Бсн алу бойынша жадынама



Дата27.02.2016
өлшемі47.18 Kb.
#28594





Заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін Банкке ақпарат берудің қажеттігі және

БСН АЛУ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА

БСН бизнес-сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлға (филиал мен өкілдік), шаруа (фермер) қожалығы және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер (бұдан әрі - ДК) үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір1 (14.08.07ж. бастап тіркеу куәлігінде көрсетіліп жүрген 12 таңбалы сандық код).

2012 жылғы 1 қаңтарға дейін БСН-і жоқ заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (бұдан әрі - клиенттер) БСН қалыптастыру үшін Әділет министрлігінің аумақтық органдарына (бұдан әрі - әділет органдары) өтінішпен баруға міндетті.

Әділет органдары БСН-ді клиенттердің әрқайсысына жеке-жеке беретін болады.

БСН қалыптастыру үшін клиенттің уәкілетті тұлғасы клиенттің орналасқан жеріндегі тиісті әділет органына заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы туралы куәлікті тапсыруы тиіс.

Әділет органдары БСН-ді клиент өтінішті берген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде беруі тиіс.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік қалыптастырылған БСН болмаған жағдайда 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жарамсыз деп танылатын болады.

Қосымша ақпарат:

БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі):



    • жылжымалы мүлік, жылжымайтын мүлік объектілерін, сондай-ақ жылжымайтын заттарға теңестірілген объектілерді мемлекеттік тіркеу;

  • төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындау;

  • банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банк шоттарын ашу және жүргізу;

  • рұқсат беру сипатындағы құжаттарды беру;

  • тіркеу сипатындағы құжаттарды беру;

  • статистикалық есепке алу;

  • сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;

  • Банкті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе оның филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде;

  • ҚР заң актілерінде белгіленген басқа жағдайларда қолданылады(ескеріледі).

2012 жылғы 1 қаңтарға дейін (қоса алғанда) клиенттердің КҰЖС сәйкестендіру коды және СТН-і пайдаланылады.

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап клиенттер өз төлемдерін және ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде, салық міндеттемелерін орындау кезінде өздерінің БСН-ін пайдалануға міндетті.

Заңды және жеке тұлғаларды есепке алудың бірыңғай жүйесіне көшу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер:

  1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» ҚРЗ, 12.01.2007ж., № 223-III;

  2. Қазақстан Республикасында Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында жеке (заңды тұлғаның) бірыңғай сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасы, 11.07.2003ж., № 565;

  3. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережелері, 27.04.2007ж., № 343;

  4. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің өтініш беру ережелері, 22.05.2007ж. № 406;

  5. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережелері, 22.05.2007ж., № 406.




1 ДК-ні мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратындығы туралы ақпарат және БСН болмаған жағдайда ДК-ні тіркеу жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген ЖСН бойынша жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет