«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті



Дата13.06.2016
өлшемі108.33 Kb.
#131310


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы « » №

бұйрығына 2-қосымша



«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі

ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» 

мемлекеттік қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер




  1. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бухгалтерлердің кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу, куәліктің телнұсқаларын беру (бұдан әрі - куәлік) болып табылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) іс-әрекеттері тәртібін сипаттау
4. «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №280 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының электрондық-сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұрату мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер) мазмұны:

1) Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау, басшылыққа үлестіру үшін беру – жиырма минут.

Рәсім нәтижесі – құжаттарды қабылдау және тіркеу;

2) мемлекеттік қызметті берушінің басшысы жауапты құрылымдық бөлімшеге көрсетілетін қызметті алушы ұсынған Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды бөледі – бір жұмыс күні ішінде.

Рәсім нәтижесі –қызметті беруші басшының қарары;

3) жауапты орындаушы Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне оларды одан әрі қарау үшін жібереді – екі жұмыс күні ішінде.

Рәсім нәтижесі – құжаттарды жіберу;

4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелері Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қарайды - он жұмыс күні ішінде.

Рәсім нәтижесі – құжаттарды қарау;

5) жауапты орындаушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелері Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қараған нәтижелерін қарайды – бес жұмыс күні ішінде.

Рәсім нәтижесі - куәлікті беру туралы шешім қабылдау;

6) жауапты орындаушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкес келуі туралы қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және бұйрықты (бұдан әрі - бұйрық) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келіседі, сондай-ақ оларды бекітеді және тіркейді – бір жұмыс күні ішінде.

Рәсім нәтижесі – куәлікті беру туралы қорытынды және бұйрық;

7) куәлікті беру – жиырма минут ішінде.

Рәсім нәтижесі – куәлік;

заңды мекенжайы өзгерген жағдайда куәлікті қайта ресімдеу үшін, сондай-ақ куәлікті жоғалтқан, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде берілген болса телнұсқасын беру үшін:

1) Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұратуды ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып қабылдау, үлестіру үшін басшылыққа беру – жиырма минуттан аспайды.

Рәсім нәтижесі - электрондық құжат түріндегі сұратуды қабылдау және тіркеу;

2) электрондық құжат түріндегі сұратуды жауапты құрылымдық бөлімшеге үлестіру –отыз минут.

Рәсім нәтижесі – қызмет беруші басшысының қарары;

3) электрондық құжат түріндегі сұратуды қарау, қызмет берушінің заң қызметімен куәліктің телнұсқасын қайта ресімдеу немесе беру туралы қорытындыны және бұйрықты дайындау және келісу, сондай-ақ оларды бекітиу және тіркеу – бір жұмыс күні.

Рәсім нәтижесі – қорытынды және бұйрық;

4) қайта ресімделген куәлікті беру немесе куәліктің телнұсқасын беру – жиырма минут.



Рәсім нәтижесі – қайта ресімделген куәлік немесе куәліктің телнұсқасы.

3 . Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттері тәртібін сипаттау


  1. Мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы;

  2. көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасары;

  3. көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы;

  4. көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының басшысы;

  5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;

  6. көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкер(лер)і;

  7. көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының қызметкер(лер)і;

  8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкер(лер)і;

  9. көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкер(лер)і.

7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-әрекеттер тәртібінің жүйелілігін сипаттау:

  1. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген веб-порталға ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері сұратуды ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып қабылдайды және жиырма минут ішінде бақылауға қояды;

  2. тіркелген, тиісті түрде ресімделген құжаттар кейіннен Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне беру үшін Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына үлестіру үшін көрсетілетін қызмет берушінің басшысына бір жүмыс күні ішінде беріледі;

  3. жауапты орындаушы Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелеріне оларды одан әрі қарау үшін жібереді– екі жұмыс күні ішінде;

  4. Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелері он жұмыс күні ішінде қарайды;

