Бухгалтерлік есептің әдістері



бет1/3
Дата27.09.2022
өлшемі67 Kb.
#461432
  1   2   3
Бухгалтерлік есептің әдістері


Бухгалтерлік есептің әдістері

Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үдерістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалмағандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналынады.


Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:
Құжаттау;
• Түгендеу;
• Шоттар;
• Екі жақты жазу;
• Бағалау;
Калькуляциялау;
• Бухгалтерлік баланс;
Есеп беру;
Құжаттау
Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түрдегі анықтамасы болып табылады.Құжатқа орындалған операцияның аталуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты – жөні және тағыда басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептеледі.Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.

Түгендеу.
Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді.Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалдарды сақтау кезінде олар табиғи кеміп азайып отырады.Соған байланысты кәсіпорындағы өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа ұйымдардан алынған заттарды, сондай – ақ басқа да қолда бар құралдарды, мүліктерді терсеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берілуі мүмкін.Сондықтан түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын өзінің нақты қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа мүліктерін есептегімен салыстырып отырады.

Шоттар  
Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз – шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары болып табылады.Жалпы шоттар ұйымның шаруашылық үдерістерінің, сондай – ақ активтермен олардың қорлану көздерінің түрлеріне қарай ашылады.Шоттар кәсіпорында күнделікті болып отыратын операцияларды үздіксіз жазып отырмай,оларды экономикалық маңызына қарай топтап жазу үшін пайдаланылады.Жалпы айтқанда ұйымның активтерімен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп топтап, ақшалай түрде есептеу үшін бухгалтерлік есепте қолданылатын әдісті шоттар деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет