эдинбург қаласында 1604 жылы ашады. Ал, Ресейде I Петр патша заманында алғашқы темір коньки Туладағы қару-жарақ зауытында жасалыпты. - Алғашқы конькимен мұз айдынында тіршілік үшін әрекет еткен халықтардың тарихы Гренландиядағы эскимостардан, Канададағы ирокездерден басталады. Коньки туралы біздерге жеткен мәлімет XII ғасырдан басталады. Алғашқы темір табанды конькиді ойлап шығарғандар голландиялықтар. Коньки жанашырлары өздерінің клубын Эдинбург қаласында 1604 жылы ашады. Ал, Ресейде I Петр патша заманында алғашқы темір коньки Туладағы қару-жарақ зауытында жасалыпты.
- Алғашқы рет конькишілер арасындағы жарыс Голландияда 1805 жылы өткізілді. Жарысушылар жолдарының қашықтығы бар болғаны 150 метр ғана болған. Осындай жарыстар: Леуварденде 1814 жылы, Воутсенде 1823, Доккюмде 1840 жылдары өтіпті. Қазіргі конькидің алғашқы түрлері 1880 жылдардан пайда бола бастаған, оны жасаушы шеберлер норвегия азаматтары А.Пульсем мен К.Вернер.
- Осы кезеңнен бастап конькишілерге арналған арнайы өкшесіз ботинкалар да шығарыла бастаған.
- 1892 жылдан бастап ағылшындар мен нидерландықтардың ұсынысымен алғашқы халықаралық конькишілер одағы (ИЕУ) құрылды, оның 45-ке жуық мүшелері бар.
- Норвегияның бұрынғы астанасы Христианин қаласында 1885 жылы атақты мұзбалақ конькишілер, норвегиялық Паульсон мен голландиялық Рван дер Зее арасындағы дүниежүзінің біріншілігі үшін жарыс өтіп, жеңімпаз норвегиялық Паульсон болыпты. Алғашқы конькишілердің дүниежүзілік одағын ұйымдастырған жарыс 1893 жылы Амстердам қаласында өтеді. Бұл коньки тебушілердің бірінші дүниежүзілік чемпионаты болатын. Мұнда жеңіс тұғырына голландиялық Эден деген спортшы шығып мәртебесі биік болды.
Достарыңызбен бөлісу: |