  5. жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелері қарауының нәтижелерін қарайды және олар Стандарт талаптарына сәйкес болған жағдайда бес жүмыс күні ішінде қорытынды және куәлікті беру туралы бұйрықты дайындайды;

6) қорытынды мен бұйрықты көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оны бекітеді. Көрсетілетін қызметті берушінің және Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы бұйрықты тіркейді. Орындаушы бұйрықтың негізінде көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы және төрағаның орынбасары келісетін куәлікті беру туралы «шешім жобасын» шығарады. Одан кейін «шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісуге және ЭЦҚ қоюға жіберіледі - бір жұмыс күні ішінде;

7) «шешім жобасына» қол қойылғаннан кейін куәлік автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі – бір жұмыс күнінен асырылмай;



Куәлікті қайта ресімдеу және телнұсқасын беру үшін құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара іс-әрекеттер тәртібінің жүйелілігін сипаттау:

  1. веб-порталға ұсынылған Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұратуды көрсетілетін қызмет берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы қабылдайды және ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, бақылауға алынады – жиырма минут ішінде;

  2. тиісті түрде тіркелген, ресімделген электрондық құжат түріндегі сұрату кейіннен Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне беру үшін Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына үлестіру үшін көрсетілетін қызмет берушінің басшысына беріледі;

3) жауапты орындаушы электрондық құжат түріндегі сұратуды куәлікті қайта ресімдеу немесе куәліктің телнұқсасын беру туралы қорытындыны және бұйрықты дайындайды. Қорытындыны және бұйрықты көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі, көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы орынбасары келіседі және оған көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы бекітеді. Орындаушы бұйрықтың негізінде Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы орынбасары келісетін куәлікті қайта ресімдеу немесе куәліктің телнұсқасын беру туралы «шешім жобасын» шығарады. «Шешімнің жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісу және ЭЦҚ қою үшін жіберіледі, қол қойылғаннан кейін куәлік автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі – бір жұмыс күні ішінде.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау


  1. «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші және қызмет алушының өтініш жасау және рәсімдердің (іс-әрекеттер) тәртібін сипаттау:

  1. көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» порталында немесе «Е-лицензиялау» порталында тіркеледі және электрондық құжат нысанындағы сұрату, сондай-ақ ЭЦҚ қою арқылы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді;

  2. көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері электронды құжат нысанында келіп түскен сұратуды тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің кейіннен Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу мен лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне орындауға міндетті белгілейтін Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу мен лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына үлестіру үшін жібереді;

  3. орындаушы Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды оларды одан әрі қарау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелеріне жібереді;

  4. орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды және Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелерінің қарау нәтижелерін қарайды және олар Стандарт талаптарына сәйкес келген жағдайда қорытынды және куәлікті беру туралы бұйрық дайындалады.

  5. орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу мен лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысымен және көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасарымен келісілетін куәлікті беру туралы «шешім жобасын» шығарады;

  6. «шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісу мен ЭЦҚ қол қою үшін жіберіледі;

  7. шешім жобасына» қол қойылғаннан кейін куәлік қызметті алушының «жеке кабинетіне» автоматты түрде жіберіледі.

«Электронды үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы Регламенттің мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 1 - қосымшада сипатталған.

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау


жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызмет

регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызметті алу диаграммасы

«электронды үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау»

веб-порталы арқылы

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйым





«Электронды үкімет» веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы




«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін таңдау

»



Электрондық құжат нысанында сұратуды ұсыну және өрістерін толтыру, құжаттарды тіркеу

»



Өтініш берушінің ЭЦҚ қол қоюы




Электрондық құжат нысанындағы сұратуды «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының талаптарына сәйкестігі мәніне өңдеу

сәйкестігі мәніне келуін өңдеу





Орнатылған Орнатылған

талаптарға талаптарға

с


Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті алу

Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы қызмет берушінің дәлелді

жауабы
әйкес келуі сәйкес келмеуі






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет