Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет69/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Бағалы қағаздардың қай түрлері борышты болып табылады?
2. Олардың бастапқы және номиналды құндарының арасындағы 
айырманы есептеудің тәртібі қандай?
3. Борыштық міндеттемелерді қабылдаған кезде қайсы шоттар 
байланысады?
4. Борыштық бағалы қағаздардың бастапқы және номиналды 
құндарының арасындағы айырманың жазылуы шоттарда қалай 
бейнеленеді?
5. Борыштық бағалы қағаздарды сату кезінде пайыздары қалай 
есептеледі?
6. Шетелдік валюталарда борыштық бағалы қағаздармен опе-
рациялар кезінде пайда болатын бағамдық айырмалар есебін жүргі-
зудің тәртібі қандай?


112
56. Бағалы қағаздардың құнсыздануы бойынша операциялар 
Бағалы қағаздар қаржылардың ең тәуекелділігі жоғары салым-
дарының бірі болып табылады. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен 
есеп беру туралы ережелердегі өзгертулер мен қосымшаларға 
сәйкес, бағасы белгіленген бағалы қағаздар баланста ең төменгі 
құн қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс. Бұл егер жылдың соңында 
балансты құрастыру кезінде бағасы белгіленген бағалы қағаздардың 
құны баланстық құннан төмен болса, онда жаңа нарықтық құн 
бойынша олардың қайта бағалануы тиіс екендігін білдіреді. Бағасы 
белгіленген бағалы қағаз желтоқсан айының соңғы күніндегі баға 
сатып алушы мен сатушының сол күндегі бағасының арасындағы 
орташа көрсеткіші ретінде анықталады. Бұл кезде бағалы қағаз-
дардың баланстық (есепті) құны мен олардың қалыптасқан нарық-
тық бағасының арасындағы айырманың сомасына қорытынды про-
водкалармен мынадай жазу жазылуы тиіс:
Дт — 7340 «Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар» 
шоты;
Кт — 1150, 2040 «Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвестиция-
лары» шоты.
Бағасы белгіленген курсқа жатпайтын бағалы қағаздар бойынша 
да қайта бағалау жүргізіледі, бірақ олардың баланстық құны 
өзгертусіз қалады. Қайта бағалау бағалы қағаздардың құнсыздануы 
бойынша резервтер құруға алып келеді. Бағасы белгіленген бағалы 
қағаздар бойынша резервтің мөлшерін анықтау кезінде олардың 
нақты қамтамасыз етілуіне сүйенеді, ал бағасы белгіленбеген 
бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз етілу мөлшері дисконттау 
коэффициентінің жәрдемімен шартты түрде анықталады. Дисконттау 
коэффициенті жыл бойы өзгеріп отыруы мүмкін. Бухгалтерлік есепте 
резервтердің құрылуы төмендегі проводкалармен бейнеленеді:
Дт — 7340 «Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар» 
шоты;
Кт — 5310 «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік ка-
питал» шоты.
Әрбір жеке қағаз үшін барлық бағалы қағаздар құнының сақталуы 
немесе өсуінен тәуелсіз резервтер құрылады. Сөйтіп, аналитикалық 
есеп әрбір резерв үшін жүргізіледі.
Нарықтық құнның қор құндылықтарының баланстық құнынан 
артығы бухгалтерлік жазулармен қосақталады.
Егер құнсыздануға бұрын резерв құрылған бағалы қағаздың 
жыл қорытындысымен нарықтық құны жылдық резерв құру 


113
үшін мөлшерлі баға ретінде пайдаланылған нарықтық бағадан 
артып кетсе, онда бұл қағаздың құнсыздануы жөнінен резервтің 
сомасы қорытынды жазулармен табыстар және залалдар шотына 
қаржыларды толық аударылуына дейін түзетіледі. Бұл жерде:
Дт — 5310 «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капи-
тал» шоты;
Кт — 5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» шоты бейнеле-
неді.
Бұрын құнсыздануға резерв құрылған бағалы қағаздар сату 
кезінде қағаздың сатылуы бойынша жазулармен бір мезгілде олар 
бойынша резерв сомасы № 5310 шоттың дебетінен № 5430 шоттың 
кредитіне ауыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет