Бронх обструктивті синдромы бар ауру балаларды жүргізу ерекшелігі. Жедел бронхит. Жедел обструктивті бронхит. Жедел бронхиолит



бет6/16
Дата17.10.2023
өлшемі1.34 Mb.
#480931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Жедел обструктивті бронхит

  • клиникалық түрі айқын обструкциялық бронхиттің көрінісімен өтетін бронхиттің бір түрі. Жедел обструктивті бронхит ересектерге қарағанда балаларда кездесу жиілігі 20-25% құрайды.

Этиологиясы

  • Жедел обструктивті бронхит әртүрлі генездегі респираторлы вирустар, микоплазмалар, хламидиялар әсерінен болады, алайда ерте жастағы балаларда бұл ауру көбінесе респираторлы-синцитиалды (РС) вирустардың, цитомегаловирустардың, 3-типтегі паратұмаудың вирустарының және аденовирустардың әсерінен болуы мүмкін.
  • Жедел обструктивті бронхитке әкеп соғатын факторлар:
  • жүктілік кезінде анасының темекі тартуы (балада тыныс жолдарының өте тар болуына әкеледі), баланың «ластанған ауамен тыныс алуы», феталды алкогольдық синдром, сәбидің құрсақішілік дамуының кідіруі, конституциялық ауытқулар, яғни экссудативті-катаральды және лимфатико-гипопластикалық диатездер.

Патогенезі

  • Обструкция келесі механизмдерге, яғни бронхтардың бұлшық еттік қабырғасының тарылуына, шырышты қабаттың ісінуіне және шырыштың гиперсекрециясына байланысты.

Клиникалық көрінісі.

  • Науқастың дене қызуы жоғарылайды
  • Жоғарғы тыныс жолдарында катаральды өзгерістер пайда болады.
  • Науқастың тыныс алуы жиілеп, тыныс шығаруы ұзарады.
  • Тыныс алуы шулы және ысқырықты болады, яғни бронх кеңістігінде секреттердің бөлінуі мен жиналуы және ентікпе мен қызбаның салдарынан секреттің жабысқақтық қасиеті өзгереді. Нәтижесінде ол «кеуіп» ызыңдаған және ысқырықты құрғақ сырылдардың пайда болуына алып келеді.
  • Бронхтардың зақымдануы жайылған сипатта болады, яғни құрғақ ысқырықты сырылдар кеуде қуысының барлық жерінен бірдей естіледі. Сырылдарды алыстан естуге болады. Баланың жасы кіші болған сайын құрғақ және ылғалды орташа көпіршікті сырылдар естіледі .
  • Науқастың ентікпесі күшейген сайын тыныс алуға қосымша бұлшық еттердің қатысуы айқын көрінеді, яғни қабырғааралық, эпигастри мен бұғанаүсті ойықтың төмен түсіп кетуі және мұрын қанаттарының кернелуі байқалады. Тері қабаттарының бозаруы, мұрын-ауыз үшбұрышында көгерудің болуы, мазасыздануы, қалыпты жағдайда қолын тіреп отыруы да спастикалық компонентті айқындайды.
  • Баланың жасы кіші болған сайын тыныс алу жетіспеушілігі анық көрінеді . Физикалық тексеру кезінде қатаң тыныс пен құрғақ сырылдардан басқа өкпенің кернелуі (вздутие), сондай-ақ жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекараларының тарылуы байқалады.
  • Перкуторлы қораптық дыбыс естіледі. Тыныс алу кезінде бронхтардың ұсақ тармақтарының тарылуы нәтижесінде өкпенің кернеледі және ол қалдық көлемнің ұлғаюы мен вентиляциялық тыныс жетіспеушілігіне алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет