Реферат Тақырыбы:Құстын респираторлық микоплазмозы,құстын инфекциялық ларинготрахейті



Дата04.04.2024
өлшемі8.8 Kb.
#497630
түріРеферат
пато 9.


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

Реферат
Тақырыбы:Құстын респираторлық микоплазмозы,құстын инфекциялық ларинготрахейті.
Орындаған:Буркитбаев Адиль
Тексерген:Байниязов А.А
Астана 2024.

Жоспар:
1.Микоплазмоз.
2.Респираторлық микоплазмоз.
3.Инфекциялық ларинготрахейті.


1)Микоплазмоз бұл өткір және созылмалы инфекциялық ауру, ауру қоздырғышы бактериялардың, грибоктардың және вирустардың арасындағы бос орынды алатын микоплазма атты микро ағзалар. Адам ағзасында 14 түрлі микоплазма өмір сүруі мүмкін. Оның ішінде тек үшеуі патогенді болып табылады. Ол: несеп жолының қоздырушысы болып табылатын Mycoplasma hominis және Mycoplasma genitalium, және тыныс алу жолдарының қоздырушысы болып табылатын Mycoplasma pneumoniae. Микоплазмалар шарты түрде патогенді микро ағза болып табылады. Олар бірқатар ауру тудыруы мүмкін, алайда, сирек жағдайларда оны дені сау адамның бойынан анықтауға болады.
2)Респираторлық микоплазмоз (Mycoplasmosis respiratoria, респираторный микоплазмоз) - құстың тыныс мүшелерінің зақымдануы, синовит, арықтау және өнімділігін жоғалтуымен сипатталатын созылмалы ауруы. Ауруды алғаш рет 1936 ж АҚШ-та Нельсон мен Жиббс (1936), қоздырушысын Делаплан мен Стюарт (1943) сипаттады. Алғашында АҚШ пен Канадада байқалатын ауру кейін 1956 ж бастал басқа елдерге тарады. Әртүрлі аталып келген бұл ауру 1961ж Халықаралық індет бюросының шешімімен құстың респираторлық микоплазмозы деп аталды.
Қоздырушысы - Mycoplasma galliseptica, полиморфты, көбінесе коктарға ұқсас, жартылай ауасыбағалы, белокпен,көмірсулармен, стериндермен, витаминдермен байытылған қоректік орталарда, тауық эмбриондарында, торша өсіндерінде өседі. Лиофильді кептіргенде, төмен температурада қатырғанда бірнеше жыл, өсіндіде 2-4°С-та - 60 күнге, 20°С-та - 30-60 күнге, 37°С- та - 15 күнге дейін сақталады, ыстыққа төзімсіз, бірнеше минутта өледі. Дезинфектанттарға сезімтал.
Індеттік ерекшеліктері.
Ауруға тауық, күрке тауық, бөдене, құр, шіл, көгершін басқа да тауық тұқымдас құстар шалдығады. Негізінен тауық пен күрке тауық ауырады, әсіресе, 2-4 айлық балапандар мен жұмыртқапай бастаған жас мекиендер сезімтал келеді. Реписторлық микоплазмоз көбінесе өндірістік негіздегі ірі шаруашылықтарда, шектеулі кеңістікте құстарды тығыз орналастырғанда байқалады. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайы аурудың тез таралуына жағдай жасайды. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және микоплазма алып жүруші құс. Ауру қоздырушысы аэрогендік жолмен және жұмыртқа арқылы трансовориальді беріледі. Микроклиматтың жайсыздығы, құсты тасымалдау мен орнын ауыстыру, вакциналау сияқты қолайсыз әсерлер аурудың шығуына жағдай жасайды. Микоплазмоз әдетте колибактериоз, жұқпалы ларинготрахеит және жұқпалы бронхитпен қабаттасып көбінесе қосарланған инфекция ретінде өтеді. Өлім көрсеткіші 5% -дан 50% -ға дейін жетеді.
Патологоанатомиялық өзгерістер: негізінен тыныс мүшелерінде кездеседі. Жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары катарлы қабынуға ұшырап, қанға кернеліп, қоймалжың экссудат болады. Ринит, синусит, трахеитпен қатар серозды аэросаккулит байқалады. Көбінесе көкректегі ауа қапшықтары зақымданады. Олардың тысы күңгірттеніп, қан тамырлары білеуленіп, ішінде серозды экссудат болады. Егер қосалқы микробтар қабаттаспаса, басқа мүшелерде өзгерістер өте сирек байқалады. Балау індеттанулық деректерге, клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістерге, биосынама мен зертханалық тексерудің нәтижелеріне негізделеді. Төсеніш шыныда құстың қан сарсуымен қойылған агглютинация реакциясы алдын ала диагноз қоюға негіз болады. Түпкілікті қорытынды бактериологиялық тексеру мен 5-10 күндік балапанға қойылған биосынаманың нәтижесі бойынша жасалады.
Респираторлы микоплазмозды диагностикалау
Респираторлы микоплазмозға күдік туғанда зерттеу материалы ретінде қақырық, мұрын, жұтқыншақ шырышы, бронх шайындысы және түсік кезіндегі ұрық пен ана құрсағында өлген баланың ішкі ағзаларынан жағынды-препараттар алынады.
Шамамен респираторлық микоплазмозы бар науқастардың 15%-да жұп сарысуларда антидене титрінің жоғарылауын КБР-мен таба алмайды, оны жанама комплемент байланыстыру реакциясы-мен (ЖКБР) анықтайды. Соңғы реакцияда антигенмен қосылғаннан кейін комплементпен байланыспайтын антиденелер анықталады (толық емес антиденелер). Толық емес антиденелер антигенмен байланысып, оны жабады және комплементті байланыстыратын антиденелермен қосылуға бөгет жасайды, сондықтан толық емес антиденелердің қатысуында комплемент реакцияның бірінші фазасында бос болып қалады.
3)Жұқпалы ларинготрахеит /орыс. Инфекционный ларинготрахеит, лат. Laringotracheitis infectiosa ағыл. Laringotracheitis/ - катарлы және фибринді-геморрагиялық ринит, трахеит, коньюнктивит, тыныстың тарылуымен сипатталатын жұғымтал ауру. Ауруды алғаш рет АҚШ-та Мей және Титслер (1925) сипаттады. Бірақ одан кейін де жұқпалы бронхиттен ажыратылмады.Бұл екі аурудың дербестігін Бигс бастаған ғалымдар (1930) дәлелдеді. Қоздырушысы – Gallid (alpha) herpesvirus 1 құрамында ДНҚ бар герписвирустар туыстастығына жатады. 9-12 күндік тауық эмбрионының хориоалантоис қабығында, торша өсіндерінде өсіріледі. Табиғатта вирустың уыттылығы жоғары штамдарымен қатар уыттылығы төмен штамдары да айналымда болады.
Төзімділігі
Вирус жылыға өте сезімтал, зарарсыздандыратын ерітінділерге. + 55 10-15 минутта, термостатта жұмыртқаның қауызында 12 сағатта вирус өзінің белсенділігін жояды. Вирус төменгі температурада ұзаққа өзінің белсенділігн сақтайды. Минус 20-60 және леофильденген жағдайда ұзаққа сақталады. Құс фабрикасында 9 күнге дейін, зағадатта 10 градуста 370 күн.дейін сақталады. 1 % күйдіргіш натрий ерітіндісі және креозолдың 3% ерітіндісі 30 сағаттың ішінде бейтарптайды.



Індеттік ерекшеліктері
Табиғи жағдайда жұқпалы ларинготрахеитпен тауық, қырғауыл, күрке тауық және мысыр тауығы ауырады. Қолдан жұқтыру вирусты жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарына, коньюнктиваға жібереді, ал өздігінен аэрогендік жолмен жұғады. Ауру қоздырушысының бастауы ауру және ауырып жазылған ( 2 жылға дейін вирус алып жүреді ) құстар. Олар қоздырушыны секреттерімен тыныс жолы арқылы бөліп шығарады. Зарарланған ауа, су, жем, құрал-жабдықтар жұқтыру факторлары болып табылады. Қан сорғыш жәндіктер вирустың қорламасы ролін атқарады.
• Жұқпалы ларинготрахеит иммунитеті жоқ құстардың арасында індет ретінде қаулайды. Тұрақты сау емес шаруашылықтарда иммунитеті жоқ жас құстардың жеке топтары ғана ауырады. Індет ошағының тұрақтануына вирус алып жүрудің ұзақ мерзімі мен құстың бір партиясымен екіншісін алмастырғанда үзіліс жасамай санитариялық реттілікті бұзу себеп болады.



Дерттенуі және патологиялық – анатомиялық
өзгерістер.
• Жұқпалы ларинготрахеиттің вирусы тыныс жолдарының
эпителийіне әуес. Осы ұлпада тез көбейіп, қабыну процестерін тез
тудырады. Нәтижесінде кеңірдектің ішінде қан мен фибрин
араласқан қоймалжың кілегейлі экссудат пайда болады. Эпителий
ұлпасынан вирус қан арқылы басқа мүшелерге де жетеді, бірақ
онда, әдетте, дерттену байқалмайды. Вирус ұзақ уақыт кеңірдек
пен көмекейдің кілегейлі қабығында сақталады.
• Аурудың ларинготрахеиттік түрі кезінде көмейдің ішінде
тығыздалған казеозды бөлінділер, ал тыныс жолдырының өне
бойында кеңірдек пен бронхаларды бітеген кілегейлі қан аралас
ұйынды болады. Тілдің түбінде фибринді қабыршық кездеседі.
Үлпершек ағзаларда қан іркіледі, жүрек кеңіп, ішек пен
клоаканың кілегейлі қабықтары қабынады.



Балау
• Ауру құстардан зертханаға кеңірдектен алынған сұйықтықты, қан сарысуын жібереді. Өлген құсттың өңешін, кеңірдек, өкпе кесінділерін жібереді.
• Вирустың индикациясы: Вирусты 9-12 күндік ТЭ , ХАҚ , Клеткка өсіндісіне себеді. Тауық балапандарына биосынама қояды, ИФТ әдісінің тура әдісін қою арқылы вирустың түрін немесе оларға қарсы түзілген антиденелерді анықтайды. Зағадаттан жағынды жасап, вирусқа тәнді вирус денешіктерін табу арқылы.
• Вирустың идентификкациясы: ДПР, БР қолданылады.
• Ретроспективті балау: Ауру құстан жұп қан сарысуын БР, ДПР, тексеріп, ИЛТ вирусына қарсы пайда болған антиденелерді анықтау.
• Басқа аурулардан ажырату: ИЛТ құстардың инфекциялық бронхитінен, Ньюкасл ауруынан, шешек дифферитінен, тұмаудан, пастереллезден, респираторлы микоплазмадан ажырату керек.
Өтуі мен симптомдары
• .Жасырын кезеңі 2-20 күн. Ауру жіті, жітіден төмен және созылмалы өтіп, ларинготрахеитті және коньюнктивитті түрде білінеді.
• Ларинготрахеитті түрі жіті өтеді. Ауырған тауық күйзеліп, тәбеті болмайды, қозғалысы шектеледі. Өз еркімен отырған құс қырылдаған, шиқылдаған үздік-үздік дыбыс шығарады. Көмейі мен кеңірдектің экссудатпен бітелуі тынысына бөгет болып, құс аузын ашып дем алады. Құс жөтеліп, басын сілкіп, экссудат шығарады. кейде көмейіңде іріміктенген фибринді бөлінді іркіліп қалады. Ауырған тауық жұмыртқалауын тоқтатады. Жіті өткенде өлім көрсеткіші 10-60 %-ке жетеді. Ауру жітіден төмен және созылмалы өткенде респираторлық синдром онша байқалмайды, оқтын-оқтын құстың жағдайы жақсарып, қалпына келеді
Қорытынды
• Құс еті қайта өңдеуші кәсіпорындарында құстардың ЖЛТ пайда болған жағдайда, кәсіпорындағы барлық құстар етке сойылады. Мұндай кезде бұл кәсіпорынға жаңадан келіп түсетін құстарды тасымалдап әкелуге тек қана, барлық үй шаруашылығы өнімдері сатылып болғаннан кейін және барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар (бөлмелерге және аумаққа механикалық тазарту, дезинфекция, дезинсекция, дератизаиия, құралсаймандарға және жабдықтарға дезинфекция) жүргізілгеннен кейін рұқсат етіледі.
Құстардың ЖЛТ бойынша, ауру құстың сойылуынан соңғы жағдайынан соң немесе ауырып жазылған құстардан кейін 2 ай өткеннен соң және қорытынды ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізілгеннен кейін, шектеу құс шаруашылығынан алынады.
• Шектеу алынғаннан кейін, ЖЛТ қарсы құстарын вакцинацияланған асыл тұқымды құс шаруашылығына, асыл тұқымды жұмыртқаларды формальдегидтің буымен міндетті түрде 3-реттік дезинфекциялағаннан кейін барлық категориядағы шарушылықтарға сатуға рұқсат етіледі. Барлық жастағы құстарды сатуға тек қана, құстарды ЖЛТ қарсы егетін құс шаруашылығына ғана рұқсат етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет