Жеміс – жидектерде денсаулыққа пайдалы дәрумендердің көп екендігі жиі айтылады. «Сен тез өсіп келе
жатырсың, саған қазір жеміс – жидекті көп жеу керек», - деп күнде айтады. Бас салып, қолға түскеннің бәрін
жей берген де дұрыс емес шығар. Қандай жемістерді көбірек жеген пайдалы.
АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫ – ЖЕМІС ЖЕУ
Жеміс – жидектерге адам ағзасына пайдалы дәрумендердің көп екені әлдеқашан дәлелденген ғой. Әрине, бір жегенде жемістің бір түріне ынқиып тойып алған да дұрыс емес. Сондықтан да тепе – тендік сақтап, мүмкіндігінше әр түрлі жемістен аз – аздан жеп жүрген пайдалы болмақ. Төменде біз біраз жеміс – жидектер, олардың денсаулыққа тигізер әсері мен пайдасы туралы айтпақпыз.
Сары өрікті (абрикос) адам жасын ұзартатын жеміс деп атайды. Оның құрамындағы көп мөлшерлі калий
жүрек пен қан тамырыны жұмысын жақсартады.
Айваның құрамында темір көп. Ол адамның қуатын арттырып, көңіл күйін көтереді, ішектердің жақсы
жұмыс істеуіне көмектеседі.
Қарбыз бен қауын – бұйректерді тас байланудан қорғап, өт жолдарын тазартады.
Жүзім – жүрек,өкпе, бүйрек, бауырдың қалыпты жұмыс істеуі үшін өте қажет.
Шие, алша – ішектердің жұмысын жақсартады.
Алмұрт – адамды қөңілдендіріп, сергітеді және шөлді тез басады.
Інжірді (инжир) суық тигенде, тұмаумен ауырғанда қолданады және ол жүрекке де өте пайдалы.
Қырыққабат (капуста) – асқазанды гастрит ауруына шалдығудан қорғайды.
Қартоп – жүрек пен бүйрекке пайдалы.
Лимон – суыққа шалдыққанда, тұмау тигенде таптырмайтын ем.
Таңқұрай (малина) – суық тиіп ауырған адамдар тосабын ем үшін ең көп пайданалатын жеміс.
Сәбіз – бауыр мен бүйректің жұмысын жақсартып, олардың әртүрлі кеселге шалдығуына жол бермейді.
Грек жаңғағы – адам қанындағы гемоглобин құрамын көбейтеді.
Қызылша – өттің жақсы жүруіне көмектеседі, қан қысымын төмендетеді.
Асқабақ – ішектердің жұмыс істеуін жақсартады.
Алма –жүректі жақсы жұмыс істетіп, адамның семіруіне жол бермейді.
Сарымсақ – тұмау тигізбейді және іш қатқан кезде жақсы көмектеседі.
Қияр – денедегі көміртегінің майға айналып кетуіне кедергі келтіреді, яғни семіртпейді.
Дәрумендер
Дәрумендер - тірегін,
А, В, С, Д, Е – деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
ДӘРУМЕНДЕР ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?
Дәрумендер тұрағы –
Түрлі тағам құрамы.
А – болады сәбізде,
Өрік, қызан, салатта.
В – балық, картоп, асбұршақ,
Сиыр еті, жаңғақта
С – қарақат, алмұртқа,
Кивиге тән танылар.
Д – балық майында
Е – қарақатта табылар.
Достарыңызбен бөлісу: |