Орындаған:Есбатыр Нұрберген Бройлер тауықтары - Бройлер – тез өсіп жетілетін, еті жұмсақ та дәмді болып келетін, азықтандыру шығындары оны өсірушіге неғұрлым арзанға түсетін тауық түрі. Әдетте бройлер тауығын 6-9 аптаның ішінде, салмағы 1,5-2 килоға жеткен кезде сойып, пайдаланады. Бройлер еті диеталық тағам түріне жатады. Оның етінің құрамында 22,5 пайызға дейін белок болады. Бұл белоктардың 92 пайызы адам денсаулығы үшін өте пайдалы амин қышқылдарынан тұрады.
Бройлер тауықтарының түрлері - Корнуэль тауығы (корниш). Бұл тауық түрі ең алғаш малай халқы өсіретін азиль тауығын жергілікті тауықтармен будандастыру нәтижесінде Англияда пайда болған.
- Жұмыртқа – ет бағытындағы плимутрок тауығы. Ол алғаш рет АҚШ-та пайда болған. Бұл тауық түрлері шұбар, ақ және басқа да түрлерді қамтиды.
- Сондай-ақ, бройлер тауығының кучиндік юбилейлік, панцирлік, род-айланд, нью-гемпшир, бірінші мамыр тұқымдарын да пайдалануға болады.
Бройлер тауықтарын күту - Бройлер тауығын күту үшін ең алдымен оларды орналастыратын орын-жайларды таңдап алу қажет. Орын-жай, біздің тілмен айтқанда, тауық қора, мынадай талаптарға жауап беруі тиіс. Ең алдымен қорада тауықтар еркін қозғала алатын кеңістік болуы керек. Өйткені, ауа райының қолайсыз жағдайында, әсіресе, қысқы маусым кездерінде тауықтар бұл қорада тәулік бойы ұсталады. Екіншіден, тауық қора бройлерді сыртқы қолайсыз ауа райы жағдайынан қорғай алатындай жылы да жарық болуы тиіс. Сонымен қатар, мұнда ауаны тазартып отыруға мүмкіндік беретін желдеткіштің болғаны да жөн және тазартуға жеңіл болуын да ойластыру керек.
Балапандарын өсіру - Балапандар өсіп жетілген кезде оларды тауық қораларға жөнелтуге болады. Мұнда балапандар тез өсіп жетілу үшін температураның тұрақты болғаны жөн. Балапандарды жиі-жиі азықтандырып отырған жағдайда олар 48-70 күннің ішінде 1,5 кило салмаққа дейін жетеді.
- Бройлер балапандарын азықтандыру үшін құрамында қажетті витаминдер мен минералды қоспалары бар арнаулы құрғақ құрамажем пайдаланылады. Азықтың бұл түрі тауық қорада тәулік бойы тұрақты түрде болғаны жөн.
Бройлер тауықтарын азықтандыру - Бройлер тауықтарын азықтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, мұндай тауық түрлері құрамында азот пен белок молынан кездесетін құнарлы азық түрлерін қажет етеді. Мұндай құнарлы заттар ең алдымен астық дәндерінде молынан кездеседі. Бройлер тауығы жейтін азықтың 3/2 бөлігін астық дәндері, ал қалған бөлігін түрлі тамақ қалдықтары мен минералды заттар құрағаны жөн.
- Бройлер тауықтарының жұмыртқалау кезінде оларға берілетін азық құрамында кальцийдің молырақ болғандығын ескеру қажет. Осы кезде оған құрамында молынан кездесетін құрамажем әзірлеп беру керек. Егер азық құрамында кальций жеткіліксіз болса, онда тауықтар еден сылақтарын шұқи бастайды. Тіпті кейбір жағдайда өз жұмыртқаларын шұқып, оларды жарып та тастайды. Ал жұмыртқалау кезеңі аяқталған шақта оларды астық дәндерімен және түрлі тағам қалдықтарымен азықтандыра беруге болады.
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |