Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары (филиалдар мен өкілдіктер) үшін Банкке ақпарат берудің қажеттігі және бсн алу бойынша жадынама



Дата22.02.2016
өлшемі72.5 Kb.
#67





Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары

(филиалдар мен өкілдіктер) үшін Банкке ақпарат берудің қажеттігі және

БСН АЛУ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА

БСН бизнес-сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (14.08.07ж. бастап тіркеу куәлігінде көрсетіліп жүрген 12 таңбалы сандық код).

2010 жылғы 13 тамызға дейін заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) – Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары (бұдан әрі - клиенттер) БСН қалыптастыру үшін Әділет министрлігінің аумақтық органдарына (бұдан әрі - әділет органдары) өтінішпен баруға міндетті.

Әділет органдары БСН-ді клиенттердің әрқайсысына жеке-жеке беретін болады.

БСН қалыптастыру үшін клиенттің уәкілетті тұлғасы клиент орналасқан жердегі тиісті әділет органына заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы туралы куәлікті тапсыруы тиіс.

Әділет органдары БСН-ді клиент өтінішті берген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде беруі тиіс.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік қалыптастырылған БСН болмаған жағдайда 2010 жылғы 13 тамыздан бастап жарамсыз деп танылатын болады.

Қосымша ақпарат:

БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі):



    • жылжымалы мүлік, жылжымайтын мүлік объектілерін, сондай-ақ жылжымайтын заттарға теңестірілген объектілерді мемлекеттік тіркеу;

  • төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындау;

  • банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банк шоттарын ашу және жүргізу;

  • рұқсат беру сипатындағы құжаттарды беру;

  • тіркеу сипатындағы құжаттарды беру;

  • статистикалық есепке алу;

  • сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;

  • Банкті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе оның филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде;

  • ҚР заң актілерінде белгіленген басқа жағдайларда қолданылады(ескеріледі).

Клиенттер – Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары үшін:

  • ҚР-да қызметін филиалдар мен өкілдіктер арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін - филиалды, өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

  • ҚР салық төлеушісінің куәлігі (2010 жылғы 13 тамызға дейін) БСН-і бар құжаттар болып табылады

Клиенттердің БСН-ін қалыптастыру:

  • орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасында қызметін филиалдар мен өкілдіктер арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін, оларды есептік тіркеу кезінде бір мезгілде);

  • резидент-эмитенттің немесе мүлкі резидент емес заңды тұлға акцияларының, қатысу үлестерінің немесе активтерінің сатылған құнының елу пайыздан астамын құрайтын резидент емес заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша (резидент емес тұлғалар үшін);

  • салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша (Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерге иелік ететін резидент еместер);

  • резидент-банктің орналасқан жері бойынша (резидент-банктерде ағымдағы шоттарын ашатын және жоғарыда көзделген негіздер бойынша сәйкестендіру нөмірі қалыптастырылмайтын резидент еместер үшін) жүзеге асырылады.

2010 жылғы 13 тамызға дейін (қоса алғанда) клиенттердің КҰЖС сәйкестендіру коды және СТН-і пайдаланылады.

2010 жылғы 13 тамыздан бастап клиенттер өз төлемдерін және ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде, салық міндеттемелерін орындау кезінде өзінің БСН-ін пайдалануға міндетті.

Заңды және жеке тұлғаларды есепке алудың бірыңғай жүйесіне көшу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер:

  1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» ҚРЗ, 12.01.2007ж., № 223-III;

  2. Қазақстан Республикасында Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында жеке (заңды тұлғаның) бірыңғай сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасы, 11.07.2003ж., № 565;

  3. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережелері, 27.04.2007ж., № 343;

  4. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің өтініш беру ережелері, 22.05.2007ж. № 406;

  5. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережелері, 22.05.2007ж., № 406.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет